Критериалды бағалау технологиясы


стратегия: Жазбаша жұмыстарды топтық бағалау



бет22/75
Дата23.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#75741
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75

2 стратегия: Жазбаша жұмыстарды топтық бағалау


Бұл тапсырма бір-бірінің жұмысын бағалау үшін оқушыларды жұпқа бөлер алдындағы дайындық кезеңі ретінде қаралуы мүмкін. Ол бағалайтындарға да, сондай-ақ бағаланатындарға да барынша аз жүк салады.Сабақтан бірнеше жұмысты таңдап алыңыз– ол кез келген нəрсе болуы мүмкін, мəселен, сурет немесе жазбаша жұмыс, т.б., дегенмен аталған кезеңде сіздің пікіріңіз бойынша осы сабақ үшін табыс критерийіне барынша жауап беретін жұмысты таңдау маңызды. Жұмыстың авторы кім екені белгісіз екендігіне көз жеткізіңіз. Егер де сізде жұмысты барлық сыныпқа көрсетуге мүмкіндік болса, онда оқушыларға оны көрсетіңіз жəне жұппен жұмыс істей отырып, өз идеяларын ұсынуды сұраңыз. Бұл мүмкін болмаса, онда 4 адамнан тұратын топтарға жұмыстың көшірмелерін таратасыз. Оқушыларға өз пікірлерін айтуға жəне ұсынылған жұмысқа қатысты пікірлерді талқылауға уақыт берген маңызды[16].
Оқушыларға сіздің тəлімгерлігіңіз қажет болады:

  1. Осы сабақ үшін оқытудың мақсаттары жəне табыс критерийлері туралы естеріне салыңыз (немесе алға қойылған нəтижелер туралы).

  2. Неге назар аудару қажет екендігін көрсетіңіз. Бұл жағдайда нақты жұмыс бойынша ерекше мысалдар келтіруге болады, бірақ олардың жұмысты əрбір табыс критерийіне сəйкес қалай бағалайтынын естіген маңызды;

  3. Оқушылар тапсырманы орындағаннан кейін (одан ерте емес), сіз олардан жұмыс сапасына жалпы баға беруді сұрай аласыз.

  4. Оқушылардың осы пəн немесе тақырып бойынша алдағы жұмысты жақсарту үшін нені қолдану қажеттігін нақты көруі ерекше маңызды.

Бұл қиын тапсырма жəне оқушыларға тиісті нұсқаулықтар мен ақыл- кеңес беруді қажет етеді, əсіресе олар жұмысты тек мұғалім ғана бағалай алады деп есептейтін болса, оларға қолдау қажет болады. Бұл үдерістің мəні оқушылар өз жұмысын орындау барысында пайдалану үшін оларға жұмысты жақсартудың жолдары мен амалдарын талқылауға мүмкіндік беру болып табылады.


Оқушылардың бірін-бірі бағалауы


Сыныптастарының бағасы бағалауды үйретудің толыққанды əдісі болып табылады. Сонымен қатар өзара бағалау қатысушыларға оқытылған материалды бір-бірінің жұмыстарын бағалау əдісімен бекітуге мүмкіндік береді. Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы - оқушылар басқалардың жұмыстарының əлсіз жəне мықты жақтарын байқап үйренеді, сонымен қатар өзінің жеке алға жылжуын талқылай алады.
Қалыптастырушы бағалаудың бұл түрі бағалаудың толымды оқыту тəсілі болып табылады. Одан басқа, өзара бағалау оқушыларға бір-бірінің жұмыстарын бағалау арқылы зерттеген материалды бекіту мүмкіндігін береді. Өзара бағалаудың басымдығы оқушылар басқа жұмыстардың күшті жəне əлсіз жақтарын көрсетуге үйренеді жəне осылайша өздерінің ілгерілеуін талдайды. Мысалы, сабақта қалыптастырушы бағалау техникасын қолданып
оқушылардың өзара бақылауы негізінде бақылау-бағалау қызметін қалай ұйымдастыруға болады. Оқу жоспарында айтылған өзара бағалаудың кейбір техникасына тоқталайық: түсінік, бақылау, пікір. Көрген «Ғаламшар жəне өзіңді сақта» бейнесі бойынша репортаж жазу тапсырмасы берілді. Топтарда өздерінің сыныптастарының репортаждарын тыңдап, оқушылар мына сұрақтарға жауап беріп, репортаж бойынша ауызша түсінік береді: Толық ақпарат алынды ма? Репортаж оқиғасына тартылды ма? Хабарлама анық жетті ме? Нақты дəлдік сақталды ма? Мəтіннің композициясы сақтала ма? Мəтіннің азат жолдары арасындағы байланыс анық жəне логикалық болып табылады ма? Одан кейін оқушылар түсініктерге ілесіп, бір-бірінің репортаждарын түзетеді. Ауызша түсініктерден басқа, балалар жұппен жұмыс істеп, бір- бірінің жұмыстарына түсініктер жазады.
Қалыптастырушы бағалаудың бұл түріндегі оқушылардың бір-біріне ұсынатын пікірлері екі серіктеске де: бергенге де, қабылдағанға да пайдалы екенін атап өтуге болады, себебі өзінің сыныптасының жұмысын талдап, оқушы біреудің жұмысының мəнмəтінінде табыстылық белгілерін түсінеді, ол оқушы үшін аз эмоциялық алаңдаушылықты тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет