Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет26/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Негізгі әдебиеттер:


1. Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика. Алматы 2004.

  1. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы 2003.

  2. Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын,

2004.

  1. Гессен С.И. Основы общей педагогики. Введение в прикладную

философию. -., 1995.

  1. Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. – М.,1990.

  2. Саймон Б. Общество и образование. –М.,1989.

  3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. А, 2007.

  4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А, 1998ж.

  5. Педагогика. Дәріс курсы. А, 2003ж.

  6. Омарова С.Қ., Мұқатаев А.А.,Сарсекеева Ж.Е. Педагогика. - Қарағанды, 2007.

Қосымша әдебиеттер:


  1. Лихачев Б.Т. Педагогика. М, 1996г.

  2. Жарықбаев, Қалиев Тәлім-тәрбие. А, 2000ж.

  3. Амонашвили Ш.А. Размышления о гуманной педагогике. М, 2001г.

  4. Сарбасова К.А., Шаушекова Б.К. Педагогика негіздері пәні бойынша (Электронный ресурс) Қарағанды, 2007.

  5. http://pred.dk3.com. - Wеб-сайт Министерства образования и науки РК «Мектепалды»

  6. http://www.oim.ru - Общий электронный каталог ГНПБ им. К.Д. Ушинского (библиография).

6 Дәрістің тақырыбы: Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.

Жоспар:


  1. Педагогика ғылымының әдіснамасы мен педагогтың әдіснамалық мәдениеті туралы түсінік.

  2. Педагогика әдіснамасының деңгейлері.

  3. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны.

  4. Педагогика ғылымының әдістері.

  5. Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетінің әдістері.

туралы ғылым» деген мағына береді. «Метод», «әдіс» термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады.Сондықтан методология – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты.Ғылыми методологияның жетілдіру бастамасын және негізін Гегель салды,ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына,оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және метологияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.


Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады.Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады.Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат,адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады.
Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз қозғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарының деректерімен толық сәйкестік барын көреді. Диалектика дамудың ең жалпы заңдылықтарын жасап үйлестіреді; бірлік және қарама-қайшылықтардың күресі, саннан сапаға көшу және теріске шығаруды теріске шығару, мынадай философиялық жұп категорияларымен: себеп-салдар, қажеттілік және кездейсоқтық, мүмкіншілік пен шындық, мән және құбылыс, мазмұн мен форма және т.б. анықталады.Диалектикалық әдіс таным процесі арқылы заттар және олардың ойша бейнесі, яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың органикалық бірлігі мен өзара байланысында материалдық шындықтың заңдылықтарын ашады.
Сонымен, материалистік диалектика ғылыми ізденістің стратегиясын береді, бірақ ол нақтылы ғылымда пайда болатын сұрақтарға дайын жауап бермейді. Методологиялық анықтамаларды
меңгеру арқылы ғылымда да және машықтандыруда да көзқарастың дүниетанымдық ұстаным қалыптасады,ол содан кейін белгісіз зерттеулерде, жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс- әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, соңғысы нақтылы ғылымның методологиясымен байланысты және сол сияқты педагогикада қолдануға болады.
Одақтық педагогикада ХХ ғасыр түгелдей қойылған сұрақтарға өте белсенді жауап іздестіру уақыты болды.
Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғы шарттар арқылы жасалады, ал ол теорияның негізгі салаларымен байланысты – табиғат, қоғам және ойлау ғалымдарына қатысты үшбұрыш.ХІХ ғасырдың өзінде қалыптасқан дәстүрлі үшбұрышта педагогикаға, медицинаға, техникалық білім және басқа да ғылымдардың жасампаз мақсатта бағытталған адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты ғылымдарға орын жоқ.Сондықтан, ХХ ғасырдың екінші жартысының өзінде, кейбір ғалымдар (М.Г.Ярощевский) төртбұрыштық ғылымды ұсынады. Мұндай жағдайда адамдардың жасампаз мақсатты бағытталған іс-әрекеттері ғылыми білімдер жүйесінің моделінде заңда өз орнын алады.Бұл, әрине, нақтылы ғылыми білімнің міндетті түрде: сол нақтылы ғылымның методологиясына теорияның, тәжірибесін көрсетіп, теорияны жалпылау мен практикалық ұсыныстарға, құрамына әсерін тигізеді.Демек, ХІХ ғасырдың аяғының өзінде қалыптасқан ғылымның даму тенденциясы ғылымды теорияландырудан тұрады. Міне осыдан ғылыми жұмыстардың ең көп тараған фундаментальдық терең, қолданбалы және талдамалық бөлуінен келіп шығады.Кейбір ғалымдар (К.Е.Гмурман) ғлымдардың бөлінуін басқаша береді: фундаментальдық, теориялық, теориялық –қолданбалы және талдамалық, зерттеулерді теорияландырудың ролін баса көрсеткен.Сонымен бірге қазіргі уақытта, іс-тәжірибеге шығуды қарастырмаған барлық теориялық тұжырымдамалар кейін оны қайта өзгертудің негізі болуы мүмкін.
Іргелі терең зерттеулер,құбылыстар мен процестерді сипаттау мен түсіндіруде,олардың әрекеттерінің тетіктерін,заңдар мен заңдылықтарын,олардың дамуы мен өмір сүріп,қызмет етуімен байланыстылығын теориялық зерттеулер ашып көрсетуді мақсат еткен нақтылы көрінбейтін құбылыстардың мәнін зерттеумен,олардың өзара байланыстары мен тәуелділіктерін анықтаумен байланысты,оларды тәжірибе жүзінде басқару мүмкіндіктерін білуін айқындайды.Теориялық қолданбалы зерттеулер практикалық іс-әрекеттердің табылған заңдар мен заңдылықтардың қолдану тәсілдерін айқындайды.Талдамалар машықтандыру (халыққа білім беруді ұйымдастырушыларға,мұғалімдерге,тәрбиешілерге) жұмыстарына керекті әдістемелік оқу құралдарын,нұсқаулар,әдістемелік нұсқаулар,құралдар және т.б.беруге бағытталған.
Көптеген жағдайларды педагогикада негізгі идеялар,теориялық және тәжірибелік аспектілер өзара тығыз байланысты.Сондықтан
педагогикада теорияны жасау және зерттеудің теориялық деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы тенденция болып отыр. Бұл тенденция педагогиканың методологиясы деген сұрақты қарастырғанда күмән жоқ, бұл сұраққа жауап бермей басқа сұраққа жауап беру мүмкін емес- ал, бұл дегеніміз педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін күшейту деген сөз.
Педагогикалық методологияның мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады(Г.В.Воробьев). Қазіргі педагогика методологиясының пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі – педагогикалық білімдер жүйесін (Ф.Ф.Королев) зерттеу процесі екендігі анықталған.
Педагогикада жеткілікті дәрежеде оның методологиялық қызметін атқаратын методологиялық және жалпы теориялық білімдер шекарасы айқындалуда. Методологиялық білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогиканың категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика ғылымвдарының жүйесі; педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педагогиканың анықтамалы
– терминдік жүйесі жатады.
Методологияның көрсетілген аспектілерін жасау «білетін туралы білім» береді. Осылайша педагогикалық құбылыстарды тану процесін оқуда зерттелетін мәселелер анықталады, «білетін туралы білім» , яғни педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзінде оның принциптері, заңдылықтары, әдістері, болашағы туралы білімдер жинақталады. Қазіргі кезеңде мынадай методологиялық нысаналарды жасау педагогика ғылымының түсіндіру,жобалау және конструктивтік функцияларының атқаратын қызметтерінің өзара байланыстылығын,педагогикадағы дүниетанымдық пен методологиялық принциптерінің ерекшеліктерін,ұғымдар жүйесі мен ұғымдар қатарын және т.б.зерттеу өзекті мәселе болып отыр,(В.Е.Гмурман,Г.В.Воробьев,В.И.Журавлев).
Педагогикадағы жалпы теориялық зерттеулерге педагогикалық процестің мәнін, аңдылықтарын,биологиялық пен әлеуметтіктің ара қатынасын;педагогикалық процесте тұлғаны қалыптастыру;тұлға және ұжым;ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде;педагогикалық процестің принциптері,оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б.
Әрине,қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақтары пән аралық және ғылым аралық байланыстарын диференцияландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог-зерттеушілер мен практиканттардың зерреу процесін ұйымдастырудағы дайындығына байланысты тиімді жасалынуы мүмкін.
Қандай да салада болмасын ғылыми таным,таным субъектісі зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді:
-тақырыпты үйлестіре және оның көкейкестілігін дәлелдей
біледі;
-ғылымдағы тақырыптың зерттелу жағдайын және пайда болған
қайшылықтарын анықтай білуде оларды тәжірибеде піскен сұрақтардың,жасалған теориялардың (разработкалардың сәйкес келмеуі);
-зерттеу нысанасын талдамалардың,үйлестіре біледі;
-мақсат нысана және зерттеу пәнін анықтай алады.
Ғылыми зерттеуге тән нәрсе,сол проблемада үйлестірілген сұрақ және болжамды белгілі бір жобаланған жауап ретінде,үлгі түрінде көрсетіледі.Осыдан теорияның міндеттері шығады:зерттеу пәнінің теориясын негіздеу және моделін жасау,эмперикалық практиканы зерттеу әрекеті мен және педагогикалық шындықты қайта құру.
Қойылған міндеттерді шешу зерттеушінің оған сай ғылыми әдістерді қолдануын талап етеді.Теориялық және қолданбалы міндеттерді шешу үшін-теория негізіндегі әдістерде қолданады.Теориялық қолданбалы және қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін:бақылау,әңгімелесу,анкеталық,педагогикалық құжаттарды оқып танысу үшін эксперимент қолданады.
Ғылыми зерттеулердің басты белгісі қолданатын терминдердің біртектілігі болып табылады,себебі басынан бастап,басты ұғымға қандай мағына мән берілетіндегі,не туралы екендігі айқындалуы керек.
Бір терминді сөзді бірнеше мағынада қолдануға болмайды.Бұның маңыздылығы сонда,зерттеу пәніне ұғымдық сипаттама беру зерттейтін құбылыстың мәнін мазмұнды ашып көрсетудің кепілі болады,оның теориялық негізін жасауға болады. Соңғысы арқылы зерттеу құбылыстарының нақтылы педагогикалық шындықтағы жағдайын және практикалық іс-әрекеттер үшін берілетін нұсқаулардың тиімділігі бағаланады, олар болашақ педагогикалық іс-әрекеттер жобасына салынып,практика үшін қажетті әдістемелік материалдар мен нұсқаулар макеті ретінде болады.
Әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптивтік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет