Критериалды бағалау технологиясы


Қалыптастырушы бағалаудың түрлері мен əдіс-тəсілдері



бет17/75
Дата23.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#75741
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   75

Қалыптастырушы бағалаудың түрлері мен əдіс-тəсілдері


Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау.
Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу əрекеттері нəтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын
«құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нəтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады. Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың əрекеттерін жүйелі қадағалап жəне аралық нəтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нəтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының жақсы жағына да, нашар тұсына да назар аударып отырған дұрыс. Жеке жұмыс нəтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты əрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс.
Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін жəне жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарым-қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды. Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нəтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз əрекетімен келісуге, өзара əрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды [12].
Жұптарда өзара бағалау
Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң жұмыстарын
алмастыру жəне бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді білдіреді. Кері байланыс, əдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс.
Жауап үлгілері бар жұптарда өзара бағалау
Гиббстің пікірі бойынша, университеттегі инженерия курсында ерекше жетістікке ие болған стратегияның бірі төмендегідей: Сіз дəл уақытында бағалай алмайтындықтан, оқушыларға қалағаныңыздан аз жұмыс берген жағдайда бұл стратегия өте пайдалы. Қалай болған күннің өзінде, өзара бағалау жақсы тəсіл болып табылады. Оқушылар сұрақтар жазылған форманы толтырады жəне онда өз атын көрсетеді. Олар мұғалімге бағалау үшін басқа оқушыларға берілетін осындай нысандарды береді. Оқушылардың ешқайсысы олардың жұмысын кім бағалайтынын білмейді. Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды.
Жұмыстар өз иелеріне қайта беріледі жəне əр оқушыда дайын шешімдер қалады. Оқушылардың көпшілігі мұғалім үнемі тексере бермейтін өз жұмысының бағалану сапасын жиірек тексереді.
Мұғалімдердің оқушылар алған бағаларды, тіпті, жазып та алмайтындығын Гиббс атап көрсетеді. Мұндай жағдайда, осындай стратегияны қолдану нəтижесінде орташа баға шамамен, 45%-дан 75%-ға дейін артады! (əрине, егер сіз қажет деп санаған жағдайда, бағаларды осы сатыда жинай аласыз). Өз құрбысының жұмысын бағалау үдерісінің мұғалім жүргізген бағалаумен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар. Оқушылар есептің шешімінің немесе сұрақтың жауабының балама тəсілдерін көреді: олар жауап үлгілері мен дайын шешімдерді көреді жəне бағаларды қоймай тұрып, мұны мұқият зерделеуге тиіс; олар қандай жағдайларда бағалардың жоғарылайтынын жəне төмендейтінін көреді. Бұл «мақсаттарды» айқындайды. Оқушылар олардан оқу пəнін анық түсінуді, сондай-ақ бірқатар мақсаттарды талап ететін өздерінің сыныптастарының жұмысы туралы пікір қалыптастыруға тиіс. Одан басқа, оқытудың тиімді əдісі болып табылатын оқыту үдерісінен дайын жұмыс шешімдерін алу жолымен мақсаттарды оқып- біледі. Бұл тамаша тəсілдің көмегімен оқушылар өздерін сіздің бағалай алатыныңыздан артық бағалайды, бірақ оның пайдасы тек бұл ғана емес. Аталған əдісте бір «жасырын хабар» бар. Ол оқушыларға қателерді болдырмауды жəне оларды түзетудің жолын көрсетеді, алайда бұдан басқа ол қателерді жібермеуді жəне оларды түзетуге болатындығы туралы түсінік береді. Ол оқушыларға оқудағы жетістіктің туа біткен талантқа емес, жұмысты тиісінше орындауға байланысты екендігін көрсетеді. Мұндай хабарламаның маңыздылығын асыра бағалау қиын, дəлелденгендей бұл оқушылардың ынтасы мен жетістіктеріне зор əсер етеді. (Двектің тарату материалы, moonfruit сайтындағы дəлелдеме туралы бет).
Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тəсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты
ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім əр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сəйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім ол білім алушылардың атын жазып алуы қажет. Əрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:

  • Бұл туралы сіз не ойлайсыз?

  • Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба? Егер білім алушылар тəжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:

  • Сіз қазір не істеп жатырсыз? - Сіз қалай ойлайсыз, əрі қарай не болады?

  • Осы тапсырмада ерекше бір нəрсе байқадыңыз ба? Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың жəне əр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:

    • жаңа идеяны тұжырымдауды;

    • екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;

    • идеяларды бағалауды;

    • топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;

    • сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады. Жоғарыда аталған бөлімдер белгілі оқу мақсатына жетудің дəлелін көрсетеді.

Топтардағы өзара бағалау
Оқушылар əрқайсысы үш немесе төрт оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді, олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Олар неғұрлым əртүрлі жауаптар берсе, соғұрлым оқыту үдерісінің жеңіл болуына байланысты топтар екі оқушыдан тұрмауға тиіс.
Оқушыларға алдымен өз бетінше жалғыздан орындауға тиіс сұрақтар немесе есептеулер таратылады (мысалы, бес минут ішінде).
Оқушылар өз жауаптарын, негіздемелерін, əдістерін, жұмыс стилін жəне т.с.с. айырмашылықтарын белгілей отырып салыстырады. Олар талқылайды жəне төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады:
Қандай əдіс, жұмыс стилі, негіздеме жəне жауап жəне т.с.с. жақсы жəне неліктен?
«Үздік жауаптың» топтық идеясы қандай?
Топ мүшелері қандай қателіктер жасады жəне неліктен (мұндай талқылау ынталандыру жəне құрылымдық негізде жүргізіледі?)
Оқушыларға жауап үлгілері ұсынылады жəне олар өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет