Көшпенділер 3



Pdf көрінісі
бет27/32
Дата27.01.2017
өлшемі2,05 Mb.
#2789
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Әдеби KZ 

 

Бұнымен  қатар  мәжіліс  шекара  орыс  поселкелерімен  орынсыз  жанжалды 



тоқтатып,  олардан  астық  сатып  алу  ісін  жөнге  қойсын  деді.  Сонымен  қатар 

әскерге  керек  қару-жарақ,  қорғасын,  оқ-дәрімен  қамтамасыз  ету  үшін  Хиуа, 

Бұқарлармен де сауда-саттық қарым-қатынасының күшейтілуін талап етті. 

 

Осындай  шешімге  келген  ру  бастары  батыр,  сұлтан,  би  ақсақалдардан 



Кенесары тағы да бір өзіне өте керекті билік алды. Ол Хандық Кеңесі жайында 

еді.  Әбілқайыр  баласы  Нұралы  кезінде  Абылай  тұсында  жойылып  кеткен  хан 

жанындағы  Хандық  Кеңес  қайтадан  құрылған.  Бұрақ  ол  Хандық Кеңестің  қақы 

үлкен болатын. Хан күрделі мәселені Хандық Кеңессіз шешуге тиіс емес-ті. Егер 

Хандық Кеңес дұрыс көрмесе, хан қандай ойлаған іс болса да бас тартуы керек-

ті.  Кенесары  жанынан  да  осындай  Хандық  Кеңес  құрылды.  Бірақ  бұл  Хандық 

Кеңес  ақылшы  ретінде  ғана  тағайындалып,  барлық  билік  ханның  өз  қолында 

қалды.  Оның  шешімі  кімге  болса  да  заң,  Хандық  Кеңесте  қолбасшы  батырлар 

да, қарамағындағы ел де хан шешімін бұлжытпай орындауға тиісті делінді. 

 

Көздеген  арманына  жеткен  Кенесары,  мәжіліс  біткеннен  кейін  ең  жақын 



серіктерімен  тағы  да  біраз  ақылдасып,  кейбір  әскер  тобының  ойын-өнерін 

көріп, бір жетіден кейін Қара Торғайдағы өз ордасына қайтты. Көп кешікпей хан 

төңірегіндегі жайылымға жасақтарын ертіп өзге батырлары да жинала бастады. 

Жаңа алған тұжырым бойынша әскери ойын қыза түсті. 

 

Биліктің бәрін қолына алған Кенесары енді хандық әмірін жүргізіп, кектескен 



руларынан, тіпті кейбір жеке адамдардан өшін алуға кірісті. Ол Орынбор әскери 

губернаторына жататын орыс поселке, бекіністеріне тимей, бұл ісін Батыс Сібір 

генерал-губернаторының  шекарасындағы  бекіністер  мен  өзіне  бағынғысы 

келмеген қазақ ауылдарын шабуылдаудан бастады... Енді екі жақтан бірдей қан 

төгіс күшейе түсті. 


343 

Әдеби KZ 

 

Кенесары жаздың ортасында  Торғай  бойына жаңа  келіп жайлауына  қонған 



Жаппас  ауылдарын  шапты.  Алтыбай  сұлтанды  ат  бауырынан  өткізіп  жаралап, 

қос  қызын  бірдей  ат  артына  мінгізіп,  аулына  алып  келді  де  осы  айқаста  көзге 

түскен екі сарбазына зорлап қосты. Мұндай қорлыққа шыдай алмаған Алтыбай 

көп кешікпей қайтыс болды. Өлер алдында немере інісі Жанғабылға «тірі жүрсе 

менің  кегімді  Қасым  балаларынан  алсын»  деп  аманат  айтты.  Бұрыннан  да  өш 

Жанғабыл,  енді  бар  ызасын  ішіне  түйіп  Кенесарыны  мұқататын  жол  іздейді. 

Таба алмайды. Қол жинап аулын шабуға бата алмады. Бірнеше рет әскер сұрап 

Орынбор  бастықтарына  барды.  Кенесарының  айтқаны  келді,  өз  бекіністерінің 

мазасын  алмаған  соң,  Алтыбай  үшін  соғыс  ашуды  жөн  көрмеген  әскери 

губернатор «қоя тұр» деп Жанғабылды тоқтатты. Кенесары хандығын біржолата 

құртпақ болып дайындала берді. Тіпті Кенесары әзірге адаса тұрсын дегендей,  

Орынбордағы Күнімжанға бұрынғыдай қысым көрсетпей, қасындағы кішкентай 

балаларын орысша оқытуға рұқсат етті. 

 

Бұл кезде Орынбор әскери губернаторының қарамағына жататын солдаттан  



бір-ақ адам өлді. Ол қашқын Гаврилов. О да өз ажалынан, немесе соғыста жүріп 

өлген жоқ,  жақын жердегі  шұбарға  Қараүлек  екеуі  ағаш  әкелуге  барған  жерде 

дәл  желкесінен  «діңгек  түсіп»  мойын  омыртқасы  үзіліп  қаза  болды. 

Гавриловтың  өлімінен  Орынбор  бастықтары  ойымызды  сезіп  қалған  екен  деп 

сезіктенбесін  деп  Кенесары  жерлеуіне  өзі  қатынасып,  қашқын  сыпайды  аққа 

орап, ардақтап көмгізді. 

 

Сөйтіп жүргенде қанды қылышты қырық үшінші жыл келеді. Мұнымен бірге 



қыс 

өтер-өтпестен 

Генс 

алынып, 


орнына 

генерал 


Ладыжинский 

тағайындалыпты деген сөз қазақ жеріне тағы жетті. Бұл сөз шын болып шықты. 

Кене  ханға  мұны  көптеген  маңызды  хабарлармен  бірге  Генспен  қоштасып 

айырылған Алтыншаштың өзі әкелді. 



344 

Әдеби KZ 

 

Тек  Күміс  қазақ  жеріне  қайта  оралмады.  Мінезімен,  қызметімен  Генске 



ұнаған  қыз,  Қоңырқұлжа  қылығынан  қорланып,  генералдың  үй  ішімен 

Петербургке  жүріп  кетті.  Қазір  өш  алуға  қолынан  ештеңе  келмегенмен,  төрт 

жыл  өткеннен  кейін  осы  Күміс  Қоңырқұлжаның  Ақмола  аға  сұлтандығынан 

түсуіне себеп болды. 

 


345 

Әдеби KZ 

ІV 

 

 



— Бір мың сегіз жүз қырық үшінші, Қоян жылы, маусымның жиырма жетісі 

күні, Бірінші Николай патша Орынбор әскери губернаторына Кенесарыға қарсы 

жасақ  шығарып,  оның  басын  әкелген  адамға  берілетін  үш  мың  сом  сыйлық 

ақшаны шаңырақ салығынан төлеуге рұқсат етті. 

 

Осындай  шешімге  келетінін  күні  бұрын  білетін  Соғыс  Министрімен  тікелей 



байланысы бар Орынбор әскери губернаторы Обручев Кенесарыға қарсы соғыс-

қа  қыс  басынан  дайындалуда  болатын.  Ал  Кенесарының  қандай  дайындығы 

барын  білу  үшін  ол  патша  рұқсатын  алысыменен  шілденің  оны  күні  Қара 

Торғайға қарай войсковой старшина Лебедев басқарған үш жүз солдатты жасақ 

шығарды.  Кенесары  бұл  жасақпен  Ырғыз  өзенінің  жоғарғы  жағында  кездесті. 

Күнде  Батыс  Сібір  губернаторы  солдаттарымен  шалысып  жүргендіктен,  екі 

жақты  соғыстың  қиынға  түсетінін  ойлаған  Кенесары  бұ  жолы  да  сабырлылық 

істеді. Лебедевке әбілғазы басқарған уәкіл жіберіп өзінің соғыссыз да Орынбор 

әскери  губернаторына  бағынатынын,  керек  десе  шекараға  жақын  көшіп  келіп 

қонатынын  білдірді.  Лебедев  Обручевке  ат  шаптырады.  Орынбор  әскери 

губернаторы  оған  әзірге  соғыс  ашпай,  сол  Ырғыз  бойында  жасағымен  қала 

тұруын  бұйырады.  Ал  өзі  бұрын  патшаға  Кенесарымен  бітім  жасаудың  керек 

еместігін  дәлелдеп,  майдан  ашуға  рұқсат  сұрағандықтан,  енді  сол  сөзінен 

қайтпай  Ырғыз  бойында  шағын  қолмен  тұрған  Кенесарыны  біржолата  құртпақ 

болды.  Сондықтан  күні  бұрын  құрылған  жоспар  бойынша,  Ырғыз  бойындағы 

Кенесарыны қоршап алыңдар деп өзге әскер бастықтарына бұйрық берді. 

 

Бұ  жоспар  бойынша  Орынбор  әскери  губернаторына  бағынатын  сұлтан-



правительдер Ахмет, Арыстан, Баймұхамед әрқайсысы бір мың адамнан жасақ 

құрып  күні  бұрын  дайын  тұруға  тиісті  еді.  Әскери  губернатордың  бұйрығын 



346 

Әдеби KZ 

алысыменен  Ахмет  Тобыл  жағынан  шығып,  ал  Арыстан  мен  Баймұхамед 

Сахарный  бекінісіндегі  үш  мың  солдатты  полковник  Бизановтың  қарамағына 

еніп,  Кенесарыны  Оңтүстік  пен  Батыс  жағынан  қоршаулары  керек  еді.  Ал 

Кенесары  Батыс  Сібір  губернаторына  жататын  Ұлытау,  Арғынатыға  қарап  өтіп 

кетпес  үшін  Омбы,  Қызылжар,  Қарқаралы  бекіністерінен,  ереуілшіл  елдің 

күншығыс  жағынан,  көк  темірге  мұздай  бөленген  ұзын  саны  мың  мылтықты 

күшті жасақтар шықпақ болатын. 

 

Ереуілшілердің  тыңшылық  жұмысын  Таймас  басқаратын.  Ол  Алтыншаш 



арқылы  дәл  болмағанмен  де  осындай  жоспар  жасалып  жатқанының  ұзын 

ырғасын білетін. Оның үстіне Бизанов полкіне жіберген тыңшысы Төлебай деген 

жас жігіт арқылы және сұлтан-правительдердің аулындағы қара құлақтарының  

жеткізуі  бойынша  бұл  жоспардың  қалай  орындалып  жатқанын,  сұлтан-

правительдер қанша адам жинағанын, қай кезде аттанысқа шықпағы — бәрінен 

қанық  отырған.  Осындай  мәліметі  бар  Кенесары  бұл  айқасқа  дайын  еді. 

Войсковой старшина Лебедевтің әскеріне қарсы тек шағын қол — мың адаммен 

ғана шығуының себебі де осында болатын. 

 

Кенесары  бұ  жолы  соғыс  әдісін  тіпті  өзгертті.  Патша  губернаторлары  бұны 



енді біржолата құртуға кіріскеніне көзі жеткен сұлтан оңай берілгісі келмеді. Ең 

алдыменен ол әскерін бұрынғы әдеті бойынша бір жерде ұстамай, беске бөлді. 

Ондағы  ойы,  түбі  жауына  төтеп  бере  алмай  қалатындай  күн  туса  бар  күшін 

біржолата құртып алмай, шамасы келгенше әскерін сақтау еді. Бизанов полкіне 

қарсы  шығатын  жасаққа  мыңбасы  етіп  Наурызбайды,  ақылшы  етіп  Ағыбай 

батырды  тағайындады.  Ал  Батыс  Сібірден  келетін  үш  жасаққа  қарсы  мың 

адамнан  құрылған  үш  жасақ  шығармақшы  болды.  Біріне  мыңбасы  етіп  Жеке 

батырды,  оған  ақылшыға  (штаб  бастығы  ретінде)  Құдайменді  батырды, 

екіншісіне мыңбасы етіп Иман батырды, ақылшыға Жанайдарды, ал үшіншісіне  


347 

Әдеби KZ 

Бұқарбай батыр мен Жәуке батырды тағайындады. Өзі Жоламан екеуі болашақ 

соғыстың дәл ортасы осы болар-ау деген Ырғыз өзенінің жағасында қалды. Бұл 

кезде он мың салт атты әскері бар Кенесары Байтабын басқарған мерген тобы 

мен  қалған  жауынгерлерін  Мұғажар  тауының  арасына  қарай  көшкен 

ордасының  төңірегінде  ұстады.  Бұл  негізгі  қолмен  Кенесары  әр  жерге  қойған 

бекет тәрізді шұғырымдар арқылы байланыс жасап тұрды. Қысылтаяң күн туса 

бірігіп 


кетерліктей 

жағдай 


сақтады. 

Кенесарының 

соғысқа 

былай 


дайындалуының екі себебі бар-ды. Бірі, патша әскері Ырғыз бойында бастарын 

қоса алмаса, оларды жекелеп ұруға жеңіл. Екіншісі, ұрысуға жері неғұрлым кең 

болса,  Кенесары  әскерінің  тынысы  солғұрлым  кең,  өзінің  негізгі  әдісі  атты 

әскерінің  шапшаңдығын  пайдалана  алады.  Бүгін  бір  жерде  тұрса,  ертеңіне 

екінші жерге шығып, әр жерден із тастап, жауына ұстатпайды. Кенесарының бар 

ойлағаны бар әскерімен өзі қоршауға түсіп, бар күшін харап етіп алмау. Ал мына 

қолданған  әдісі  ұшы-қиыры  жоқ  қазақтың  кең  даласына  ең  лайықты  әдіс.  Бір 

жерде жеңілген күнде де өзге жердегі әскері аман қалады. Әскерін сақтауы — 

хандығын сақтауы. Кенесарының бір ойлаған айласы — күші басым, зеңбіректі 

мылтықты  жаумен  бетпе-бет  келіп  ұрыспай,  тиіп-қашып,  соңынан  қудыра 

қалжыратып,  шаршата  ұрысу.  Өз  жерінде,  өз  елінде  Кенесары  сарбаздарына 

бәрі  дос,  азық  табу  да,  ат  ауыстыру  да  жеңіл...  Бұлай  алысу  қуған  жауының 

алдыңғы  шебі  Кенесары  жасағына  жетемін  деп  ентелей  соңынан  ергенде,  бір 

топ сарбазы шұбалып келе жатқан жаудың артынан тиіп, азық-түлігін, оқ-дәрісін 

артқан  көшін  бөліп  әкетуге  де  қолайлы!  Патша  әскері  қуып,  жете  алмай 

қалжыраған сайын қазақ даласының жаңбырлы, суық күзі жақындай түседі. Кей 

жерде  ат  толарсағына  дейін  бататын  батпақты  сары  дала  патша  әскерінің 

қолбасшыларына  бораны  қасқырша  ұлыған  ызбарлы  қыстан  кем  емес.  Күзі  ақ 

жауын.  Күндіз-түні  бір  ашылмай,  сіркіреп  құя  берсе  ешбір  әскер  шыдай 


348 

Әдеби KZ 

алмайды.  Айдалада  қасқырша  жортуларын  амалсыз  тоқтатып,  бекіністеріне 

қайтуға  мәжбүр  болады.  Ал  Кенесарының  күні  со  кезде  туады.  Бекіністерге 

тимегенмен  жасақтары  арып-ашып  ауылдарына  қайтқанда  өштескен 

сұлтандарынан  кегін  қайтарады.  Адамдарын  шауып,  қырып-жойып,  малын 

айдап  әкетеді.  Осындай  жағдайды  ойлаған  Кенесары,  биыл  ұрысудың  жаңа 

әдісіне  көшті.  Және  Лебедевпен  шілде  бойы  берекесіз  бітім  сөз  жүріп  күннің 

өтіп бара жатқанына ол өте қуанышты да еді. Патша әскері тамыз шыға аттанса, 

бір  ай-бір  жарым  ай  айқасқа  Кенесары  жағы  қайтсе  де  шыдайды,  ар  жағында 

қазан айы келіп, жаңбыр басталады!.. 

 

Кенесарының  есебі  тура  шықты.  Сұлтан-правитель  Ахмет  войсковой 



старшина  Лебедевке  шілденің  аяғында  әзер  келіп  жетті.  Ал  Арыстан  бар 

болғаны  бес  жүз  ғана  жасақ  жинады.  Баймұхамедтің  де  қаруланған  жасағы 

осыдан  сәл  ғана  асты.  Мұндай  жағдайды  көрген  полковник  Бизанов, 

Орынбордан  қосымша  әскер  алдырып  бес  мың  солдатпен  тамыздың  басында 

ғана Сахарный бекінісінен шықты. 

 

Кенесарыға ең қауіпті күш осы Бизановтың әскері. Бірақ оған қарсы көп қол 



шығармай, қулық істегісі келді. Ол Бизановқа қарсы шағын жасақпен Наурызбай 

мен Ағыбайды жіберді. 

 

Ең  алғашқы  айқасты  да  осы  екеуі  бастады.  Тамыздың  жетісінде  күн  өте 



ыстық  болды.  Бекіністен  шыққандарына  екі  тәуліктен  асқан  бес  мың  әскер,  ат 

соғып,  күйіп  тұрған  күнге  әзер  шыдап  келе  жатты.  Қол  басындай  жуантық 

келген,  қара  мұртты  Бизанов,  оң  жағында  подпұлқындық  (подполковник) 

шеніндегі  Ахмет  сұлтан,  сол  жағында  пұлқындық  (полковник)  Баймұхамед. 

Арыстан  бұл  маңай  өзіне  жататын  өңір  болғандықтан,  бүгін  таңертең  жүз 

адаммен жолдарынан бұрыстау тұрған бір қазақ аулына бұрылған. Ондағы ойы 

осы ауылдан қосымша жігіт алу. Бизанов әскерін күн бата қуып жетпек. 


349 

Әдеби KZ 

 

Бизанов  әскері  жазық  даладағы  бір  қарасудың  жағасына  тоқтады.  Көл 



маңайында жақында қалың жаңбыр өтіп, қурап қалған шөбі қайта көгерген-ді. 

Көлдің суы да тұщы, мөп-мөлдір. Қалжырап келе жатқан әскерге ат шалдырып, 

тынығуға қолайлы... Су бетінде жүзіп жүрген қалың құс қаптаған адамнан үркіп, 

қанаттарын  сымпылдай  қағып  көкке  көтеріле  жөнелді.  Бір-екі  есерсоқ  солдат 

мылтықтарын да атты. Құстар одан әрі үркіп, аздан кейін тіпті көрінбей кетті. 

 

Мидай  жазық  дала,  тек  сол  жақтарында  өркештене  біткен  бұйратты  адыр 



ғана бар. Оң жағы сағымдала қара құмға қарай созыла жоқ болады... 

 

Бизанов  осы  көлдің  жағасына  қонуды  дұрыс  көріп,  қалың  қолға  «аттан  



түсіңдер»  деп  бұйрық  берді.  Жазық  дала,  жау  келер  болса  алыстан  көз  түседі. 

Алдын  ала  жіберген  барлаушылар  бұл  араның  қауіпсіз  екенін  айтып  келді. 

Өйткені  жан-жақтың  бәрі  бүдірі  жоқ  мидай  жазық...  Тек  сол  жақтарында  ғана 

ұйысқан талды, жыңғылды Мұғажар тауының етегі. Бірақ әскер тоқтаған жерден 

ат  шаптырым.  Сондықтан  барлаушылар  ол  жақты  ат  қинап  зерттеген  жоқ. 

«Алда-жалда бұл жақтан жау келер болса, не тау етегі мен көл  арасы қу дала, 

көзге түсер, не болмаса келе жатқан қолдың дүбірі естілер және егер жанынан 

құтыла  алмай  жүрмесе  есі  дұрыс  қай  қазақ  осыншама  қолға  келіп  тиіседі»,  — 

деп ойлады олар. Расында да бұлар қауіптенетін ешбір себеп жоқ еді. Өйткені 

Кенесары бес мың мылтықты әскер түгіл, бес жүз патша солдаттарымен де қаша 

жүріп  соғысады.  Орыс  кәрлі  қылышына  бетпе-бет  келер  оның  құдіреті 

шамалы... 

 

Қалың  қол  көл  жағалай  аттан  түсіп,  қос-қос  боп  шатырларын  тікті. 



Жауынгерлер  көл  жағасынан  қоға  қиып  әкеп  от  жағып  шай  қайната  бастады. 

Мылтықтарын күрке етіп сүйестіріп, кейбіреулері су жағасына беті-қолын жууға 

кетті. 


350 

Әдеби KZ 

 

Сөйткенше  күн  батып,  ымырт  үйіріліп,  қараңғылық  та  түсті.  Әскерлер  кешкі 



астарын  ішіп  болды  да,  жағылған  оттарды  сөндіріп,  ұйықтауға  ыңғайланды... 

Тек қолды қоршай барлаушылар мен шатырлар жанында күркеленіп қойылған 

мылтықтарды күзеткен қарауылдар ғана қалды. 

 

Бірақ  жұрттың  көзі  енді  ұйқыға  кете  берген  кезде  кенет  «Аттан!  Аттан», 



«Кенесары!  Кенесары!»  деген  ащы  айқайлар  шықты.  Тып-тыныш  боп  мүлгіген  

далада  бұл  үн,  қараңғы  түнде  күн  күркірегендей  қатты  естілді.  Сөйткенше 

болған жоқ, тынығып жатқан әскер шатырларының үстін мыңдаған салт аттылар 

басып кетті. Нағыз бір жер астынан қалың қол шыққандай. Сатыр-сұтыр ұрылған 

сойыл,  шоқпар,  жалаңдаған  қылыш,  айқай-шу,  өкірген  адам,  шыңғырған 

жылқы. Жаңа ғана ұйқыға кетіп бара жатқан әскер үсті әлем-тапырық болды да 

кетті.  Ақыры  «Абылай!  Абылай!»  деп  салған  ұранға  «Ағыбай!  Ағыбай!»  деген 

күшті  үндер  қосылып,  тынық  түнді  жер  жарғандай  тітірентті.  Шатырларынан 

атып-атып шыққан солдаттар мылтықтарын алып салт аттылармен айқасқанша, 

қайың сойыл ысылдап кеп көк желкеден тиеді. Әйтеуір осынау жан шошырлық 

айқас  өткіншек  сұрапыл  секілді  аз  уақытқа  ғана  созылды.  Солдаттар  енді 

аттарына  мініп  естерін жинаған  кезде, салт  атты  сарбаздар,  ауыл  үстін  жайпап 

өткен  құйындай,  топтарын  бұзбастан,  сойылдарын  оңды-солды  сілтеп  заматта 

жоқ болды. 

 

Тыныш жатқан әскерге құйындай тиген бұл топ Ағыбай мен Наурызбайдың 



сарбаздары  еді.  Олар  Мұғажар  тауының  етегіне  осыдан  екі  күн  бұрын  келіп 

бекінген. Төлебай тыңшы арқылы Бизановтың әскерінің осы жолмен шыққанын 

күні  бұрын  біліп  отырған.  Кенесарының  үйреткен  соңғы  тәсілі  бойынша,  бұл 

жасақ Мұғажар етегінің жыра, жықпылын, жыңғыл, тобылғы, қараған, талдарын 

бетке  ұстай  тығыла  жайғасқан.  Кенесары  әскері  адамды  жасыра  алатын  адыр, 

шатқал,  тоғай,  ши,  қамыс  тәрізді  жаратылыстың  өзі  бейімдеген  жер  бетінің 



351 

Әдеби KZ 

ерекшелігін  пайдалануда  әбден  машық  болып  алған.  Кенесары  әскері  ойда  

жоқтан, күтпеген жерден жауына шабуыл жасаса, көбінесе осындай бүдір, шилі 

сайдан,  не  жыңғылды,  талды  шатқал,  шұбардан  жасайтын.  Ит  жылы  Ақтау 

бекінісінің қасындағы Тіленіш — Шет бекетін алғанда да, Кенесары сарбаздары 

әжептәуір қаруы бар патша жасағын қалың ши арасынан шыға келіп күл-талқан 

еткен.  Мұны  естіген  генерал-губернатор  Горчаков  соңынан  штаб  бастығы 

генерал-майор Фондерсонға ашуланып «Егер қазақтар тығылып жатқан қамыс, 

қарағай,  ши  тәрізді  кісі  жасырынар  жерлерді  күні  бұрын  саралап  шыққан 

болсаңдар, олар бүйтіп аңдаусызда біздің солдаттарды бас сала алмас еді»,  — 

деп жазған. Патша әскері Кенесарының осы әдісінен талай аузы күйсе де, ылғи 

естен  шығара  берді.  Бұ  жолы  да  соның  кебін  киді.  Алыстан  қарайып  көрінген 

Мұғажар  тауының  етегіндегі  жыңғыл,  талды  ерініп  тексермегендіктерінің 

сазайын тартты. 

 

Ағыбай мен Наурызбай жыңғылды шатқалдың ішінде тығылып жатты да, күн 



батып  қара  көлеңкелене  бастаған  кезде  сап  түзеді.  Әр  сарбаз  аттарының 

аяқтарына  әдейі  арнап  кигіз  кебістерін  кигізіп,  жедел  жүріп  кетті.  Аттардың 

анда-санда  осқырынғаны,  кісінегені  болмаса,  келе  жатқан  дүбірлері  тіпті 

естілмейді. Түн тастай қараңғы. Ал көл жағалай жұлдыздай жыбырлаған қалың 

от  «біз  мұндалап»  бұларды  шақырды  да  отырды.  Ең  ақырғы  шоқ  сөнгенде 

сарбаздар әскер жатқан маңға таяп кеп тоқтады. Ай шықпаған түн сол қалпында  

көзге  түртсе  көрінбес  соқыр...  Бұлар  аттарының  аяғындағы  кебістерін  алып, 

қайтадан  мінді...  Оң  қолына  тоғыз  буынды  шойын  табанды  найзасын  ұстап, 

атақты  Ақауызына  мінген  Наурызбай  мен  Ақылақты  ор  қояндай  секірткен 

Ағыбай мың сарбаздың алдына шықты. Қараңғы түнде жаумен бірге өздері де 

бірін-бірі сойылға жықпас үшін бұлар әр жүз адамнан он сапқа бөлінді. Осылай 

он толқын болып бірінің соңынан бірі кідірмей, сойылдарын оңды-солды сілтеп 



352 

Әдеби KZ 

жау  үстінен  өте  шығатын  боп  уәделесті.  Бір  сап  пен  екінші  саптың  арасы,  жүз 

басы  жүзге  санап  жеткенге  шейін  ғана  кідіреді.  Осындай  тәртіптен  мың  санды 

қол он толқын боп жау үстінен ат ойнатып, сойыл соғып өте шығуы керек. Бірін 

бірі  ұрып  жықпас  үшін  ешкім  кідіруге  тиісті  емес.  Сол  қалыптарымен  шауып, 

көлдің арғы сағасындағы құмайт алаңға жете қайта сап дүзейді. Естерін жинаған 

солдаттар  қуар  болса  тоқтамай,  әрі  Айыр  құмға  қарай  бет  түзейді.  Шабуылды 

дәл  осылай  өткізуді  бұлар  күні  бұрын  келіскен.  Қараңғы  түн  екі  жаққа  бірдей. 

Тиген жау алдарында қос бар ма, жер ошақ бар ма, әлде әдейі арнап қазылған 

ор  бар  ма,  білмейді.  Сондықтан  Ағыбай  мен  Наурызбай  ұйықтап  жатқан  жау 

үстіне  аялдамай,  жайпап  өте  шығуды  жөн  деп  тапқан.  Наурызбай  бастаған 

алғашқы  бес  жүз  бірінен  соң  бірі  «Абылайлап!»  ат  қойғанда,  жер  сілкініп  тау 

қозғалған  секілді.  Оған  Ағыбай  басқарған  бес  жүз  «Ағыбайлап!»  қосылғанда 

әскер  жатқан  жерде  ақыр  заман  орнағандай  болды.  Соққан  құйындай 

Наурызбай  мен  Ағыбай  жігіттері  ұрандасып,  көл  жағалап,  арғы  бетке  ауған 

шақта,  әр  жерге  қоға,  қамыс  жағып  естерін  жинай  бастаған  солдаттар  да  таң 

асырып  қойған  аттарына  мініп  үлгірді.  Дәл  осы  мезгілде  бес  жүз  сыпай  ертіп 

Арыстан  да  келіп  жетті.  Полковник  Бизанов  Арыстанға  жаңағы  тиген  жаудың 

соңынан  қууды  тапсырды.  Өздерінің  де  ай  туа  қозғалатынын  айтты.  Енді  ол 

жауынгерлерін түгендей бастады. 

 

Көл  жағалай  қос-қос  боп  шашырай  орныққандықтан  шығыны  жоқтың  қасы 



екен.  Әлгі  шапқан  жаудың  айқай-шуы  есті  алғанмен  бәлендей  ештеңе  істей 

алмапты. Дауылдай ойда жоқтан пайда болған жаудың айбарынан зәресі ұшып 

кеткен полковник енді есін жинап, шығын санауға кірісті. Жылқы баласы түнде 

де  көреген  келеді.  Қоста  жатқан  солдаттарды  тіпті  баспапты.  Қостан  шыққан 

бірді-екілі адам ғана ат астында қалыпты. Оның үстіне сойыл да біреуге тиген, 


353 

Әдеби KZ 

біреуге  тимеген.  Қысқасы,  қаза  болған  солдат  жүзге  жетер-жетпес. 

Жараланғаны екі жүзге таяу... 

 

Өлген жауынгерлерді ор қазып көмгенше, ай да туды. Жер беті сұрғылттана 



көріне  бастады.  Полковник  өліктерді  қойып  болысымен,  түн  баласын  үркіте 

аспанға  мылтық  атқызып  суық  жер  құшағына  кірген  жазықсыз  жандармен  ең 

соңғы  қоштасу  ресімін  істетті.  Содан  кейін  атқа  қонуға  бұйырды.  Қалың  әскер 

лек-лек  боп  жаңағы  өздерін  жусатып  кете  жаздаған  жауларының  соңынан  қуа 

жөнелді.  Аттары  тынығып  қалған  екен,  ауыздықтарымен  алысып,  қарш-қарш 

шайнайды. Әлден уақытта барып таң да сыз берді. Сол мезгілде бұлар Арыстан  

жасақтарына келіп қосылды. Беттері дұрыс екен, пұлқындық Арыстан Кенесары 

әскерінің алда кетіп бара жатқанын айтты. 

 

Бұлар  енді  алдарындағы  жауы  кейін  қарай  өтіп  кетпесін  деп  балық  сүзген 



аудай екі жаққа қанаттарын жая түсіп, бес жүз адам қатарласа сап дүзеп қуды. 

Ең  ортасында  полковник  Бизанов,  екі  қанатында  Жантөренің  екі  сұлтан-

правитель  балалары.  Оң  қанатында  Ахмет,  сол  қанатында  Арыстан.  Әскер 

соңында  Баймұхамед.  Қазақ  даласында  шабуылды  бір  уақытта  хуннулар  да 

осылай  ұйымдастырған.  Сырттан  қараған  адамға  қазір  әскер  жер-көкті  алғалы 

келе  жатқан  ұшы-қиыры  жоқ  теңіз  тәрізді.  Сұсты  әм  қорқынышты.  Керегедей 

қанаттарын жая бүкіл кең даланы алған бар болғаны бес мың адам, бұндай сап 

түзеуде әлденеше бес мың боп елестейді... 

 

Таң  құланиектеніп  атып  қалған  кезде  алдарындағы  Кенесары  тобы  да 



көрінеді.  Бизанов  тез  қуып  жеткісі  келіп  алға  қарай  ұмтыла  түсті.  Бірақ  алдағы 

жау  жеткізер  емес.  Қарасына  көз  жаздырмай  зытып  келеді.  Тақа  қара  үзіп  те 

кетпейді, тым жақындаттырмайды да. Біркелкі сар желіс. Беттері Айырқұм. 

 

Қуу  қызығына  түскен  Бизанов  «әне  жетем,  міне  жетем»  деп  жан-жағына 



қарауды  да  қойды,  екі  көзі  алда  боп,  сол  жағында  қалып  бара  жатқан  сайды 

354 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет