Наука и образование: Педагогика. http://www.ehoo.ru.
Наука и образование: Педагогика ресурсы. http://www.pautina.net.
Наука и педагогика. http://www.ecolife.krsk.ru.
Новости науки и техники. Образовательные программы.
№11 Дәріс тақырыбы: Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны.
Жоспар: Тәрбие – тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі. Тәрбие мазмұны ұғымы.
Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы.
Тәрбие мазмұнын көкейкестендіру және жаңарту: адамгершілік- рухани, азаматтық-патриоттық, құқықтық, көпмәденилік, экологиялық, денсаулыққа және салауатты өмір салтына құндылық қатынасты қалыптастыру және т.б. 12- жылдық білім беру жағдайындағы кәсіптік бағдар беру жұмысының ерекшеліктері.
Адамзат тарихының қай кезеңінде болмасын, тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттіліктеріне бағындырылады.
Тәрбие мақсаты – нақты тәрбие міндеттерінің жүйесі, ол педагогикалық процесс пен қоғам қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына байланысты және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби даярлығына байланысты, мұраттарға
қол жеткізуге бағытталған. Тәрбие мақсаты – педагогиканың ең маңызды мәселесі.
Мақсат – тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретіндегі арақатынаста, жүйе мен оның компоненттеріне тәуелді болады.
Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Біріншісінде барлық азаматтардың сапалық құндылықтары қарастырылса, екіншісінде жеке тұлғаның қалыптасуы көзделеді. Тәрбие мақсатын тұжырымдауда міндетті түрде табиғат, адам, қоғамның объективті даму заңдылықтары міндетті түрде есепке алынады.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар – мақсатты құрастыру, оны белгілі бір заңдылыққа негіздеуді есепке алу. Тәрбие мақсатының ең алғашқы әлеуметтік негізі - әрбір даралықтың дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген мүмкіндіктерін дамыту, сол арқылы оның тұлғасын қалыптастыру. Өйткені тұлғаның дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты жүзеге асады. Адам мен қоғамның өзара тәуелділігі тәрбие мақсатының екінші негізі болып табылады.
Тәрбие мақсатының негізгі компоненттерін философиялық категориялардың тізбегімен сипаттауға болады: мотив – қажеттілік – қызығушылық – мақсат.
Сонымен, мақсат – іс-әрекет нәтижесін күні бұрын ой-тұжырым арқылы болжау болып табылады.
Жалпыадамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты – тұлғаны жан- жақты және жарасымды, үйлесімді етіп тәрбиелеу. Тәрбие мақсатына байланысты балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттердің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиелеудің нақты әдістері қарастырылады.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсаты жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы ретінде түсіну керек.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектептегі тәрбиенің басты мндеттері – теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүогізу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық білімдермен қаруландыру, кәсіптік бағдар беру. Сондықтан әрбір азамат, тәрбиеге қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәнін, мақсаты мен міндеттерін жете түсінуі қажет. Осыған орай тәрбиенің негізгі мақсаттары: а) жастардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан- жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамдас бөліктері: ақыл-ой тәрбиесі, құқықтық тәрбие, эстетикалық, экономикалық тәрбие, дене тәрбиесі, т.б.
Тәрбиенің құрамдас бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін-өзі дамытып, барлық іскерліктері мен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әрқашан дайын болуы керек.
Педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде формалар мен әдістердің сыныпта және сыныптан тыс уақытта қолданылуынабайланысты өз ерекшеліктері бар.
Таным оқу процесіндегі негізгі іс-әрекет болып табылады. Сондай-ақ, оқуда іс-әрекеттің басқа түрлері де (ойын, қарым-қатынас, еңбек т.б.) қолданылады. Әртүрлі іс-әрекетті қолданғанда ғана жеке тұлғаға толығымен әсер етуге болады. Оқу – танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын, өнер мен қарым-қатынас қоса жүзеге асырылуы тиіс. Ұжымдық танымдық іс-әрекетін мұғалім мен оқушының ғана емес, сондай- ақ оқушылардың өзара қарым-қатынасы ретінде қарастыруға болады.
Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әртүрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра, тұтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады.
Тәрбие іс - әрекеті тәрбиенің заңдылықтарын есепке алған жағдайда нәтижелі болады.Сонымен тәрбиенің негізгі заңдылықтары:
Тәрбиенің іс - әрекет процесінде іске асу заңдылығы.Тәрбие процесіндегі тқарым – қаьынастың сипатына байланыстылығы:
Тәрбиенің тұлғаның қоғаммен, басқа адамдармен қарым – қатынасына тәуелді болу заңдылығы.Қарым қатынас жағымсыз болса, тәрбие нәтижесі де төмен болады.
Тәрбие мен өмірдің байланысты болу заңдылығы.Өмірден алған тәжірибе ең жақсы тәрбиеші қызметін атқарады.
Жеке тұлғаны тәрбиелеу педагогикалық іс - әрекеттің қатар жүру заңдылығына сай іске асырылады. Тәрбиешінің сөзі мен ісінің бірлігі. Тәрбиеленуші тәрбиешінің ақыл - кеңесін өз тәдірибесімен тексереді.
Тәрбие мазмұны тәрбиеленушінің өмір сүріп отырған тарихи кезеңіне тәуелді болады.Тәрбие мазмұнын анықтау үшін сол кезеңдегі ғылымның, мәдениеттің жетістіктерін есепке алу керек.
Тәрбиенің мазмұны, әдістеріформасы тәрбиеленушінің жас, жыныс және дара ерекщеліктеріне сай жүргізіледі.
Тәрбие тәрбиеленушінің тәрбиешіге қарым – қатынасына тәуелді.
Тәрбие тәрбиешінің кәсіби біліктігіне тәуелді.
Тәрбиенің нәтижелігі оған қатысушылардың (тәрбиеші, сынып жетекшісі, жоғары оқу орнында куратор, психолог, ата – ана, оқытушылар ) іс - әрекеттерінің келісіп іске асырылуына да тәуелді.
Өзіміз көріп отырғандай, тәрбие заңдылықтары тәрбие процесінің нәтижесін суреттейді. Тәрбие заңдылықтарымен қатар, принциптерін де тәрбие процесінде ұстану қажет.
Мұндағы тәрбие процестері дегеніміз – тәрбие процесін іске асыру барысында ұстануға тиісті талаптар. Бұл талаптар яғни принциптер төмендегідей:
Тәрбиенің өмірмен, қоғаммен байланыстылығы. Яғни тәрбие қоғам сұранысын есепке алып отыруы тиіс.
Тәрбиенің міндеттілігі тәжірибеде іске асырылуы тиіс.
Кешенділік принципі. Тәрбие принциптері тұтастықта жүзеге асырылады.
Барлық принциптердің тепе – теңдігі. Принциптердің маңыздысы, маңызды емесі болмайды. Барлығын тең тұрғыда ұстанады.
Тәрбиенің ізгілік принципі. Адамдарды құрметтеу, сыйлау, бір – біріне мейірімді бола отырып, талап қоя білу 0. Өзін басқаның орнына қоя білу.
Жағымды қасиетке сүйену принципі. Тәрбиеленушінің жағымды қасиетін тауып, соған сүйене отырып тәрбиелеу.
Тұлға дамуына бағытталу принципі. Барлық тәрбиеленушілердің өзіндік ерекшеліктері бар: жынысы, жас, темперамант,жинақталған тәжірибесі, мінез – құлқы, даралығы.Сондықтан тәрбиеде мұндай ерекшеліктер міндетті түрде ескерілуі қажет.
Сонымен аталған ппинциптерді тұтас ұстанып, тәрбие процесінде жүзеге асырар болса, тәрбие жұмыстары қажетті нәтиже береді.
Тәрбие әдістері, құралы және формасы:
Тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбие мақсатына және нәтиже алуға жетуге байланысты қолданылатын тәсілдер. Мақсатқа әртүрлі жолмен жетуге болады. Тәрбиенің нәтижелігі таңдаған әдіске тікелей байланысты. Тәрбие әдістері жалпы түрде қарастырылады. Өйткені барлық адамдармен (оқушылармен, студенттермен, үлкендермен т.б.) тәрбие жұмысы жүргізіледі; барлық бағыттағы (адамгершілік, дене, еңбек, ақыл – ой т.б.) тәрбие мәселелерін шешуге қолданылады; бірнеше міндеттерді іске асыруда пайдалынады.Тәжірибеде қолданылып жүрген тәрбие әдістерінің:
сендіру;
жаттықтандыру;
мадақтау;
жазалау;
үлгі көрсету түрлері әдістерді классификациялаудың базалық негізі бола алады.
Сендіру әдісінің негізгі қаруы – сөз, ақпараттандыру, адам санасына әсер ету.
Жаттықтандыру әдісі – іс - әрекеттің көп рет қайталануы арқылы қалыпты әдет қалыптастыру.
Мадақтау әдісі – жағымды іс - әрекеттің бағалау арқылы жеке адамды белсендендіру. Ол мақтау, сый көрсету, жақтау, алғыс білдіру сипатында іске асырылады.
Жазалау әдісі адамның қатесін түсіндіруге, жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Қоғам талабын орындау керектігін үйрету. Әрине, жазалау әдісіне педагогикалық тұрғыдан денеге зақым келтіру, яғни ұрып – соғу, балағаттау жатпайды.
Үлгі көрсету – сөз бен істің бірлігі. Адам тек сөзімен ғана емес, ісімен тәрбиеленушіге үлгі - өнеге көрсетуі тиіс.
Ал тәрбие құралына келер болсақ, ол- әлеуметтік тәжірибе жиынтығы. Мақсатты шешу барысында тәрбиеленушіге әсер ететін нәрсенің барлығы тәрбие құралы бола алады. Бірақ тәрбие құралы нақты тазалық, эстетикалық, экономикалық, этикалық құқықтық талаптарға жауап беруі тиіс. Әдістер мен құралдардың жиынтығы тәрбие формасын анықтайды. Қазіргі кездегі энциклопедиялар мен сөдіктерде форма ұғымының бірнеше мағынасы берілген: ол – тәрбие процесінің ішкі көрінісі; тәрбие жұмыстарының ішкі көріністерін сипаттайтын тәрбие құралдары мен ұымдастыру тәсілдерінің жиынтығы; тәрбиеленушінің жеке және ұжымдық іс - әрекетінің ұйымдастырылуы. Сонымен форма дегеніміз – тәрбиелеу процесіндегі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым – қатынас бейнесі.
Тәрбие жұмыстарының формасы төмендегідей қызметтерді атқарады:
ұйымдастырушылық;
реттеушілік;
ақпараттандырушылық.
Тәрбие жұмысының формасы уақыт мерзіміне, тәрбиеленушінің іс - әрекет түріне (оқу, еңбек, спорт, көркем сурет), ьпедагог ықпалына, ұйымдастырушы субъектілерге (оқытушы, тәрбиеленуші, ата – ана), нәтижеге, қатысушылардың санына байланысты сипатталады және басқа формадан ажыратылады. Мысалы, санына байланысты жеке, топтық, ұжымдық болып бөлінеді. Тәрбие жұмыстарының мазмұнына сай тәрбие формасы таңдалады және жүргізіледі.