“крекерлер” дейміз. Телефон желілерін бұзатын мамандарды “фрикерлер”



бет4/9
Дата04.12.2023
өлшемі6,69 Mb.
#134276
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8 (1)

Деректердің резервті көшірмесі (backup) - компьютердегі файлдар, каталогтардың көшірмелерін алу.
Деректердің резервті көшірмесін алатын бағдарламаларға мысалдар:
  • EaseUS Todo Backup;
  • AOMEI Backupper Standard;
  • Cobian Backup;
  • FileFort Backup;
  • BackUp Maker;
  • COMODO Backup;
  • Redo Backup;
  • Everyday Auto Backup;
  • Second copy;
  • ....

https://youtu.be/Vkjekr6jacg
https://youtu.be/NiKkI1C8neE
Зиянды БҚ – құрылғылар мен деректерге зиян алып келу мақсатында жазылған бағдарлама. Көптеген зиянды БҚ-лар мәліметтерді ұрлау, төлем ақпараттарын заңсы алу сияқты мақсаттарында құрылады.
Зиянды БҚ шабуылары барлық құрылғылармен операциялық жүйелерде орындалуы мүмкін (iPhone, Android, Macbook, Windows PC , Linux).
SonicWall Capture Labs деректері бойынша зиянды БҚ-ның жыл сайын 5 млрд шабуылы болады екен. Олардың 92% электронды почта арқылы орындалады. Соңғы бір неше жыл ішінде мобилді құрылғылар мен macOS үшін зиянды БҚ көлемі күрт асты.
Зиянды бағдарламалық қамтамалар
Бүгінгі таңда 18 млн-нан астам веб-сайттар зиянды бағдарламалық кодпен зақымдалады, 34% мекемелер зиянкес шабуылдарға ұшыраса, қаржы ұйымдарының 80% жыл сайын зиянды бағдарламалардың нысанына айналып отыр.
Өздеріңіз білетіндей жыл сайын тұмауға қарсы вакцина салу науқаны жүреді. Тұмау вирусы маусымдық болып, жылдың белгілі бір мерзімінде көбейеді.
Компьютерлер мен смартфондарды, планшеттерді, компьютерлік желілерге жұғатын вирустар жыл мезгіліне қарамайды және оны қай кезде болатынын біле алмайсыз. “Компьютерлік тұмаулардың” эпидемиясы ешқашан бітпейді.
Компьютерлік тұмау туралы қажетті білімдеріңіз болса ауру қауыпін азайтуға болады. Зиянды бағдарламаларды танып біле алу маңызды болып табылады.
Мысал: Conficker (190 мемлекетте компьютерлерді зақымдаған).
Құрттар бір құрылғыдан екіншісіне адам қатысуынсыз жұға алады. Бұл вирусқа бағдарламаларға жүктелуі қажет емес. Ол хабарламаларда тіркеме түрінде немесе электронды почтада спам түрінде, бағдарламалардың осал жерлері арқылы жіберілу мүмкін.
Вирус компьютерге жұққан соң фондық режимде тыныш жұмыс істей береді. Ол файлдарды өзгертуі/жоюы немесе операциялық жүйеге өзгеріс ендіруі мүмкін.
Операциялық жүйеге өзгеріс ендірілу компьютерлік қылмыскерлерге бэкдор орнатуына, деректерді ұрлауға және құрылғымен оның жүйелік бөлігін басқаруына мүмкіндік береді. Кейбір құрт вирустардың түрлері компьютердің ресурстарын азайту мақсатында құрылады. Олар миллиондаған өздерінің көшірмелерін қайта қайталап құра береді, сол арқылы компьютердің есте сақтау көлемін азайтады, желінің өткізу жылдамдығын азайтып тастайды.
Құрт вирустар қалған вирустарға қарағанда жұқпалылығы жоғары болады. Құрт вирустарға мысал ретінде ILOVEYOU немесе Log Bug деген атауға ие болған вирусын айтуға болады. Ол 2000 жылы Windows операциялық жүйесіндегі 50 миллионнан астам компьютерлерді зақымдаған.
Ол Outlook қолданушыларының электронды почталарында көрсетілген адрестеріне рұқсат ала алу мүмкіндігінің арқасында өз көшірмелерін сол адрестерге жіберу арқылы орман өрті сияқты тез таралып үлгерген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет