Критериалды бағалау технологиясы


Интерпретациялық (логикалық ой қорытындылау) сұрақтары



бет16/75
Дата23.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#75741
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75

Интерпретациялық (логикалық ой қорытындылау) сұрақтары:


  1. Атымтай Жомарт туралы əңгіме бізге не үшін керек?

  2. Сен өзіңе қандай үлгі алдың, қандай ой түйдің?

  3. «Жомарт» сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

Бағалау сұрақтары:


  1. Жомарт сияқты барыңды сұраған, қажет еткен біреуге бере салуға қалай қарайсың, сеніңше ол дұрыс па?

  2. Жомарттың бай бола тұра аянбай еңбек еткенін оқығанда не сезіндің?

  3. Жомарттың негізгі мақсаты не еді?



едік?

  1. Атымтай Жомартты Ұлы адамдар қатарына жатқыза аласың ба ?

Шығармашылық сұрақтар:


  1. Егер Жомарт байлығына сүйеніп жұмыс істемесе не болар еді?

  2. Егер Жомарттың бұл əрекетін байқамағанда не болар еді?

  3. Егер бұл мəтін бізге берілмесе біз қандай құнды дүниеден құр қалар




  1. Егер өмірде Атымтайдай жомарт жан болмаса не болар еді?

  2. Мəтіннің тақырыбын тағы қалай деп қоюға болады?

  3. Осы мəтінді тағы кім басқаша құра алады?

  4. Атымтай Жомарттың тағы айтылмай қалған жомарттығы (қыры) бар

деп ойлайсың ба?

Тəжірибелік сұрақтар:


    1. Қазір Атымтай Жомарттар бар ма?

    2. Егер сен есепсіз бай болсаң, не істер едің?

Қалыптастырушы бағалау көбінесе сабақ құрылымының «Үйренгенді айқындау жəне бағалау, проблема шешімін қолдану» кезеңіне» жоспарланады. Ол сабақтың бірінші бөлімі ме, екінші бөлімі ме, əлде үшінші бөлімі ме ол сабақ түріне (жаңа сабақ па, бекіту сабақтары ма) байланысты анықталады.
Мұғалімнің міндеті: Оқушылардың білген мағлұматы бойынша ойланып, ол жөнінде пікір алмасуы мен талқылауын ұйымдастыру.

Оқушының міндеті:


«Не білдім/ не үйрендім?», «Бұл білім маған не үшін керек?», «Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын/ жалғастырамын?», «Тағы да не білгім келеді?» деген сұрақтарға жауап іздейді.
Қалыптастырушы бағалау əр күнгі сабақтың оқу мақсатына сəйкес, көлеміне қарай біреу немесе бірнешеу жүргізуге болады. Мұғалім əр қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырғанда қандай кері байланыс жасайтынын нақты білгені яғни жұмысты тыңғылықты жоспарлағаны дұрыс. Əр баланың жетістік деңгейі ескеріліп, соған қойылатын сұрақ, берілетін тапсырма, нұсқаулық нақты болуға тиіс.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мүмкіндігінше қызықты, əр түрлі болып келсе, соғұрлым баланың шығармашылық қабілеті, логикалық ойлау жүйесі, өзіне, өзгеге сыни көзқарасы, дүниетанымы, уақытты тиімді пайдалану əдеті, түрлі адами құндылықтары дамиды. ҚБ түрлендіріп қызықтыра жүргізу мен табанды талаптар баланы өздігінен білім алуға ынталандырады.
Қалыптастырушы бағалау сондай-ақ, мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді, олар:





Нəтижелер нақты, бақыланатын, өлшемді, қолжетімді
мақсатқа жауап беруі керек.

Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы

Оқушылар алған білімін қолдана білулері жəне өздігінен түрлендіріп, дамытып, толықтыра алулары
керек, сондай-ақ əртүрлі қалып пен мəнмəтінде қарастыра білулері қажет.

Оқушылардың өзін- өзі бағалай алуы жəне өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі

Бағалау үдерісін шынайы жəне бəріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құра білуі керек. Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жеткенінн білу үшін оқушылар өзін- өзі бағалауды үйрену керек.
Ол үшін өзін- өзі бағалау, өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.

Бағалау нəтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгертуі

Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі жəне қорытындылау сатысы. Қалыптастырушы бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі қалыптастырушы бағалау оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі
əсер етеді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет