Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет10/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   97
2.2 Екінші деңгей стандарттары
 
Екінші деңгейдің стандарттары (өндірістік факторлардың 
қауіпті және зиян түрлері бойынша талаптар мен нормалары 
стандарттарының қосалқы жүйесі) осы факторлар параметрлері мен 
сипаттамаларының шекті жол берілген мәндерін белгілейді. Осы 
деңгейдің 
стандарттары 
ұйымдастырушылық-әдістемелік 
стандарттармен қатар үшінші деңгейдің стандарттарын әзірлеу үшін 
негіз ретінде қызмет етуде. Жүйенің бұл тарауы өрт, радиациялық, 
вибрациялық, лазерлік, биологиялық, жарылу және электрқауіпсіздігін 
шудан, вибрациядан, ультрадыбыстан, электрмагниттік өрістерден, зиян 
заттардан және т.б. қорғау талаптарына деген стандарттар енеді. 
Мәселен «ЕҚСЖ. Шу. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» 12.1.003 – 83 
МЕМСТ, «ЕҚСЖ. Ультрадыбыс. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» 
12.1.001 – 89 МЕМСТ, «ЕҚСЖ. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар» 
12.1.004 – 91 МЕМСТ, «ЕҚСЖ. Жарылу қауіпсіздігі. Жалпы талаптар» 
12.1.010 – 76 МЕМСТ, «ЕҚСЖ. Жұмыс аймағының ауасына жалпы 
санитарлық-гигиеналық талаптар» 12.1.005 – 88 МЕМСТ, «ЕҚСЖ. 
Радиожиіліктің электрмагниттік өрістері. Жұмыс орындарда жол 
берілетін деңгейлер және бақылауды өткізуге талаптар» 12.1.006 – 84 
МЕМСТ, «ЕҚСЖ. Вибрациялық қауіпсіздік. Жалпы талаптар» 12.1.012 – 
90 МЕМСТ, «ЕҚСЖ. Электрқауіпсіздігі. Жалпы талаптар және қорғану 
түрлерінің 
номенклатурасы» 
12.1.019-79 
МЕМСТ, 
«ЕҚСЖ. 
Электрқауіпсіздігі. Жанасужәне тоқтардың кернеуінің рұқсат етілген 
шекті мәндері» 12.1.038 – 82 МЕМСТ, «ЕҚСЖ. Лазерлік қауіпсіздік. 
Жалпы ережелер» және т.б. 12.1.040 - 83 МЕМСТ. 
 
2.3 Үшінші деңгей стандарттары 
 
Үшінші деңгей стандарттары үш қосалқы жүйені қамтиды:
Өндірістік жабдыққа қауіпсіздік талаптар стандарттары; 
Өндірістік үдерістерге қауіпсіздік талаптар стандарттары; 
Жұмыс 
істейтіндердің 
қорғау 
жабдықтарына 
талаптар 
стандарттары.
Өндірістік жабдыққа қауіпсіздік талаптар стандарттары жалпы 
жабдық құрылғысының және оның жеке элементтеріне (жұмыс 
органдарына, басқару органдарына, қадағалау құралдарына, қорғау 
құралдарына және т.с.с) техникалық және эргономикалық талаптарды, 
сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын орындаудың бақылау әдістерін 
белгілейді.  


19 
Өнеркәсіптің барлық салаларының өндірістік жабдығына 
қауіпсіздіктің жалпы талаптары «ЕҚСЖ. Өндірістік жабдық. 
Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» 12.2.003 – 91 МЕМСТ-да 
қарастырылған. Осы стандарттың бірінші тарауында жалпы ережелер 
беріледі, соларға сәйкес өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі келесі іс-
шаралармен қамтамасыз етіледі: әрекеттер қағидаттарының және 
құрылмалық шешімдердің, қуат көздерінің, жұмыс үдерістерінің 
параметрлерінің, жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдардың дұрыс 
таңдауымен; құрастырылымына орнатылған қорғау жабдықтарының, 
сондай-ақ механикаландыру және автоматтандыру құралдарының 
қолдануымен; эргономикалық талаптардың орындалуымен және т.б. 
Өндірістік жабдық пайдаланудың бүкіл кезеңі ішінде тұтынушының 
пайдалану құжаттамасында белгіленген талаптарды орындау шартымен 
қауіпсіздіктің талаптарына сай болуы, сондай-ақ пайдалану барысында 
табиғи ортаны зиянды заттардың және зиянды микроағзалардың 
шығарылуымен жоғарыда белгіленген рұқсат етілген мәндердегі 
мөлшерде ластамауы тиіс.
Бұдан басқа стандартта нақты топтардың, түрлердің, үлгілердің 
(таңбалардың) өндірістік жабдығына қауіпсіздік талаптарын әзірлеу 
үшін негіз болып табылатыны қарастырылған.
Стандарттың екінші тарауы құрастырылымға және оның жеке 
бөліктеріне, жұмыс орындарына, басқару жүйесіне, өндірістік 
жабдықтың құрастырылымына және белгі беру құралдарға, сондай-ақ 
құрастырылымға қойылатын, монтаждау, тасымалдау, сақтау және 
жөндеу барысында қауіпсіздікке ықпал ететін талаптарға жататын
қорғау құралдары қауіпсіздіктің жалпы талаптарын қамтиды.
Стандартқа қосымшада өндірістік жабдықтың қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету бөлігінде пайдалану құжаттамасының мазмұнына жалпы 
талаптар ұсынылған.
Осы қосалқы жүйенің мысалы түрлі бұйымдарда кең 
қолданылатын жабдық тобына жататын «ЕҚСЖ. Электртехникалық 
бұйымдар. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» 12.2.007.0 – 75 МЕМСТ 
болып табылады. Бұл электртехникалық бұйымдарға қойылатын 
(12.2.007.0 - 75 МЕМСТ) 17 стандарттық талаптардан тұратын бүкіл топ 
үшін негізгі стандарт болып табылады.
Стандартта осындай бұйымдардың топтары адамды электр 
тоғынан зақымданудан қорғау тәсілі бойынша айқындалады, 
оқшаулануға, 
жерлендіруге, 
басқару 
органдарына, 
бұғаттауға, 
қабықтарға, қысқыштарға және енгізуші құрылғыларға, сондай-ақ 
ескертпе сигнализацияға, жазбалар мен тақтайшаларға, таңбалауға және 
түрлі бояуларға қойылатын талаптар қалыптастырылады.
Пайдалануға келіп түсетін барлық типтегі металл өңдеу білдектер, 
соның ішінде автоматтандырылған желі және роботтандырылған 
кешендердің құрамына енетін, сондай-ақ 660 В кернеуге дейін және 200 


20 
Гц жиілігкке дейін айнымалы тоқтың қуат беруші желісіне қосылуға 
көзделген олармен бірге қолданылатын құрылғылар, жарықтандыруға, 
құралдарға және басқару органдарына, пайдалану барысында бүлінуден 
қорғау құралдарына, құлауды болдыртпау немесе білдектерден қорғау 
және т.б. сақтандыру құрылғыларының лақтырылып тастауға қойылатын 
талаптарды қосқанда, «ЕҚСЖ. Металл өңдейтін білдек. Қауіпсіздіктің 
жалпы талаптары» 12.2.009 – 99 МЕМСТ назар аударуға тұрады. Бұдан 
басқа стандартта электр және электр емес (гидравликалық, 
пневматикалық және т.т.) қуаттан, статикалық электр беруден, дұрыс 
емес монтаджаудан туындаған мүмкін болатын қауіптер, сондай-ақ 
пайдалану барысында туындайтын – өрттен, жарылыстан, шу 
шығарудан, вибрациядан, білдектердің сәуле шығаруынан, жоңқадан, 
шаң және газдың шығуынан туындаған лазерлік сәуле шығарудан 
туындайтын, сонымен қатар «торда» қалу қаупі, тайып кету, сүрініп 
құлау немесе құлап қалу қауіптері көрсетілген. Стандартқа сәйкес 
қауіпсіздіктің арнайы талаптары білдектің құрылымы ерекшеліктеріне 
немесе 
оны 
пайдалану 
шарттарына 
байланысты 
техникалық 
құжаттамада білдектердің нақты түрлеріне көрсетілуі тиіс.
Осы топқа жекелеген қауіпті және зиянды факторларды шектеу 
бойынша талаптарды айқындайтын (мысалы 12.2.030 – 2000 МЕМСТ 
«ЕҚСЖ. Қол машиналары. Шу сипаттамалары. Нормалар. Сынау 
әдістері»), сондай-ақ жұмыс орындарына эргономикалық талаптарды 
белгілейтін (12.2.032 – 78 МЕМСТ «ЕҚСЖ – Жұмыстарды отырып 
орындау кезіндегі жұмыс орны. Жалпы эргономикалық талаптар» және 
МЕМСТ 12.2.03378 «ЕҚСЖ. Жұмысты түрегеп тұрып орындау кезіндегі 
жұмыс орны. Жалпы эргономикалық талаптар») және жабдық бойынша 
(«ЕҚСЖ. Өндірістік жабдық. Жалпы эргономикалық талаптар» 12.2.049 
– 80 МЕМСТ, «ЕҚСЖ. Бір ожаулы экскваторлар. Жүргізушінің жұмыс 
орнына қауіпсіздік пен эргономиканың жалпы талаптары және оларды 
бақылаудың әдістері» және т.б. 12.02.130 – 91 МЕМСТ).
Өндірістік 
үдерістерге 
қойылатын 
қауіпсіздік 
талаптар 
стандарттары техникалық схемалар элементтерін орналастырумен, 
өндірістік 
жабдықтың 
жұмыс 
тәртібімен, 
қызмет 
көрсетуші 
қызметкерлердің 
жұмыс 
орындарын 
және 
еңбек 
тәртібін 
ұйымдастырумен байланысты қауіпсіздік талаптарын орнатады, сондай-
ақ жұмыс істейтіндерді қорғау құралдарын қолдану талаптарын және 
қауіпсіздік талаптарын орындаудың бақылау әдістерін орнатады.
Осы қосалқы жүйенің стандарттары арасында «ЕҚСЖ. Өндірістік 
үдерістер. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» 12.3.002 – 75 МЕМСТ
айрықша маңызды болып табылады. Мұнда технологиялық үдерістерге, 
бастапқы материалдарға, өндірістік жабдықты жайғастыруға және 
жұмыс орындарын ұйымдастыру, бастапқы материалдарды, дайын өнім 
және өндіріс қалдықтары сақтау және тасымалдауға, жұмыс 
істеушілердің кәсіби іріктеу және білім тексеруге талаптар көзделген. 


21 
Бұл стандарт осы қосалқы жүйенің стандарттарын құру ерекшеліктерін 
қарастырған.
Өндірістік 
үдерістерге 
жататын 
қауіпсіздіктің 
талаптар 
стандарттарының үлгісі «ЕҚСЖ. Бояғыш жұмыстары. Қауіпсіздіктің 
жалпы талаптары» 12.3.005 – 75 МЕМСТ және «ЕҚСЖ. Электр 
дәнекерлеу жұмыстары. Қауіпсіздік талаптары». Осы екі стандартқа 
жалпы ережелерден бөлек технологиялық үдерістерге, өндірістік 
ғимараттарға, бастапқы материалдар мен дайындамаларға, өндірістік 
жабдықты 
орналастыруға, 
жұмыс 
оырндарын 
ұйымдастыруға, 
қызметкерлерге, жеке қорғану құралдарын қолдануға қойылатын 
талаптар енеді.
Электр дәнекерлеу сияқты бояу жұмыстары да өнеркәсіптің түрлі 
салаларында кең жүргізіледі және мемлекеттік стандарттарды, 
көрсетілген жұмыстарға байланысты қауіпсіздік талаптарды әзірлеу 
толықтай дәлелді.
Жұмыс істейтіндердің қорғану құралдарына қойылатын талаптар 
стандарттары қорғану құралдарының классификациясын, қорғанудың 
жеке топтарына, түрлеріне және типтеріне талаптарды, сондай-ақ 
оларды бақылау және бағалау әдістерін орнатады. Осы қосалқы жүйеге 
қосалқы құрылғыларға және құралдарға, қорғау және сақтандыру 
қоршауларына, оқшауларға, қорғау автоматтарына және сигнал бергіш 
құрылғыларға, санитарлық-техникалық және өртке қарсы құралдарға, 
арнайы киім мен аяқ киімге, қол, бас, бет, тыныс алу, көру және есту 
органдарын жеке қорғану құралдарына, сигнал беру түстеріне және 
қауіпсіздік белгілеріне және т.б. техникалық жағдайлар мен техникалық 
талаптар стандарттары кіреді.
Осы қосалқы жүйенің көптеген стандарттары ішінде жұмыс 
істейтіндердің қорғану құралдарының классицикациясын белгілейтін 
«ЕҚСЖ. Жұмыс істейтіндердің қорғану құралдары. Жалпы талаптар 
және біліктілік» 12.4.011 – 89 МЕМСТ негізгі болып табылады. Олар 
ұжымдық және жеке қорғану құралдарына бөлінеді.
Ұжымдық қорғану құралдарына өндірістік ғимараттардың және 
жұмыс орындарының әуе кеңістігін қалыптандыру құралдары, 
жарықтандыру, энергияның сан алуан түрлерінен (иондаушы сәулелер, 
инфра қызыл, ультрафиолтеттік және электрмагниттік сәулелер), 
магниттік және электр өрісінен, лазерлердің сәуленуінен, шудан, 
вибрация және ултрадыбыстан, электр тоғымен зақымданудан; 
статикалық электр беруден, қоршаған ортаның жоғары және төмен 
температураларынан қорғану құралдары; механикалық, химиялық және 
биологиялық факторлардың ықпал етуінен қорғану құралдары.
Жеке қорғану құралдарына оқшаулану костюмдері, тыныс алу 
органдары, қол, бас, бет, көз, есту органдары, арнайы киім және аяқ 
киім, сақтандыратын жабдықтар, қорғаушы дерматологиялық құралдар 
жатады. Осы қосалқы жүйеге жататын «ЕҚСЖ. «Лепесток» ШБ-1 


22 
Респиратор. Техникалық жағдайлар» 12.4.028 – 76 МЕМСТ ерекше 
назар аударуға тұрады. Белгілі болғандай бұл тыныс алу органдарының 
жеке қорғану құралдарының айрықша кең таралған түрі. Жыл сайын осы 
типтің миллиондаған респираторлары жасалынады. 
Стандарт 
респираторлардың 
негізгі 
параметрлері 
мен 
мөлшерлерін, техникалық талаптарын, қабылдау ережелерін, сынау 
әдістерін, 
таңбалау, 
тасымалдау 
және 
сақтау 
ережелерін, 
дайындаушының кепілдіктерін белгілейтін бес тарауды қамтиды. ЕҚСЖ 
0, 1, 2, 3, 4 топтарының стандарттары мемлекетаралық стандарттар 
болып табылады. 
Қажетті жағдайларда Стандартизациялау, метрология және 
сертификаттау жөніндегі келісімнің мемлекет-қатысушылары (ТМД 
мүшелері) 0, 1, 2, 3, 4 топтарының ЕҚСЖ ұлттық стандарттарын, ЕҚСЖ 
мемлекетаралық стандарттарының дамытушы және нақтылайтын 
ережелерін әзірлей алады. 
ЕҚСЖ 
ұлттық 
стандарттары 
ЕҚСЖ 
мемлекетаралық 
стандарттарымен 
үйлестірілуі 
және 
атқарушы 
органдардың 
құзіреттілігіне жататын мәселелер бойынша белгіленген олардың 
талаптарын, қауіпсіздік ережелері мен нормаларын бұзбауы тиіс. 
0. Жүйе құру негіздерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік 
стандарттары ЕҚСЖ мақсаттарын, міндеттерін, таралу облысын, 
құрылымын, ЕҚСЖ стандарттарын келісу ерекшеліктерін; еңбек қорғау 
саласында терминологияны; еңбек қауіпсіздігі жұмыс қызметкерлерін 
оқыту тәртібін орнатады. Осы қосалқы жүйенің стандарттары бұдан 
былай жүйенің ақпараттық және метрологиялық қамтамасыз ету 
қағидаттары тәртібін орнату қажет.
ЕҚСЖ 4 негіз қалаушы стандарттары әзірленіп, бекітілді: «ЕҚСЖ. 
Негізгі ережелер; 12.0.001-82 МЕМСТ, «ЕҚСЖ. Негізгі түсініктер, 
терминдер және анықтамалар» 12.0.002-80 МЕМСТ; «ЕҚСЖ. Қауіпті 
және зиянды өндірістік факторлар. Классификация» 12.0.003-74 МЕМСТ 
және «ЕҚСЖ. Еңбек қауіпсіздігінде жұмыс істейтіндердің оқытуын 
ұйымдастыру. Жалпы ережелер». 
1. Қауіпті және зиян өндірістік факторлар түрлері бойынша 
талаптар мен нормалар стандарттары белгілі бір қауіпті және зиян 
өндірістік факторлардың (түрі, әрекет ету сипаты, осы факторлардың 
рұқсат берілген мәндері және оларды қадағалаудың әдістері) 
сипаттамасын; қауіпті және зиян қасиеттерге ие заттармен жұмыс жасау 
кезінде қауіпсіздік талаптарын белгілейді. Бұл классифкациялық 
қосалқы жүйеге жарылу қауіпсіздігін, өрт және электр қауіпсіздігі, 
радиациялық, вибрациялық және биологиялық қауіпсіздігін, сондай-ақ 
шудан, ультрадыбыстан, электрмагниттік өрістерден, зиян заттардан 
қорғауға қойылатын жалпы талаптар және жұмыс орнында 
жарықтандыруға және әуе кеңестігіне қойылатын стандартты талаптар. 
Бұл классификациялық топтың стандарттары «ЕҚСЖ. Қауіпті және 


23 
зиянды өндірістік факторлар. Классификация» 12.0.003 — 74 МЕМСТ 
негізінде әзірленеді.
2. Өндірістік жабдыққа қойылатын қауіпсіздік талаптары 
стандарттары жалпы қауіпсіздік талаптарын, сонымен бірге жабдықтың 
жеке топтарына эргономикалық нормалар және талаптар, сондай-ақ осы 
талаптарды орындауды қадағалаудың әдістері қойылады. Осы қосалқы 
жүйенің бас стандарты «ЕҚСЖ. Өндірістік жабдық. Қауіпсіздіктің 
жалпы талаптары» 12.2.003 – 91 МЕМСТ. Мұнда жабдыққа 
қауіпсіздіктің жалпы талаптары, сонымен бірге жабдықтың нақты 
топтарына 
қауіпсіздік 
талаптары 
стандарттар 
құрылымының 
ерекшеліктері баяндалған. Ең алдымен стандарттар жоғары қаупіне ие 
жабдықтың топтарына әзірленеді, мысалы электр техникалық бұйымдар, 
компрессорлық қондырғылар, металлдық кескіш білдектер, жүк 
көтергіш крандар және т.с.с.
3. Өндірістік қауіпсіздікке қойылатын талаптар өндірістік 
үдерістерге 
қауіпсіздіктің 
жалпы 
талаптарын; 
технологиялық 
үдерістердің жеке топтарына қауіпсіздік талаптарын, жабдықты 
орналастыруға және жұмыс орындарын ұйымдастыру, бастапқы 
материалдарға, бастапқы материалдарды, дайын өнімді және өндіріс 
қалдықтарын және т.с.с. сақтау және тасымалдауға талаптарды 
белгілейді. Осы қосалқы жүйенің негізін қалаушы «ЕҚСЖ. Өндірістік 
үдерістер. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» 12.3.002-75 МЕМСТ болып 
табылады. Осы стандарт негізінде қауіпсіздіктің талаптарына ең
алдымен жоғары қауіппен және еңбектің қолайсыз жағдайларының 
(металды қыздырып өңдеу, бояу, электр дәнекерлеу, тиеу-түсіру 
жұмыстары ағаш өңдеу және т.б.). бар болуымен байланысты түрлі 
технологиялық үдерістерге стандарттар әзірленді және әзірленуде.
4. Жұмыс істеушілердің қорғану құралдарына қойылатын талаптар 
стандарттары қорғану құралдарының классификациясын; конструктивті, 
пайдалану, қорғану және қорғану құралдарының жеке қатарлары мен 
түрлерінің гиниеналық көрсеткіштеріне қойылатын талаптар; қорғану 
құралдарының қадағалау және бағалау әдістерін орнатады. Осы 
классификациялық топтасуда сонымен бірге қосалқы техникалық 
құрылғыларға; қорғаныс және сақтандырушы қоршауларға, оқшауларға, 
қорғаныс автоматтарына және газаторларына, өртке қарсы және 
қорғаныс киіміне және қол, бас, бет, тыныс алу және есту органдары 
қорғанысының жеке құралдарына;сигнал беру түстерге және қауіпсіздік 
белгілерге және т.б. техникалық жағдайлар мен жалпы техникалық 
талаптардың стандарттары шоғырланған. Осы қосалқы жүйенің 
стандарттары ЕҚСЖ барлық мемлекеттік стандарттарының негізгі 
бөлігін құрайды. Қосалқы жүйенің негізін қалаушы стандарты «ЕҚСЖ. 
Жұмыс істеушілердің қорғаныс құралдары. Классификация» МЕМСТ 
12.4.011 – 89 болып табылады.


24 
5. Өндіріс ғимараттарына (бөлмелерге) қауіпсіздік талаптарына 
қойылатын стандарттар.
6-9. Осы қосалқы жүйелер резервтер болып табылады. ЕҚСЖ
стандарттарының нақты құрылымы белгіленген (2-ші сурет). ЕҚСЖ 
стандарттарын енгізудің тәртібі «ГТС. Мемлекеттік стандарттарды 
енгізудің тәртібі. Негізгі ережелер».
ЕҚСЖ стандарттарын енгізу жөніндегі сала аралық сипаттағы 
жұмыстар 
мемлекеттік 
қадағалау 
органдарының 
қатысуымен 
Мемстандарт ұйымдары үйлестіруде. Ұйымдастырушылық-әдістемелік 
жетекшілік ету үшін ЕҚСЖ стандарттарын халық шаруашылығы 
саласына енгізумен әр министрлік немесе ведомство бір бас және 
бірнеше 
базалық 
ұйымдарды 
тағайындайды. 
Кәсіпорындар 
стандарттарын әзірлеу «Еңбек қауіпсіздігі бойынша кәсіпорындар 
стандарттарын әзірлеу жөніндегі ұсынымдар» негізінде жүзеге 
асырылады. Кәсіпорында стандарттарды әзірлеуге жалпы басшылық 
етуді жетекші немесе кәсіпорынның бас инженері жүзеге асырады. 
Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі 12-ші шифрді иеленді, 
ол 0-ден 9-ға дейін шифрлары бар қосалқы жұйелерден тұрады. 6-9 
қосалқы жүйелері әзірше резервтегі болып табылады.
2–сурет – Стандарттар құрылымының белгілері ЕҚСЖ – 
МЕСТ12.0.001-2010 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет