Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»


Тәрбиенің мәні және оның ерекшеліктері



бет49/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Тәрбиенің мәні және оның ерекшеліктері. Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайларына тәуелді болады. Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық, философиялық ой-пікірлер пайда болып, қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары

белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттердің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақты мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікірталас ежелгі дәуірден-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты – ізгі рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Тәрбие мақсатының уақыт өте келе өзгеруі төмендегі кестеде көрсетілген:



Сократ

Өзіңді-өзің тану, аса
құлықтылықты жетілдіру

Рақым

Платон

Ақыл-ой, ерік және сезімді
тәрбиелеу

Аристотель

Ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту

Я.А.Коменский

өзіңді, қоршаған ортаны тану, құдайға
сиыну

Дж.Локк

Азаматты қалыптастыру («өз істерін
ақылмен және байыппен жүргізетін адам»)

Ж.Ж.Руссо

Қоғамдық құндылықтарды
қалыптастыру

Пестолоцци

Адамның табиғи күш-қуаты мен қабілетін жан-жақты, үйлесімді дамытуға
негізделу

И.Гербарт

Қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген
тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын рақымды адамды қалыптастыру

А.Дистервег

Ақиқат, сұлулық және мейірімділікке
өз ынтасымен қызмет ету

В.Г.Белинский

Күрескер тәрбиелеу

А.И.Герцен

Қоғамдағы әділетсіздікпен күресетін
еркін ойлы, адамгершілігі мол, қайраткер, жан-жақты тұлғаны дайындау

Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан- жақты, үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға тәрбиелу ретінде түсіндірілді, бұл позиция – тәрбиенің негізгі мақсаты.


Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін анық байқауға болады. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болады, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды. Философия, социология, этика ілімдерімен қаруланған педагогика ғылымы адамды барлық жағынан дамытып, жарасымды етіп тәрбиелеуді өз алдына айқын мақсат етіп қойды.
Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады. Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын сондықтан оларды тәртіпке келтіру, яғни жіктеу қажет.
Жіктеу - арнайы белгілері арқылы құрастылған жүйе. Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездесу, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.
Жіктеуге сүйене отырып, мұғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әр түрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшкліктерін жете түсінеді.
Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:

    • жеке тұлға іс- әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады;

    • оқушыларды тәрбиелеу процесі- өте күрделі іс- әрекет, оның негізі- өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз- өзіне деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі, өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам;

    • жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі.

Адамгершілік, эстетикалық және басқа қасиеттер сезімдерден, санадан, сенімдерден, әдеттерден тұрады.
Осы қағидалар бойынша кей әдістер, көп жағдайда, мотивтерге, мақсаттарға, қатынастарға, мағлұматтарға, түсініктерге, пікірлерге әсер етеді, ал енді кейбіреулері мінез- құлықтын қандай да бір түрін қалыптастыратын әдептерге ықпал етеді, ал басқалары балалардың мінез- құлқын реттейді. Қазіргі уақытта тәрбие әдістері мінез- құлыққа негізделген, мотивтік- мақсатты жақтарын біріктіретін бағыттылық- интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу объективті және ең ыңғайлысы болып есептелінеді. Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:

    • жеке тұлғанын санасын қалыптастыру әдістері;

    • іс- әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез- құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері.

    • Мінез- құлық пен іс- әрекетті ынталандыру әдістері.

Қазіргі педагогикалық теорияда «тәрбие әдісі» ұғымы әліде толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастар
қалыптасқан. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларыны дәлел бола алады. Т.Е. Кониковтың анықтамасы бойынша- бұл педагогткалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И.С. Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі- бұл жеке адамға тікелей және жанама ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.
Осы анықтамаларға сүйеніп мынадай қортынды жасауға болады. Тәрбие әдісі- тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өз-ара байланыс іс-
әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі. Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды міңез- құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс-әрекетіндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет. Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады.
Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы: үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б. Тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, өйткені ол құбылмалы, өзгергіш болып келеді.
Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі және олардың өнегесі)жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану керек.
Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педаггогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, формалары мен әдістерін, тәсілдерін ажырата алуы қажет. Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н.Д.Хмель).
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық процесте жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек сабақ т.б.) жатады.
Педагогикалық процеске қатысушылардың іс -әрекеті мен қарым- қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. оцеске қатысушылардың тәрбие мақсаттарына бағытталғТәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті Педагогикалық пран оқушылардың белсенді іс-әрекетін ынталандырудың тәсілдері мен нақты әрекеті. Әдіс-тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл
дегеніміз әдістің жеке көрінісі, әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер тәсілдер арқылы жүзеге асады);
Екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ тәрбие әдістері мен тәсілдері әрдайым бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде формалар мен әдістердің сыныпта және сыныптан тыс уақытта қолданылуына байланысты өз ерекшеліктері бар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет