Кучербаева Д. К. А. НҰрмановтың «ҚҰланның ажалы» романының КӨркемдік әлемі



бет36/39
Дата14.02.2023
өлшемі160,51 Kb.
#67990
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
өскен ұлжалғас

Қорытынды: А.Нұрманов «Құланның ажалы» синекдоханың 2-і табылып,терілді.
Көркем бейненің жанды, нақты, әсерлі бейнеленіп, танылуында портреттік тәсілдің алатын орны ерекше. Портрет – француз сөзі, мағынасы бейнелеу дегенді білдіреді. Бұл көркем шығармада кейіпкердің бет пішіні, киім киісі, жүріс – тұрысы, жалры сырт келбеті тұрғысынан суреттелуі. Жазушы кейіпкерін сыртқы түр – тұлғасымен, қимыл – қозғалысымен таныстыра сипаттай отырып, оны нақты тірі адам бейнесінде көз алдымызға елестетеді және оның ішкі әлеміне де барлау жасауға тырысады.
Портреттің түрлері де, қырлары да сан алуан. Мәселен, портретті ерекшелік сипатына қарай шартты түрде төмендегіше жіктеуге болғандай: мөлтек портрет, топтама портрет, сатиралық портрет, психологиялық портрет, статикалық портрет, портрет – мінездеу, живописьтік портрет т.б.
Көркем шығармалық тәжірибеде кейіпкер портретін түрлі жағдайларға және жас мөлшеріне қарай құбылтып – өзгертіп, оны әр қырынан толықтырып, қайталап беріп отыру да кең орын алған үрдіс. Бұл живописьтік портреткетән ерекшелік.
Өмірде адам түрлі жағдаяттарда көрінеді, танылады, есейеді, уайымға түседі, көкірегін шаттық кернеп, толқып – тасатын сәттері де баршылық. Әдеби бейнені де жазушы міне осындай алуан күйде, түрлі өмір кезеңдерінен алып әр қырынан (сыртқы түр-түсі, ішкі жан әлеміндегі өзгерістер) бейнелеп – бедерлеуі керек. Осыған сәйкес ол кейіпкердің іс – әрекетімен қоса оның кескін – келбетін де алуан ситуацияларда түрліше құбылтып, ішкі – психологиялық толғанысын танытатындай етіп беріп отырады.
Әрине, қай түрі болмасын, портрет ең алдымен шынайылығымен, нақтылығымен ұтымды. Шын шеберлік адамның сыртқы кескінін, қимыл – қозғалысын сипаттай отырып оның ішкі жан әлемінің сырларын аңғартуда, сезіндіруде болса керек. Бұл ретте сөз жоқ, психологиялық портреттің атқарар рөлі мен маңызы ерекше.
‟Психологиялық портрет тек автордың баяндауымен жасалынбай, кейіпкер көзімен, сөзімен, аңдауымен бой көрсетпек” дейді тарихи роман табиғатын зерттеуші профессор Т.Сыдықов [48,80].
Ғалымдар көркем әдебиеттегі портретті 2-ге бөледі: ситуациялық және жалпы портрет.
Жалпы портретте көркем бейненің өзіне тән үнемі болып тұратын сипат белгілері суреттелсе, ситуациялық портрет кейіпкердің бір сәттік эмоциялық кейпін береді.
Тіл білімі мен әдебиетке қатысты портретті ғалымдар екі үлкен топқа бөледі:

    • жалпы портрет;

    • психологиялық портрет;

Портреттің психологиялық және синтездік түрлері бар.
Психологиялық портрет – кейіпкердің кескін келбеті мен ішкі жан дүниесін ұштастыра бейнелейді. Кейіпкердің эмоциялық күйзелісі, жан дүниедегі арпалысы суреттеледі. Жазушы кейіпкер портретін әртүрлі тәсілмен береді:
Синтездік портрет – кейіпкердің барлық қимылын жүріс – тұрысын, мінез – құлқын, ажырамастай тұрақты, динамикалық қозғалысты бейнелейді.
Портрет негізгі үш құрамдас бөліктен тұрады.

    • соматикалық портрет;

    • вестиалды портрет;

    • кинетикалық портрет.

Соматикалық портрет – адам дене мүшелері жайында айтылатын сөздер болып табылады.
Вестиалды портрет – киім – кешекті атайтын сөздер тобы [48,82].
Кинетикалық портрет – бет өзгерісін, дене қимылын, дене қалпын суреттейтін портрет түрі.
Ақан Нұрманов «Құланның ажалы» романындағы портреттер.

  1. Қазір құланнын, осы тұрысы қатерды сезген дала тағысын көзге елестеткендей. Кішкене шегір көзінің, қарашығы көк сүңгінін, ұшындай өткірленіп алған, еті қашқан жақ сүйегі шодырайып, ұрт еті бұлт-бұлт ойнайды, бар бет терісі көзінін, айналасына жиналғандай қатпар-қатпар. Әр жерге бір-бір талдан өскен шанжау-шанжау сарғыш сақал-мұрты тікірейіп, таңқылау танауы шедірейіп кетті.

  2. Майлықтың бетін жасында шешек жеп, мұрнын да таңырайтып кеткен болатын. Табақтай жап-жалпақ бетінде сау-тамтық жоқ, саздауыт жердің мал басқан шоқалағындай шұңқыр-шұңқыр. Сол бетке ортан белінен арба басып кеткен тарызды үш бұрышты танауды сол саздан илеп жапсыра салғандай. Балпанақтай иегіндегі шанжау-шанжау өскен сақал мұрттың иер талы өзі өскен шұңқырының ыңғайымен ар жаққа шаншылып тұр. Қазір басын кекжитіп күлімсіреген әлпетінде сықсиған көзі онан сайын жұмылып, танауының тесігі онан сайын саңырайып, қатар қазылған зорман ініне ұқсатып әкеткен.

  3. Суға тұсып, кірқоңы, жол шаңынан ада болғандыкі ме, бейтәністің бет-бәдені әжептауір көрінеді. қужақ келген құс тұмсық шикіл сары. Бет-аузын жауып кеткен жып-жирен қауғадай сақал-мұрт болмаса, жас шамасы қырықтардың о жақ, бұ жағында сияқты. Тек ақ сабан тұсты қас-қабағы, кірпіксіз көзі жігіт шырайына бір түрлі репетсіз оң беріп тұр. Сол оңған сабан қабақтын, астынан бейтәністің тұздай көзі тағы да үріккен бе, сезіктенген бе, белгісіз бір рай байқатып, жер шұқылап кетті.

  4. Ал анау қақ төрге барып отырған сағал көз сары сақал кемиек шал осы ауылдың ақсақалы — Орман еді.

  5. Шот маңдай, ақ кірпік, қоқиған мұрнының алдына қойған жез мұрт оншалықты жарасымды көрінбейді.

  6. –Әліксалам, иә, ауылнай, төрлет, -деді де енді Болжықтың соңынан енген Томар милиционерге назар аударды. Бұл бір тап –тапал төртпақтау, қырықтардағы, шалбар бет қырқылжың екен. Сарғыштау сепкілі бар бет –аузын көкпеңбек қылып қырып тастапты. Мергенді таңқалдырған, әсіресе, мұның әйелдікіндей дөңгеленген бөксесі болды. Сол бөксе Томардың жамбас, құйрық жағын кейін тартқандай бір түрлі итіндіріп мықшитып тұр. Бұл әуелі енгенде жарқабағының астындағы кірпіксіз лайсаң көзі шатысып, жағалай отырған жұртқа шақырая қарады.

  7. Кешкі тымық ауада самбырлай шыққан Серкеш әңгімесінің шет –жағасы қатындардың шуы, мал үні ара –арасында, құлағына тисе керек, отыздар ішіндегі толықша, сымбатты келіншек Алтынкүл күйеуіне уайымды сызды жүзбен бір қарап, есік ашты.

  8. Жас кезінен сиынып келген патшасы, полковниктің сұрқай түсті мундирін киген, дөңгелек қызыл сақалды сары –шегір адам екен. Түрі әбден жалыққан адамға, әйтпесе о дүниелік бірдемені ойлап келе жатқан жанға ұқсайды. Арт жағындағы сап –сары ала, алтын оқалы киім киген топ адам әлдеқайда салтанатты көрінеді.

  9. Шарбақбайдың түріне көз жүгірткен адам оның жас шамасын біліп болар емес. Беті жылтыраған тап –тақыр көсе. Шашын да тақырлатып алғызып тастаған. Ал өңінде бір кесапат күштің суреті бар. Қасқыр маңдай, биік қабақтың астындағы үлкен қой көздерінің жанары суық, жалпақ тұмсық, шықшыт деген жайылып жатыр. Қайсыбір кезде кескін –кейпі қабаған төбетке ұқсап кететін тәрізді. [49,85]



  10. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет