Критериалды бағалау технологиясы



бет19/75
Дата23.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#75741
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   75
Қызыл Орындай
алмаймын

Сары
Сенімді емеспін

Жасыл Орындай
аламын

























Оқытушы өз білімі мен біліктерінің мұндай тексерулерін қарастырады. Егер тапсырмамен қатар көп қызыл нүктелер тұрса, онда мұндай тапсырма қаралған.


Оқушылар өздерінің əлсіз жақтарына пікір ретінде іс-əрекеттер жоспарын жазады.
Оқушының өзін - өзі бағалауы
Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерініңтағы бір түрі – өзін- өзі бағалау жəне өзара бағалау. Өзін – өзі бағалау – өзіне – өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау əрекетінің бір түрі. Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай: Тапсырманы орындауда нені жасау қажет? Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, əлде қателіктер жіберді ме? Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, əлде біреудің көмегіне сүйенді ме? Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды?
Өзін-өзі бағалау - бір қарағанда ол оңай үдеріс. Ол қолдануға жеңіл. Іс жүзінде өзін-өзі бағалау – кез келген қызметпен бірге жүретін үдеріс. Өздерінің кемшіліктерін анықтап, оқушы өздігімен не істей алатындығын, кім қандай мəселеде көмек бере алатындығын, оны қолдайтындығын айқындайды. Басқа да кез-келген бағалау түрлері сияқты, өзін-өзі бағалау əр түрлі мақсаттар үшін қолданылады. Өзін-өзі бағалау, мысалы, оқушы өзінің жұмысын жауап парағымен салыстырып тексерген кезде жиынтық болуы мүмкін. Бұл жағдайда əдетте оқушыдан бағалауды алдағы уақытта оқытуын жақсартуға пайдаланады деп күтуге болмайды (əйтсе де кейбір оқушылар оны осы мақсатқа пайдалана алады, ал мұғалімдер бұл бағытта оларға қолдау көрсете алады). Дегенмен, өзін-өзі бағалау зерттеу əдебиетінде оқыту үшін бағалауға қатысты қолданылған жағдайда, бұл үдерістің мақсаты қалыптастырушы аспект болып табылады, яғни өзін-өзі бағалауды оқушыларды мақсатқа немесе оқыту стандартына жақындату мақсатында
пайдалану.
Бауд (1994) өзін-өзі бағалаудың «айқындаушы ерекшелігін»
«оқушылардың стандарттар жəне/немесе критерийлерді жұмысқа сəйкестендіру жəне осы стандарттар мен критерийлерге сəйкестік дəрежесі туралы пайымдауларын қалыптастыруға қатыстылығы» деп сипаттайды. Ол сонымен қатар «əдетте өзін-өзі бағалау басқалардың критерийлері мен пайымдауларына құрылады, бірақ шешімді оқушы өз еркімен қабылдайды» деп қосады.
Бағалаудан сабақ алу үшін оқушылар өзінің үйренуі үшін дəлеледемелер жинап қана қоймай, сонымен қатар:

  • мақсатқа /стандартқа қатысты өз жұмысын талдау;

  • оқу үдерісін жақсарту үшін не істеу қажеттігі туралы шешім қабылдау;

  • ағаттықтарды жою үшін не істеуге болатынын білу;

  • басты мақсатқа жету үшін өзінің ілгерілеуін бақылау қажет.

Осы құрылым аясында өзін-өзі бағалау өзін-өзі талдау жəне өзін-өзі бағалау элементтерін қамтиды. Кейде өзін-өзі бағалау міндеттері оқушылардан өздеріне, өздерінің білім алуына қатысты рефлексия жасауын талап етеді, яғни өзінің оқу үдерісін қалай жақсы ұйымдастыруға болатындығы, тапсырманы орындауға арналған оқытудың қандай да бір стратегияларын таңдаудың негізділігі туралы ойлануға тиіс. Осылайша, өзін- өзі бағалау негізінен өзін-өзі реттеумен байланысты, Циммерман (2001) өзін- өзі бағалауды «өзінің оқу үдерісінде оқушылардың метатанымдық, ынталандырушылық жəне мінез-құлықтық белсенділігі» ретінде сипаттайды. Төменде берілген кестеде өзін-өзі реттеудің түрлі аспектілерін жалпылап қорытады жəне пайымдауларды қалыптастыруға арналған бағдарларды ұсынады [12,13].

Өзін-өзі
бағалау жəне өзін-өзі реттеу кестесі









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет