1. Тақырыбы: Ішек-қарын түтігі қызметтерін зерттейтін әдістер. Ішек-қарын түтігінің әр түрлі бөлімдеріндегі астың қорытылуы. Асқорыту сөлдерінің құрамы
2. Мақсаты:ауыз қуысындағы, қарында және ішіектегі ас қорытылу қызметтерінің маңызын түсіндіру.
3. Оқыту мақсаты:
қарын, өт т.б. сөлдерінің лабораториялық зерттеу нәтижесін бағалау.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары 1. Ішек-қарын жолдарының құрлысы және оның қабырғаларының қабаттары.
2. Ауыз қуысының құрлысы. Ауыз қуысындағы сілекей бездері.
3. Жұтқыншақ құрлысының ерекшеліктері.
4.Қарынның плорикалық және кардиальдық бөлігінің морфологиялық ерекшелігі.
5. Қарындағы бездер, түрлері.
6. Ішек бөлімдегі бездер.
7. Экзокриндік бездердің эндокриндік бездерден айырмашылығы.
8.Ашығу және тойыну физиологиялық теориясы. Ас қорыту орталығы жайындағы И.П. Павловтың көзқарасы. Тәбет. Қандағы қоректік заттар тұрақтылығын сақтайтын функциональдық жүйелер.
9. Ас қорытудың зерттеу әдістері. Адамдағы зерттеу әдістері.
10. Асқазанның ас қорытылуы. Сілекей құрамы мен қасиеттері оның бөліну реттелісі. Сілекей сөлінісіне парасимпатикалық және симпатикалық жүйенің әсері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: зерттеу нәтижелерін талқылау, хаттамаларды дайындау
№ 1 Лабораториялық жұмыс
Қарын шырынының /сөлінің/ ферменттік қасиеттерін зерттеу Адамның қарны тәулігіне 2-2,5 л сөл шығарады. Сөл құрамында қышқыл сілті тепе-теңдігін /рН/ қалыптастырып отыратын тұзқышқылымен белок /ақзат/ ыдырататын ферменттер/ пепсин, гастрикспи, камезин/ болады. Қарын сөлінің белок ыдырату қабілетінің шамамен 95-% пепсинмен гастриксинге байланысты. Мұнымен қатар қарын сөлінің құрамында май ыдырататын липаза деген фермент бар.
Жұмыс төрт пробиркада атқарылады.
№1 пробиркаға 2 мл қарын сөлі,
№2 пробиркаға 2 мл қайнатылған қарын сөлі.
№3 пробиркаға рН сілтілі реакцияға айналғанша /қызыл лакмус қағаз көкшіл болғанша/ сонда /NaНCO3/ ерітіндісі қосылған 2 мл қарын сөлі
№ 4 пробиркаға 2 мл 0,5%-тіік тұз қышқылы құйылады. Төрт пробирканың төртеуіне де 0,1-0,3 г фибрин қосып, температурасын 38° ұстайтын термостатқа қойылады 30-40 минуттан соң пробиркаларды термостаттан алады да, ішіндегі фибринде қандай өзгерістер болғанын анықтайды. Тәжірибе нәтижесін кестеге жазып алыңыздар.