Күрделігүлділер немесе астралар тұқымдасы кластарымен танысу



бет16/17
Дата03.12.2023
өлшемі30,86 Mb.
#133874
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Мақсыр(Carthamus)


Солтүстік Африка және Азия елдерінде өсірілетіндіктен, мақсыр ыстыққа төзімді, құрғақшылыққа төтеп бере алады. Ол суды да үнемді жұмсайды. Мақсыр топырақ талғамайды. Өскіндері -6-10 градус температураға төзеді. Өсімді мерзімі 93-117 күн. Мақсыр ауыспалы егістікте астық дақылдылардан кейін егіледі. Егу нормасы - 1 гектарға 8-15 кг тұқым себу. Тұқымы толық пісіп, өсімдік құраған кезде комбайнмен тауып алады. Бітеугүлдену кезінде - пішен ретінде, ал гүлдеу немесе себетгүл түзу кезінде сүрлемге орып жинайды. Мақсыр - өте пайдалы өсімдік.

Өгейшөп (Tussilago)


Қазақстанда 1 ғана түрі кездесетін тамырсабақты, көпжылдық шөптекті өсімдік. Ерте көктемде көптеген шөптекті өсімдіктерден бұрын өгейшөп шығып, гүлдейді. Өгейшөп тамырсабағынан дамыған гүлсидамның биіктігі 10-25 см, жапырақтары қызғылт-қоңыр түсті, сағақсыз, қабыршақты болады. Гүлдеп болған соң тамырға жақын жерінен ұзын сағақты, жүрек пішінді, ені 10-15 сантиметрге жететін үлкен жасыл жапырақтары дамиды. Өгейшөп жапырағы тақтасының үстіңгі беті түксіз жылтыр - «салқындық» сезім тудырады. Жапырақтың астыңғы бетінде жұмсақ түктер өсіп, «жылылық» шырай білдіреді. Осы екі түрлі ерекшелігіне байланысты өсімдік «өгейшөп» аталған. 

Өгейшөп (Tussilago)


Өгейшөптің сары түсті ұсақ гүлдері ені 1-2 см мөлшерінде себетгүлге (корзинка) - гүлшоғырға жиналған. Себетгүлде топтасқан гүлдері екі түрлі: себетгүлдің жиегіндегі (шетіндегі) гүлдердің барлығы - аналық тілшелі гүлдер, ортасында орналасқандарының барлығы - аталық түтікшелі гүлдер. Сонымен, өгейшөптің себетгүлінде (гүлшоғырында) аталық та, аналық та гүлдердің болатынына көз жеткіздік.

Өгейшөп (Tussilago)


Өгейшөпті өзен жағалауынан, сайлардан, аласа төбе етектерінен, өзге де жерлерден кездестіре аламыз. Ол - дәрілік өсімдік. Халықтық медицинада жапырағы, гүлі, сабағы әр түрлі дертке дәру ретінде пайдаланылады. Оның жапырағы қақырық түсіруге жиі қолданылады. Ауатамырдың қабынуына, сондай-ақ туберкулезді емдеуде де өгейшөп жапырағының маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет