Дем шығарудың резервтік көлемін анықтау үшін әдеттегі кезекті дем шығарудан кейін спирометрге терең дем шығаруды сұрайды. Спирометр шкаласынан дем шығарудың резервтік көлемін анықтайды. Анықтауды бірнеше қатар қайталап жасағаннан кейін, зерттеулердің орташа мәнін табады.
Дем алудың резервтік көлемінекі тәсәлмен анықтайды. Есептеу және спирометрмен өлшеу. Есептеген кезде өкпенің тіршілік сыйымдылығынан тыныстық ауа көлемі мен дем шығарудың резервтік көлемі қоындысын шегеру арқылы табады. Екінші тәсілде спирометрге белгілі көлемде ауа ендіріледі де , қалыпты дем алғаннан соң зерттелушінің спирометрден максималды терең дем алуын сұрайды. Спирометрдегі әуелдегі ауа көлемі мен терең дем алғаннан кейінгі ауа көлемдері айырымы резервті дем алу көлеміне сай келеді.
Қалдық көлемдіанықтайтын тура әдісі жоқ болғандықтан, оны жанама әдіспен анықтайды. Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш ӨТС 25-30 % құрайды деп есептейді.
Жұмыс нәтижесі және оны өңдеу: Алынған көрсеткіштерді дәптерге тіркеңіздер. Спирометрдің көмегімен алынған ӨТС көрсеткіштерін , номограммада табылған болуға тиісті (жынысына, жасына, бойына, салмағына) ӨТС көлемдерімен салыстырып қорытынды жасаңыздар.
6. Әдебиет.№ 1 қосымшаны қараңыз.
8. Бақылау Тесттер
1. Пневмография-бұл әдiс... тiркейдi.
көкiрек қуысының тыныс алу қозғалыстарын