“крекерлер” дейміз. Телефон желілерін бұзатын мамандарды “фрикерлер”



бет2/9
Дата04.12.2023
өлшемі6,69 Mb.
#134276
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8 (1)

Компьютерлік вирустар – бұл өз-өзінен көбейетін, рұқсат етілмеген амалдарды орындайтын бағдарламалар.
Киберқауіпсіздік – жүйелер, желілер және бағдарламаларды цифрлық шабуылдардан қорғауға бағытталған іс-шаралар жиыны. Мұндай киберқауіпсіздіктің мақсаты құпия ақпараттарды алу, оларды өзгерту немесе жою, қолданушылардан ақша бопсалау немесе биздесті жүргізуге кедергі келтіру болып табылады.
Бүгінгі таңда киберқауіпсіздік шараларын ендірудің тиімділігі қиындап жатыр, себебі электронды құрылғылардың саны адамдар санынан да асып кетті, ал қылмыскерлер болса басқа жаңа шабуыл түрлерін қолдануда.
Киберқауіпсіздік – ұдайы дамып жатқан сала болғандықтан, жаңа технологиялар кибершабуылдар жасауға жаңа мүмкіндіктерді ашып береді.
Жаңа технологияларды ұдайы қадағалау, қауіпсіздік саласындағы тенденцияларды және қауіп-қатерлерге талдау жүргізу – күрделі мәселе болып табылады.
Киберқауіпсіздік қауіптерінің түрлері
1.Бопсалау вирустары (Ransomware);
2. Зиянды БҚ
3. Әлеуметтік инженерия
4. Фишинг
Бопсалау бағдарламалары (Ransomware)– зиянкес бағдарламалардың бір түрі болып табылады. Оларды 2 түрге бөлуге болады. Шифрлаушылар және блокқа салушылар.
Шифрлаушылар жәбірленушінің деректерін шифрлайды, содан кейін төлем талап етеді. Төлемді төлегеннен кейін жәбірленушінің деректеріне қол жеткізуді қалпына келтіру үшін шифрлау кілтін жібереді. Төлем мөлшері бірнеше жүз доллардан миллион долларға дейін болуы мүмкін. Орташа $300 талап етеді.
Ransomware
Әдетте төлем Bitcoin сияқты криптовалюталар түрінде жүргізіледі.
Блокқа салушылар құрылғымен жұмыс жасауды блокқа салып қояды. Олар да ақша төлеуді талап етеді.
Көп жағдайларда бопсалау бағдарламалары былай жұғады. Зиянкес бағдарлама алдымен құрылғыға рұқсат алады. Бағдарлама түріне қарай бүкіл операциялық жүйе немесе жеке файлдар шифрленіп қалады. Жәбірленушіден ақша төлеулерін талап етеді.
Мұндай бопсалау бағдарламаларының компьютеріңізге жұғуын алдын алу үшін сапалы антивирустық бағдарламалық қамтама орнату қажет. Мысалы, “Kaspersky Internet Security”, “Bitdefender Internet Security”, “ESET Smart Security”.
Статистика бойынша, ақша төлеген қолданушылардың 20 % деректерін қалпына келтіре алмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет