Курсы: 1 Оқу семестрі: 1,2 Шымкент 2013


) Иллюстрациялы материалдар



бет53/54
Дата03.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#54592
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
Тарих ответы

4) Иллюстрациялы материалдар: презентация, карта
5) Әдебиеттер:
1. Бүкіл дүниежүзілік қазақтарының құрылтайы А. 1992ж.
2. Қазақстан Республикасының Ата заңы. А. 1993ж.
3. Қазақстан Республикасының рәміздері А. 1992ж.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы А. 1999ж.
5. Н.Назарбаев. «Қазақстан-2030» бағдарламасы А. 1997ж.
6. Назарбаев. "Сындарлы он жыл"А. 1993ж,
7. Қазақстан республикасының рәміздері. Ы. Сағынтаев. З. Сағынтаева
6) Қорытынды сұрақтары:
1.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңның қабылдануының маңызы қандай?
2. Қазақстан Республикасының рәміздерінің әрқайсының маңызы қандай?
3. Қазақстанның саяси реформасының мәні неде?
4. Қазақстан Республикасының сыртқы саяатының негізгі бағыттары
қандай?
5. ҚР Конституцияларындағыи негізгі айырмашылығын атаңыз?
6. Қазақстан халықтар Ассамблеясы қай жылы құрылды және оның қызметі туралы айтып беріңіз?
1) Тақырып№15. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және рухани өмірі.
2) Мақсаты: студенттерді қазіргі Қазақстанның негізгі даму басылымдықтарымен таныстыру.
3) Дәріс тезистері
Егемендік алған соң Қазақстан республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы наурыздың 3 күні Қазакстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды, сондай-ақ республика халықаралық валюта фонды, халықаралық қайта құру және даму банкі, халықаралық банк, дүниежүзілік денсаулық ұйымы және тағы басқа көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болды. Тәуелсіз Қазақстанды бүгінгі таңда 113 мемлекет мойындады, олардың 105 мыңы елшіліктер, өкілеттер дәрежесінде дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақстанда шет елдің 55, шет елде Қазақстанның 30 елшілігі бар.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты халықтар арасында бейбіт және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталып отыр. Қазақстан өз территориясындағы ядролық қаруды жойып, ядролық қарусыз мемлекет статусын алды. Осының нәтижесінде Америка, Ресей, Қытай және тағы басқа ірі мемлекеттер Қазақстанның тәуелсіздігіне кепілдік беріп отыр.
Қазақстан Республикасы Азияда бейбітшілікті сақтап, осы құрлық елдерінің арасына сенімділік қатынас орнатты. Орта Азия Республикаларымен ТМД елдерімен саяси, экономика саласындағы қатынасты нығайтуға ерекше көңіл бөліп отыр.
Қазақстан сыртқы экономикалық байланысқа айрықша көңіл бөлуде. Бұл саладағы негізгі мақсат ел экономикасын дамытуға шет ел инвестициясын тарту болып отыр. Бұған мысал ретінде бірлескен "Тенгизшевройл" өндірісін айтуға болады. Бұл келісім 40 жылға жасалған. Кәсіпорынның барлық табысының 80% Қазақстанға, 20%-і Шевройлға тиесілі болмақ. Қазақстандағы саяси тұрақтылық шет ел инвестициясына сенім туғызып отыр. Экономикаға енгізілген инвестицияның көлемі жөнінен Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында отырған.
1992 жылдың 4 маусымы-тарихи күн. Сол кездегі Республика Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Елтаңбасын бекітті. Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен Елбасы назары Ж. Мәлібекұлы мен Ш. Уәлиханов жасаған берікті елтаңбаға ауды.
Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков. Мемлекеттік туға арналған байқауға 600-ден астам жоба түсті. Егемендік алған қазақ елінің қыран тәріздес биікте, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған дүние. Ал күн сәулесі мен ұлттық ою-өрнек қазақтың ұлттық танымын, қасиетін көрсетеді.
2006ж. 7 қаңтарынан бастап ән ұран қайта өзгертілді Алғашқы Қазақ халқының ән ұранын Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаева жаңа тексін жазған болатын.
Сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н.Ә. Назарбаев, Әні: Шәмші Қалдаяқов.
Егемен мемлекет болған Қазақстан соңғы 200 жылдан астам уақытта дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізуге мүмкіндік алды. Жер шарының он үш елінен келген отандастарымыз Құрылтайға қатысты. Гуманизмнің көрінісі, әміршіл-әкімшіл басқару жүктесінің қатыгездігінен өз елін, өз жерін тастап, шет елдерге ауа көшіп кеткен қандастарымыздан кешірім сұраудың айғағы болды.
Құрылтай қонақтарының қатарында белгілі дін қайраткерлер, ғалымдар, бизнесмендер, студенттер болды. Қазақ диаспорасы бар Ресей мен Өзбекстаннан келгендердің саны көп болды.
1993ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.
Қазақ КСР-ның ең алғашқы Конституциясының жобасы 1934 ж. 26 наурызда қабылданды. Бұл Негізгі Заң 1973 жылы және 1978 жылы толықтырылып , 173 баптан тұрған.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 4 бөлімнен 21 тараудан тұрды. Конституцияда тіл мәселелері де анықталды. Қазақ тілі-мемлекеттік, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі деп жарияланды.
Екінші рет 1995 жылы 30 тамызда Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қабылданды. 9 бөлімнен, 98 баптан тұрды. I бөлім- Жалпы ережелер. II бөлім- Адам және азамат. III бөлім- Президент. IV бөлім -Парламент. V бөлім- Үкімет. VI бөлім- Конституциялық кеңес. VII бөлім- Соттар және сот төрелігі. VIIІ бөлім- Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару. IX бөлім- Қорытынды және өтпелі ережелер.
1997ж. қарашаның 8-і күні Президент резиденциясында астананың Ақмолаға көшуіне байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін жаңа астанаға шығарып салудың салтанатты рәсімі болды. Бұл күн ел есінде маңызды, мәні ерекше тарихи оқиға ретінде қалды.
Егемен Қазақстан барлық азаматтарға бірдей қамқорлық жасайды. Сол кездегі санақ бойынша 17 миллион халқының 42% қазақтар, 37% орыстар, 5,2 %. украиндар, 4,4% немістер.
Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлі, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту қарастырылды.
Нарық құрылымының дамуын жеделдетуін мақсатында мемлекет меншігін алу және жекешелендіру жоспары жасайды.
Бірінші қазақша мемлекеттік секторларда жекешелендіру қажет болды. Жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөліктеу саясатымен қатар жүзеге асырылды. "Қазақстан Республикасындағы меншік туралы", "Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту және шаруашылықтардағы қызмет бостандығы", "Қазақстан Республикасындағы шетел инвесторлары", Қазақстан Рсепубликасындағы банктер мен банкттік қызметтер т.б. заңдар.
Монополиялық қызметердің шектелуі туралы заңның мақсаты-жарықты басқару механизмін енгізу. Нарыққа көшу саясатының бұрмалауынан алыпсатарлық, делдалдық, пайда болды. Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері қайта түлеуде-Ұлттық сана өсіп келеді. Көші-қон және азаматтық туралы заң қабылданды. 90ж. қарай Ғылым академиясының 32 ғылыми мекемесі алты бөлімшеге топтасты. Бүгінгі таңға шешілуге тиісті мәселелердің бірі қазақ және басқа да ұлт тілдерін одан әрі дамыту мәселесі. 1989ж. қыркүйектің 22-сінде кезектен тыс он төртінші сессиясында "Тіл тұралы заң" жарияланды. 1990ж-маусымынан 1991ж. маусымына дейін бала-бақшаның саны қазақ тілінде 482 болды.
Барлығы республикада 1677 болды. Жаңадан қазақ тілінде 155 мектеп, 4 кәсіптік-техникалық училище ашылды. Теледидар мен радио 6 тілде хабар таратып көрсетуде.
90-жылдардың өнері мен әдебиеті идеологиялық тыйым салу азабынан босанды. I. Есенберлин, Ә. Кекілбаев, С. Жүнісов, Қ. Жұмаділов, М. Мағауин қазақ халқының қиын тағдырын жазды. Айтыс өнері дамыды. М. Көкенов, Ә. Берденова, Ә. Қалыбекова, Қ. Әбілов сияқты айтыскер ақындар көш басында болды. Ш. Мұртазаның "Сталинге хат", Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" пъесалары жазылды. Қ. Байбосынов, Қ. Ахмедияров, Ж. Кәрменовтің, А. Мұсаходжаеваның, Ж. Әубәкірованың, Е. Құрманғалиевтың, Н. Өскембаеваның өнерлері ашылды. Ұлттық киноға жаңа ұрпақ қосылды. С. Апырамовтың "Соңғы аялдама», Т. Теменовтың "Адамдар арасындағы бөлтірік" Ф. Мансұровтың "Бейбарыс сұлтан" фильмдері көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет