5.Әдебиеттер: №1 қосымша ақпаратты қараңыздар.
6.Бақылау сұрақтары: 1.Аллергия дегеніміз не?
2. Аллергияны қандай факторлар шақырады?
3. Аллергиялық реакцияларды қалай жіктеуге болады?
4. Аллергиялық реакциялардың патогенезі қандай?
Дәріс №5 Тақырыбы: Ісіктер
Мақсаты: өспенің биологиялық ерекшеліктерін, этиологиясы мен даму механизмдерін және антибластомалық тұрақтылық механизмдерін түсіндіру.
Дәріс тезистері
Өспе (ісік) – зақымдалған мүшенің жалпы құрылымына байланыссыз, тіндердің шексіз өсуімен сипатталатын патологиялық үрдіс.
Ісіктердің екі клиникалық түрі бар: қатерлі және қатерсіз.
Қатерсіз ісіктер айналасындағы тіндерді қысып,ығыстырып өседі. Өсудің бұл түрі экспансивті өсу деп аталады. Қатерсіз ісіктердің аты орналасқан тіннің атауына «ома» жалғауын қосу арқылы аталады. Мәселен, фиброма, остеома, аденома, меланома, неврома, ангиома және т.б.
Қатерлі ісіктер айналасындағы тіндерді ыдыратып, тамырын жайып өседі. Өсудің бұл түрін инфильтративтік өсу деп атайды. Инфильтративтік өсудің даму жолдарында және метастаз таралуында жасуша мембраналарындағы ерекшеліктердің маңызы зор.
Канцерогенез себептері:
Вирустық канцерогенез
Химиялық канцерогенез
Радиациялық канцерогенез
Ісіктердің патогенезі
Канцерогенездің келесі сатылары бар:
1 сатысы – сау жасушаның ісіктік жасушаға айналуы, ол инициация деп аталады.
2 сатысы – ісік жасушаларының қарқынды өсіп-өнуі, көбеюі және алғашқы ісік түйінінің пайда болуы, ол промоция деп аталады. Инициация мен промоция бірге трансформация деп аталады.
3 сатысы - ісік жасушаларының тұрақты сапалық өзгерістерін жіне қатерлі қасиеттер қабылдауын немесе ісік өсуінің өршуін прогрессия деп атайды.
Трансформация – канцерогендік заттардың әсерінен қалыпты жасушалардың ісік жасушаларына айналуы. Қалыпты жасушалардың ісік жасушаларына айналуының алғашқы механизмі осы күнге дейін белгісіз. Қатерлі ісік жасушалары трансформациядан кейін ұзақ уақыт бойы белсенді өсуін байқатпай, латентті кезеңде болуы мүмкін.
Трансформацияланған жасушалар қосымша бір ықпалдың әсерінен канцерогенездің екінші сатысы – промоцияға өтуі мүмкін. Трансформацияланған жасушалары бар мүшелерде қабыну үрдісі және механикалық әсерлер, олардың белсенділігін арттыруы мүмкін. Жасушалық канцерогенездің 3 сатысында(прогрессия) - кез-келген жас қатерлі ісіктердің өсуінің ұлғаюы байқалады.
Ісіктік прогрессия - ісік жасушаларының өсіп, көбеюіне байланысты ісіктердің қатерлілігінің артуы.
Организм мен ісіктің байланысы
Ісіктің даму барысында бүкіл организмнің қызметі өзгереді. Бұл ісіктік жасушалардағы зат алмасу үрдісінің ерекшелігіне байланысты. Иммунитет төмендегендіктен, организмнің инфекциялық ауруларға тұрақтылығы төмендейді. Бұл жағдайда өлім ісіктен болмаса да , сепсистен болуы мүмкін. Ісік кезінде энергия өте көп жұмсалады. Сол себепті тотықпаған өнімдер жиналып , метаболикалық ацидоз дамиды. Жасуша мембраналарының өткізгіштігі артып, жасуша құрылысының бұзылысы байқалады.