Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет12/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97
3.3 Жұмысшыларды арнайы оқыту және білімдерін тексеру 
Жұмысқа қосымша (жоғары) талаптар қойылған жағдайда арнайы 
еңбек қауіпсіздігін оқыту жүргізіледі. Теориялық білімдері және 
тәжірбиелік дағдыларын тексеру нәтижелері хаттамамен рәсімделеді. 
Емтихандарды табысты тапсырған тұлғаларға жеке жұмыс жасауға 
құқық беретін куәлік табысталады. Қауіптілігі жоғары немесе 
мемлекеттік қадағалау бақылауындағы органдарында жұмыс жасайтын 


26 
немесе қызмет көрсету объектілеріндегі (жабдық) жұмысшылар 
бекітілген ережелерге сәйкес мерзімдік тексеруден өтіп тұрады. Егер 
жұмыстың осы түрі бойынша 3 жылдан астам үзіліс болса және 
қауіптілігі жоғары жұмыста 1 жылдан астап уақыт үзіліс болса еңбек 
қауіпсіздігін оқыту қайта жүргізіледі. 
3.4 Жетекшілер мен мамандарды оқыту және білімдерін тексеру 
 
Жұмысқа қайта қабылданған жетекші немесе маман міндетті түрде 
кіріспе нұсқаулықтан өтуі қажет. Қызметіне кірген күннен бір ай ішінде 
білімін емтихандық комиссия тексеріп, хаттамамен рәсімделеді. 
Қанағатанарлық баға алмаған жұмысшылардің білімі бір ай ішінде 
қайта тексеріледі. Өндірісітік участкелерде тікелей қызмет көрсететін 
және жұмыс түрі ұйымдастыруға байланысты, сондайы-ақ техникалық 
қадағалаумен бақылауды жүзеге асыратын мекемелермен оқу 
орындарының жетекшілері және мамандарының еңбек қауіпсіздікі 
бойынша білімі кемінде үш жылда бір рет тексеріледі.
3.5 Біліктілікті жоғарылату кезіндегі оқыту
 
Еңбек қауіпсіздігі мәселелері біліктілікті арттыру курстарында 
жалпы оқыту курсы бағдарламасының 10% құрайды.Жұмыскерлердің, 
жетекшілердің және мамандардың біліктілігін арттыру жүйесінде еңбек 
қауіпсіздігі бойынша білімін, жұмыс түрін, мерзімдік уақыты және 
оқыту кезегін қадағалау Типтік ережеге сәйкес үздіксіз кәсіби және 
экономикалық кадр оқыту бойынша белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет