Рухани адамгершілік. Маманның рухани – адамгершілік мәдениеті оның жеке тұлға ретіндегі табысты түрде өз – ісәрекеттерінде іске асырылатын әлеуметтік мәні бар қасиеттер жүйесінің жетілуінен және дамуынан көрінеді. ЖОО осы бағытта мақсатты, жоспарлы тұрғыдан мамандардың адамгершілік бейнесі мен дүниеге көзқарасын қалыптастырылады.
Қоғамдық – саяси және құқықтық. Маманның қоғамдық – саяси және құқықтық мәдениеті оның өмірге белсенді көзқкрксымен, идеялық – саяси көзқарастары мен сенімдерімен, Қазақстан Республикасының заңдары мензаң актыларын білуімен сипатталады. Осы мақсатта студенттермен оларға қоғамдық өмір туралы, оның дамуы туралы, қазіргі заманның күрделі мәселелерін түсіндіруге, саяси мәдениет қалыптастыруға бағытталған іс – шаралар (дәрістер, әңгімелер, кештер және т.б.) жүргізілуі тиіс.
Патриоттықжәнеұлтаралық. Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпыұлттықсанасын, отанға сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік рәмізді,тілді құрметтеуге, толеранттылыққа тәрбиелеу көзделеді.
Мәдени – эстетикалық және мәдени.Бұл бағытта жеке тұлға бойына қажетті мәдени құндылықтар ақпаратжүйелері, кітапханалар, жетекші мамандар, барлық саладағы оқытушыларарқылы сіңіріледі. Сондай – ақ, маңызды іс- әрекет педагог мамандардың оқудан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруы арқылы жүзеге асырылады.
Парасаттылық. Бұл тәрбиенің мазмұнына адамның бүкіл танымдық қызметтерін дамыту арқылы парасатты дамыту енеді: түйісік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу сияқты психикалық процестер; тәрбиешілердің жеке парасаттылық қабілеттерін және танымдық мүмкіндіктерін дамыту; студенттердің санасын оның шығармашылық әулеттерін қалыптастыру.
Ақыл – ой тәрбиесі.Білім алу мен оқыту арқылы іске асырылады. (пікірсайыс, ойын, дебат және т.б.)
Ғылыми – зерттеушілік. Алдымен студенттер теориялық білімдер практикада қолдануға машықтанады. Оқу барысында олар ғылыми – зерттеу жұмыстарын іске асырады. Студенттерді ғылыми – зерттеу жұмыстарына баулу арқылы олардың ғылыми – зерттеу мәдениеті қалыптасады.
Экологиялық. Экологиялық тәрбие саласында жалпы ақпараттндыру мен студенттердің техникалық білім алумен қатар қоршаған ортаны қорғауды басқару және эеологиялық саясатты жасау мен оған белсене қатысу саласындағы түрлі оқуларды іске асыруға баса көңіл аударылады.
Экономикалық.Экономикалық тәрбие жүйесі студенттердің екінші кезектегі щжұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу, ЖОО қызметіндегі жұмыс орнын анықтау, кәсіпкерлік және коммерциалық әрекеттерді дамыту, жастардың коммерциалық бірлестіктерін ұйымдастыру бағытында жүргізіледі.