Критериалды бағалау технологиясы



бет18/75
Дата23.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#75741
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   75
Байланысты:
Республикасы

Өзін-өзі бағалау топтың жұмысын шолу ретінде
Оксфорд колледжінен Кэррол Найссен аталған стратегияны «Шаштараз ісі жəне сұлулық» пəнінде өзінің оқушыларымен бірге қолданады жəне осы стратегияны бүкіл оқытушылар тобымен де бірге пайдаланады. Сондай-ақ оны бір мұғалімнің ғана пайдалануына арнап, оңай бейімдеп алуға да болады.
Əр мұғалім əр сабақтың басында міндеттер қояды. Оқушылар арнайы осыған арналған дəптерлеріне белгілеп алады. Оқушылар өз оқуын əр сабақтың соңында осы тапсырмалар аясында қарастырады. Апта сайын оқушыларға арналған оқыту семинарлары өтеді, бұл семинарларда оқушылар бүкіл аптаның міндеттерін талқылап, неғұрлым көбірек алаңдаушылық тудыратындарын таңдап алады. Мұғалім мұндай сабақта бүкіл сыныпта қиындық тудырған кез келген мақсат бойынша жұмыс жасайды. Ол оқушыларға оларда қиындық тудырған тапсырмаларды шешу бойынша жеке жұмысына көмектеседі.
Осы тұрғыда нұсқау беретін жиналысты бүкіл білім беру бағдарламасын өте жақсы білетін жəне дайындықсыз-ақ сөз сөйлеуге шыға алатын мұғалімнің өткізуі талап етіледі. Сондай-ақ, қажетті кітаптар мен басқа да оқыту материалдары болуы қажет.
Кейбір оқушылар сыныптастарына немесе мұғалімге бергеннен гөрі, өзін-өзі бағалағанды жақсы көреді. Өзін-өзі бағалау түсінуді жəне сенімділікті дамытады. Ол мұғалімге қарағанда, оқушыдан көп жігерді талап етеді жəне жалпы алғанда тиімді оқыту əдістерінің бірі болып табылады. Оқушылардың жауап үлгілерімен алмасуы, бірақ қажеттілігіне қарай, туындаған сұрақтарды бірігіп талқылай отырып, өз жұмыстарын тексеруі «тиімді» əдіс болып табылады.
Осы əдіс оқушыларға, сіздің ойлағаныңыздан гөрі, көбірек нəтиже береді. Онда кері байланыстың жылдам əсері болғандықтан, ынталандыру жүреді, оның үстіне кері байланыс тезірек туындаған сайын ол барынша уəждемелейтін болады. Сұрақтар мен жауап үлгілерін өзін-өзі бағалау, шамамен, əрбір бес минут сайын өткізілетіндей етіп дайындау керек. Бұл жерде Сіз оқушылардың жауап берген сұрақтарға қатысты жауап үлгілерін де көріп отырғандарына көз жеткізуіңіз қажет! Кейбір оқушыларға өз жауаптарын жауап үлгілерімен салыстырудан олардың не үйренгенін жинақтау үшін көмек қажет болады. Сіз олардың бұны жазып алуын немесе жұмысты жалғастырмас бұрын, осы туралы айтып беруін өтіне аласыз. Олардан «осыны орындаудың ережелері қандай?» деп сұраңыз. Жауап алғаннан кейін дұрыс жауаптарды белгілеңіз жəне «неліктен?» деп сұраңыз, яғни, аталған ереженің «неліктен» қолданатынын сұраңыз.
Қалыптастырушы тесті арқылы өзін-өзі бағалау
Оқушылар тоқсанның соңғы жартысы бойы өздері орындаған жұмыс бойынша тестіні орындайды. Олар өз жұмыстарын мұғалім ұсынған дайын шешімдер арқылы бағалайды. Оларға тестіде бар тақырыптар мен тақырыпшалар тізімі ұсынылады жəне олар төменде көрсетілгендей əрқайсысын белгілеу қажет: егер олар оны қалай орындауды түсінген болса, жасылмен (абайсызда болған қателерді қоспағанда); егер олар оны қалай орындауды түсінбеген болса, қызылмен; егер де олар сенімсіз болса, сарымен белгілейді [11,12].

Сіз тестіні орындай алдыңыз ба: Аты:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет