Образование Казахской АССР. Сб. документов. Алма-Ата, 1957
Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.Б. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. Алма-Ата, 1993.
Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992
Қойгелдиев М.Қ., Омарбеков Т.О. Тарих тағылымы не дейдi?- Алматы, 1993
Қойгелдиев М.Қ. Тұтас Түркiстан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы. Алматы, 1997
Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов. Қоғамдық-саяси және мемлекеттiк қызметi.А., 1994
Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасiретi.Алматы, 1997
Чокаев М. Туркестан под властью Советов. Алматы, 1993
6) Қорытынды сұрақтары: 1. Қазан революциясының тарихи маңызын қалай түсінесіз?
2. Азамат соғыс жылдарындағы қарама-қарсы тұрудың көлемі қандай болды?
3. «Әскери коммунизм» ұғымының мәні неде?
4. Межелеуден кейін өлкенің аймақтық-әкімшілік жағдайын көрсетіңіз?
5. «Алаш» партиясының негізгі мақсаттарын атаңыз?
6. Ұлттық интеллигенцияның дүниетанымын көрсетіңіз?
1) Тақырып №10. Тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңіндегі қоғамдық-саяси жағдай және әлеуметтік-экономикалық құрылыс. 2) Мақсаты: тоталитарлық жүйенің қалыптасу жөнінде объективті тарихи білім беру, дәстүрлік құрылымның құлауын және оның зардабын көрсету. Саяси және идеялық оппозицияны жәбіллеу және идеологиялық пен саяси террордың үдейе түсуі.
3)Дәріс тезистері: Республикадағы индустрияландыру бағыты.
«Қазіргі техника базасын өнеркәсіпке, тасымалға, ауыл шаруашылығына бейімдеу» ретіндегі неғұрлым кең мағынадағы индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928-1932жж.)тұтас келді, бірақ ол мейлінше қиын жағдайда өтті.
Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған еді, тұтас алғанда өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61 процентіне ғана жетті. Өнеркәсіптен Орал-Ембі ауданындағы бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір өндіретін шағын шахталар және Алтайдағы қуаты шамалы түсті металлургия кәсіпорындары ғана бар еді. Республика өнеркәсібі дамуының төмен деңгейде болуын оның жер қойнауының әлі де толық зерттелмегендігімен түсіндіруге болады. Қазақстанның байлыққа толы кең-байтақ өлкесі туралы революцияға дейін жинақталған ғылыми білім көп емес-ті. Ал ең бастысы-олар өлкенің өндіргіш күштерін дамыту, халық бұқарасының тұрмысын жақсарту үшін іс жүзінде пайдаланылмады деуге болады. Байланыс және тасымал құралдары нашар дамыған еді. Жер аумағының мың километріне шаққанда бір километірдей ғана темір жол болды. Жұмысшы табының саны аз еді, ал ұлттық инженер-техник саусақпен санарлықтай болды.
Қазақстан экономикасында бұынғысынша ауыл шаруашылығы басым болатын, оның үлесіне бүкіл жалпы өнімнің 84,4 пайызы тиетін, халықтың 90 пайызы ауылды жерлерде тұратын.
Иесіз қалдырылған шахталар мен кәсіпшіліктер қайтадан қатарға қосылды, кооперативтік өндіріс жанданды. 1926 жылы ол Қазақстандағы өнеркәсіп өнімінің үштен бірін берді. Сауда жандана түсті. Шаруашылық есепті, өзін-өзі өтеуді, өзін-өзі қаржыландыруды енгізу және басқа шаралар өнеркәсіптің жаңа экономикалық саясат арнасында дамуына игі әсер етті.
Индустрияландыру жағдайында республика еңбекшілерінің қиын міндеттерді шешуіне, ең алдымен техникалық экономикалық жағынан артта қалуын жою қажет болды. Осы міндетті шешу үшін Қазақстан елді индустрияландырудың жалпы одақтық бас жоспарына енгізілді. Социалистік әдіс бойынша индустрияландыруды жүзеге асыру ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларын, ең алдымен машина жасау саласын дамытуды, шахталар мен кеніштердің, жергілікті ресурстарды пайдалануға негіздескен барлық өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының ескілерін қалпына келтіріп, жаңаларын салуды, халық шаруашылығының мұхтаждығына қажетті темір жолдар мен техникалық байланыс құралдарын орнықтыру, бірінші кезекте байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік-техникалық зиялылар кадрларын қалыптастыру талап етілді.
Өлкені бұрын отарлық жағдайда болуына байланысты экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да мешеулігі туғызған қиындықтарды жаңа экономикалық саясаттың тоқтатылып, «әскери коммунизм» кезеңіндегі күрес әдістерінің жаңғыртылуы, халық билігінің жеке диктатурамен алмастырылуы, әміршілдік-төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі асқындыра түсті.Қазақстанда социализмнің бұлайша бұрмалануы 1925-1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф.И, Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты болды. Бұрынғы кәсіби-революционер ол капиталистік емес даму жағдайындағы социализмнің теоретигі рөлін атқаруға тырысып, Сталиннің қатаң бағыты, аймақтық көсемшілдік идеясын жақтады. Ол ауыл «Қазан лебін сезінген жоқ», «1925 жылдың күзіне дейін бізде Қазақстан мен оның партия ұйымы болған да жоқ» деп дәлелдеп бақты, сөйтіп «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын ұстанды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И.В. Сталинге хат жазып, онда Өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді, И.В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден-бір дұрыс саясат деп ойламаймын. И. Сталин».
Голощекин «Кіші Қазан» бағытына сәйкес индустрияландыру идеясын қорғап, былай деп жазды: «Өнеркәсіп саласында ең негізгісі ірілендіру емес, қайта оны жергілікті ұсақ және орташа (жарма тартатын, жүн жуатын, май шайқайтын орындар, жөндеу шеберханалары және т.б.) деңгейде, яғни бәрін ауыл шаруашылығына байланысты және оны неғұрлым рентабельді ететін деңгейде ұстау». Бұл бағытты ол 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII Өлкелік партия конференциясының мінберінен тағы да нақтылай түсті. Ф. Голощекин жарияланған бағыт Саяси бюро мүшелігіне кандидат А.А. Андреев тарапынан көрініп қолдау тапты, ол Бүкіл қазақтық VI партия конференциясының мінберінен: «Біз КСРО-дағы индустрияландыру мәселесіне әрбір республиканың өз ауыр индустриясын құру, әрбір республиканы бас-басына индустрияландыру жолымен жүрмейміз», - деп мәлімдеді.
Қазақстандағы индустрияландыру жолдары туралы пікір сайыс барысында кереғар көзқарастар аңғарылады. Біреулер «түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен заводтар салу «шамадан тыс нәрсе» болып табылды, «ұлттық өзіндік ерекшелікті» жояды деп пайымдайды, басқа біреулер «қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді», қазақтармен «өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың» және т.б. деп санады.
Жергілікті партия, кеңес, шаруашылық кадрларының индустрияландыруды жүзеге асыру барысында өлке экономикасының ең алдымен өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымын қайта қарау қажеттігі туралы парасатты сөздерін (С. Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев және басқалар) Голощекин, I. Құрамысов және олардың сыбайластары жергілікті үлтшылдық көріністері деп, ал жоспарлаушы органдардағы кейбір экономистердің өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек ресурстарының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақыруларын ұлы державалық шовинизм көрінісі деп есептеді. Теориядағы субъективизм мен практикадағы әміршіл-ырықсыз әдістер республиканың социализмге бет алуының балама жолын зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарды.