Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


Өнеркәсіптегі қауіпсіз жұмыстарды жүргізуді мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет15/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97
5.1 Өнеркәсіптегі қауіпсіз жұмыстарды жүргізуді мемлекеттік 
қадағалау 
 
 Өнеркәсіптегі 
жеке салаларда және кейбір объектілерде 
жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша мемлекеттік қадағалауды 
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіпте қауіпсіз жұмысты жүргізуді 
қадағалау және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитеті 
(Мемтехқадағалау) және оның жергілікті органдарымен жүзеге 
асырылады.
Аталған қадағалау көмір, тау-кен рудасы, тау-химиялық, рудалық 
емес, мұнай өндіруші және газ өндіруші, химиялық, металлургиялық, 
мұнай-газ өңдеу өнеркәсібінде, сондай-ақ көтерме құрылысын, кегель 
құрылғыларын және қысымды ыдыстарды, бу құбырларын, ыстық су, 
өндіру, тасымалдау, сақтау газ пайдаланумен байланысты объектілерді, 


30 
өнеркәсіпте жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде орнату және 
пайдалану кезінде жүзеге асырылады.
5.2 Мемлекеттік энергетикалық қадағалау 
Электр және жылу пайдаланушы қондырғыларының қауіпсіз 
қызмет етуін қамтамасыз ететін іс-шараларға мемлекеттік қадағалауды 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік энергетикалық қадағалау 
органдары (Мемэнергоқадағалау) жүзеге асырады. 
5.3 Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет 
Кәсіпорындардың, 
мекемелердің, 
ұйымдардың 
гигиеналық 
нормалардың, санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға 
қарсы ережелердің сақталуын, сондай-ақ кәсіби ауруларды, еңбекке 
жарамдылықты уақытша жоғалту ауруларын алдын-алуға, еңбек 
жағдайларын 
қалпына 
келтіруге 
бағытталған 
Қазақстан 
Республикасының Денсақтаулық сақтау министрлігінің Бас санитарлық-
эпидемиологиялық органдары жүзеге асырады. 
5.4 Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті мемлекеттік 
қадағалау 
Ядролық және радиациялық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын 
мемлекеттік 
қадағалауды 
Қазақстан 
Республикасы 
Президенті 
жанындағы Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қадағалау 
жөніндегі мемлекеттік комитеті (Мематомқадағалау) жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет