27
кіріспе нұсқаулық өткізілгені туралы жазба жазылынып, міндетті түрде
нұсқаулық беруші және нұсқаулық алушының қолы қойылады. Сондай-
ақ, нұсқаулық өткені туралы жеке карточкасы рәсімделеді.
Нұсқаулықтардың басқа түрлерін жұмыс барысындағы тікелей
жетекшісі өткізеді.
Бастапқы жұмыс орнында жүргізілетін нұсқаулықты өндірістік
қызмет басталғанға дейін жүргізіледі:
жұмысқа қайта қабылданған немесе басқа бөлімнен ауысып келген
және де басқа жұмыскерлер;
уақытша қызмет атқаратын, іссапармен келген және жаңа жұмыс
түріне қабылданған жұмыскерлер;
өндіріс аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындайтын
құрылысшылар;
өндірістік тәжірибеден өтуге немесе
оқуға келген студенттермен
білім алушылар жұмыстың жаңа түрін атқаратын кезде, сондай ақ
тәжірибелік сабақта әр жаңа тақырып өтер алдында өткізіледі.
Бастапқы жұмыс орнында жүргізілетін нұсқаулық өндірістік
құрылым жетекшілері дайындап, еңбек қорғау бөлімімен және кәсіподақ
комитетімен келісіліп бекітілген бағдарлама бойынша жеке немесе
жұмысшылар тобына жалпы жұмыс шегінде қауіпсіздіктің әдіс
тәсілдерін тәжірибе түрінде көрсету арқылы жүргізіледі. Осыдан кейін
нұсқаулық алушылар 2...14 ауысым аралығында (жұмыс сипатына және
жұмысшының санатына байланысты) мекеме ішінде бұйрықпен (цех
бойыша өкім) тағайындалған тұлғаның жетекшілігімен тағылымдамадан
(стажировка) өтуі тиіс. Өзіндік
жұмысқа тек тағылымдамадан
(стажировка) өтіп, теориялық білімін және еңбек қауіпсіздігі
дағдыларын меңгергендігін тексергеннен кейін ғана жіберіледі.
Қайталама
нұсқауды
барлық
қызметкерлер
кемінде
жартыжылдықта бір рет өтеді. Оны бастапқы жұмыс орнында
жүргізілетін нұсқаулық бағдарламасы бойынша толық көлемде жеке
немесе жұмысшылар тобына жалпы жұмыс шегінде жүргізеді.
Жоспардан тыс нұсқаулық жүргізіледі:
қолданысқа жаңа немесе өңделген стандарттар, ережелер, еңбекті
қорғау бойынша нұсқаулықтар, сондай-ақ оларға өзгерістер енгізілген
кезде;
шикізаттарда,
құрал-саймандарда,
жабдықтарда
еңбек
қауіпсіздігіне әсер ететін технологиялық процесс өзгерген жағдайда;
жұмысшылар
жазатайым жағдайға, апатқа, өртке немесе
жарылысқа алып келетін еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзған жағдайда;
бақылаушы органдар талабы бойынша;
еібек қауіпсздік талаптарына сәйкес жұмыстағы үзіліс мерзімі 60
күнтізбелік күннен асса, ал жоғары талаптағы жұмыстар үшін 30
күнтізбелік күннен асса;
28
Жоспардан тыс нұсқаулық қызмет саласы бірдей, нұсқаулықты
өткізудегі себебі мен жағдайларға байланысты жеке немесе
жұмысшылар тобына жүргізеледі.
Білім алушының бастапқы жұмыс орнындағы, қайталама,
жоспардан тыс нұсқаулықтарын, тағылымдамадан өткені туралы және
өзіндік жұмысқа кіріскені туралы жұмыс орнындағы нұсқаулықты
тіркеу журналында және (немесе) жеке карточкасында міндетті түрде
нұсқаулық
алушымен
және
нұсқаулық
берушіның
қолымен
толтырылады.
Мақсатты нұсқама тікелей мамандық бойынша міндеттерімен
байланысты емес бір жолғы жұмыстарды атқару кезінде, авария және
табиғи
апаттар салдарын жою, өндірісте экскурсия өткізу немесе басқа
да бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде (спорттық жарыстар және
т.б.), сондай ақ өндірісте қауіптілігі жоғары жұмыстар жүргізу кезінде
(пестицидтермен, канализациялық құдықтарда, жабық ғимраттарды
дәнекерлеу кезінде және т.б.).
Мақсатты нұсқаулықты өткізу фактісі тек қауіптілігі жоғары
жұмыстарды орындауға рұқсат болған
жағдайда немесе басқада осы
жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін құжат болған жағдайда ғана
тіркеледі.
Нұсқаулықтар білімді тексерумен аяқталса, ал жұмыс орнында
жүргізілгендері - қауіпсіз жұмыс дағдыларын үйренгенін тексерумен
аяқталады.
Қанағаттанарлық білімін көрсете алмаған тұлғалар өзіндік
жұмысқа
немесе
тәжірибелік
сабақтарға
кіргізілмейді.
Олар
нұсқаулықты қайта өтуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: