Курс: 3 Тақырыбы: Қазақтың байырғы қара есептері


Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет2/8
Дата19.04.2022
өлшемі47,64 Kb.
#31453
1   2   3   4   5   6   7   8
Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Зерттеу жұмыстың мақсаты:

Логикалық ойлау қабілетін арттыру, оқуға саналы сезімге, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Зерттеу міндеттері:

  • Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, шығармашылығы дамыған, шешен, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру.

  • Байырғы қара есептердің математика курсында алатын орнын анықтау.

  • Тақырыпқа сәйкес есептерді іріктеу және оларды шешу әдістерін қарастыру.

  • Қосымша мағлұмат қарастыру.

Зерттеу барысында мынадай гипотеза ұсынылды:

Оқу процесінде қазақтың байырғы математикасын, есептер жүйесін қолдану математикаға оқып үйренудің тиімділігін арттырады.

Зерттеу обьектісі:

Байырғы қара есептердің қолданымдары.

Күтілетін нәтиже:

Осы жобада анықталған зерттеулер мен жинақтар математикадан қосымша сабақтарда кеңінен қолданылса, оқушыларды логикалық ой-өрістері кеңінен дамыған, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиеленген тұлға қалыптасады.

Кіріспе

Замана талқысынан өтіп, өңі өзгерген де сөлі қалған, көк шыбықтай майысқақ, атадан балаға мұраға қалған, жүрек қылының пернесі - ауызекі тараған математикалық есептерді жинап, ұсынып отырмыз. Оның өз қыры мен сыры бар. Әр ғасырда өмірге келіп, қазақ ауылының тыныс-тіршілігін, әл-ауқатын, өмірге араласуын, мақсатқа жету ізін, философиялық күрмеуін, қазақ халқының тәлімінің сыр-сипатын бейнелейді. Осыдан да оның өз үні, өз лебі, өз көзжасы, өз лебі бар. Қалай болғанда да екшеліп, бізге жеткен. Бүгінгі күннің ой-өрісін де көрсетіп, қысқа орам, иіріммен қайыратын қағидалар келешекте де кәдеге жарайтын асыл тас. Керек тастың ауырлығы жоқ дейді халық.

Тоғыз тарау иірімдерінің бүге-шегесін меңгеріп, зерде тезіне салып, керегенің көгіндей атқаратын қызметін түсіну, көген түймесін табу-есепті шешудің алтын балдағы. Алтын балдақ-қарашық біреу емес. Ол көп. Із кессең табасың. Есеп осыдан да сан қилы жауап табады. Ол қазақ халқының ауызекі тараған есебінің кемшілігі емес - артықшылығы. Қазақ халқының математикалық білімінің қолданыс жағы басымдау. Ол осынысымен құнды. Осылай десек те қазақтың білімінің тамыры терең. Олар қазіргі тілмен алғанда санаудың әр түрлі жүйесін, мәселен үштік, ондық, тоғыздық пайдаланған. Бұрынғы қара есептерді қазіргі есептеу құралдарымен де шешуге болады. Зекет есебі, құмалақ есебі-өз алдына әңгіме. Ол туралы қосымшада мәлімет береміз. Алдағы уақытта қазақтың байырғы есептерін қарастыра отырып, олардың кейбіреулеріне сипаттама береміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет