Күрделігүлділер немесе астралар тұқымдасы кластарымен танысу



бет15/17
Дата03.12.2023
өлшемі30,86 Mb.
#133874
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Аида Әбдурасилова 13 дәріс

Қашқаргүл (Aster)

  • Қашқаргүл (Aster) - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олар бау-бақшада, гүлзарларда, саябақтарда өсіріледі. Қазақстанда алтай астрасы, кермек-жапырақты астрасы, Попов астрасы, шөл дала астрасы, бурыл астрасы, талорман астрасы деген түрлері бар. Ең көп кездесетіні алтай астрасы (A.altaicus).
  • Астралардың гүлдері түрлі түсті әсем болғандықтан, олар қолмен көптеп өсіріледі. Көп жағдайда өсімдіктен бөлініп шығатын әртүрлі заттар жиналатын қуыстары болады-сүт жолдары, схизогенді смола жолдары. Жасушаларында инулин жиналады.

Қашқаргүл (Aster)


Гүлі кішкентай, түсі әр алуан ақ, күлгін, көк, сиякөк, қызғылт болып келеді. Көгалдандыруда 80-ге жуық түрі қолданылады. Бұл гүлдің биіктігі сұрпына қарай 15 см-ден 1 метрге дейінгі аралықта. Қашқаргүлдің барлық түрі қыркүйек-қазан айларында гүлдейді. Сондықтан да ол күзгі гүлдердің патшайымы болып саналады. Қашқаргүлдің сұрыпты түрлері де бар. Олардың гүлдеу мерзімі мамыр айына сәйкес келеді. Сондай-ақ кейбір біржылдық түрлері елімізде гүлдеп үлгермейді. Себебі, гүлдері өте кеш пайда болатындықтан алғашқы суыққа ұрынып қалады.
Бір ерекшелігі, қашқаргүлді бір жерде бірнеше жыл өсіруге болмайды. Себебі, бір жерде бірнеше жыл қатарынан өскен қашқаргүл ауруға шалдығуы мүмкін. Сондықтан көгалдандыруда ауруға төтеп бере алатын сұрыптарын отырғызған жөн. Көгалдандыруда қашқаргүлді түріне қарай альпі шоқысына, гүлзарларға және жол жиегіне шарбақ ретінде өсіреді. Ең әдемі түрлеріне ағылшындық және испандық қашқаргүлдер жатады. Қашқаргүл де бақытгүлі сияқты күзде гүл ашатын санаулы гүлдердің бірі болғандықтан, оны мектеп аулаларына еккен тиімді.
Попов астрасы
Lilliput көк ай астрасы
Өрік герцогиниясы
Көк мұз герцогиниясы
Лимончелло астрасы
Алтай астрасы

Мақсыр(Carthamus)

  • Мақсыр – астралылар тұқымдасына жататын тармақталған тік сабақты, бір- жылдық өсімдік . Оның қандауыр тәрізді сопақ жапырақтары өсімдік сабағына сағақсыз орналасады. Жапырақтарының жиегінде тікенектері болады. Сабақтың биіктігі - 100 сантиметр, кейде одан асып түседі. Гүлшоғыры - себетгүл. Гүлінің түсі ашық сары немесе қызылсары болып келеді. Бір өсімдікте 5-тен 60-қа дейін себетгүл бар. Жемісі - тұқымша. Бір себетгүлдегі ақ түсті, қырлы, жылтыр тұқымшалар саны 20-дай 100-ге дейін жетелі.
  • Мақсырдың тұқымшаларынан май алынады. Олардың құрамында 25-37% май болады. Мақсыр майы күнбағыс майынан кем түспейді. Оның майы тағамға және техникалық мақсатқа (бояу, эмаль, сабын алуға) пайдаланылады. Мақсырдың тұқымшалары ауыл шаруашылық құстарына жем ретінде беріледі. Ал тұқым ұны ауыл шаруашылық малдарға кұнжара түріндегі малазық болып саналады. Мақсырдың балаусалы сабақ жапырақтары сүрлемге салынып, малға беріледі. Күлте жапырақшалары да бағалы. Олардан қызыл және сары бояу өндіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет