Күресінің асқар



бет6/15
Дата11.05.2023
өлшемі0,63 Mb.
#91866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Ботай тұрағы-Солтүстік Қазақстан-Уақыты б.з.б. 3-2 м.ж.,көлемі 15 га, 158 тұрғын үй табылды,жылқы сүйектері өте көп табылды, жылқы малын қолға үйреткен.

Шебір-Маңғыстау-Тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары, ыдыстары саз балшықтан ,түбі жұмыртқа тəрізді,ыдыстарды əшекейлеу үшін тарақ тісі сияқты өрнек пайдаланған, теңіз моллюскаларынан моншақтар жасаған, аң аулаумен айналысқанЭнеолиттік дəуір мал шаруашылыгы басым дамыған далалық өңірде де маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит мүлде басқаша көрінеді. Мұнда табиғи-экологиялық орта мүлде басқаша жəне оны игеру үшін адам ең оңай жолмен жүре отырып, бейімделудің басқа жолын тандап алды. Бұл жолда тас индустриясы кері кете қойған жоқ, керісінше бұрынғысынан да жогары деңгейге көтерілді. Адам тасты өндеудің (тесу, өздігінен қайралатын балталар, мінсіз аэродинамикалык түрдегі найзалардың ірі ұштары, оймалау жəне т. б.) мүмкіндіктерін ақырына дейін жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар өндірістік-шаруашылық (соның ішінде керамикалық жəне сүйек) саймандарының түр-түрін де шамадан тыс кеңейтті. Рас, бұл уақытта қалақша-қыстырма индустрия өз мəнін жоғалтқан еді. Энеолит дəуірінде климат ылғал болды. Сол арқылы ірі сүткөректілер санының белсенді түрде табиғи өсуіне, көбеюіне мінсіз жағдай жасалды. Бұл кезде мұнда жылқы да осындай болды. Бүл түрдің экологиялық, тепе- тендікті бұзбай күрт көбеюі, аң аулайтын алқап көлемінің бөлінісіне шаққанда оның мөлшерінің ұлғаюы басқа үрдістерді өмірге келтірді. Аңшылық ұжымдардың өздері көшіп жүретін аумақты кысқарту, ал кейде оны толық тоқтату есебінен өз алқаптарының көлемін кеміткені былай тұрсын, сонымен бірге бір жерде ұзақ уақыт бойы шоғырлана да білді. Тарылган аң аулау алқаптарындағы тұтынылатын биомассаның орнын толықтыру өз төлінің табиғи өсу есебінен ғана емес, сонымен катар аңшылардан босаған аумақтардан табындардың ағылып келуі есебінен де жүзеге асып отырды.
1. Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткеріЫбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында жəне ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Əкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би жəне старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тəрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге жəне өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бəрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым əрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды. Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "
2.1991 жылы Қазақстан тəуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру мəселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сəулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен əкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едəуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дəлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын
мақұлдады. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола жəне Алматы қалалары болып белгіленді.
Жоғары мемлекеттік органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекетік комиссиясы құрылып, оған орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. Президент Жарлығы бойынша Республика үкіметі Ақмола қаласын абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында “Жаңа астана” қорын ашты. 1997 жылы 20 қазанда Президент Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1997 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қаласына шығарып салудың салтанатты рəсімі өтті. 1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті. 2019 жылы наурыздың 20 жұлдызында Астана қаласының есімі ресми түрде Нұр- Сұлтан деп өзгертілді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет