Кучербаева Д. К. А. НҰрмановтың «ҚҰланның ажалы» романының КӨркемдік әлемі



бет37/39
Дата14.02.2023
өлшемі160,51 Kb.
#67990
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
өскен ұлжалғас

Бүйрек бет қызыл жүзді жас тоқал Абдолдың түрінен мылтықтан бетер тексінген тірізді, мөлдіреген қара көзі дөп –дөңгелек болып кетті.(91-бет)

  • Ұрты омсырайған сүйекті беті шаңытыңқырап, жалпақ маңдайындағы қыртыс қатпарланып тұр екен.

  • Міне, енді Рүстембайдың қою қара мұрт,қара сақалды, жел мен күнге тотыққан дөңгелек қызыл жүзінен, күлімдеген қой көзінен шын қуанғанын байқап, жүрегі жылып кетті.

    . Варваризмдер тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ, бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. Варваризмдерді қолданудың әр түрлі жолдары бар.
    1. Кейде бір халықтың шынайы өмірін, тұрмыс –салтын суреттеп көрсетпек болғанда, сол елдің ұлттық ерекшелігін бейнелеу мақсатымен варваризмдер саналы түрде әдейі қолданылады. Мәселен, неміс халқының өмірін суреттегенде фрау, кухен, кайзер сияқты сөздерді, ағылшын өмірін суреттегенде сэр, мистер, коттеж тәрізді сөздерді, Орта Азия халықтарының өмірін суреттегенде шайхана, ауыл, кәуап, арық, пиала, паранджа, қышлақ тәрізді сөздерді қолдану орынды деп суреттеледі.
    2. Тыңдаушыға ерекше әсер етіп, күлдіру үшін халық ақындары да варваризмдерді пайдаланады. Мысалы:
    Астыма мінгенатым генадушка,
    Шабамын көңіл ашып немношка,
    Не стоит на свете жить етуге
    Азырақ ойнап –күлмей молодушка («Он алты қыз»)
    3. Өзге тілдегі сөздерді сөзбен –сөз аударуға қиын тиген жағдайда, варваризмдер сол қалпында ешбір өзгертілмей алынады. Мәселен, Абай Құнанбаев шығармаларында қазақ тіліне сіңбеген мынадай орыс сөздері кездеседі: начальник, сердца, элемент, визит, виноват, сила, судья, закон, счет т.б. Сол сияқты Абай шығармаларында араб парсы тілдеріне тән сөз тіркестері де сол қалпында келтіріледі. Мысалы: ағләмланған фиғлы хұда ( алланың салған ақ ісі) т.б.
    4. Варваризмдер кейде қоғамдағы жағымсыз жексұрын типтері халыққа мазақ етіп келемеждеу үшін де қолданылады. Мысалы:
    Барымта мен партия
    Бәрі мастық, жұрт құмар
    Сыпыра елірме, сұрқия
    Көп пияншік нені ұғар (Абай)
    Абайдың алғашқы шумақ өлеңіндегі пияншік деген орыс сөзі ел ішіне бүлік салып, қулық сұмдықты кәсіп еткен сұрқияларды мысқылдап, жұртқа мазақ етіп көрсету үшін пайдаланған.
    5. Ана тілін білуге мән бермей, оған жүрдім –бардым қарап, тіл шұбарлаушыларды келемеждеу үшін де жазушылар варваризмдерді жиі қолданылған. Мысалы: Осы наметит еткен жұұмыстардан реальный еш нәрсе жарыққа шығара алмадық. (І. Жансүгіров)
    1.-Қожайын маған дала қазақтарын алда дейді,- деп сөзін жігерлірек сабақтады, -но мен көнбедім. [50,90]
    2. –Ия, иә. Нэп, солай нэп. Вот, сол нэпмандар магазин, ресторан ашты. Семья көп,ақша жоқ, мен соларға приказчик болдым.
    3. –Ақсақал, сіздің істеп отырғаныңыз заңсыздық, беззакон, -деп қылқына сөйледі.
    4. Совет милициясына и совет ауылнайына қолжұмсау –ето советке қарсы шығу, контр болу!...
    5. –Ұлық бар, бірақ, закон... Бізге право берілген арыстоват етуге...
    6.Проклятые киргизы! –деп ақыра шықты сол кезде көңнен солдат.
    7. Мен тоже враг Советов.
    8. –Ну ладно, ладно. Көрсетемін, -деді Кутский Қақпанның қозғала бергенін байқап.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет