Жеке бағалау парағы
|
Ол оқушылардың жұмыстарының белгілі бір өлшемдерге қандай деңгейде қол жеткізілгендігі туралы ойлауын көрсетуге арналған парақ. Осының аясында оқушылар нəтижені жетілдіру үшін не істеу
керектігін көрсете алады.
|
Материалды түсінуді жақсартуға бағытталған
сұрақтар мен тапсырмалар
|
Сабақтың соңында немесе жұмыстың белгілі бір бөлігінде оқушылар белгіленген өлшемдердің шегінде түсінулерін бағалау барысында пайда болатын сұрақтарды ұсынуына болады. Бұл стратегияны қолдануды жоғарыда көрсетілген стратегияларды ескере отырып,
сыныптастарының үй тапсырмаларын бағалау жолымен бастауына болады.
|
Өткен жолы орындалған жұмыспен салыстыру арқылы өзін- өзі жетілдіруді тексеру
|
Бірдей тақырып немесе тапсырма сабақта өткен материалды қайталау түрінде бірнеше рет көтерілуі мүмкін, ол оқушыларға олардың ойлау үдерісінің қаншалықты күрделі жəне қиын екендігін бағалауына мүмкіндік береді. Өткен тақырыптарға жəне тапсырмаларға қайта оралу, сондай-ақ қазіргі жауаптарды өткен жолы берілген жауаптармен салыстыру арқылы оқушылар өзінің ойлау қабілеттілігін қаншалықты артқандығын жəне ойлаудың жаңа
нысандарын дамытуын бағалауға мүмкіндік алады.
|
Өткен
жұмыстардың портфолиосы
|
Оқушылар барлық сыныптың немесе қол жеткізілген нəтижелерді көрсететін жекелеген заттар арқылы портфолионы жинай алады.
|