“крекерлер” дейміз. Телефон желілерін бұзатын мамандарды “фрикерлер”



бет6/9
Дата04.12.2023
өлшемі6,69 Mb.
#134276
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8 (1)

Файлсыз зиянды бағдарламалар.
/
Мысал: Appearch (браузерге жарнамалар қойып тастайды, браузермен жұмыс жасауды қиындатады).
Жарнамалық вирус. Жарнамаларға қолдау жасайтын бағдарлама ретінде белгілі. Ол компьютер немесе смартфон экранында жарнамаларды шығарып, іздеу нәтижелерін жарнамалық сайттарға жібереді, қолданушыларды әрекеттерін маркетингілік мақсаттарда бақылайды.
Жарнамалық бағдарламаның мақсаты қолданушыларға жарнамаларды көрсету арқылы пайда табу.
Бұл бағдарламалар онша зиянды емес болғанымен, компьютер жылдамдығын азайтады, қолданушылардың интернетте жасаған бүкіл мәліметтерін жинайды.
Adware
https://youtu.be/jIyIqjOlqzY
Троян
Мысал: Wirenet (паролдерді ұрлайтын трояндық бағдарлама)
Трояндық бағдарламалар пайдалы жұмыс жасап жатқандай әсер қалдырып, шын мәнінде компьютеріңізге зиян келтіреді. Оларды кез келген жерде болуы мүмкін, мысалы, жүктелген файлдарда немесе электронды хаттарда. Трояндық бағдарлама қолданушыларды алдап зиянды бағдарламаларды жүктеудерін және оларды орындауға жіберуге тырысады. Бағдарлама орындалып болған соң, компьютер мен желіге зиян келтіреді. Компьютерге троян жұққан соң, ол өзінің көшірмелерін басқа құрылғыларға жібереді. Трояндық вирус жұққан компьютерді алыстан компьютерлік қылмыскерлер білдіртпей басқаруы мүмкін.
Мысалы Троян Zeus вирусы, қолданушылардың банкілік мәліметтерін ұрлауға арналған. Бұл вирус 2007 жылы шыққан және АҚШ Транспорт министрлігіне айтарлықтай зиян келтірген. 2009 жылы трояндық вирустар Amazon, NASA, Cisco, Bank of America сайттарына шабуылдап шығынға алып келген..
https://youtu.be/mJ6x2ssWvHA
Киберқауіпсіздік деген сөзді көп адамдар желінің осал тұстары арқылы кіріп зиян келтіретін хакерлер, крекерлерден қалай қорғану керек дегенді түсінеді. Бірақ желіге енудің басқа да жолдары бар, ол адамдардың әлсіздіктері арқылы. Алдау арқылы адамдың өздері жеке құпия мәліметтерін ашып берулері, желіге рұқсат берулерін әлеуметтік инженерия дейміз.
Мысалы, алаяқ өзін мекеменің ІТ бөлімінің қызметкері ретінде таныстырады және қандай да бір мәліметтерді ұсынуды немесе деректерге рұқсат беруді сұрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет