2.1 Есімше тұлғаларың грамматикалық (синтаксистік) қызметіне қарай топтастырылуы
Есімшелердің грамматикасы қазақ тіліндегі сөйлем құрау деңгейіне тікелей қатынасқа түседі. Қазіргі қазақ тілінде сөйлем құраудың екі түрі бар екені мәлім. Бірі жай сөйлем болса, екіншісі құрмалас сөйлем екенін білеміз. Осы жай сөйлем мен құрмалас сөйлем жасаудағы есімшелердің қызметі жоғары. Мәселен құрмалас сөйлем құрау үшін бағыныңқы сыңарының көсемше, есімше немесе шартты рай жұрнақтары арқылы құрай аламыз. Бағыныңқы сөйлем өзінің атына сай баяндауыштың формалық немесе мағыналық тиянақсыздығына байланысты ойды аяқтамайтын болса, жіктелі парадигмасының ІІІ жақ жалғауын керек етпейтін есімшелер бағыныңқының баяндауышы болу үшін әртүрлі қосымшаларды үстеп немесе септеулік шылауларды ертіп барып ойды аяқтайды.
Ал шартты рай арқылы жасалған бағыныңқылардың көсемше мен есімше бағыныңқыларға қарағанда құрылысы жағынан өзгешелеу болады.
Морфологияда есімше мен көсемше тұлғаларының жіктелу деңгейінен анық байқалады. Дегенмен қазақ тілінің синтаксисіне арналған киінгі еңбектерді үш тәсіл арқылы сабақтас құрмалас жасаушы тәсілдерді көптеп кездестіруге болады. Қазіргі әдеби тілімізде өткен шақтық есімшенің жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясы бұрыңғыдан әлдеқайда күрделі. Жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыру үшін өткен шақтық есімше алуан түрлі тұлғалық құбылыстарда қолданылады да, соған қарай оның мағынасы да түрленіп отырады.
Есімше формасының өткен шағында бағыныңқы компонент баяндауышы функциясында төмендегідей түрлі формада және мынадай мағыналық қатынастарда қолданысқа ие:
Есімше арқылы жасалған бағыныңқы сөйлемдер шартты рай арқылы жасалған сабақтастар сияқты өз бастауыш сөйлемдерімен қиыспай, предикативтіліктің талабынай сай, яғни жақ, шақ, модаль сөздерге толық жауап бермейді. Осы тұста есімшедегі бағыныңқы құрмаластың құрамындағы сөйлем бе, жоқ па? деген талас мәселелер бар. Бұл туралы ғалымдар пікірі екіге бөлінеді. Сөйлем емес дейтіндер Б.А.Серебрянниников, Н.А.Баскаков, С.Ширалиев еңбектерінде кездеседі. Бұл талапқа сай бағыныңқы сөйлем жасаудың қазақ тіліндегі 3 тәсілінің ішінде тек шартты рай жұрнақтары ғана жауап беретіндігін жоғарыда атап өттік. Қалған екеуі туралы А.Байтұрсынұлы «бітпеген шала сөйлемдер» деп атап өткен. «Басыңқы сөйлем болмаса толық мағына оның өзінен шықпайды. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің шулауындағы ғана қосымша есебіндегі сөйлем. Мұндай сөйлемдер екінші сөйлемге сүйеніп қана сөйлем дәрежесіне кіреді» деп анықтама берген. [8, 303]
Құрмалас сөйлем жасауда салалас және сабақтас сөйлемдерді зерттеген ғалымдар түрліше қарастырғандары көп емес. Зерттеу жұмысатарын жүргізе келе арнайы еңбек жазған С.Аманжолов, Қ. Жұбанов, С.Жиенбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, О.Төлегенов, Қ.Есенов, Р.Әмір, Т.Сайранбаев, Ұ.Салиева, С.Айтжанова, Б.Қапалбеков, К.Садирова, Б.Елікбаев сияқты ғалымдар зерттеулеріне көз жеткіздік, бұл ғалымдар кандидаттық докторлық диссертациялар мен оқу құралдарын жазып қалдырған.
Мәселен ғалымдардың зерттеулері мынадай сөзімізге түрткі болатын мәселелерді қамтыған. Т.Қордабаев есімшелер арқылы сабақтасқан сөйлемдердің 12 түрін көрсетсе, Қ.Есенов 3 түрін көрсетіп қалғандарын шылау не шылау мәндес сөздер арқылы жасалған тәсілге жатқызады. Бұдан біз құрмалас сөйлемге қатысты нормативтік грамматика тұрғысынан әлі қайшылық барын байқауымызға болады. Әсіресе қарастырып отырған есімшелердің құрмаласқан түрін ертеден екі түрлі пікірде екенін зерттеу барысында көз жеткіздік.
Б.Қапалбеков есімше арқылы мезгіл бағыныңқылы сөйлем жасаудың 5 түрін ашып көрсеткен[9, 87]. Бұл жолы 3 түрінен 5 түрі аздық етеді. Сондықтан Т.Қордабаевтың пікірімен қолдауға болады. Неге десеңіз сабақтасқан есімшелердің мағыналық түрінен біршама тәсіл қолдануға болады.
Есімшелерден сөйлем құрау кезінде тілімізде жатыс септіктегі жолы жиі қолданылады және ол көбіне мезгіл бағыныңқылы сөйлемдерді жасауға қатысады. Мысалы, Осы тоқал болып түскенде, Нұрым бұзау байлап, қозы бағумен жүрген бала еді (Б.Майлин). Шоқан басындағы қылаң атты қарауылшы тымағын қолына алып атай беріп шапқанда, ықшам киімді жалаңдаған бозбалалар қылаң ұрған сандықтарына міне сала дүрсілдете жөнелді (Ж. Аймауытов).
Қазақ тіл білімінің синтаксисіне арналған кейінгі еңбектердің бәрінде де жоғарыда айтылған үш тәсіл сабақтас құрмалас сөйлем жасаушы тәсілдер болып саналады екен. Ал грамматикалық мағыналары эжағынан бір-біріне ұқсас келе бермейтін бұл жұрнақтардың сабақтас құрмалас сөйлем жасаудағы қызметтері ұқсас келеді. Осы жұрнақтар арқылы құрмаласқан жай сөйлемдермен салаластарға жатпайды, құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқыларының баяндауыштары тиянақсыз тұлғада келеді де, соңғы сөйлемге бағына байланысады. Сөйтіп сабақтас сөйлемдер бағыныңқы сыңап басыңқы және басыңқы сыңардан тұрады,әдетте бағыныңқы сыңар басыңқыдағыдай ойды әртүрлі жақтан айқындап, дәлелдеп түсіндіру үшін қолданылып жай сөйлемдердегі тұрлаусыз мүшелердің сұрағына жауап беріп тұрады.
Біздің ойымызша, деривация кезіндегі сөйлемдердің негізгі қазық мағынасы өзгермейді, грамматикалық статусы өзгереді. Трансформация құбылысы кезінде бас мүшелердің семантикасы өзгеріп кететіндігі белгілі. Бұл екі құбылыс осы жерден ерекшеленеді. Сондықтан транформация сөйлемді кеңейтіп қана қоймай, сөйлемдегі бас мүшелердің семантикалық-синтаксистік дәрежесін сақтай отырып, деривациялық құбылыстың жүзеге асыру арқылы ретінде бір тәсіл деп алуға болады. Дегенмен мұндай құбылыстар сабақтас құрмалас сөйлем жасау үшін жиі байқалатын құбылыс болып есептелінеді.
Есімшенің сабақтас құрмалас сөйлем жасауы
Т.Қордабаев
|
Қ.Есенов
|
1
|
2
|
Өткен шақ есімше жатыс жалғаулы тұлғада тұрады: Біздің әңгімеміз аяқтала бергенде, екі ауылдың ортасындағы ағытқан қалы Өткен шақ есімше жатыс жалғаулы тұлғада тұрады: Біздің әңгімеміз аяқтала бергенде, екі ауылдың ортасындағы ағытқан қалың жылқының арасынан жіңішке жолмен шаңдатып бір пар атты шыға келді. (Б.Майлин)
|
Өзі көрсеткен үш септіктің ішінде осы жатыс жалғауы жиі қолданытылатындығын айтады: Дос қолындағысын қайта сілтей бергенде, Ақкемпір ара түсті (Ә.Нүрпейісов).
|
Өткен шақ есімше көмектес септікте тұрып бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болады. Сүйіндік қанша солғын болғанымен, өзге көпшілік олай болмады.
|
-ған формантты есімшемен келген синтаксистік компоненттердің өзіндік дербес бастауышы болуы керек: Қыстың басы тоңау болғанымен, әлі қар түсе қойған жоқ (М.Әуезов).
|
Өткен шақ есімше –ша,-ше тұлғасын жалғап бағыныңқының баяндауышы болады: Олар электр қуатын жалғағанша, біз жай шам пайдаландық (Ғ.Мұстафин)
|
Автор ғанша тұлғасын есімшенің емес, көсемшенің жұрнағы ретінде таниды.
|
Атау кейде шығыс жалғаулы өткен шақтың есімше соң шылауына тіркесіп бағыныңқының баяндауышы болады. Балалары аман-есен келген соң, Ерназар ел жинап той қылды.
|
Автор бұл тәсілді есімшеге қатысты емес, шылау не шылау мәндес сөздер арқылы деген тәсілге қатысты қарайды.
|
Барыс жалғаулы өткен шақ есімше дейін, шейін шылауларына тіркесіп айтылады да, бағыныңқының баяндауышы болады: Жүргіншілер әбден көзден таса болғанға шейін, бұлар арттарына қарап тұрды.
|
Лейін,шейін шылаулары барыс септігіндегі есімшелерді меңгереді: Осыдан үш-төрт күн өткенге шейін, Абай үйде болды (М.Әуезов). Бірақ ғалым бұны да есімше тәсілі деп қарамайды
|
Шығыс жалғаулы өткен шақ есімше бері шылаумен тіркесіп бағыныңұы сөйлемнің баяндауышы болады. Ол жұмысқа шыққаннан бері, қалтасынан дәрі-дәрімек арылмайтын (Ғ.Сыланов).
|
Шылау не шылау мәндес сөздер арқылы жасалған тәсілдердің қатарында көрсетіледі.
|
Барыс жалғаулы өткен шақ есімше шақта,кезде, уақытта, мезгілде, сәтте, сағатта,минуты деген мезгіл мәнді сөздерге тіркесіп, бағыныңқының баяндауышын жасайды, Әкесі өзбек қыстағына көшіп барған жылы, оның үйінен түнде өрт шығады. (С.Мұқанов)
|
Шақта,кезде көмекшілері ғана көрсетіліп, шылау не шылау мәндес сөздер арқылы тәсілінің аясында қарастырылады.
|
Өткен шақ есімше –дай, -дей жұрнақты тұлғада айтылып бағыныңқы баяндауышы болады: Осылай сонау жайлаудан дүрліктіріп көшірілген үлкен бір дүрбелең оңай тақайтын белгісін бергендей, екі жағы да тынышталып үйлеріне қайтты (Ғ.Мүсірепов).
|
-ғандай тұлғалы көсемше де сабақтас сөйлемді жасауға қатынасып, амалдық мәнде жұмсалады – деп тұлғаны көсемшелер қатарында қарастырады.
|
өткен шақ есімшенің шығыс жалғаулы түрі гөрі шылауына тіркесе айтылып та бағыныңқы компонент баяндауыш болады. Ол барғаннан гөрі, менің барғаным дұрыс.
|
Бағыныңқы сөйлемдерді жасайтын тәсіл ретінде мүлдем көрсетілмейді.
|
Өткен шақ есімше –дақ,-тан,-дек,-тен қосымшасы түрде айтылып бағыныңқының баяндауышы болады. Жайлаудың бәрі жазықта болғандықтан өрт алыстағы жайлаудан да жақындағы жайлаудан да ауылдың қасында ғана жанып жатқандай көрінеді.
|
-ғандықтан қосымшасы арқылы негізінен себеп мағыналы сабақтастар жасаладын Қаламыз курорт болғандықтан, онда өнеркәсіп орындары жоққа тән.
|
Осылайша біз, есімшелердің жоғарыда келтірілген мысалдар арқылы екі ғалымның пікіріне сай етіп мысалдар келтіріп өттік. Қорыта келе кесте бойынша сөйлемдерді сабақтастырудағы қызметі жөнінде Т.Қордабаевтың пікірін қолдаймыз. Өйткені Қ.Есенов жеке бөліп көрсетуден шылау не шылау мәндес қосымшалардың сөйлемдік есімшелерінің тұлғалық байланысы болып келеді, Бұл туралы ғалым Н.Сауранбаев та пікірін білдіріп өткен. Ғалым шылаулар арқылы сабақтасқан есімше бағыныңқылардың қатарына қарайды деп мысал келтірген: Әдейі барған жұмысы көңілдегідей аяқталмаған соң, Ыбырай шаттанғандай болып келеді.
Есімді құрмалас сөйлемді қарастырған Б.Елікбаев есімшенің –ған тұлғасы арқылы сабақтасқан сөйлемдерді есімді құрмалас сөйлемдердің қатарына қарайды деп мәлімет келтіруімізге болады [10, 204].
Қорыта келгенде есімшені грамматикалық тұлғалық немесе синтаксистік қызметіне қарай ғалымдар әр түрлі пікірде. Осы тұрғыдан ойлайтын болсақ, есімше сан алуан қызмет атқарып, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Келесі бөлімде есімшенің қызметі тұрғысынан сөз ететін боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |