Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет24/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері.

Педагогиканы ғылым ретінде анықтау үшін бірнеше факторлар қатарын құру маңызды:

  1. Педагогика пәнінің зерттеу пәні- тәрбие.

  2. Обьектісі- бала болып табылады.

  3. Ғылыми қоғамның тәжірибелік қажеттілігінің пайда болуы.

  4. Педагогикалық білім беру мен тәрбиелеу заңдарын зерттейді, ол әр түрлі фактілерді жалпылайды, сұрақтарға жауап береді.

  5. Педагогика ғылымы өз пәнін зерттеу үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолданады (сауалнама, бақылау, тест, интервью, әңгіме т.б.) .

  6. Кез-келген ғылым сияқты педагогикада өз категориялары бар (оқыту, тәрбиелеу, білім беру)

Педагогика пәнін және зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. Олар педагогикада- тәрбие, білім беру, оқыту болып табылады. Осы педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Сонымен қатар педагогикада «мақсат»,
«құрал», «тәсіл», «даму», және «қалыптасу» сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ олар барлық ғылымдарға ортақ ұғымдар. Біз оларға да оқу, тәрбие тақырыптарына байланысты тоқталамыз.
3. Білім беру педагогикалық процесс.
Енді педагогикалық негізгі ұғымдарға жеке-жеке тоқталсақ:
1.Білім беру - оқытудың нәтежиесі. Бұл сөз нақты бір жастың кезеңіне
«мен» қасиетінің қалыптасуына сай қандай да бір тәрбиенің аяқталуын білдіреді. Білім беру ұғымын ең алғаш педагогикаға еңгізген Иоганн Генрих Песталоцци. Білім беру деп- табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның еңгеруін және оны өмірде тиімді пайдалана білуін айтады. Халыққа білім беру ісінің негізі- жалпы орта білім. Білім беру барысында жеке адамның таным іс-әрекеттері дамиды, ой- өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени деңгейі артады.
Қандай да болмасын жүйе (биологиялық, техникалық, әлеуметтік) жағдайының өзгеруі процесс деп аталады. «Ұстаздар - оқушылар» жүйесі жағдайының өзгеруі педагогикалық процесс деп аталады. Тек қана педагогикалық процестегі ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекетінде тұлғаның қайта өзгеруі жүзеге асады. Педагогикалық шындық педагогиканың категориялары, ұғымдары жүйелері арқылы бейнелене алады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі білім алумен байланысты. «Білім беру» деген сөзді орыс тілінде «образование» түбірі – «образ» деген (бет-лицо, лицо-пішін) лексикалық мағынасы бойынша индивидтің дене және рухани қасиеттері қалыптасуын, индивидтің қоғамдық
болмыстың нақтылы әлеуметтік – экономикалық және мәдени – тарихи жағдайларында дамуға, өзін жүзеге асыруға және өзін ынталандыруға қабілетті тұлғаға айналуын білдіреді. Сондықтан білім беру ұғым ретінде педагогикалық жетекші категория болады.
Тұлғаға білім беру үшін оқыту қажет, ол оқыту ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекет процесі, білім беру мен оқу орындарында оқылатын ғылымдар негіздер мазмұнын меңгеру барысындағы оқудың бірлігі. Сабақ берудің ролі оқылатын материалдарды ғылыми білім мазмұнында, іс-әрекеттер тәдсілдерін айқындай көрсету. Оқу материалдары мазмұны мен оқушылар арасындағы делдал ретінде ұстаз оқушыларды қажетті іс-әрекеттер тәсілдеріне үйретеді. Оқушылар іс-әрекеттер тәсілдерін меңгере отырып оқуға үйренеді, оқу пәнінің мазмұнымен саналы және белсенді жұмыс істейді, соның негізінде индивидтің әрікет күштері мен қабілеттері заттық формаға ауысады, оқушы тұлғасының өзгеруі жүзеге асады.
Педагогика өзінің атауын гректің баланы жетектеуші деген сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожаның баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие- қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ен алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін – делдал- ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Пән- бұл нақтылы ақиқаттың мәнің құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет обьективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.
Бір элементтен көп элементтер қосылу барысында жүйе пайда болады. Педагогикалық шындықта бұл “ұстаздар- оқушылар” жүйесі, ол сол жетекші бөлігі бойынша педпгогикалық жүйе деп аталады. Педагогикалық шындық педагогиканың котегориялары, ұғымдары жүйелері арқылы бейнелене алады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі білім алумен байланысты. «Білім беру» деген сөзді орыс тілінде
«образование» түбірі – «образ» деген (бет-лиц, лицо-пішін) лексикалық мағынасы бойынша индивидтің дене және рухани қасиеттері қалыптасуын, индивидтің қоғамдық болмыстың нақтылы әлеуметтік-экономикалық және мәдени – тарихи жағдайларында дамуға, өзін жүзеге асыруға және өзін ынталандыруға қабілетті тұлғаға айналуын білдіреді. Сондықтан білім беру ұғым ретінде педагогикалық жетекші категория болады.
Тұлғаға білім беру үшін оқыту қажет, ол оқыту ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекет процесі, білім беру мен оқу орындарында оқылатын ғылымдар негіздер мазмұнын меңгеру барысындағы оқудың бірлігі. Сабақ берудің ролі оқылатын материалдарды ғылыми білім мазмұнында, іс- әрекеттер тәсілдерін айқындай көрсету. Оқу материалдар мазмұны мен оқушылар арасындағы делдал ретінде ұстаз оқушыларды қажетті іс- әрекеттер тәсілдеріне үйретеді. Оқушыларды оқуға үйрету арқылы ғана (А.Дистервег, К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская), тек осы жағдайда ғана мұғалім өзінің қызметін орындайды. Оқушылар іс-әрекеттер тәсілдерін меңгере отырып оқуға ұйренеді, оқу пәнінің мазмұнымен саналы және белсенді жұмыс істейді, соның негізінде индивидтің әрекеткұштері мен қабілеттері заттық формаға ауысады, оқушытұлғасының өзгеруі жүзеге асады.Индивидтің жеке тұлға және азамат ретінде дамуы әлеуметтік белсенділік пен анықталатын белгілі бір әлеуметтік ортада іс-әрекеттерін талап етеді. Сондықтан да әлеуметтену ең маңызды категорияға жатады, ол тұлғаның өзін-өзі сезінуі, «меннен» басқа «менге» қозғалысқа, әлеуметке енуі. Әлеуметтендірудің негізі белгілі бір білімдер, құндылықтар, мінез- құлық нормалары жұйесін меңгеру деген сөз, ол сол тұлғаға сол қоғамның толық жарамды мүшесі ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Тұлғаның әлеуметтену процесі ұйымдаспаған түрде болуы мүмкін, онда оның нәтіжесін болжау қиын және қоғам үшін зиянды болуы мүмкін. Міне, сондықтан да ұстаз әлеуметтендірудің мәнін түсіне отырып, ынтымақтастық біздің иелену үшін қажетті байланыстарды, оқушылардың оқу және отбасына осы мәселені шешуге көмектесе арқылы қамтамасыз ете алады.
Педагогика котегорияларының құрамына: тәрбие, педагогикалық процес, білім беру, оқыту, әлеуметтендіру, тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптастыру жалпы ғылыми ұғымдар кіреді, олар педагогиканың әртүрлі тарауларын оқығанда қарастырылады.
Жалпы педагогика, жасерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогикамен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және әлеуметтік педагогика жатады. Жалпы педагогика педагогикалық процес пен білім берудің заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогика анатомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процес пен білім берудің ерекшелігін зерттейді.
Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы – пәндері, олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен
бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылады. Бұл пәндерге жұмысшыларда екінші, үшінші және т.б. заңдылықтарын зерттейтін өндірістік педагогика да жатады.
Педагогиканың салалық тарауларына арнаулы педагогикалық ғылымдар: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия; дене дамуында кейбір ауытқушылықтар(есту, көру, ойлау қабілеттеріндегі өзгерістер, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеулермен айналысады.
Әскери педагогика әр түрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
Педагогика тарихы - адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым. Сондықтан оның азаматтық тарихпен, этнографиямен, этнологиямен, археологиямен байланыстары табиғи нәрсе, өйткені педагогикалық ой қоғамның материалдың және рухани мәдениетті саласының бірлігі бағытында дамиды.
Салыстырмалы педагогика әрбір елдердегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра дамуын зерттейді. Ал бұл ұлттық педагогикалық мәдениетті дүние жүзінде қалыптасып келе жатқан жетістіктермен байытуға мүмкіндік береді.
Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды, онда жалпы – бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшелік берілетін сабақ пәнінің мазмұны.
Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, пән педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пын.
Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика- тұлғанын дамуын басқаруды зерттейді. Сонымен қатар педагогика физиологиямен, социологиямен, медицинамен, философиямен тығыз байланысты.
Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблемаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға- тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологияға және тағы басқаларына таралады.
Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шыгуы белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциялануға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ ХІХ-ХХ ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика- тұлғанын дамуын басқаруды зерттейді.Ойлаудың іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту, психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалауға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру және тағы басқалар) пайдаланады.
Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар құбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады. Сонымен бірге созылмалы ауру балалар үшін арнаулы оқыту жәнетәрбиелеу жүйесі қажет. Әріне, бұл мәселені бірлескен комплексті зерттеулер нәтижесінде ғана шешуге болады. Ғылымдар байланысының жаңа деңгейін бастапқы педагогиканың философия ғылымы саласында дамуы бүгінгікүні шешімін табуда. Педагогика жеке пән ретінде философия және оның салалары – білім беру философиясы , ғылымдар философиясының, мәдениет философиясының және т.б. жетістіктеріне сай терең ұғыну нәтижесінде дамиды.
Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблемаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға- тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологияға және тағы басқаларына таралады.
Адамзат бағытындағы және ғылыми аралық пәндердің жетістіктері педагогика бойынша зерттеулердің байи түсуіне әсерін тигізеді. Р.Г.Гурова педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы қандайбағытта іске асатындығын көрсетіп берді: басқа ғылымдардың негізгі идеяларын, теориялық анықтамалары мен жалпы қорытындыларын, педагогиканың қолдануы, гуманитарлық ғылымдарда қолданылып жүрген зерттеу әдістерінің шығармашылық қосымшасы; көрсетілген ғылымдарда алынған нақтылы зерттеу нәтижелерін педагогикада қолдану; педагогтардың адам мәселелері бойынша комплекстік зерттеулерге қатысуы.
Кез келген ғылымның объектісі мен пәнін ажыратады. Объект –ғылым зерттейтін шындық облысы. Пәні – объектіні нақты ғылым қай жағынан қарастыратыны, зерттейтін жағы, қыры.
Педагогика объектісі мен пәнін анықтауда қәзіргі кезде ортақ пікір жоқ. Педагогикада көптен қалыптасқан және кең тараған пікірдің бірі
бойынша - педагогика – тәрбие туралы ғылым. Бұл жағдайда оның зерттеу объектісі мен пәні жеке бөлініп қарастырылмайды және «тәрбие» ұғымы бірнеше мағынада қолданылады. Ең кең мағынада тәрбие - бүкіл жиналған әлеуметтік тәжірибені аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруі деп қарастырылса, тар мағынада нақты тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған тәрбие жұмысы процесі және нәтижесі деп анықталады.
Қәзіргі кезде педагогиканың объектісіне деген басқаша да көзқарас алыптасып келеді. Ол көзқарас бойынша педагогиканың объектісі тұлғаға әлеуметтік тәжірибені меңгертуге және оны дамытуға бағытталған қоғамның мақсатты іс-әрекеті. Оны білім беру деп атайды. Білім беруді тек педагогика ғана емес, сонымен қатар философия, экономика, әлеуметтану, психология ғылымдары да зерттейді. Осы ғылымдардың білім беруді зерттейтін өз салалары бар. Мысалы, білім беру философиясы, педагогикалық психология, білім беру эконмикасы, білім беру әлеуметтану және т.б.. Бірақ әр ғылым білім беруді өз тұрғысынан, өз позициясынан қарастырады.
Ал, педагогика білім берудің қай жағын, қандай қырын зерттейтінін анықтасақ оның пәнін көрсеткен боламыз. Сонымен, педагогиканы пәні - арнайы әлеуметтік институттарда (оқу-тәрбие мекемелері, отбасы) мақсатты ұйымдастырылатын нақты тұтас педагогикалық процесс.
Педагогиканың негізгі категориялары: білім беру, тәрбие және оқыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет