5.Әдебиеттер: №1 қосымша ақпаратты қараңыздар.
6.Бақылау сұрақтары: Қабыну дегеніміз не?
2. Қабынуды қандай факторлар шақырады?
3. Қабыну сатылары атаңыз
4. Қабыну ошағында қандай қан тамырлық өзгерістер болады?
Дәріс №4 Тақырыбы: Аллергия
Мақсаты: аллергияның пайда болу себептерін, даму механизмін және көрінісін түсіндіру; аллергиялық реакцияның негізгі типтерінің даму механизмін түсіндіру.
Дәріс тезистері
Аллергия – бұл оганизмнің өз тіндерінің бүліністерімен сипатталатын, бөгде заттарға оның өзгерген, бұрмаланған түрде иммундық жауап қайтаруы.
Көптеген заттар аллергиялық реакция шақыратын антигендік құрылымға ие. Оларды аллергендер деп атайды.
Аллергендердің жіктелуі.
Аллергендер экзогендік және эндогендік болады. Экзогендік аллергендер адам организміне сыртқы ортадан түседі, ал эндогендік аллергендер организмнің өзінде түзіледі. Экзоаллергендер 2 түрге бөлінеді: инфекциялық және бейинфекциялық. Инфекциялық аллергендерге бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, гельминттер жатады. Бейинфекциялық аллергендерге: тұрмыстық(үйдегі шаң-тозаң, косметика), эпидермалық(жануарлардың жүні, үкісі және шашы),өсімдіктік(тозаң, дәндер), тамақтық (балық, шоколад, жаңғақ, жұмыртқа),дәрілік(антибиотик, сульфаниламид, хлорамин)жатады. Бұл аллергендер адам организміне сыртқы ортадан тері жамылғысы, тыныс алу және ас қорыту жолдары арқылы түседі.
Аллергиялық реакциялардың жіктелуі
Аллергиялық реакциялардың жіктелуі жөнінде бірнеше көзқарастар бар. Р.Кук(1930) барлық аллергиялық реакцияларды 2 түрге бөлді: дереу дамитын және баяу дамитын аллергиялық реакциялар. Дереу дамитын аллергиялық реакция организмнің сезімталдығын көтерген аллерген организмге қайталап түскеннен кейін бірнеше минут ішінде байқалады. Ал баяу дамитын аллергиялық реакциялар аллерген организмге қайталап түскеннен кейін 24-48 сағат ішінде байқалады.
1969 жылы Джелл және Кумбс аллергиялық реакцияларды 4 типке бөлді:
аллергиялық реакциялардың анафилаксиялық(реагиндік) – І түрі (атопиялық бронхиалды демікпе, поллиноз);
аллергиялық реакциялардың цитотоксикалық түрі – ІІ түрі (гемолитикалық анемия, агранулоцитоз);
аллергиялық реакциялардың иммундық кешендік түрі – ІІІ турі (сарысулық ауру);
аллергиялық реакциялардың цитотоксикалық түрі – ІV түрі(контакттық дерматит).
Аллергиялық реакциялардың даму механизмі 3 сатыдан тұрады:
І. Иммундық саты. Организмде белгілі бір аллергенге арнайыланған антиденелер немесе сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер өндіріледі.бұл сатыны сенсибилизация деп атайды. Сенсибилизация деп – организмге аллерген енгеннен кейін оның сезімталдығының біртіндеп көтерілуін айтады.
ІІ. Патохимиялық саты. Бұл сатыда аллерген мен арнайы антидене немесе аллерген мен сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер байланысулары нәтижесінде аллергияның бірінішлік медиаторлары босап шығады.
ІІІ. Патофизиологиялық саты. Медиаторлардың әсерінен мүшелер мен жүйелер қызметтерінің бұзылысы болады: артериялық қан қысымының жоғарылауы, қан тамыр қабырғасының өткізгіштігінің артуы , ісіну, бронхоспазм.
Аллергиялық реакциялардың І түрі (реагиндік)
Иммундық сатысында аллерген мен макрофагтардың әсерленуінен Т-жасушалары интерлейкин-4 өндіріп, В-жасушаларын әсерлендіреді. Осыдан олар плазмалық жасушаларға айналып, IgЕ өндіріп шығарады. Аллерген органгизмге қайта түскен кезде ол IgЕ – мен байланысады. Одан кейін жасушаішілік түйіршіктер босап шығады. Аллергиялық реакциялардың екінші сатысында аллергендер мен антиденелер арасында байланыс жүреді. Ол медиаторлардың бөлінуіне алып келеді. Аллергиялық реакциялардың дереу дамитын түрінде гистамин, серотонин , брадикинин бөлінеді. Аллергиялық реакциялардың үшінші сатысында жүрек-қан тамыр, ас қорыту, тыныс алу, эндокриндік жүйке жүйелерінің бұзылыстары дамуы мүмкін. Оларға : микроциркуляция бұзылыстары(капиллярлардың кеңеюі, өткізгіштігінің артуы, қанның реологиялыққұрамының өзгеруі), бронхоспазм, глюкокартикоидтардың артуы , жүйке жүйесінің түрлі деңгейіндегі қозу және тежелу үрдістерінің өзгерістері жатады.
Аллергиялық реакциялардың ІІ түрі(цитостатикалық)
Иммундық реакциялар сатысында аутоаллергеннің танылуы макрофагтардың қатысуымен болады да, Т- және В-лимфоциттерінің өзара әрекеттесулерінен , В-лимфоциттер плазмалық жасушаларға айналып, IgG1 және IgM өндіреді.бұл антиденелер аутоантигені бар жасушаларға барып жабысады. Содан соң патохимиялық өзгерістер дамиды, аллергияның медиаторлары түзіледі. Бұл медиаторларға комплементтің құрам бөлшектері , лизосомдық ферменттер, оттегінің бос радикалдары жатады. Патофизиологиялықбұзылыстар сатысында аллергені бар жасушалардың ыдырауы байқалады. Аллергиялық реакциялардың ІІ цитостатикалық түрінде гемолитикалық анемия, тромбоцитопения, аутоиммундық тиреоидит, миокардит, гепатит, т.б. аутоиммундық аурулар дамиды.
Аллергиялық реакциялардың ІІІ түрі(иммунокомплекстік)
Аллергендерге дәрілік заттар, емдік сарысулар, тағамдық заттар, саңырауқұлақтар және т.б. жатады. Плазмалық жасушалар IgG1 , IgG4 және IgM түзеді. Бұл антиденелер аллергенмен байланысады да , аллерген-антидене иммундық кешенін құрады. Егер бұл кешен антигеннің шамалы артықшылығымен болса, онда ол капиллярлар қабырғасына жабысады. Аллерген-антидене кешені құрылудан бірнеше аллергияның медиаторлары босап шығады(комплемент, лизосомдық ферменттер, оттегінің бос радикалдары, гистамин, серотонин). Комплементтің құрамбөлшектері қан тамыр қабырғаларының өткізгіштігін арттырады. Иммундық кешендер тромбоциттердің сыртына жабысып, оларды ыдыратады.
Аллергиялық реакциялардың 4 түрі(жасушалардың қатысуымен дамитын)
Аллергендерге ақуыздар, гликопротеиндер, ақуыздармен байланыса алатын химиялық заттар жатады. Бұл реакциялар молекулалық массасы төмен және антиденелер өндіруін сергітетін қабілеті аз ақуыздарға дамиды. Жасушалық иммундық жауап Т- жасушаларымен қамтамассыз етіледі. Организмге сырттан енген немесе өзінде дамитын аллергендер макрофагтармен байланыстырылып, дамиды. Организмге аллерген қайталап түскенінде жедел иммундық жауап қайтаруда Т-жасушалардың маңызы зор. Олар аллергендермен байланысқа түседі. Аллергені бар жасушаларға жабысқан сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфациттері және макрофагтар аллергияның осы түрінің медиаторларын-цитокиндерді өндіреді. Осы цитокиндердің әсерінен аллерген орналасқан жерде бірнеше сағат ішінде қабыну үрдісі дамиды.