“крекерлер” дейміз. Телефон желілерін бұзатын мамандарды “фрикерлер”


Ransomware Бопсалау бағдарламаларының тарихы



бет3/9
Дата04.12.2023
өлшемі6,69 Mb.
#134276
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ransomware
Бопсалау бағдарламаларының тарихы
1989 былы алғаш рет бопсалау бағдарламалары қолданылған. Сол уақыттан бастап дүние бойлап тарады, ал бағдарламалардың жаңа түрлері өзінің тиімділігін дәлелдеп келеді. 2011 жылы бопсалау бағдарламаларының шабуыл санының асуы байқалады. 2016 жылдан бастап антивирус бағдарлама құрастырушы компаниялар бопсалау бағдарламаларын іздеп табу мен емдеуге көп мән беруде.
Бопсалау бағдарламаларында өңірлік айырмашылықтар болады.
Лицензиясыз бағдарламалық қамтама туралы хабарламалар.
Кейбір мемлекетттерде трояндық бағдарламалар жәбірленушіге «Лицензиясыз бағдарламалық қамтама» орнатылғандығы туралы ескертіп, ақысын төлеуді сұрайды.
Заңсыз контент туралы хабарламалар.
Заңсыз бағдарлама көшірудің онша маңыздылығы жоқ елдерде жоғарыдағы тәсіл тиімді емес. Оның орнына бопсалаушылардың хабарламаларында өздерін құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері деп таныстырады. Жәбірленушілерге компьютеріңізде порнография, балалар порнографиясына қатысты деректер бар екендігі туралы немесе осы сияқты заңсыз контент табылғандығы туралы ескертіледі. Сол себепті белгіленген мөлшерде айыппұл төленуі талап етіледі.
Бопсалау бағдарламаларының ең ірі шабуылы
2017 жылдың көктемінде WannaCry деп аталатын бопсалау бағдарламасының ең ірі шабуылы болады. Шабуыл кезінде 150 мемлекеттен 200 мыңдай қолданушыдан биткойн арқылы төлем жүргізу талап етілген..
Ransomware бағдарламаларын қалай табуға және олардан қорғануға болады
Бопсалау бағдарламаларынан қорғануда алдын-алу шараларын жүргізу керек. Бұл үшін мұқият болу және тиісті антивирустық бағдарламаларын қолдану өте маңызды.
- Бағдарламалық қамтамаларды қолданған кезде ұдайы update (обновление) жасап тұру керек.
- Алаяқ-веб сайттармен жұмыс жасаған уақытта және электронды почтамен жұмыс жасаған кезде өте сақ болу керек.
Ең мықты алдын алу шаралары да кейде сәтсіз болуы мүмкін. Сондықтан, күтілмеген жағдайларға байланысты іс-шаралар жоспары болу керек.
Бопсалау бағдарламалары жағдайында компьютерлік жүйеңіздің көшірмесін алып отыру талап етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет