Күресінің асқар



бет5/15
Дата11.05.2023
өлшемі0,63 Mb.
#91866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Керейіттер-тайпаның аты Керлин (Керулен) өзенінің бойында қоныстанғандықтан керілер деп атаған. Жазба деректерде керілер тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған.
Жалайырлар-монғол шежірелеріндегі жалайыр тайпасының монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендерінің бойында жəне Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүретіндігі айтылады.

  1. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы эпикалық шығармалар негізінен халықтың қаһарман

батырлары Абылай мен Кенесарының ерлік істерін суреттейді. Қыз ұзату, келін түсіру тойлары, рулар мен тайпа басыларының жиындары əдетте əн салу, күй тарту сияқты салтанатты жағдайда басталатын. Қазақтардың жазға қарай жайлауға, кысқа қарай қыстауға көшетін кездері де осындай ойын-сауық салтанатымен өтетін. Əн салу, күй тарту қазақ даласындағы жəрмеңкелердің де сəнін кіргізетін. Əр түрлі еңбек үрдістері мен тұрмыстық салт-сана жоралары да əн мен күйге ұласатын. Сондай-ақ бесік жырлары мен балаларға арналған əндер де кеңінен таралған дəстүрлі əдет-ғұрып болатын.
XIX—XX ғасырлардың бас кезіндегі қазақтардың поэзиясы халықтың ежелден қалыптасқан мəдениетімен, дəстүрлерімен жəне əдет-ғұрыптарымен тығыз байланысты болды. XVIII ғасырдың аяғынан бастап қазақ əдебиетінде бұрынғы əншілік-жыршылық дəстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығармашылық ала бастады. Егер бұрын батырлардың ерлік істерін дəріптеу басым болып келсе, XIX ғасырдан бастап күнделікті тұрмыс-тіршілік тақырыбына тереңдеп ену байқалды. Ақындар өмір жайлы толғанысында шығармашылықтың өзіндік дара жолын іздеуге тырысты, жаңа кəсіби поэзия қалыптаса бастады.
Қазақтың поэтикалық жəне музыка өнерін дамытуға Махамбет Өтемісұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дəулеткерей Шығайұлы, Тəттімбет Қазанғапұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Ақжігіт (Ақан сері) Қорамсаұлы сияқты тағы басқа да көптеген ақындар мен өнерпаздар үлкен үлес қосты.

  1. 1917 жылы сəуір-мамыр айларында «Алаш» партиясының облыстық, уездік съездері болып өтті. 1917 жылы көктемде Семей облыстық съезі Жалпықазақ съезіне Қазақстанның болашақ автономиясын құруды ұсынды. 1917 ж. 21 мен 26 шілдеде Орынборда І жалпы қазақ съезі боды. Съезде мемлекеттік басқару формасын, қазақ облыстары автономиясын, жер мəселесін, халықтық млмция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани діни мəселелерді қарады. Ақпан революциясынан кейін Ресейдің ұлт аймақтарында мұсылмандар қозғалысы жандана бастады. 1917 ж. қыркүйекте мұсылман ұйымдарының съезі, тұңғыш мұсылман партиясы –

«Түркістан федералисттер партиясы» құрылды. Саяси ағымдар мен ұйымдар: 1917 ж. Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымының жұмысы күшейді. Семейде кадеттердің «Свободная речь» газеті шықты. Олар біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны жақтады. 1917 ж. көктемде эсер ұйымдары пайда болды. Эсерлер
«Жер кім өңдесе соған берілсін деген» ұран көтерді. Ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанда көппартиялы жұмыс қалыптасты.

  1. Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жəңгірдің ұлы Тəукеге көшті. Жаңа билеуші көрген саясаткер, ақылды дипломат, құдыретті хан болды. Тəуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше əлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дəстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, əдетті-құқық, əскери жəне идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды.

Тəуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырылды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі жəне сыртқы саясатындағы аса маңызды мəселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, əйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сəйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер əйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат əйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері əйелін өлтірсе, əйел құнын төлейді. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Əмудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған.

  1. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783–97 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпелі халық пен патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын жəне батырлар болды. Кіші жүз руларының барлығы да атсалысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. б. 1794 жылы Ералы ханның өлімі,1795 жылы Нұралы ұлдарының бірі — Есімнің хан болып сайланып, Нұралы ұрпағының хан тағына қайта оралуы Сырымның Нұралы əулетіне қарсылығын бұрынғыдан да өршітті. Бұл жағдай Сырым тобының хан сарайына тұтқиылдан шабуыл жасап, Есім ханның өлтірілуімен тынды. Бірақ ханның өліміне Сырымның жеке басының ешқандай қатысы болмады. Хан өлгеннен кейін елде екі билік болды: бірі — Нұралы ұлы Қратай хан сайланса, екіншісі Игельстромның ұсынуымен жүзеге асқан Айшуақ сұлтан төрағалық еткен хан кеңесі. Оның құрамына Нұралы ханның ұрпағые кіргізген жоқ, себебі осылай патша үкіметі Сырымды өз жағына жақындатуға тырысты. Бірақ олар қателесті. Қаратайдың хан болып сайлануы Сырымның ықпалын қайтадан күшейтті.1797 жылы сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 жылы белгісіз себептермен Сырым Хиуа хандығында дүние салды.

  2. Соғыстын алғашқы жылдарынан бастап республика экономикасы əскери бағытқа көшірілді:

  • Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.

  • Көптеген кəсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.

  • Майданға жақын өнілерден 220 зауытпен фабрика, цехтар мен артельдер Қазақстанға көшірілді.Өнеркəсіп орындарын көшіру екі рет жүргізілді:

1941 жыл аяғы – 1942 жыл басы;

  • 1942 жылғы 24 тамыз – Мемлекеттік қорғаныс Комитетінің

«Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың жəне ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады;

  • Шахтерлерді азық – түлікпен қамтамассыз ету.

  • Шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу.

Қарағанды облысындағы ФЗО желісі үш есе, оқушылар саны бес есе көбейді.1943 жылы 18 мың адам кеңші мамандығын алды.1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында Екінші Қарағанды пайда болды.
Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді:

  • Атырау мұнай өндеу зауытын, Кəаспий Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды.

  • Ембіге Азербайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.

  • Соғыс жылдары салынған құрылыстар: Мақат-Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау зауытының екінші кезегі,Пешной аралы – Шарин құбыр жолы,Атырауды теңіз порты мен мұнай өндеу зауыты, «Комсомол» кəсіпшілігі т.б.

  • 1942 жылғы қазан –Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бірінші кезегінің іске қосылатын мерзімі белгіленді.

  • 1943 жылы ақпан – Ақтөбе фероқорытпа зауыты іске қосылды.

  • 1943 жылы сəуір қайта өндейтін Қарағанды металургия зауытын салу туралы шешім қабылданып Қазметаллург стройтрессі ұйымдастырылды.

  • 1943 жылғы сəуір- Жекзқазған комбинаты құрылды.

1942 жылы күзде Баку мұнайы Каспий-Орск мұнай құбырымен тасымалданды.Ерең еңбектері үшін Ембі мұнайшыларына мемлекетік қорғаныс камитетінің туы 12 рет тапсырылды.1943 жылы маусымда Құлсары кəсіпшілігі, Атрау машина жасау ұжымдары көшпелі Қызыл Туды жеңіп алды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет