Курс: 3 Тақырыбы: Қазақтың байырғы қара есептері


Қазақтың байырғы қара есептері



бет3/8
Дата19.04.2022
өлшемі47,64 Kb.
#31453
1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақтың байырғы қара есептері.

“Алтынның сыры кетпес,

Сыры кетсе де сыны кетпес.”



1. Алтын қазына.

Бұл бөлімде оқушының ой-өрісін, ізденімпаздығын дамытуға арналған логикалық есептер қарастырылған. Логикалық есептер оқушының тереңнен ойлау қабілетін, шығармашылығын дамытып, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.

  • «Ескісіз жаңа болмайды» есебі.

Екі сегіз - он алты.

Және сегіз және алты.

Жандап жүрген бір алты.

Барлығы қанша?

Ескісіз жаңа болмайды,

Есепсіз дана болмайды.

Бұл есептің ауызша айтқанда жауабы түрліше болады, себебі екпінді түрліше түсіруге болады.

Жазбаша келтірілген есеп соның бір жағдайы ғана, яғни
1) 2*8+8+6+6 =36.
Бұдан басқа есептің бірінші буынында мынандай жағдай болуы мүмкін:
2) 2+8+10+6= 26, демек 26+8+6+6= 46;
3) 2+8+16= 26, демек 26+8+6+6 =46;
4) 2*8+10+6= 32, демек 32+8+6+6= 52;
5) 2*8+16 =32, демек 32+8+6+6= 52;
6) 2+80+6 =88, демек 88+8+6+6= 108.

Бұл қарастырғанымыз есептің бірінші буыны өзгеріп, екінші және үшінші буыны өзгермегендегі жағдайлар. Есептің бірінші және үшінші буыны өзгеретін болса не болады?

Үшінші буында екі жағдай болады:
7) бір алты, демек 6, мұны талдадық.
8) Бір және алты, демек 7.

Сегізінші жағдайды бірінші буыннан шыққан алты жағдаймен әрекеттестіреміз. Сөйтіп мына жауаптарды аламыз:

  1. 2*8+8+6+7 =37,

  2. 26+8+6+7 =47,

  3. 32+8+6+7 =53,

  4. 88+8+6+7 =109.

Сонымен, есептің бірінші және үшінші буындарының өзгерісіне сай мына жауаптарды аламыз: 36, 46, 52, 108, 37, 47, 53, 109.

  • «Үнді шәйі» есебі.

Сәске кез болатын. Анам кесеге шәйді толтырып қоя салды. Кенже інім қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың?

Бұта түбі кеуегі,

Кеуегінде көжегі.

Бұлай деп айтуы есепті шешуге болатындығын, әрі ол өзіне таныс нәрседен басталады дегенге тіреледі.

Жауабы: қант құрғақ шай үстіне түсті.

«Бәрін бірге ойлап қой» есебі.

Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос-қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.

Бұл есеп Қырық бір түйір құмалақ, өтірік айтпай, шынын айт, - түйіндеуімен бітеді де қазақ даласында да құмалақшының да өз есебі бар екендігі, оның құрмет пен сенімге ие болғанына құмалақшы да бірлікке шақырғанына күмәнданбаймыз.

Жауабы: 19 бас мал.

  • «Нар түйеден жүк ауыспас» есебі.

Әр түйе төрт қанар жүк көтерсе, жиырма екі қанар жүкті Шалқардан Жармолға дейін жеткізу үшін, Ыбырай оқушысы Медресінге неше түйе керек болар еді?- дейді баласы Емберген Тереков.

Нар түйеден жүк ауыспас.

Жауабы. 6 түйе.

  • «Жыл қайыру» есебі.

- Нешедесің?- деді ақсақалға жігіт ағасы.

-4 жылқы, тоқтымын, - деді Тәттімбет күйші.

Тәттімбет неше жаста?

Дананың сөзі асыл тас.

Жауабы.Тәттімбет 4 жылқы деу арқылы өзіне төрт мүшел толғандығын айтты және тоқты деу арқылы 2 жас қос деді, яғни 49+2=51.

  • «Бесжиырма мен бесжақсы» есебі.

Ең бай қазақ баласының қалыңына шектен шықпай бесжиырма мен бесжақсы берді. Бір жылқысы орта есеппен 20 сом тұрса, бай баласының қалыңына қанша жылқы берді деп ойлайсың?

Бесжақсы, бесжиырма деген не?

Бірінші байлық - денсаулық,

Екінші байлық - ақжаулық.

Жауабы: бесжиырманың мағынасы 50 жылқы. Бұл жерде 50 жылқы ішімен есептеліп отырғандықтан, небәрі 100 бас болады. Бесжиырма да 100 деген сөз. Ал бесжиырма қалыңдық сәукелесіне арнап, күйеу беретін кәде. Бесжақсы үшін 500-600 сом береді. Есепте «шектен шықпас» деген тіркеске жүгінсек 600 сом берген болады. Бір жылқы 20 сом тұратындықтан бесжақсы үшін 30 жылқы бергені. Сонда небәрі 80 жылқы қалыңмалға берілген.

  • «Қораға қамалған қой» есебі.

99 қой 15 қораға қамалған. Неліктен ең болмағанда қораның біреуінде қойдың саны тақ болады?

Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.

Жауабы: Егер әрбір қорада жұтан қой қамалса, онда олардың қосындысы жүл сан болады. Ал 99-тақ сан. Демек, ең болмағанда қораның біреуіне тақ санды қой қамасақ, қана, тақ сан шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет