ІІ Есімше тұлғасының қолданылу ерекшеліктерін талдау
Қайсыбір тілді алсақ та сол тілдің тілдік қалыптасу құрылысы мен жүйелері бар екені мәлім. Әр халықтың тілі өзінің болашақ ұрпағының өмір сүру кепілі деп нақты айтуымызға да болады. Осы тұрғыдан ашылмай жүрген тіл жүйесінің парадигмасы мен синтагмасын сөз етуімізге болады. Өйткені есімшенің тіл жүйесінің жұмсалымының парадигмалық мәселесін осы уақыт төңірегінде зерттеген ғалымдар кемде кем. Арнайы парадигмалық түр туралы анықтама болса да, әлі күнге дейін ашып қарастырған ғалым жоқ.
Алдымен парадигма сөзінің анықтамасын тілге тиек етейік. Ең алдымен, парадигма грек сөзі, тура мағынасында үлгі сөзін береді. Ол тіл білімінде бірнеше мағынаға ие. Есімшелер де осы парадигма арқылы өзінің қызметіне қолданысқа ие. Мәселен оның құрмалас сөйлем жасаудағы қызметіне тоқталсақ болады.
Қазіргі қазақ тілінде ең алдымен бағыныңқы сөйлем жасауға есімше, көсемше, шартты рай жұрнақтары қатынасқа түсетіні мәлім. Оларды өзара салыстырсақ, осы қызметіндегі қолданысқа ие ерекшеліктері де бар. Міне осы екінші тарауда біз талдану ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтпекпіз.
Есімшелердің сөйлем жасаудағы қызметі бағыныңқы сөйлем өзінің баяндауышы формасы мен мағынасына қарай тиянақсыз болып келіп, ойды аяқтамайды. Бұл жерде бағыныңқы мен басыңқы сыңардың жіктелуінің парадигмалық сипатына қарай ІІІ жақтың жалғауына керек етпейтін есімшелермен бағыныңқының баяндауышы болу үшін әртүрлі қосымшаларды үстейді немесе септеулік шылауларды ертіп тиянақсызданады. Дегенмен ол көсемшелер сияқты баяндауыш қызметін атқара алмайтынын ескеруіміз керек.
Осыған мысал келтіретін болсақ, ертедегі қазақ ауыз әдебиеті мен ХVIII-XIX ғасырлардағы ақындар жырларында өткен шақта есімшелердің қосымшалары арқылы шылау сөздерге тіркесіп бағыныңқы сөйлем баяндауышын функционалды түрде қолданған. Мәселен, Төстік ауылдан ұзап шыққан соң, Шалқұйрық атқа тіл бітеді. Осындағы шыққан соң сөзін алсақ болады.
Тағы да қоса кететін жайт, бұл есімшенің құрмалас сөйлем жасаудағы талдануына көсемше мен шартты райды да кіріктіре аламыз. Яғни сөзімізге дәлел ретінде қазақ ғалымы Т.Қордабаев есімшелер арұылы сабақтасқан сөйлемдердің 12 түрін көрсетсе, Қ.Есенов 3 түрін көрсетіп қалғанын шылау немесе шылау мәндес сөздер арқылы жасалған тәсілге жатқызады. Бұдан біз құрмалас сөйлем жасау үшін ғалымдар арасындағы әлі де шешімін таппаған мәселелер барын байқауымызға болады. Әсіресе жоғарыда айтылған есімше тұлғалары арқылы құрмаласқан сөйлемдерді қарастыруға болады [7,154]
Ал осы тұста Б.Қапалбеков есімшелер арқылы мезгіл бағыныңқылы сөйлем жасаудың 5 тәсілін көрсеткенін де тілге тиек етейік.
Жалпы есімше тұлғаларының сөйлемдегі түрлі қолданылу сипаты әлі де толық ашылып зерттелген мәселе деп санамаймын. Біршама мәліметтерді ақтара келе, ғалымдардың зерттеулері әлі де екіге бөлініп отыр. Осы тұрғысынан шешімін табуға болатын мәселе деп қарастыруға келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |