Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет27/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Дескриптивтік әдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді,ал прескриптивтік әдіснама – зерттеу іс-әрекетін реттеу барудың жол жобасын белгілеп көрсетеді.Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс-әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндау,түсіндіру қызметтері атқарылады.
Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г.Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық және
технологиялық.Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.Екінші – жалпы ғылымдық әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді.Үшінші деңгей – нақты ғылым әдіснамасы қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің құрылымын құрайды.Нақты ғылым әдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тән болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау проблемалары. Төртінші деңгей – технологиялық әдіснама – зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмперикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді.Бұл деңгейдегі әдіснамалық білім нақты көрсетпе- нұсқау сипатына ие. Әдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді.Ал әрқандай әдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау әрекеттерінің дүниетаным,көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.
Педагогикалық зерттеу әдісі педагогикалық құбылыстарды зерттеуге және түрлі оқу – тәрбиелік сипаттағы ғылыми проблемаларды шешуге бағытталған тәсідер мен операциялардың белгілі бір жиынтығы. Педагогикалық зерттеу әдістерін зерттеудің мақсаты ақпарат жинау көздері, зерттеудің мәліметтерін өңдеу және талдау тәсілдері және басқа да негіздер бойынша топтастыруға болады. Зерттеудің мақсаты бойынша теориялық ізденіс әдістерін және практиканы жетілдіру жолдарын анықтау әдістерін ерекшелей аламыз. Бұл ретте педагогикалық зерттеудің теориялық және практикалық әдістерін шартты түрда атап көрсетеді.Әдетте бұл әдістер органикалық өзара байланыста ғылыми ізденістің тиісті кезеңіне сай теория мен практиканың біреуінің сәл басымдалығы жағдайларында қолданылады. Ақпаратты жинақтау көздері бойынша зерттеу әдістерін теориялық бастауды оқып үйрену әдісі және нақты педагогикалық процесті талдау әдістері деп таратуға болады. Нақты процестерді талдау әдістері өз кезегінде оны табиғи жағдайда оқып үйрену әдісі және зерттеудің мақсаты мен болжамдарына сай өзгертілген жағдайда оқып үйрену әдістері деп бөлінеді. Табиғи жағдайдағы оқып үйрену әдістеріне бақылау, әңгімелеу, анкета, интервью, құжат, іс-әрекет нәтижелерін өңдеу, мұғалімдердің жұмыс нәтижелерін талдау және т.б. жатады. Арнайы өзгертілген жағдай процесі оқып үйрену әдістеріне педагогикалық эксперимент пен бұқаралық мектептер жағдайында зерттеу нәтижелерін тексеру әдістерін жатқызуға болады. Жоғарыда айтылған әдістер кешенді болып табылады. Бұрын өтілген педагогикалық процесті оқып үйрену әдісінің элементтері оларда
кездесіп тұрады. Зерттеуді дамыту логикасы бойынша төмендегі әдістерді ерекшелеп көрсету ұтымды: проблеманың жағдайын тану, проблеманы жаңаша шешудің эксперименттік жолдарын іздестіру, табылған эксперименттік мәліметтердің ғылыми нәтижелерді баяндау және түсіндіру т.б. жаңа теориялық концепциялар құру.
Зерттеу мәліметтерін өңдеу және талдау тәсілдері бойынша сапалық талдау әдістерін және зерттеу нәтижелерін сандық өңдеу әдістерін (статистикалық және бейстатистикалық) атап көрсетеді. Көпшілік жағдайда бұл әдістерді өзара байланыста қарастырады, себебі сапалық әдіс эксперимент нәтижелерін, сандық талдау қажеттігін теріске шығармайды.
Алынған нәтижелерді талдауда пайдаланылатын салдардың түрлеріне
қарай
әдістерді түсіндірмелі және ықтимал деп ажыратады. Мұндай
жағдайда зерттеушінің міндеті зерттеудің белгілі бір жиынтығын әйтеуір пайдалану емес, әр бір кезең үшін тиімді әдістер кешенін анықтап қолдана алу. Бұл ретте мына талаптарға назар аударған дұрыс:

  1. тұлғаның, ұжымның немесе тәрбиенің, оқытудың басқа да обьектілерінің дамуы туралы жан-жақты мағлұмат алуға мүмкіндік беретін әдістер жиынтығын қолдану;

  2. қолданылатын әдістер тұлғаның іс-әрекетін, ортамен және ақпараттармен жабдықталуын, бір мезгілде оқып үйренуді қамтамасыз ету;

  3. әдістер обьектінің жас ерекшелігі белгілі бір сапалы қасиеттердің дамуын , белгілі бір уақыт ішіндегі көрсете алуы тиіс;

  4. әдістер процестер барысын нәтижелерін ғана емес, сонымен бірге процестің атқаруына мүмкіндік беретін жағдайларды талдауға қол жеткізген жөн.

Осы айтылған талаптардың барлығын орындау үшін ғалым –педагог ғылыми зерттеудің белгілі болған барлық әдістерін меңгергені дұрыс. Әсіресе, солардың ішінде бақылау, интервью, әңгімелеу, анкета, педагогикалық эксперимент сияқты кең таралған әдістерді жетік меңгергені әділ.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет