<<Бейнеу гуманитарлық колледж>>
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән атауы: «Технология және оқыту әдістемесі»
Мамандығы:
Тақырыбы: Қазақ сәндік-қолданбалы өнері
Қабылдаған: Алдабергенова Балзада
Орындаған: МС-20тобының студенті Каржауова Гулмира
Бейнеу 2023
<<Бейнеу гуманитарлық колледж>>
«Технология және оқыту әдістемесі » пәнінен
Курстық жұмыстың түсініктемелік мәтіні
Жұмыс бағаланды: ______________________
Комиссия тӛрағасы: ______________________
Орындаған студент: _______________________
Курс,тобы: _________________________
Комиссия мүшесі:Курстық жұмыстың жетекшісі: __________________________________________________
Комиссия мүшесі: ____________________
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..........................................................................................................................................
Сәндік қолданбалы өнердің тарихы........................................................................................................................................................... Сәндік қолданбалы өнер және мектеп қабырғасындағы оқушыларға ықпалы........................................................................................................................................................... Халықтың сәндік қолданбалы өнері........................................................................................................................................................... Қазақтың сәндік қолданбалы өнері..........................................................................................................................Қорытынды................................
1.Кіріспе:
Халықтық сәндік-қолданбалы өнер – әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өндеу тәжірибесі бейнеленген. Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді. Бүгінгі күннің талабына сай сәндік-қолданбалы өнер түрлері сан алуан. «Көпшілік жұрт қазақтың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрпының сырын біле бермейді. Оларды жүйелеп, көңілге қонарлықтай етіп бекзаттыққа, имандылыққа, ізгілікке қатысты білім-танымның талаптарына сай пайдаланып жүргендер жоқтың қасы», – деп жазады өзінің бір сұхбатында Ө.Жәнібеков [1]. Негізінен, біле білген адамға қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері мейлі бала тәрбиесінде болсын, адамгершілік тұрғысынан болсын алар тағылым өте мол таптырмас құрал. Ұлы дала төсінде соңғы үш мың жыл бойы салтанат құрған көшпелі өмір салтының ең соңғы мұрагері қазақ халқы. Содан болар, көшпелі қазақтың материалдық және рухани мәдениеті тікелей байырғы салтпен шендесіп жатыр. Қазақ даласынан табылған Андронов заманындағы археологиялық олжалардың ішінде қолөнердің құрал-жабдықтары мол ұшырасады. Әсіресе, тастан, металдан жасалған ұршық бастары, жауынгерлердің үстіндегі асыл металдан дайындалған киім мен қару-жарақтар көшпелілер арасындағы орныққан өндіріс деңгейі мен өнер үрдісін айқын аңғартады. Облыс аумағынан архелогиялық қазбалар нәтижесінде табылған алтын, күміс, қола, темірден соғылған өте құнды тұтыну бұйымдары, ат әбзелдері, қару-жарақтар сапасы мен жасалу шеберлігі көпшілікті таңдандыруда. Мұның өзінен осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген ата-бабаларымыз жер қойнауының құпиясын аша да, оның бар асылын пайдалана да білгенін, тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, сан алуан әсемдік әшекейлерді, қару-жарақтарды жасағанын байқатады. Бұл заттар толықтай дерлік ер адамдардың қолымен жасалған дәстүрлі қолөнер туындылары. Демек ер адамдардың қолынан шыққан қолөнер түрлері атадан балаға мұра боп қалып, бізге дейін үзілмей жалғасып келе жатқан өнер. Халықтың мәдени өмірінің, бұрынғы тұрмысының көшпенділіктен екендігін біз жақсы білеміз, сөйте тұра қазақ халқы күндеікті үй тұрмысына қажетті үй жиһаздарын, ыдыс-аяқтарын ағаштан жасап алып отырды. Арнаулы жиһаз зауыттары болмаса да халық арасынан шыққан шеберлер, ұсталар әр отау, әр шаңырақтың қажетін өтеп, халықты керек-жарағымен қамтамасыз етіп келеді. Жасалған жиһаз көшпенді халықтың өміріне бейімделген, ықшам әрі жеңіл болды. Ағаштан жасалған үй жиһаздарының қатарына – ағаш төсек, ағаш жастық, жүк-аяқ, кебеже, әбдіре, сандық, жағылан және ыдыс-аяқ бұйымдары жатады. Заттардың барлығы дерлік киіз үйдің ішін әсемдеп көрік беріп сәндеп, үйге ерекше мағыналы әсер береді. Жиһаздардың әрқайсысының орны, қойылатын жері бар, ішіне затты салып жинауға қолайлы болады. Соған орай сыртқы формалары да әр қилы, оюлап нақышына келтірілген. Кебеженің, ағаш төсектің беттері сүйекпен, терімен, не күміспен көркемделіп отырады. Көпшілік ою-өрнектер рельефті, бедерлі болып келсе, ал кейбіреулері әр түсті бояулармен боялады. Қазақ халқының ең ұзақ уақыт аясында көшпелі өмір салтта болу себебі, біріншіден, Еуразия Ұлы даласының ең енді тұсы Қазақ даласы болып табылады. Яғни, бұл дала бойлық бойынша тербеле көшіп-қонуға, былайша айтқанда, табиғаттың қатал құрсауынан сытылып шығып, жыл құсы сияқты мәңгілік көктемді қуалап отыруға мейілінше қолайлы еді. Екіншіден, технократтық даму бел алғанға дейін Қазақтың қуаң даласында тіршілік үшін бірден-бір қолайлы өмір салт көшпелілік болды. Үшіншіден, қазақ халқының бірыңғай өзімен тектес түркі халықтарымен шекараласып, түркі әлемінің кіндік мекенінде болуы да көшпелі өмір салттың тұрақтылығына себеп болды.
Көшпелі өмір салтқа бейімделу үшін көптеген алғышарттарды игеру керек еді. Ең алдымен, уақыт пен кеңістікті игеру қажет болды. Өйткені, уақыт пен кеңістік туралы таным-түсінік қалыптастырмай тұрып көшпелі өмір салтқа ойысу, бейнелеп айтқанда, қайда барарыңды білмей тұрып жолға шыққандай қайырсыз тірлік болмақ. Екіншіден, жыл құсы секілді қатал табиғат құрсауынан сытылып шығып, жүздеген-мыңдаған шақырым кеңістік аясында үнемі көктем мен жазға ілесіп, мейілінше ілкімдікпен көшіп-қонып жүру үшін қолайлы баспана керек еді. Бұл қажеттілік дүниеге киіз үйді әкелді. Киіз үй көшпелі өмір салттың негізгі алғышарттарының бірі болғандықтан ұдайы жетіліп, шыңдалып, сәулеттеніп отырды. Бұл ретте, киіз үйді көшпелілердің ғасырлар бойғы өмірлік тәжірибесінің, ой өрісінің, талғам-танымының және шеберлік-шалымының ең жарқын айғағы деуге болады. Тал бойына қазақтың мыңдаған жылғы шығармашылық ізденісін жинақтаған киіз үй жинамалы жылжымалы сәулет өнерінің үлгісі ретінде өзінің қайталанбас болмысымен қайран қалдырады [2, 3-4]. Әдетте киіз үйдің ең көп тараған негізгі түрі – алты қанат үй. Алты қанат үй дегеніміз — алты керегелі үй деген сөз. Сонда үйдің үлкен-кішілігі, оның қанат санына байланысты. Қанат санына қарай кереге бастарының саны, кереге басына қарай уық саны әр түрлі болып келеді. Мұнымен бірге кереге көздерінің үлкен кішілігіне қарай тор көз кереге(жұдырық сиятындай), жел көз кереге ( қос жұдырық сиятындай) деп бөлінеді. Киіз үйдің жасау-жиһаздарының бірі – тамақ, азық-түлік салу үшін әшекейлеп, оюлап жасайтын ағаш сандық – кебеже. Кебеженің халық тұрмысындағы көшіп-қону кезінде түрлі зат салуға арналған көш кебеже деген түрі де болған. Кебеже – кімге болса да өте қажет бұйым. Сондықтан ағаш ұсталары оны, көбінесе, ешкімнің тапсыруынсыз көптеп жасап, шетінен алушыға сата береді екен. Орта есеппен кебеженің ұзындығы 70-90см, биіктігі – 40-50, ені 40-45 см шамасында жасалған. Кебеженің төрт қабырғасы, түбі мен қақпағы төрт қырлы төрт қазық арқылы біріктіріледі. Мұның бет жағын ғана әсемдейді. Кебеженің бетін оюлап, сырлап көркемдеу Қазақстанның батыс өңіріне тән. Ал кебеженің әлдеқайда үлкен түрі абажа деп аталады. Абажаға ыдыс-аяқтар мен азық-түлік сақтаған. Ағаш шеберлері ағаштан ойып, қымызға арналған ожау, тегене, саптыаяқ, зерен, күбі, табақ, астаулар (ет салатын ағаш ыдыс), сонымен бірге бидай, тары түйетін келі мен олардың қажетті бөлшектері келсап, піспек сияқты бұйымдарды өз жерімізде өсетін ағаш түрлерінен ұқсатып жасай білген. Ағаштан ойып жасалған кішілеу ыдыс тостаған деп аталса, ас салатын жайпақ ыдыс табақ деп аталған. Ғылыми деректер бойынша Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі мұнан екі жарым мың жыл бұрын түрлі тайпалардың творчествасы арқылы байқап, ұрпақтан- ұрпаққа мәдени мұра болып қалып келеді. Ежелден көшіп-қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі – салт ат болды, ал соған орай, ер-тұрман жабдықтарының алатын орны да өзгеше еді. Халық басынан өткен сан қилы оқиғаларға сай мұның да өзінше даму, өзгеру процесі жүріп жатты. Мұның өзі қазақ халқының қол өнерінің қандай дәрежеде болғанын аңғартады. Ер-тұрман көне заманнан бері көшпелі халық өмірінің заңды қажеттілігіне сай қалыптасты. Мәселен, ауқатты қазақ отбасы өз бетімен салт жүруге жараған барлық балаларына түгелдей ер-тұрман дайындаған. Ал, қайсыбіреулері баласы туысымен-ақ, атақты ершілер қосқан тамаша ер, сәнді тұрмандарын дайындауға қамданатын. Сондықтан, қазақ даласының қай жерінде болмасын ер тоқым жасау ісі кең өріс алған. Осыған орай ершілер өнері жоғары бағаланып, тәжірибелі ершілерді қысы-жазы бірдей қолдан қолға тигізбей ер қостырып отырған .
Алтыбақанды назардан тыс қалдыру мүмкін емес, өйткені оның конструкциясы табиғи түрде дәстүрлі бұйымдар қатарына енеді. Алтыбақанды безендіріп, жауыннан, ылғалдан қорғап отырған, бұдан бөлек бір кездері кесіліп алынған ағашқа ерекше қатынаста болған. Көшпенді мәдениетінің феноменін ұсынған дәстүрлі қолданбалы өнер бойынша ең керемет материалдар мұражай экспозицияларында қойылған. XIX ғасырдың соңы мен әсіресе, бүгінгі күні қатары толыққан XX ғасырдың 50 жылдарына дейінгі туындыларды сақтаған этнографиялық коллекциялар, Қазақстан мұражайларының қорлары мен сақтау бөлмелері, кілем-киіз өнерінің, кестенің, зергерлік өнердің, ағашты көркемдеп өңдеу өнерінің, теріні безендіруді және сүйекті инкрустациялаудың үлгілерін ұсынады. Бай инкрустацияланып, өрнектелуі мен қызметі бойынша түрлілікке ие болған олардың жағымды қасиеттері бар: XX ғасырдың бірінші жартысына дейін кең етек жайған тіл- көзден сақтау, қорғайтын секілді наным-сенімдер. Олардың көркемдік-образдық жүйесі мифологиялық көзқарастардың, салт-дәстүрлер мен ғұрыптардың көнедегі қабаттарының айнасы. Төсеніш және қабырғаға тұтатын киіз, түкті және түксіз кілемдердің, басқұрлардың (таспалар) жинағы едәуір көлемді. Қабырғаға тұтылатын, кестелеп тоқылған түрлі-түсті кілем-түскиіздер аз көлемде ұсынылған (тұскесте, негізі матадан болғандықтан олар тез шіріп кетуге жақын). Қолданылатын материалдардың жалпылығына қарамастан, олардың барлығы әртүрлі ру-тайпалық топтар мен аудандарға тән өздерінің ою-өрнегінің, колористік құрылымы мен өрнегінің өзгешелігімен ерекшеленеді [4]. Киiз үй – ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады.
Шаңырақ – қасиеттi. Шаңырақ – күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi – төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз.Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген.Шаңырақ отбасының қасиет тұтар дүниесі, тұқымды жалғастыратын белгісі болып табылады. Ол ұрпақтан ұрпаққа беріледі және ата-бабалардың рухын қорғаушы ретінде саналады [5, 21]. Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ – адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды. Есiк пен төр. Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл – күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi.Есiкке қарама-қарсы бетте — төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады. Егер ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар.Төрдегi адам төрелiк айтады. Төрге ақ пен қара түстi сырмақ төселедi. Мәнiсi, төр – ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген. Мұны Орхон-Енисей жазбасындағы «төр» сөзiнiң мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады.
Сәндік қолданбалы өнер саласындағы тоқыма тоқу өнері :
«Сәндік-қолданбалы өнер» ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігінде, «қолөнер» ұғымының аясында қабылданып, пайдаланылып келді. «Сәндік-қолданбалы өнер», «қолөнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтан, екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше, олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз ғылыми еңбектерде осы ұғымдарға берілген анықтамаларды жүйеге келтіреміз және сәндік қолданбалы өнер, өзінің бастауын қолөнерден алады, қолөнер туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына себеп болады, деп ой түйіндейміз. Ғалымдардың (К.Әмірғазин, Е.Асылханов, Қ.Болатбаев, М.Мырзақанов, Ж.Балкенов, С.Жолдасбекова, Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.) «сәндік-қолданбалы» өнер түрлері бойынша ұсынған жіктемелеріне де жан-жақты сипаттама беріп топтастырамыз.
Қазақ халқының қол өнері деп халық тұрмысына қажетті жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу /оның ішінде ши тоқу/, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты өнерлер жиынтығын айтады.
Киіз басу, сырмақ сыру, текемет, алаша, құрақ көрпе және ұлттық киімдер мен кілем, тоқыма тоқу сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалпай келе жатқан сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерін үйрету.
2.Сәндік қолданбалы өнер және мектеп қабырғасындағы оқушыларға ықпалы.
Сәндік қолданбалы өнер және мектеп қабырғасындағы оқушыларға ықпалы. Сәндік қолданбалы өнерінен үйірме жұмыстарын оқытудың теориялық негіздері
Сәндік қолданбалы өнер тарихына қысқаша шолу және түсінік беру;
Қазіргі заманауи талапқа сай технология сабағын оқыту әдістемесі;
Мектеп қабырғасында үйірме жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы;
Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми ой-өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлт болашағы оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.
«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапаларға адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеу керек» – деген Шәкәрім атамыздың терең ойын негізге ала отырып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік рухани қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеу үшін жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуды тәрбиелеу ұстаздар міндеті болып табылады.
Мектепте оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырудың бірден бір жолы ғылым негіздерінен білім берумен қатар сол білімді алуға ынталықты яғни, оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті өз бетінше ізденуді арттыру. Еліміз тәуелсіздік алып басқа елдермен иық теңестіру үшін келешек қоғам иелерін ұлттық болашағын тәрбиелеу құрметті де қадірлі міндет болғанымен оны іске асыру оңай іс емес. Ұстаз әр уақытта өзінің бүкіл болмысымен алдындағы шәкірттеріне бойындағы барлық қуатын жұмсай отырып оны еліміздің еңбеккері имандылығы мол шапағатты, зиялы азаматетіп тәрбиелеуде міндетті екенін естен шығармаған жөн. Оқушылардық танымдық қызығушылығын үйірме, спорттық секциялар (волейбол, футбол, тоғызқумалақ, эстафета, еркін курес, көңілді спорт. т.б) және қол өнер үйірмелері (бейнелеу өнері, мүсін өнері, қазақтың қол өнер үйірмесі және т.б.) әр шәкірттің ойына өзгеріс енгізіп, сапасына сілкіне туғызу ұстаздар қауымына байланысты.
Бір дана: «Бір жылдығын бұрын ойлаған күріш егеді, он жылдығын бұрын ойлаған ағаш егеді ал жүз жылдығын бұрын ойлаған оқытады» деген екен. Олай болса адамгершілігі мол, тіршілік атаулыға жаналықтар – үлкен жүректі адамды қалыптастыру үшін қызмет ететініміз әр ұстаз жүрегін тербетері сөзсіз.
Білім негізі мектепте қаланады, яғни әрбір оқушының мектеп қабырғасында жүріп ойлау қабілеті дамиды. Жаңа білімді алу қажеттілігін туындатыды, оқып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырады, өзіне-өзі сенімді, жан-жақты дамыған оқушыны тәрбиелейді. Сондай-ақ өмірге бейімделген жоғары мәдениетті, білімді ұрпақ дайындайды.
Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына тәрбие үрдісінің ықпалы жан-жақты қамтылады. Яғни, оқушы бойындағы мәдени құндылықтарды: әлеуметтік қатынас, адамгершілік қатынас, әстетикалық қатынас, дене мәдениетін жетілдіру көзделеді.
Оқушыларды жан-жақты дамыту мәселелері – бүгінгі қоғамның негізгі міндеттерінің бірі. Оқыту арқылы оқушыны дамыту Л.С.Выготский, А.В.Занков, В.В.Давыдов, Ж.Асанов және т.б. еңбектерінде негізгі орын алады.
Оқушылардың дамуында іс-әрекеттердің негізгі себеп екені зерттеу барысында айқындалды. Оқушыны дамытуда тәрбиенің өзіндік ықпалы, яғни тәрбиелей отырып оқыту сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралар ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырылуы тиіс.
Мектеп қабырғасындағы оқушылардың жеке басының қасиетін дамытуда отбасы, мектеп, тектептен тыс мекемелер сыныптан тыс уақытта жүргізілетін іс-шараларды кіріктіре ұйымдастыру арқылы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіншілігі бар екені анықталып отыр.
Жалпы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В.А.Сухомлинский: «Балалар әсемдік ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруге міндетті» деп айтады.
Мектеп қабырғасындағы оқушыларға сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар негізінен: оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін ары қарай дамытуға мүмкіндік жасау; оқушының қоғамдық белсенділігін дамыту; оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру; белгілі бір еңбекке баулу; оны дамытуға ықпал ету көзделді. Оқушыларды жан-жақты дамытуда сыныптан тыс тәрбие жұмысының тәлімдік мәні аса зор екені ғылыми-теориялық еңбектерде және мұғалімдердің іс-тәжірибесінде дәлелденіп отыр. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын және үйірмелерді бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, нарықтық, ұлтаралық қатынастарға және ұлттық ерекшеліктерге байланысты қарастыруды қажет етеді.
Сәндік қолданбалы өнері және мектеп қабырғасындағы оқушыларға ықпалы. Сәндік қолданбалы өнерінен үйірме жұмыстарын оқытудың теориялық негіздері
Сәндік қолданбалы өнер тарихына қысқаша шолу және түсінік беру
Халықтық қолданбалы өнері – ата-бабаларымыздан келе жатқан, ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан өнер түрі. Бұл жерде, этнопедагогиканың озық үлгілерімен оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлтық тәрбие беруді жүзеге асыруда -технология сабағының орны ерекше. Қазақ халқының қолданбалы өнер туындылары мейлі, ол мұражайларда, мейлі көрмеде тұрсын, күнделікті тұрмыс қажетін өтеп жатсын, оны халқымыздың өткен тарихымен, мәдени құнды мұрасымен, салт-дәстүрімен жалғастыратын дәнекер күш деп қарауымыз керек. Себебі, онда ұлттық тәрбиені жүзеге асырудың амал -жолдары, талап-тілектері, үлгі-өнегелері, әдіс-тәсілдері орын алған. Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса, сонша сол халықтың көкейкесті мәселесі болып келеді.
Қазақ қолөнерінің даму жолының өзіндік тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан бастау алады. Оған Қазақстан жерінде жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілерін дәлел ретінде көре аламыз. Яғни, қазақтың қолөнері Республика жерінде бағзы замандарда мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы басқа көне түркі тайпаларының мәдениетінен бастау алып, бүгінгі күнмен ұштасып жатқанынының айғағы. Мәдениеттанушы ғалымдарымыз қазақ қолөнерін тарихи кезеңдермен байланыстыра отырып, мынадай топтарға бөліп көрсетеді:
Алғашқы рулық-қауымдық дәуірдегі тасқа салынған суреттер.
Сақ-ғұн дәуіріндегі алтын-күміс және өзге де металдардан жасалған сәндік-қолданбалы бұйымдар.
Түркі дәуіріндегі балбал тастар мен құлпытастар және сәндік-қолданбалы бұйымдар.
Орта ғасырдағы түркі халықтарының сәндік-қолданбалы бұйымдары және миниатюралық суреттер.
Қазақ хандығы дәуіріндегі сәндік-қолданбалы бұйымдар.
Қазақтың қазіргі сәндік-қолданбалы бұйымдары.
Қазақтың қолөнері басқа халықтар сияқты ағаштан, металлдан, сүйектен, теріден, тастан, батпақтан, жүннен жасалған бұйымдарды әшекейлеп безендіру арқылы және құрақ құрау, киім тігу, өрмек өру т.б. түрінде көрініс береді.
«Сәндік-қолданбалы өнер» деген ұғым ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігіндегі «қолөнер» ұғымының аясында қабылданып, пайдаланып келді. «Сәндік-қолданбалы өнер» «қол өнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтан екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз осы ұғымдарға берілген анықтамалардан сәндік-қолданбалы өнер өзінің бастауын қолөнерден алатынын, қолөнер туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына себеп болады деп ой түйіндейміз.
«Қолөнер» дегеніміз:
– қарапайым еңбек құрал-жабдығының көмегімен шикізаттардан әр түрлі дайын бұйымдар жасайтын ұсақ қол өндірісі [3];
– халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер. Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың өмірінен, тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Өйткені, бұл заттар ел тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген [4];
– қолөнер – халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер тарихы көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын өмірге әкелді. Яғни, ұста, ағаш шебері, зергер, ісмерлердің тынымсыз еңбегі арқылы қазақ қолөнерінің көркем туындылары пайда болды [6].
Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз:
– қолмен немесе құралдармен, техникамен өндірілетін қолданбалы, сәндік, сувенирлік бұйымдар түрлерін ұқсатып жасаудағы идеялар мен ойлардың, материалдар мен көркемдік шешімдердің, техникалар мен технологиялардың, ұлттық нақыштардың жиынтығын құрайтын өнер түрі» [7];
– сәндік-қолданбалы өнер адамның тұрмыс салтын, яғни оның өмір сүру ортасы, қоғамдық және үй ішін, костюмді көркемдеп сәндеу үшін қолданылады. Соңғы кездері халықтың көркем кәсібінде сәндік-қолданбалы өнердің көптеген туындылары, өзінің алғашқы тұрмыстық қызметін жоғалтты, дегенімен олар көркемдік, эстетикалық маңызын жоғалтпады [8];
Қазақтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы ою-өрнектер табиғаттың нақты формаларын бейнелеумен ғана шектелмейді, ол қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын, байланысын білдіруімен де айрықшаланады.
Осыдан сәндік-қолданбалы өнердің мазмұндық ерекшеліктері қалыптасады дегенді айтады. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің мазмұндық ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы Ұ.Әбдіғаппарова сәндік-қолданбалы өнер туындыларының атқаратын қызметін (практикалық, эстетикалық, ақпараттық, танымдық, сувенирлік, мерекелік) анықтайды [9].
Практикалық – тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдарды жасауды және практикалық қолданыста пайдалануды қарастырады;
Эстетикалық – тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдарды әшекейлеуге, безендіруге әдемдеу арқылы сұлулықты қабылдауға үйретеді, қуанышқа, шаттыққа кенелтеді, жақсы эмоциялық, көңілді күйді кештіреді;
Ақпараттық – адам ойын, арман тілегін, ризашылығын бейнелі түрде жеткізеді;
Танымдық – ертедегі халықтың дүниетанымын білдіреді;
Сувенирлік – сыйлыққа арналған ұлттық бұйымдар жасауға;
Мерекелік – мерекелерде, той-жиындарда қолданылатын ұлттық бұйымдар мен заттар даярлауға бағдарлайды деп ой тұжырымдайды.
Сәндік-қолданбалы өнердің классификациясы:
Материалына қарай: ағаштан, металдан, сүйектен және мүйізден, тастан, керамикадан, шыныдан, теріден, тоқыма жіптен, жіптен, матадан, былғарыдан, пластикалық массадан жасалған көркемдік бұйымдар және т.б. деп бөледі.
Қолданылуына қарай: күнделікті тұтынатын бұйымдары (ыдыс, кесетін тақтай, асхана жиынтығы, мебель) және т.б.; сәндік бұйымдар (кілем, гобелендер, маталар, панно, сәндік вазалар, тәрелкелер және басқа да үй ішін жабдықтау заттары, сондай-ақ әшекей заттар: сырға, жүзік, білезік, алқа т.б.) және сыйлық заттар (медалдар, төс белгілер, брелоктар т.б.).
Дайындау әдісіне қарай: құйма, шекіме, дәнекерленген, ойылған, ағаш ұқсату, темір ұсату, бізбен тоқылған, өрілген, тоқыма, кестеленген, үрленген, басылған, бедерленген, күйдіру, балқыту, металды өңдеп өрнектеу, өрмек тоқу, ши орау, сымақ сыру, оюлау, шілтер шалу, жүн сабау, арқан есу және т.б. болады.
Әшекейленуіне қарай: бедерлеу, бетін өрнектеу, ойма-нақышты, шекімелі, күйдірілген, жазба, егелген т.б. деп бөледі.
Мағынасына байланысты: ертегі, батырлар жыры тақырыбына; тарихи оқиға және қазіргі шындықты көрсететін; өсімдік және жануарлар әлемін бейнелейтін; ою-өрнекті деп бөледі.
Дегенмен, халықтың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының әрбір тобын өз кезегінде көркем кәсібіне қарай бөлуге болады, өйткені әрбір кәсіптің өзінің өрнегі, түр-түс үйлесімі, жасау әдісі және бұйымды әрлеу мен басқа да ерекше белгілері болады.
Сонымен, қазақтың сәндік қолданбалы өнеріне жасаған талдаудан жалпы білім беретін мектепте оқушылардың көркемдік білімін қалыптастыруда қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің мүмкіндіктері жоғары екендігін байқауға болады. Атап айтсақ, олар біріншіден, оқушылардың көркемдік эстетикалық талғамын дамытады, екіншіден конструкторлық білімнің элементтерін меңгертеді, үшіншіден экономикадан түсінігін жетілдіреді, төртіншіден шығармашылық қабілеттерін шыңдайды, бесіншіден рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.
Қазіргі жастардың көпшілігі қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасына енетін үй жиһазы бұйымдарының дүкендерден, көрмелерден кездестіріп, олар жөнінде кітаптардан оқып, суреттерін көргені болмаса, олардың жасау әдістерін біле бермейді. Оның себебі кезінде мектеп өміріне, еңбекке баулуда қолөнерін үйрету қолға алмағандықтан болып табылады.
Адамзат дамуының қай саласында болсын қоғаммен бірге дамыған қол өнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік көркемдік жағынан дәуір тынысына қалт жібермей әсерін тигізіп отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері де өз халқының дэстүрлі көркемдік. мүрасын сақтап қалған.
Соңғы уақыттарда Республикадағы көптеген ғылыми зерттеулер
халықтың қолданбалы қолөнері жастарға тәрбие беруде ерекше маңызға ие болатынын дәлелдеуде. Барлық халықтар сияқты қазақ халқының да
қолөнерінің өзіне тэн өсу жолы, ерекшеліктері, даму тарихы бар. Ол тарих сонау ерте заманнан, өз тұрмыс-тіршілігіне қажетті құрал-саймандар, бұйымдар жасаудан басталады. Табиғаттағы әртүрлі шикізаттарды түрмыс-тіршілікке пайдалану атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дами келе өнер туындыларына айналып, бүгінгі күнге дейін жетіліп отыр. Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ, оның өткеніне назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен қалыптасуына үлкен әсер етеді. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары көшіп-қонуға ыңғайлы, пайдаланылатын орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой-өрісіне тән өрнек оюмен нақышталып беріліп отырады.
Алдымен бұйымның мықтылығы, өнімділігі қарастырылады десек те, олардың болу әсемдігі жағынан табиғи үндестік байқалады.
Қазақтың сәндік қолөнері біздің ұлттық мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жер-жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса құрметті және игілікті іс болып табылады.
Қазіргі заманауи талапқа сай технология сабағын оқыту әдістемесі
Ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлы «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаға үйрететін нәрселерін өзі де жақсы білуі керек» деп тұжырымдағандай технология сабағын қызықты өткізіп, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту үшін ең алдымен мұғалім өзі шебер болу керек. Жан-жақты дамыған, әрқашан ізденісте болған мұғалім ғана қазіргі талапқа сай болатыны анық [1].
Технология сабағы – әрбір оқушының рухани байып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән. Технология пәнінің мұғалімі өзінің лауазымдық міндеттеріне сай еңбекке баулудың, тәрбилеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелі жүргізуі тиіс.
Технология пәнін халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша. Себебі ол – білім алушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен үйірме материалдарын құрастырады. Сонымен қатар, оқушыларды техникалық шығармашылыққа, халықтық, ұлттық өнерді жалғастыруға, ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытып отырады. Технология пәні мұғалімінің кәсіптік бағдарлау жұмыстарын үнемі тиімділікпен жүргізіп отыруы маңызды міндет.
Халықтық педагогика негізінде қолөнер арқылы оқушының бойына адамгершілік рухын, ұлтқа деген сүйіспеншілігін арттыруда еңбек тәрбиесі мынадай мақсатқа бағытталады: халықтық педагогика негізінде балаларға білім мен өнеге берудің қажеттілігін көрсету; оқушыға қолөнерді үйрету барысында оның қабілет-икемін, дағдысын дамыту; қолөнер бұйымдарын жасай отырып оқушы бойына халқымыздың ізгі қасиеттерін сіңіріп, дарыту; қолөнер жеке тұлғаны дамытуға арналған құрал болғандықтан, олардың қызығушылық аясын кеңейтіп, шығармашылық іздену жолдарын қалыптастыру; оқушының өзін-өзі тану қабілетін ояту; еңбекті шығармашылықпен, қызығушылықпен орындауға, ерікті түрде еңбек етуге үйрету; ұлттық тәрбиенің пайдалылығын қол өнер бұйымдарын жасату және оны пайдалану арқылы түсіндіру.
Бүгінгі таңда сәндік өнерді оқытудың өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып, ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Жастарды сәндік өнерге бейімдеп оқыту мен тәрбиелеу білім беру мазмұны мен оқыту формасы және әдістері бойынша анықталады. Оқушыларды еңбекке баулуда және тәрбиелеуде негізгі мақсат баланың толық білім алуына ықпал жасау болғандықтан, педагогикалық ізденіс қажет.
Оқыту барысында оқушыларды қолөнер шеберлерінің шығармашылық жұмыстарымен таныстыру керек. Дегенмен, оқушыларды олармен, олардың жасаған бұйымдарымен таныстыру жақтары көңіл қуантарлық дәрежеде емес. Сондықтан, оқушыларды қолөнерге баулу және оған қызықтыру үшін, ең алдымен, оған үлгі алатындай жағдай туғызып, халық қолөнерінің әсемдік құпиясын ашып көрсету қажет. Бұл олардың өз ойларымен композиция құрастыруына, ою-өрнектерді дұрыс қолдана білуіне, түстерді дұрыс таңдап алуларына септігін тигізеді. Сабақ барысында орындалған шығармашылық жұмыстар ұлттық тәрбиені, эстетикалық көзқарасты қалыптастырып ұлттық дәстүрлермен қолөнерімізді бір-бірімен байланыстыра отырып рухани жан дүниесін байытады. «Өнер түрі елде мол, өнім сыры жерде мол» дегендей, өнер түрлері халықпен жасай береді. Қазіргі кезде де халық қолөнерінің бай мұраларына жаңаша түр, сипат беріп, оларды жасаудың техникалық әдістерін жетілдіріп, ел арасында таратып жүрген шеберлер көп.
Оқушыларға қолөнерін үйретуде мынадай педагогикалық шарттар орындалса тиімді болады:
– қазақ қолөнерінің тәлім – тәрбиелік дәстүрлерін үйрету;
– оқушыларды жастайынан ұлттық өнермен таныстырып, еңбек етуге баулу және қабілеттік пен шеберлікке даярлауды көздеу;
– қоғам өміріндегі еңбектің, халық қолөнерінің рөлін түсіну, өнер адамдарын құрметтеу;
– көне мұраларды тауып, түрлендіре жаңғыртып отыру;
– ел арасында сиреп бара жатқан қолөнер түрлерін іздестіріп меңгеру;
– ел арасында жүрген шеберлермен кездесу ұйымдастырып, бұйымдарынан көрме жасау.
Сәндік-қолданбалы өнерін оқытуда әр сабақтың тәрбиелік мәні болуы керек. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуі, еңбек етуге қабілеті мен шеберлігі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі негізінен бұйымдар жасау барысында яғни, ою-өрнек салу, кілем тоқу, киім және кесте тігу кезеңдерінде жүзеге асырылады. Үйде ұсталынатын бұйымды сатып алмай-ақ өздерінің орындауы ата-анаға да үлкен қуаныш әкеледі.
Қазіргі кезде елімізде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның кеңінен қолданылуына ерекше талаптар қойып отыр. Өндірісте жұмыс жасайтын маман өз міндетін атқарып қана қоймай, ісін жобалай білу, шығармашылық жұмыстар орындай білуі қажет. Осындай қабілеттер жас кезінен бастап қалыптасып, еңбек әрекеттерін орындау барысында алға қарай дамытуы керек. Қазіргі таңда ғылымның тез қарқынмен дамуы, жаңа технологиялардың енуіне байланысты кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар өзгеріп, екі-үш мамандықты меңгеру керек.
Ғалымдардың еңбегін зерделей келіп, біз ұлттық мазмұнда сәндік-қолданбалы өнерін оқыту мынадай талаптарды кешенді түрде жүргізу қажет деп санаймыз:
– оқушылар жұмысы қажетті тәжірибелік сипатта болуы;
– жасалынатын еңбек туралы білімі және тәжірибелік тапсырмаларды орындау шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыруға бағытталуы;
– сабақ барысында пайдалы өнім жасау;
– жалпы еңбектік және арнайы білім мен ептіліктің үйлесуі;
– еңбек жайлы білімнің тәрбиелік, дамытушылық және кәсіптік бейімделу сипатында болуы;
– оқушылардың бейімділігі мен қызығушылығына байланысты және мектеп айналасындағы өндірісті есепке ала отырып технология жайлы білім мен ептілікті игеруде еңбекке оқытудың жіктелуі;
– оқыту барысында ақпараттық технологияның озық, заманауи үлгілерін қолдау.
Мұндай жағдай оқу еңбегінің өнімділігін арттырады, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді; көрнекілікті үйлестіру арқылы окушылардың білімді терең ұғуын, сонымен бірге сабақта олардың зейінін, тез байқағыштығын, қызығушылығын, ептілік пен қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
Технология атты жаңа интегративті білім саласын меңгеру оқушылардың жалпы білім мен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді, интеллектуалдық, тұлғалық, этикалық және эстетикалық дамуын, өзіндік кәсіптік айқындалуын, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.
3.Халық сәндік қолданбалы өнері.
Халықтық сәндік-қолданбалы өнер – әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өндеу тәжірибесі бейнеленген. Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді.
Бүгінгі күннің талабына сай сәндік-қолданбалы өнер түрлері сан алуан. «Көпшілік жұрт қазақтың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрпының сырын біле бермейді. Оларды жүйелеп, көңілге қонарлықтай етіп бекзаттыққа, имандылыққа, ізгілікке қатысты білім-танымның талаптарына сай пайдаланып жүргендер жоқтың қасы», – деп жазады өзінің бір сұхбатында Ө.Жәнібеков [1]. Негізінен, біле білген адамға қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері мейлі бала тәрбиесінде болсын, адамгершілік тұрғысынан болсын алар тағылым өте мол таптырмас құрал.
Ұлы дала төсінде соңғы үш мың жыл бойы салтанат құрған көшпелі өмір салтының ең соңғы мұрагері қазақ халқы. Содан болар, көшпелі қазақтың материалдық және рухани мәдениеті тікелей байырғы салтпен шендесіп жатыр. Қазақ даласынан табылған Андронов заманындағы археологиялық олжалардың ішінде қолөнердің құрал-жабдықтары мол ұшырасады. Әсіресе, тастан, металдан жасалған ұршық бастары, жауынгерлердің үстіндегі асыл металдан дайындалған киім мен қару-жарақтар көшпелілер арасындағы орныққан өндіріс деңгейі мен өнер үрдісін айқын аңғартады. Облыс аумағынан архелогиялық қазбалар нәтижесінде табылған алтын, күміс, қола, темірден соғылған өте құнды тұтыну бұйымдары, ат әбзелдері, қару-жарақтар сапасы мен жасалу шеберлігі көпшілікті таңдандыруда. Мұның өзінен осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген ата-бабаларымыз жер қойнауының құпиясын аша да, оның бар асылын пайдалана да білгенін, тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, сан алуан әсемдік әшекейлерді, қару-жарақтарды жасағанын байқатады.
Бұл заттар толықтай дерлік ер адамдардың қолымен жасалған дәстүрлі қолөнер туындылары. Демек ер адамдардың қолынан шыққан қолөнер түрлері атадан балаға мұра боп қалып, бізге дейін үзілмей жалғасып келе жатқан өнер.
Халықтың мәдени өмірінің, бұрынғы тұрмысының көшпенділіктен екендігін біз жақсы білеміз, сөйте тұра қазақ халқы күндеікті үй тұрмысына қажетті үй жиһаздарын, ыдыс-аяқтарын ағаштан жасап алып отырды. Арнаулы жиһаз зауыттары болмаса да халық арасынан шыққан шеберлер, ұсталар әр отау, әр шаңырақтың қажетін өтеп, халықты керек-жарағымен қамтамасыз етіп келеді. Жасалған жиһаз көшпенді халықтың өміріне бейімделген, ықшам әрі жеңіл болды. Ағаштан жасалған үй жиһаздарының қатарына – ағаш төсек, ағаш жастық, жүк-аяқ, кебеже, әбдіре, сандық, жағылан және ыдыс-аяқ бұйымдары жатады. Заттардың барлығы дерлік киіз үйдің ішін әсемдеп көрік беріп сәндеп, үйге ерекше мағыналы әсер береді. Жиһаздардың әрқайсысының орны, қойылатын жері бар, ішіне затты салып жинауға қолайлы болады. Соған орай сыртқы формалары да әр қилы, оюлап нақышына келтірілген. Кебеженің, ағаш төсектің беттері сүйекпен, терімен, не күміспен көркемделіп отырады. Көпшілік ою-өрнектер рельефті, бедерлі болып келсе, ал кейбіреулері әр түсті бояулармен боялады.
Қазақ халқының ең ұзақ уақыт аясында көшпелі өмір салтта болу себебі, біріншіден, Еуразия Ұлы даласының ең енді тұсы Қазақ даласы болып табылады. Яғни, бұл дала бойлық
бойынша тербеле көшіп-қонуға, былайша айтқанда, табиғаттың қатал құрсауынан сытылып шығып, жыл құсы сияқты мәңгілік көктемді қуалап отыруға мейілінше қолайлы еді. Екіншіден, технократтық даму бел алғанға дейін Қазақтың қуаң даласында тіршілік үшін бірден-бір қолайлы өмір салт көшпелілік болды. Үшіншіден, қазақ халқының бірыңғай өзімен тектес түркі халықтарымен шекараласып, түркі әлемінің кіндік мекенінде болуы да көшпелі өмір салттың тұрақтылығына себеп болды.
Көшпелі өмір салтқа бейімделу үшін көптеген алғышарттарды игеру керек еді. Ең алдымен, уақыт пен кеңістікті игеру қажет болды. Өйткені, уақыт пен кеңістік туралы таным-түсінік қалыптастырмай тұрып көшпелі өмір салтқа ойысу, бейнелеп айтқанда, қайда барарыңды білмей тұрып жолға шыққандай қайырсыз тірлік болмақ. Екіншіден, жыл құсы секілді қатал табиғат құрсауынан сытылып шығып, жүздеген-мыңдаған шақырым кеңістік аясында үнемі көктем мен жазға ілесіп, мейілінше ілкімдікпен көшіп-қонып жүру үшін қолайлы баспана керек еді. Бұл қажеттілік дүниеге киіз үйді әкелді. Киіз үй көшпелі өмір салттың негізгі алғышарттарының бірі болғандықтан ұдайы жетіліп, шыңдалып, сәулеттеніп отырды. Бұл ретте, киіз үйді көшпелілердің ғасырлар бойғы өмірлік тәжірибесінің, ой өрісінің, талғам-танымының және шеберлік-шалымының ең жарқын айғағы деуге болады.
Тал бойына қазақтың мыңдаған жылғы шығармашылық ізденісін жинақтаған киіз үй жинамалы жылжымалы сәулет өнерінің үлгісі ретінде өзінің қайталанбас болмысымен қайран қалдырады [2, 3-4].
Әдетте киіз үйдің ең көп тараған негізгі түрі – алты қанат үй. Алты қанат үй дегеніміз — алты керегелі үй деген сөз. Сонда үйдің үлкен-кішілігі, оның қанат санына байланысты. Қанат санына қарай кереге бастарының саны, кереге басына қарай уық саны әр түрлі болып келеді. Мұнымен бірге кереге көздерінің үлкен кішілігіне қарай тор көз кереге(жұдырық сиятындай), жел көз кереге ( қос жұдырық сиятындай) деп бөлінеді.
Киіз үйдің жасау-жиһаздарының бірі – тамақ, азық-түлік салу үшін әшекейлеп, оюлап жасайтын ағаш сандық – кебеже. Кебеженің халық тұрмысындағы көшіп-қону кезінде түрлі зат салуға арналған көш кебеже деген түрі де болған. Кебеже – кімге болса да өте қажет бұйым. Сондықтан ағаш ұсталары оны, көбінесе, ешкімнің тапсыруынсыз көптеп жасап, шетінен алушыға сата береді екен. Орта есеппен кебеженің ұзындығы 70-90см, биіктігі – 40-50, ені 40-45 см шамасында жасалған. Кебеженің төрт қабырғасы, түбі мен қақпағы төрт қырлы төрт қазық арқылы біріктіріледі. Мұның бет жағын ғана әсемдейді. Кебеженің бетін оюлап, сырлап көркемдеу Қазақстанның батыс өңіріне тән. Ал кебеженің әлдеқайда үлкен түрі абажа деп аталады. Абажаға ыдыс-аяқтар мен азық-түлік сақтаған.
Ағаш шеберлері ағаштан ойып, қымызға арналған ожау, тегене, саптыаяқ, зерен, күбі, табақ, астаулар (ет салатын ағаш ыдыс), сонымен бірге бидай, тары түйетін келі мен олардың қажетті бөлшектері келсап, піспек сияқты бұйымдарды өз жерімізде өсетін ағаш түрлерінен ұқсатып жасай білген. Ағаштан ойып жасалған кішілеу ыдыс тостаған деп аталса, ас салатын жайпақ ыдыс табақ деп аталған.
Ғылыми деректер бойынша Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі мұнан екі жарым мың жыл бұрын түрлі тайпалардың творчествасы арқылы байқап, ұрпақтан- ұрпаққа мәдени мұра болып қалып келеді.
Ежелден көшіп-қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі – салт ат болды, ал соған орай, ер-тұрман жабдықтарының алатын орны да өзгеше еді. Халық басынан өткен сан қилы оқиғаларға сай мұның да өзінше даму, өзгеру процесі жүріп жатты. Мұның өзі қазақ халқының қол өнерінің қандай дәрежеде болғанын аңғартады.
Ер-тұрман көне заманнан бері көшпелі халық өмірінің заңды қажеттілігіне сай қалыптасты. Мәселен, ауқатты қазақ отбасы өз бетімен салт жүруге жараған барлық балаларына түгелдей ер-тұрман дайындаған. Ал, қайсыбіреулері баласы туысымен-ақ, атақты ершілер қосқан тамаша ер, сәнді тұрмандарын дайындауға қамданатын. Сондықтан, қазақ даласының қай жерінде болмасын ер тоқым жасау ісі кең өріс алған. Осыған орай ершілер өнері жоғары бағаланып, тәжірибелі ершілерді қысы-жазы бірдей қолдан қолға тигізбей ер қостырып отырған [3].
Алтыбақанды назардан тыс қалдыру мүмкін емес, өйткені оның конструкциясы табиғи түрде дәстүрлі бұйымдар қатарына енеді. Алтыбақанды безендіріп, жауыннан, ылғалдан қорғап отырған, бұдан бөлек бір кездері кесіліп алынған ағашқа ерекше қатынаста болған. Көшпенді мәдениетінің феноменін ұсынған дәстүрлі қолданбалы өнер бойынша ең керемет материалдар мұражай экспозицияларында қойылған. XIX ғасырдың соңы мен әсіресе, бүгінгі күні қатары толыққан XX ғасырдың 50 жылдарына дейінгі туындыларды сақтаған этнографиялық коллекциялар, Қазақстан мұражайларының қорлары мен сақтау бөлмелері, кілем-киіз өнерінің, кестенің, зергерлік өнердің, ағашты көркемдеп өңдеу өнерінің, теріні безендіруді және сүйекті инкрустациялаудың үлгілерін ұсынады. Бай инкрустацияланып, өрнектелуі мен қызметі бойынша түрлілікке ие болған олардың жағымды қасиеттері бар: XX ғасырдың бірінші жартысына дейін кең етек жайған тіл- көзден сақтау, қорғайтын секілді наным-сенімдер. Олардың көркемдік-образдық жүйесі мифологиялық көзқарастардың, салт-дәстүрлер мен ғұрыптардың көнедегі қабаттарының айнасы.
Төсеніш және қабырғаға тұтатын киіз, түкті және түксіз кілемдердің, басқұрлардың (таспалар) жинағы едәуір көлемді. Қабырғаға тұтылатын, кестелеп тоқылған түрлі-түсті кілем-түскиіздер аз көлемде ұсынылған (тұскесте, негізі матадан болғандықтан олар тез шіріп кетуге жақын). Қолданылатын материалдардың жалпылығына қарамастан, олардың барлығы әртүрлі ру-тайпалық топтар мен аудандарға тән өздерінің ою-өрнегінің, колористік құрылымы мен өрнегінің өзгешелігімен ерекшеленеді [4]. Киiз үй – ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады.
Шаңырақ – қасиеттi. Шаңырақ – күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi – төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз.Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген.
Шаңырақ отбасының қасиет тұтар дүниесі, тұқымды жалғастыратын белгісі болып табылады. Ол ұрпақтан ұрпаққа беріледі және ата-бабалардың рухын қорғаушы ретінде саналады [5, 21].
Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ – адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды.
Есiк пен төр. Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл – күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi.Есiкке қарама-қарсы бетте — төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады. Егер ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар.Төрдегi адам төрелiк айтады. Төрге ақ пен қара түстi сырмақ төселедi. Мәнiсi, төр – ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген. Мұны Орхон-Енисей жазбасындағы «төр» сөзiнiң мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады.
Қазақ халқының сәндік бұйымдары күнделікті тұрмыс тіршілікте кеңінен қолданылады. Соның ішінде ұлттық киімдердің алатын маңызы зор.
Ұлттық киім – бай тарихи-мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан-жақты мағлұматтар береді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Қазақтардың киімдерді солға қаусыратыны сақ киімдерінде, орта ғасырларда түріктерде кездеседі. Көшпенділердің киім үлгілерінің тігілу мен пішілу тәсілінде сабақтастық сақталған.
Біздің ұлттық киімдеріміз географиялық аймағына қарай да ерекше үлгілер жасалған. Олардың кейбіреуін Жетісу үлгісі, Арқаның үлгісі деп бөліп жатады. Қазақтың ұлттық киім үлгілеріне көршілес тәжік, қырғыз, орыс, түркімен халықтарының киім тігу
тәсілдерінің де тигізген ықпалы мол. Қыпшақтардың ішкі-сыртқы киімдері көшіп-қонуға еркін, жүріп-тұруға, ауа-райының барлық жағдайларына қолайлы етіп тігілген. Негізінен, Еуропаға шалбар киюді үйреткен – Қыпшақтар. Олардың киімдері төзімді, ыңғайлы, қарапайым да әсем болған, мұндай киім киген адамдарға қыстың қаһарлы аязы, жаздың аптап ыстығы, күздің қара суығы, жауын-шашын ешбір қауіп-қатер төндіре алмаған.
Әйел киiмдерiнiң қазақ елiнiң бәрiне мәлiм ортақ түрлерi: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебiс-мәсi, көкiрекше сияқты заттар. Әшекей, ажар жағынан қыз бен келiншек киiмдерi, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбiшелердiң киiмдерi деп төрт топқа арналып тiгiледi [6]. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің ежелгі ұлттық үлгілері мен дәстүрі ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Қазақтың ежелден келе жатқан киіз үйі мен күнделікті тұрмыста пайдаланатын барлық жиһаздары мен заттары ұлттық ою-өрнекпен көркемделіп отырады. Ою-өрнектері қайталанбалы әрі ашық түсті болып келетін алаша, текшелі өрнекті тықыр кілем, әшекей оюлы кебеже сияқты киіз үйдін ішіне тұтынатын сәндік жиһаздармен қатар ағаш ұқсату өнері және жібек жіптермен кестелей тоқу, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұксату (бедерлі инкрустациялы), оймыш, шекіме, бұрама, қалыптама, қаптырма, көз салу секілді зергерлік өнерінің түрлері де өркен жайды.
Қазақ халқының іскерлік қолөнері, негізінен, үй кәсібі түрінде дамып отырған. Қазақ халқының көшпелі тұрмыстық қажеттігіне байланысты қолөнер шеберлері күнделікті мал шаруашылығына қажетті шылбыр, ноқта, жүген, шідер, кісен, ер-тұрман жасаумен айналысып, сазбалшықтан, ағаштан, сүйектен, матадан және мал, аң терілерінен нақышты мүліктер, зергерлік бұйымдар жасап, халық қажетін өтей білген [7].
Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері соғұрлым өсіп, дамып отырды. Қолөнер шеберлері үнемі шығармашылықпен жұмыс істей отырып, халыққа қажетті қолөнерлерінің алуан түрлерін өмірге келтірді. Қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің кереге, уық, шаңырақ бұйымдарын жасау, тоқымашылық, сырмақ сыру, текемет басу өнерлерімен кеңірек айналысқандығы белгілі.
Осы аталған халық шеберлері, мұрагер-шәкірттерінің тынымсыз ізденіс үстіндегі еңбектерінің нәтижесінде қазіргі таңда жалғасын табуда. Ежелден келе жатқан кәсіп қол өнер халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.
Өнер эстетикалық тәрбие берудің басты құралы. Себебі, өнер адамның рухани дамуы мен дүниетанымының қалыптасуымен әсер етеді.
Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қол өнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді, рухани сән –салтанатымызды, болмысымызды қайта жандандырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте – бірте тамаша үлгілерімен еніп, оқушыларға жан – жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине бұл халықтық педагогика негізі болып табылады.
Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика – бұл кезде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл қауымға ортақ әлеуметтік қозғалыс. Жас ұрпаққа көркемдік біоім мен эстетикалық тәрбие беру үрдісі ұлттық өнер құндылықтарын дүниежүзілік рухани қазыналарымен ұштастыру арқылы жүзеге асады. Қазақтың сәндік – қолданбалы өнері арқылы оқушының рухани жан дүниесін байытатын мәдени мұраларын, халық дәстүрлерін игеруге ынталандыратын, өнер туындыларына құштарлығын арттыратын, көркемдік талғамды қалыптастырудың ғылыи - әдістемелік жүйесінің жасалуы бастауыш мектептерде көркемдік тәрбие жұмыстарын жетілдіруге ықпал етеді.
Сәндік – қолданбалы өнерді мектеп тәрбиесінде пайдалану мәселесі, педагогикалық тәжірибелер мазмұнында, өзекті мәселелер ретінде қарастырылып келді. Өйткені, сәндік – қолданбалы өнердің табиғаты, әсіресе халықтық дәстүрлі қолөнердің туындылары, оқушылардың адамзат қолынан шыққан көркемдік мұраларға, ұлттық мәдени дәстүрлерге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуде қоғамдық мәндегі талғам өрісін қалыптастыруда мүмкіндігі өте үлкен.
Халқымыздың өзіне тән нақышты да айшықты қолтума өнерінің табиғаты Қазақстан ғалымдарының (Ә. Марғұлан, Х. Арғынбаев, Қ. Ақышев, Т.Бейсенов, Ә.Жәнібеков, С.Қасиманов) еңбектерінде, әрі бұл өнердің қазақ тұрғысындағы және ұрпақ тәрбиелеудегі құнды пікірлер, ертеде Қазақстан жерін аралаған М.Поло, П.Паллас, А.Вамбери, В.Радлов, А.Янушкович, А.Левшин сияқты шетел саяхатшыларының жол жазбалары мен естеліктерінде көрініс тапқан.
Қола заман тайпаларының қолөнер үлгілері алғаш рет 1914 жылы Ачинск қаласының қасындағы Андронов деревнясының маңынан табылды. Содан бері көне заман тайпалары (андроновтық тайпалар), мәдениет - «Андроновтық мәдениет» деп аталып кетті. Андронов дәуірінен кейінгі сақтар заманында одан әрі дамытылған мәдениет мұралары да кездеседі. Осылардың бәрі қазақ халқының қолөнерінде тамаша үлгі – іздерін қалдырғаны сөзсіз.
Қазақ халқының қол өнері деп халық тұрмысына қажетті жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу /оның ішінде ши тоқу/, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты өнерлер жиынтығын айтады.
Киіз басу, сырмақ сыру, текемет, алаша, құрақ көрпе және ұлттық киімдер мен кілем, ши тоқу сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалпай келе жатқан сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерін үйрету – оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасынқадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық қолөнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен болашақжастарға рухани, эстетикалық, эмоциялық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және салалық қасиеттерін дамыта түседі.
Мектептегі бейнелеу өнері сабағында оқушыларға қолөнер арқылы жан – жақты эстетикалық тәрбие беру, оларды баулу, адамзат қоғамында бұрын – соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік беріп, әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді.
Заман талабына сай мектепте сәндік қолданбалы өнерге, көнеден келе жатқан қолөнерге үйрету бүгінгі таңда үлкен мәселелердің бірі болып отырғандықтан, мектеп бағдарламасына сәндік қолданбалы өнер енгізіліп отыр.
Осыған орай бүгінгі таңда өнер түрлерін жинақтап зерделеудің, оның айналасындағы тәлім – тәрбиесі мол тәжірибе негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеу қажеттігі туындайды.
Зерттеу пәні: ұлттық сәндік – қолданбалы өнер негізінде орта мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: орта мектеп оқушыларына көркемдік білім беру үрдісі.
Мақсаты: сәндік – қолданбалы өнер негізінде оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыруды теориялық және әдістемелік жағынан негіздеу және бастауыш сыныпта оқытудың әдіс – тәсілдерін зерттеу.
Міндеттері: ұлттық сәндік – қолданбалы өнерді оқытудың тәлім – тәрбиелік мүмкіндіктерін зерделеу;
сәндік қолданбалы өнердің тарихы мен оның түрлеріне сипаттама беру;
сәндік – қолданбалы өнерді оқытудағы мұғалімнің мақсаты мен міндеттерін айқындау;
қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшеліктерін анықтау;
сәндік – қолданбалы өнерді оқытудың әдістемесін жасау.
Сәндік – қолданбалы өнерді оқытудың тәлім – тәрбиелік мүмкіндіктері
Сәндік – қолданбалы өнердің тарихы және оның түрлері
Көне заманнан бүгінге дейін тұрмыс - дәстүрімен тығыз қайнасып, өмір сүріп келе жатқан өнердің бір түрі – сәндік-қолданбалы өнер түрі. Сәндік – қолданбалы өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнері тәрізді классикалық өнердің үлкен бір ауқымды саласы ретінде болды, тұрмысқа қажетті көркем дүние өндіруіне қарай сән және қосалқы өнер немесе сәндік - қолданбалы өнер болып бөлінеді.
Тарихи деректерге сүйенсек, сақтар кезеңінде ағашқа бедерлеп мүсіндеу өнері кең етек алғаны, ағаштан ойып жасалған шағын мүсіндер мен ер – тұрман әбзелдерін көркемдеп, ағаш табыттарды безендірген. Мысалы, «қошқар мүйіз» өрнегінің мәнері кесе салғыш өрнегінде, кебеже, жастық ағаш өрнегінде т.б. көптеген көне дүние бұйымдарында сәндік – қолөнер бұйымдары өрнегімен ұштасып жатыр. Археологиялық материалдарға сүйенсек, сақтар дәуіріндегі бұл өнер мұраларын одан әрі дамытуда тұрмыста қолданылатын заттарды әшекейлеп, сәндік безендірумен қатар, өздерінің өмір тұрмысына байланысты суреттері, аңдар мен жануарлардың суреттерін түрлі тұтыну заттарының, тау жартастарының беттерінде бейнеленген.
Тайпалық одақтардың құрылған кезінен бастап қолөнердің жаңа түрлері пайда болып, одан әрі қарай өркендеуіне халық шеберлері өз үлестерін қосып отырды. Қолөнер түрлерінің ішіндегі ою- өрнек өнері белгілі бір жүйеге келтіріліп, сәндік – қолданбалы өнер туындыларына кеңінен қолдана бастады.
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған.
Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелсе, қазірдің өзінде де маңызы жойылған жоқ. Кілем – арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып, әрбір шаршы метріне шамамен 230-400-ге дейін, ал өнбойына бір миллионға жуық жіп тіндерін кетіріп өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым. Жазбаша ескерткіштерге қарағанда, бұрыңғы замандарда киіз үйдің ішінен ұстап, еденіне төсеумен бірге, кілемді киіз үйдің туырлық пен үзігі орнына да жапқан.
Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтынылуы, оның өте беріктігі мен төзімділігіне байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бергі келе жатқан халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі - кілемнің құндылығы жағын сөз етсек, ол өзінің қолданылу жағынан көптеген материалдардан, тіпті металдан да асып түседі десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені, кілем тұтынуға төзімді, оңайлықпен тозбайтын, жыртылмайтын, шаң-тозаңнан тез тазартылатын, ылғалдық пен құрғақшылықты елең қылмайтын, күйде түсуден де қорықпайтын аса бағалы мүлік. Оны алтын, күмістен қымбат бұйымдар сияқты баршылықтың, байлықтың бір белгісі деп білген.
Кілемнің осындай қасиеттеріне байланысты қай кезде, қай заманда болмасын, кілемді, одан жасалатын мүліктерді көбінесе тек қой жүнінен тоқыған. Әсіресе, Орта Азия мен Қазақстан территориясында тоқылған кілемдердің сапасы мен түрі, түсі өте жоғары бағаланған. Оның себебі кілем тоқуға пайдаланылатын қой жүнінің сапалылығын жоғарыда аталған аймақтың шөбі мен суына, табиғаты мен климатына, бұл жерді жайлаған түркі халықтарының ішіндегі, әсіресе, қазақ халқының табиғи таланты мен тіршілігіне байланысты екендігі анықталып отыр. Өйткені, кілем тоқылуға жұмсалатын қой жүнінің ең сапалысы, жіңішке жібектей мамық жүннің алынатын оралығы – Қазақстанның оңтүстік облыстарынан бастап шығыс жағын тегіс қамтиды. Сондықтан да бұл аймақта кілемнің сапалы түрлері көп. Көктемде қырқылып алынатын қойдың жібектей жіңішке, мамық жүні бұл маңайда ерте заманнан мақтамен қатар маңызды орын алған. Осыған орай бұл жерде қой жүнін өңдеуді де көне дәуірден білген. Мақтаны тек кілемнің негізін салу үшін пайдаланған. Әрине, бұдан кілем тек қана қой жүнінен басқадан тоқылмайды деген ұғым емес. Мәселен, Робинсонның еңбегінде туысқан өзбек халқының кілемді арқар жүнінен де тоқығаны сөз болды.[16;41] Кейбір түркімен кілемдерінде мақтаны түр, өрнек салуға пайдаланумен бірге кейде жібектен де кілем тоқыған. Біз бұл еңбекте Орта Азия және Қазақстан жеріндегі кілем тоқу өнері жайлы қысқаша тоқталып отырмыз. Өйткені бұл туралы бұрын-соңды жарияланған еңбектер баршылық.
Дүние жүзіндегі ең үлкен кілем ең алғаш 1959 жылы Ашхабадта тоқылды. Оның көлемі 192 шаршы метр еді. 1965 жылы Түркімен шеберлері мұны екі есе ұлғайтты. Бұл кілемнің көлемі 252 шаршы метр, салмағы бір тоннадан асады. Армян шебері Акоп Кемешян көлемі 46 шаршы метр кілем тоқыды. 1966 жылы Витевск кілем комбинаты көлемі 144 шаршы метр кілемнің салмағы 300 кг түкті кілем тоқыды. Қазақстан кілемшілерінің ішінде 1926 жылы Париж көрмесінде бәйге алған қарт ана Барлыбаева Рымжан, 1950 жылғы республикалық көрменің жүлдегері болған.
Сәндік қолданбалы өнердің ежелгі ұлттық үлгілері мен дәстүрлері ғасырлар бойына сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып отырды. Тіпті, 18 – 19 ғасырларға дейін жеткен қазақ өнерінің халықтық үлгілері өзінің одан әрі даму жолын тапты. Мыс, қазақтың ежелден келе жатқан киіз үйі мен күнделікті өмір – тұрмыста пайдаланатын барлық бұйым – заттары ұлттық ою - өрнектермен көркемделіп отырды.
Әсіресе, ХІХ – ХХ ғасыр ортасында «киіз үй сүйегін жону», «ши тоқу», «ағаш бұйымдарын жону», «кесте тігу» өнерлері дами түссе, зергерлік өнер саласында әр түрлі қыз – келіншектерге арналған сақина, білезік, шолпы, сәукеле, шашбау сияқты бұйымдарды әшекелеуге қолөнер шеберлері аса зор үлестерін қоса біліп ұдайы дамыта үстінде.
Сәндік – қолданбалы өнер тәсіліне қарай ши тоқу, кесте, кілем, сырмақ, құйма, металл, ағаш ұқсату және ою - өрнек өнері болып жіктеледі.
Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің ұлттық дәстүрдің айқын сүрлеу – соқпағы әсіресе осы кезеңдегі ою - өрнек үлгілеріне айырықша көзге түседі. Мұның себебі ою - өрнек өнерінің халық арасында күнделікті тұрмыс харакетімен тығыз байланыста болуымен сипатталады.
Сән және қолданбалы өнер – сән өнерінің бір саласы, тұрмысқа қажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі болып саналады. Негізінен, түрлі үй жиһаздарын ( жиһаз, зергерлік ою - өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сәндік құрал – жабдықтар, сувенирлер, құмыра, сый кеселер, т.б.) жасайды.
Сән және қолданбалы өнерінің материалдары – металл және керамика, ағаш және қыш, асыл тастар, сүйек, былғары т.б. негізгі техникалық әдістері – көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма, т.б. Ол сүйек, ағаш, тері өңдеу , бедерлеу, зергерлік, инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу, көркем мата жасау т.б. секілді салаларға бөлінеді.
Зергерлік өнер - өте ерте заманнан келе жатқан өнерлерді бірі болып табылады. Оны барлық халықтар жоғары бағалап, ең қалаулы етті. Тарихи этнографиялық музейлердегі археологиялық сәнді бұйымдар мен қаулар, теңге – моншақтар, алтын мен күмістен және асыл тастардан жасалған қымбатты заттар әлгі шеберлер қалдырған халықтық мұра болып табылады. [10;9]
Зергерлік – жалпы адамзатты, оның ішінде жас жеткіншектерді сұлулық пен тазалыққа тәрбиелейтін өнер. Өйткені зергердің қолынан шыққан бұйымдардың бәрі – сәндік, әсемдік затары. Бұл зергерлік бұйымдарды әсіресе күміс ер, күміс жүген, өмілдірік, құйысқан, тарпа, айылбасы, үзеңгі, торсық, шақша секілді тұрмыс – салт әбзелдері мен қазақи киім үлгілеріне көптеп кездестіруге болады.
Ою - өрнек белгілерінің тұрмыста кеңінен қолданылатындығына, қазақтың бұрынғы салты бойынша, жаңа туған нәрестеге құтты болсын айтуға барғанда, оған апаратын “ бала жинағы” деп аталатын бұйымдарға малдың, аңның бейнелері салынатын болған. Мұның себебі – балаға айналадағы дүниені таныту.
Оюлап өрнек салу халық өнерінің бір саласы. Оның түрлері мен атаулары күнделікті тұрмыста қолдану, тұтыну тәсіліне қарай, ұқсату мен іске асырылу амалдары да, жолдары да әр түрлі. Мәселен, әшекейлі түр салудың кестелеу, ою, зерделеу, сыру, теру, көз салу, шымкестелеу, мүйіздеу, бастыру, гүлдеу, таңдайлау, кереге көздеу, өткермелеу, шаршылау сияқты салалары ілмелеп, қайып, бүгіп, өткермелеп, тепшіп, шалып, торлап тігу әдістерімен атқарылады. Сондай – ақ өру, бұрау, жону, ойып алу, құю, сызу, бояу, сүйектеу, күмәстеу, бедерлеу сияқты өрнек үлгілерінің үй тұрмысында, өнеркәсіпте, әр түрлі құрылыста, мәдениет саласында, архитертурада, жалпы әлем өмірінің дамуында қолданылады.
Қазақ арасында кеңінен өріс алған кесте өнері ел тұрмысында кеңінен жайылған. Тұрмыс бұйымдары: шымылдық, перде, тұс киіз, жастықтың тысы, т.б. және киімдер: тақия, камзол, бешпет, шалбар, жамылғы, орамал тағы басқалар кестемен әшекейленіп безендіріледі. Қазақтың халықтық қолөнерінде жиі қолданылатын мүйіз тектес ою - өрнектер өзінің даму барысында әр түрлі көркемдік сипат алған. Қошқар мүйіз, арқар мүйіз, марал мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз, сыңар мүйіз және тармақ мүйіз сияқты тағы басқа өрнектер өзіндік сұлу кескін таңбасымен, белгілі бір мән – мағыналы білдіруімен көзге түседі. [18;2]
Ою - өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік қандай уақытта болмасын халықтық дәстүр негізінде сақталды.
Қазақ халқы қаншалықты тарихи дәуірлерді басынан өткерсе де, өзінің киіз үй жасау өнері мен киіз басып, алаша, кілем, ши тоқу, алтын, күміс, асыл тастардан ұқсатып неше түрлі әшекейлі ою - өрнек, әсемдік заттар жасайтын қарапайым құралдарын мұра етіп сақтап қалды.
Қазақстандағы сәндік - қолөнер бұйымдарынының түрлерін, елшілердің жазбалары мен археологиялық қазбалар қорытындылары арқылы шамалауға болады.
Кәсіптік сәндік – қолданбалы өнер саласында ұлттық дәстүр мен соңғы техникалық стильдік даналықтар бірдей тоғысатын гобелен де жетекші рөл атқарады.
Қазақстан сәндік қолданбалы өнері.
Қазақстандағы гобеленнің қалыптасуына Қ. Тыныбеков үлкен ықпал етті. Оның сюжетті гобелендері айқын бейнеленген суреттермен, әр түрлі бояулардың өзара берік үйлесуімен және ішкі қуатымен ерекшеленеді.
Сәндік – қолданбалы өнер келелі өндірістік, технологиялық міндеттерді атқарғанымен, өз дәуірінегі өнер мен мүліктік мәдениеттің даму дәрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі, жергілікті этникалық ұлттық ерекшеліктердің негізінде дамиды.
Сәндік – қолданбалы өнер шығармалары тұтас бір композициялық туындылардың – алаңдардың, гүлзарлардың, интерьердің, киім үлгілерінің белгілі бір ерекше бөлшегі ретінде қызмет атқарды. Сәндік – қолданбалы өнерді пайдаланылған ансамбльдердің көркін көлемдік - кеңістік жағынана болсын, эстетикалық жағынан болсын кең ашады. Қазіргі кезде сәндік – қолданбалы өнер өнердің барлық саласында дерлік қолданылады.
Қазақ халқы - өнер тарихында өзіндік алар орны бар, ерте заманнан келе жатқан алуан түрлі бай өнердің лайықты мұрагері болып табылады.
3. Қазақ қолөнерінің ерекшеліктері мен көркемдік сипаты
Қазақ қолөнері өзінің барлық жағынан да басқа халықтарда кездеспейтін өзіндік ерекшеліктері мен бейнеленіп ерекше орын алады. Қазақ елі ертеден кең дала сахарасын иемденіп жартылай отырықшылық және мал шаруашылығымен айналысып көшіп – қонып отырған халық екені тарихтан белгілі, Дегенмен, қазақ жеріне тарихы терең, өз дәуірінің мәдениетінен кенде емес көне қалаларда болғаны – қазақ жерінің жер қойнауында қалып қойғаны тарихи – археологиялық төбелердің көп екендігі деректі. Сондықтан қазақ жерінде қолөнердің қай түрі болса да өз заманында дами отырып, жалғасын тауып кейбір қолөнер түрлерін қайта жаңғыртуда.
Қазақ қолөнері шығармашылықтың композициялық құрылымы мен шешімі, пішіні, түр – түсі, бояуы, композициялық үндестігі, эстетикалық талғамын қолданысқа қолайлығы, ыңғайлы болуын, үнемді болуын, ұлттық болмыс айнасын тауып өз дәрежесінде дамыта білген өнердің бірі болып табылады.[24;39]
Қазақ қолөнерінің ішіндегі ең негізгісі киіз үй болса, киіз үйдің жасауын, киіз үйдің тұтыну бұйымдарын ойлап табудың өзінің маңызы зор. Сондықтан қазақ өнерінің әсемдік әлемінде ерекше көзге түсетіні – киіз үйдің күмбез төбелі, жұмыр пішінде болып, ең негізінде көшіп – қонуға ыңғайлылығы. Оның сыртқы келбетімен ішкі жиһаздары, олардың орналасу тәртібі, атақарылатын қызметіне сай келуі, ішкі интерьерінің үйесімділігінің бәрі ұлт нақышын бейнелейді.
Қазақ қолөнеріндегі нақыштарды білдіретін белгілерге:
1. Ою - өрнек нақыштары ( оның ішіндегі қошқар мүйіз өрнегі).
2. Күмбез пішін (купол).
3. Ұлттық бояу реңдері (ақ, көк, жасыл, сұр түстердің басымдылығы).
4. Бағалы металл түрлерін қолданылуы ( алтын, күміс).
5. Зергерлік бұйымдарда ( асыл тастар – гауһар, жақұт).
Осы аталған негізгі белгілерде қазақ халқының негізі ұлттық нақыштық сипаты ою - өрнектермен өрнектеліп, көрініп тұрады. Сондықтан қазақ қолөнерінің негізгі арқауы, мәні ою - өрнектермен байланысты болып келеді. Барлық қолөнер бұйымдарының әсемдік ажарын, құндылық жақтарын ою - өрнек арқылы көрінетінігі айқын байқалады.Қай халықтың болса да үстіндегі киім үлгілеріне, олардың ою - өрнегіне қарай қай ұлт екендігін ажыратуға болады. Қазақ халқының қай бұйымын алса да, үнемі мүйіз тектес ою - өрнектер кездесетінін байқауға болады.
Мысалы, әсіресе үй – жиһаздарының ішіндегі текемет, сырмақ , тұскиіз, киіз есік, сандыққап, шым ши, аяқап, әбдіре қаптарға тән негізіг ою “Қошқар мүйіз”) ою - өрнегі (молшылық, байлық белгісі) болса әр түрдегі алаша, тоқыма кілемдер, қоржын, киіз баулар - туырлық бау, үзік бау, басқұр сияқтылардың нақыш арқауы геометриялық (космогониялық) өрнектер басым болып келеді. [11;55]
Ағаштан жасалған төсек ағаш, сандық, әбдіре, жүкаяқ, кебеже, жағлан, саба аяқ, тегене, шара аяқ, кесе қап т.б. бұйымдарда басым көпшілігінде нақыш белгілері өсімдік пішіндес гүлдік өрнектер басымдау болып келеді. Қазақ қолөнерінің ішіндегі ұлттық ою - өрнек өзінің нақыштығы мен сипатталып адам көркін аша түсетін ұлттық киімдер болып саналады. Оларға: ең құндылығы ұзатылған қыздың үйінен киіп шығатын ең қымбат бұйымының бірі – сәукеле болған. Ертедегі қазақ қызының сәукелесінің әшекейі, сұлулығы, қымбаттылығы соншалық бір жылқының құнымен теңдес болған. Қазақ қолөнерінің ішіндегі қазақ салт – дәстүрінде өзіндік орын бар, өзіндік ою - өрнегімен еренкшеленетін бұйымның бірі зергерлік бұйымдар. Оларға.Сақина, алқа, шолпы,өңір жиек, тұмарша, сияқты әшекейлік бұйымдарда қоланылатын ою - өрнектердің басым көпшілігі космоногиялық өрнектер ( ай, күн, жұлдыз) қолданылады.
Қолөнер шеберлері ою-өрнекті әр заттың өзіне лайықтап, жарасымын, үйлесімін, сәнін тауып жасаған. Жасаған затпен ою-өрнек бір-бірімен өте сәнді қабысып, шынайы көркемдік беріп отырған. Ою-өрнек түрлері өте нәзік түрде түскен. Жалпы ою-өрнек жасаушы шебер оюды олпы-солпы болудан сақтауы, әсемдігіне жеткізе білуі керек.
Өнер зерттеушілерінің пайымдауынша қазақ ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытынды бар:
1. Қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары.
2. Басқа халықтардың мәдениетінен ауысқан.
3. Уақытқа қарай бейімделу.
Ертеден қазақ ою-өрнегі мазмұны жағынан үш түрлі ұғымды бейнелейді:
1. Мал өсіру мен аңшылық.
2. Жер-су, көшу-қону.
3. Заттардың сыртқы бейнесі.
Осылардың қайсысында да қошқар мүйіз оюы қолданылып араласып отырады. Ою, сызу, бедерлеу ру, тайпалардың таңбаларында, малдың ең-таңбасында, ай, жұлдыз, аспан әлемін тұспалдауда орын алады. Шеберлер сүйекті ойған, ағашты иген, тасты қашаған, мүйізді балқытқан, металды өңдеген. Әсемділікті таңдай да, жасай да білген. Осындай әсемдікті таңдай білген хас шебер оюшы зергеріміз осы ою-өрнекке бояу түрлерін пайдалануды да жете меңгерген. Халқымыздың ою-өрнектерінде басым түс ақ пен қара болып келеді. Бұл ою-өрнектің ең шешімін тапқан жарасымды түрі болып есептеледі. Ою-өрнектің тұрмыста пайдалану ауқымы өте кең. Оюдың жекелеген тармақтарынан бастап үш түр, төрт түр, бес түр, алты түр, т.б. тармақтарынан әрі қарай өрбіп, кеңейе беретін күрделі оюлар да біздің ұлттық дәстүрімізде тұрмыста үнемі қолданыс тауып келген.
Халқымызда жазу болмағанда ою-өрнек болды. Сол ою-өрнек арқылы халқымыз өз тыныс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мәдени құндылықтарын жоғары деңгейде дамыған тұрмыстық қажеттіліктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, дамытып отырды. Келешек ұрпақ мақсаты осы киелі өнерді әрі қарай дамыта отырып көздің қарашығындай сақтау.
2 Қазақ халқының ши орау өнері
Ши тоқу (орау) өнері көшпелі және жартылай отырықшылықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрікмендер, жартылай отырықшы өзбектер, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін тоқылған ши қазірге дейін кеңінен пайдаланып келеді. Оны киіз үйдің құрамды бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ қазақтар мен қырғыздарда оларды үй ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де қолданады. Тоқылған шиді киіз үйдің есігіне ұстау үшін де пайдаланады. Оны әр түрлі шаруашылық мүддесіне, мәселен, киіз басу сияқты жұмыстарда да пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі , тез тозып қалмауы үшін төсеніш ретінде киіз астына төсейді.
Тоқылған шиді қазақтар сияқты қырғыздар да, жартылай көшпелі басқа да шығыс халықтары да пайдаланып келді. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу үшін шыпта жасау сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан-ақ пайдаланған.
Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы.
Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден өзіне керекті күнделікті тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып алады.[23;18]
Қазақ халқының қолөнер саласында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас қалып келе жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши деп үш топқа бөлуге болады. Мұндай ши түрлері қазақ арасында әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Мысалы, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе құрт, ірімшік, т. б. Жаю үшін, сондай-ақ сүзгіш шыпта жасау, үйдің төбесін біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданатын болса, ұзына бойы түсті жүнмен немесе жібакпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһазының бірі болып есептеледі. Ал өн бойы тұтас оралмай әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.
Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыдағы айтылған шидің соңғы екі түрі: шым ши мен орама ши пайдаланылады. Шым шиді кейде “жез ши” деп те атайды (бұл ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған атау болса керек). [33;21]
Өрнектеп ши тоқу өнерін де қазақ шеберлері қолданған. Олардың ши бетіне салған түрлері “жүзтеру” деп аталды. Әр қайсысы шаршыға тең алты шаршыдан кейін, оның екі жағынан шыбық ши, одан кейін, алақан ши жалғасады. Алақан шиге түр салынбайды. Көшіп-қонғанда түр салынған жағы түтіліп, тез тозып қалмау үшін, алақан ши шым шидің екі жағынан салынады. Кереге сыртынан бір босағадан екінші босағаға дейін, шиді айналдыра тұтуды – ши ұстау деп атайды. Ұсталған шидің екі шетіндегі керегеге байланатын жіпті шибау дейді. Халық шеберлері табиғаттың байлығын өздерінің күнделікті тұрмысында қажетке жаратуға өте ұста болғанын ертеден-ақ білеміз. Оған керегеге тұтылар киізді шимен ауыстырғаны қарапайым ғана мысал бола алады. Даланың шиін өңдеп, тоқып, кәдеге жарату қиын да жұмыс болмағанмен оныкөркемдеп, мәнерлеп, әдемі кілем іспетті дүние ету оңай да іс емес. Әйтеуір халқымыздың қалаулы шеберлері жасаған шым ши киізүйдің керегесін сыртынан жауып, киізесіктің ішкі жағынан тұтылады. Шидің әрбір сабағына түрлі-түсті жүннен, кейде жібектен оралған белгілі ою-өрнектермен түгелдей безендіріліп өрнекті де әсем заттар мен дұйымдар жасау ертеден мәлім, ши өңдеу мен тоқуға қатысты қалыптасқан терминдер де бар.
Қазақтың ою-өрнегінің түстері мен бояулары
Өрнек-әшекейлерді бояуды түсіне қарай ойластырудың зор мәні бар. Әрбір түс белгілі тәртіппен кезектесіп отырмаса өрнек әрсіз, нашар болып шығады. Ретсіз орналасқан бояу түстері қандай жақсы ою-өрнекті болса да күңгірт, солғын түске айналдырады.
Ою-өрнектерді әр түсті бояулармен алмастырып отырудың кейде мазмұнға байланысты логикалық ұғымы да бар. Мысалы, өсімдік бейнесіндегі өрнектерге жапырақты кестелеген шебер, не көктем кезіндегі алқызыл, не жасыл түс беруді, не күзгі күрең қызыл, сарғылт тартқан солғын көк түрінде беруді қарастырады. Содан кейін осы мазмұнына қарай маталарды, кесте жіптерінің түстерін таңдап алып, оны табиғат көркіне лайықтап орналастырады. Бірақ мұны жүзеге асыру үшін шебердің ептеген суретшілік қабілеті болуы керек.
Бояу мен түстерді таңдап пайдаланудың қазақ халқының этнографиялық тарихымен де байланысты символдық мәні де болған.
Қазақтың өрнек өнерінің тақырыптары сан алуан. Өрнектердің негізгі элементтері космогониялық, зооморфтық тақырыптардан, өсімдік және геометриялық пішіндерден тұрады. Әсіресе көбірек кездесетіндер: айшық гүл, жұлдыз гүл, күншығар. Зооморфтық стильге тығыз байланысты элементтер – қошқар мүйіз. Осы тақырыпты стилизациялау нәтижесінен иірім, шиыршық үлгілері шыққан.
Фон және суреттердің түсі жөніндегі шешімдер композициялы болып келеді. Қазақта қайсыбір түстердің символдық мәні бар: көк түс-аспап.
4.Қорытынды.
Қазақ халқының қолданбалы өнері ұлттық мәдениеттің баға жетпес қазынасын құрайды. Өзінің сипаты бойынша оптимистік және көңілді, ол ғасырлық дәстүрлерді және дарынды шеберлердің бірнеше ұрпағымен құрылған ежелгі дала мәдениетінің терең символдық бейнелерін көрсетеді.
Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ Қолданбалы өнер коллекциясы көп жылдық жинау, зерттеу, сақтау қызметінің нәтижесі болып табылады. Қазақтар келесідей дәстүрлі қолөнер түрлерімен: өрнекті киіз жасаумен, тоқымамен, кесте тігумен, ши тоқумен, ағашты, металды, тері мен сүйекті көркем өңдеумен айналысты.
Коллекция үлкен ғылыми қызығушылық тудырады және ежелгі көшпелі мәдениет қойнауында пайда болған барлық қазақ халқы үшін біртұтас материалдық, көркем және эстетикалық құндылықтар жүйесінің өміршеңдігінің көрнекі үлгісі болып табылады. Қоршаған әлем туралы ғасырлар бойы жинақталған бейнелеу әсерлері қорын қазақ халқы өзінің бай ою-өрнек өнерінде жүзеге асырды. Бұйымдардың әшекейінде ою-өрнектің геометриялық, зооморфтық, жұлдызды, өсімдік және адам тәріздес сарындары қолданылады, онда тірі табиғат бейнелері ежелгі нанымдар мен космогониялық мифтердің жаңғырығымен тығыз байланысады.
Қазақ халқының бүкіл өмір салты шығармашылыққа толы болды. Қазақтың дәстүрлі өнері тұрмыстан ажыратылмайды, оның сұлулығы, үйлесімі және мағыналық құраушысы бізге оның рухани қасиеттерінің, сипаты мен дүниетанымының синтезін анық береді. Халық шеберінің әрбір бұйымы - ұлттық болмыстың практикалық, көркемдік және рухани жағынан өзіндік синтезі. Оның пайдалылығы мен сұлулығы тұлғаның эстетикалық дамуына ықпал ете алады, өз мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін сіңіре алады.
Егеменді еліміз, тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан осы бүгінігі өркендеген заманда өнер-мәдениетінің өзекті салалары мен тарихи дәстүрлі негіздерін, көркемдік эстетикалық теорияның заңдылықтарын, принциптерін зерттеп қалыптасып дамуына, теориялық тәжірибені практикалық жағдайда қорытып іске асырып ары жалғасуына, оны ұлт игілігіне пайдалануына ықпал жасап, мүмкіндіктер туғызып отыр. Оның айғағы президентіміздің мәдени мұраны жандандыру қаулысы.
Атадан балаға мирас болған мәдени мұраны, ата мұраны сақтай отырып бейнелеу, кескіндеме, мүсін, дизайн, өнерлері арқылы қолданбалы қолөнерін басқа жаңа деңгейде қайта жаңғырту, жаңа замануй талабына сай жаңарту, көзін ашу өнер қайраткерлері мен ғалымдардың атқаратын маңызды міндеті болып табылады. Кәзіргі таңда ұлт мәдениетін инновациялық жол мен дамыту, халық ауыз әдебиетін, сөз өнерін, қол өнерін, саз, әуендерінің үдірістерін зерттеу біздің міндетіміз. Ата – бабаларымыздың қолдарымен жасаған өнер түрлерін санамызда ұстап, есімізге алып тарихи бағаларын беріп, оқып дамыту өшпес соқпақты даңғыл жолға айналдырып, болашақ жас ұрпаққа қалдыру халықтық, мемлекеттік іс.
Заманымыз бен уақыт ағымының бір тоғысқа келіп, тарихи ұлттық сана мен танымның оянып, мәдени мұраны халықтық салт-дәстүрді, қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тек үй тұрмысында халық шаруашылығында тәжірибе жүзіңде ғана қолданбай оның көлемінің кең екенінің негізінің теориясын оқып зерттейтін дәлелдейтін, уақыты келді. Бүгінгі таңда Қазақстанда өнер ғылымынан тәжірибесі мол, өнердің теориясының негізін зерттеуші ғалымдарының білім, ғылым деңгейінің кемеліне келіп, тыныс көздерінің молайып биік шыңына шыққан кезі. Марғулан Әлікей, Байжігітов Болат, Қасиманов, М. Мұканов т.б.
Сондықтан, қолданбалы өнерді, дәстүрлі халықтық өнерді, профессионалды сәндік қолданбалы өнерді, бейнелеу өнерін талдап зерттейтін оны жас буынға, жеткіншектерге жеткізетін, оқырманға дәлелдеп түсіндіретін біз, білім беріп іске асырып өнер мен білімді дамытатын бала бақшаның, бастауыш, орта мектептің арнаулы оқу орндарының үлесінде.
Мәдени мұраны, сәндік-көркемдік эстетикалық танымды дамыту өнер-тануды, бағалау — бейнелеу, кескіндеме, сәндік қолданбалы қол өнер бағыттарын, композициялық құралымын, шикі заттарының түрін, сәндік әсемдігін барынша айқындап көрсететін, дәлелдейтін өнер туындылары, қолдан жасалған шығарма бұйымдары, заттарының өздері. Өнер заттарының бітім эстетикалық сұлулық әсерлері мен бірге — пішінін, түр сипатын, композициялық көркемдігін және тәжірибе іс жүзінде тұрмыста қолдану саласының бір – бірімен ажыраспас тұтастығын, ғылыми теориялық тұрғыдан зерттеу, қажет.
Осындай көлемді, ауқымды мәселелердің, өнер мұраларының тек қана үй тұрмысына, шаруашылық қажетіне, адамның тәжірибелік пайдасына, ғана керек деп қана қараудың қате ұғым, тарөрістілік, шешімін таппаған ой. Оның себебі, қол өнер заттарының өмірде тұрмыста қолданудан басқа да, эстетикалық әсемдік сипаты, көркемдік бейнелері, туынды образдарының көрерменге тұтынушыға шынайы беретін әсері айғақ. Бұның бәрін ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, ажырату біздің ғалымдардың, өнер теориясының тарихын зертеушілерінің, практикалық тәжрибе негізінде суретші-шебер мамандарының үлес еншісінде. Д. Арғынбаев, Дәркенбай Шоқпар ұлы т.б.
Мәдениет адамзат өмірінің тіршілік болмыс бейнесінің рухани байлығының ең маңызды бөлігінің бірі, тірегі, негізі. Бәріміз бүкіл адамзат hауымы өнер әлемінің мәдениетінің тұңғыйық құшағана міңгілікке үнсіз сүңгіп сінгенбіз, одан шығу мүмкін емес. Мәдениет мұхитының толқыны өнер пен ғылымды адамзат игілігіне алақанға салып игеруіне, електеп әкеп ішкі жан дүниесіне сіңдіріп, рухани байлығын дамытып оларды, болжам, ойлау, ақыл, білім, ғылым, арқылы деңгейлерінің өсуіне жол ашып жалғастырып келеді [1].
Мәдениетті игеру қанша күрделі болғаны менен адамзат өмір тіршілігінен бөлінбейтін, өмір мектебінде дәлелденген рухани мұра азықтар. Мәдениеттің қоғамдағы ерекше орын алатынын тәжірибе және ғылыми түріндегі тұжырым мен көрсетуіміз керек. Бұл арада білім мен ғылыми көзқарастың қатар ұштасып, өнердің сан салалы, әрқилы табиғи ерекше көрністерінен күрделі компоненттерінің адамзат мәдениетіндегі алатын орнынан бастаймыз. Рухани мәдениетінің негізгі компонент көздері саяси ақыл; мораль, этика; эстетика, философия; дін, ғылым; өнер; әдебиет. Ғылым мен білім мәдениеттің өшпес бастуыш көздері және жеке — жеке мәдениеттің мазмұн мәндерін, сапа — салаларын ашатын сара даңғыл жолының сарапталған соқпақтары, түп тамырлары.
Ғылым мен білім рухани мәдениеттің ең басты компонентерінің негізгі системаларының фундаментінің негізі десек. Олар гуманитарлы ғылымның археология, этнография, тарих, антропология, өнер тарихы, филология, философия секілді көптеген бағыт негіздеріне сүйенеді. Білім мен ғылым тарихы зерттеуші әліппесінің бастаушысы ретінде ізденуші ғалымға жол ашып бағыт береді, дәлелденген ғылыми істердің тиянақты формасы мен формулаларына, концепцияларына бағдарлайды
Гуманитарлы ғылым тарихи ізденіс нәтижесінің формасы ретінде дәлелденген деректері арқылы әлемдік дүние танымның бір концептуалды бөлігін ғана көрсетеді. Олай болса рухани мәдениет, өнер, білім саласында гуманитарлы ғылымның алатын орны ерекше. Жалпы әлемдік танымды оқып білмей, үйреніп ұқпай материялдық пәнді, оның физикалық, химиялық, механикалық кұрылымын жалпы дүниенің өзгеру әсерін танып ұғу қабылдау қиын. Сондықтан ғылым адамзат мәдениетіне көне ғасырлардан сіңіп орнын тапқан күделі де негізгі адам білімін қалыптастыратын білім жүйесінің биік сатыдығы ізденіс қортынды көзі, фундаменті, нақты тиянақты дәлелденген формасы.
Ғылым олар /фундаментальды/ негізгі түпкілікті ғылым және /прикладное/ қолданбалы ғылым деп үлкен екі күрделі топқа бөлініп ары қарай жіктеледі де әр ғылымның сала- саласы бойынша эксперименттен өтіп зерттеліп дәлелін тауып тәжірибе жүзінде іске асады. Біз гуманитарлы ғылымның өнер саласындағы атқаратын ролі мен өнерге концептульды өзгеріс беретін тиянақты түрлеріне теория жүзінде тоқталып нақты дерек дәлелдер келтірмекпіз.
Жалпы бейнелеу, сәңдік қолданбалы қол өнердіңкомпозициялық құрылымы шығарманың туындылық мазмұн мәні, тарихи болмысы эстетикалық заңдылықтары, категориялары, принциптері, философиялық сипаттары осы өнердің қайнар, қолдану көзі айқындаушысы екендігі ақиқат. Сондықтан тас дәуірінен біздің заманымызға дейін жеткен қазақ өнерінің қайнар көздерін, жас ұрпаққа көркемдік, әсемдік мәдени мұра ретінде ұсына отырып оны жан-жақты зерттеуіміз керек. Оның бейнелеу, кескіндеме, сәулет, дизайн өнерлері мен заңдылықтарының, бір – бірі мен ұқсастықтарын салыстыра келе, қазақ қол өнерінің көпқырлылығын, маңыздылығын мәнін және адамзат өмір тіршілігіндегі алатын орнын өнер зерттеу ғылымы арқылы көрсетіп анықтамақпыз [2].
Қазақ халқының қол өнерінің негізінің теориясын зертеу үшін, оның басқа өнер түрлерінің арасындағы алатын орнын, теориялық маңызын мәнін, мағанасы мен мазмұн түрін, құрылымын анықтап ұғып ақиқатығына көз жеткіп алғанымыз жөн. Сонымен қатар басқа да жер бетіндегі халықтардың да өнер түрлерінен айырмашылығы неде, қандай ұқсастықтары бар, болмаса бір-біріне тигізетін әсерлері қандай деген көптеген сұрақтар жауабын табуды күтуде.
Жаңа заманымызға сай тұрақты дәстүрлі түрде дамып келе жатқан осы ерекше өнерді ары қарай қалай дамытпақпыз? Ал, қолданбалы қол өнері дегеніміз не нәрсе? Дәстүрлі халықтық қолданбалы қол өнері дегеніміз не? Сәндік қолданбалы қол өнері, дегеніміз не? Осы үш ұғымның бір-бірінен айырмашылығы барма? Бір — бірінен қалай бөліп алып түсіндіруге болады? Әлде бәрі бірақ ұғым ба? Сондықтан осы қолданбалы қол өнердің өздерінің айырмашылықтарын тауып, ғылыми тұрғыдан дәлелдегеннен кейін ғана оларды басқа бейнелеу, мүсін, сәулет, дизайн, графика өнер түрлерімен салыстырып композициялық, конструкциялық, концептуалдық бағыт мақсаттарын ажыратып ерекшеліктерін дәлелдемекпіз. Осындай сан қырлы қолданбалы өнердің маңыз-мәнін ұғу сөзбен істің мәтін, этимологиясын дұрыс түсінуімізді қажет етеді. Сонда, көне заманнан қалыптасқан қолданбалы қолөнер деген тұжырымы мен бейнелеу, кескіндеме өнерілерінің түпкі түйіннің өнер шаңырағының түбірі мен тамырларының кіндігінің бір екенін байқаймыз. Өнердің түпкі тамырының бірлігінің негізін зертей келе, оларды жеке-жеке талдап, өзара ерекшеліктері, ұқсастықтары мен қатар қайшылықтарын тауып көрсетіп, ажыратып болашақ ұрпаққа жаңа үдерістерін жеткізбекпіз. Міне бізді талай жылдар мазалап, қозғаған осындай көптеген ойлар мен сұрақтар осы еңбекті ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, ақиқатын тауып талдап жас өспірімдерге, оқушыларға, жалпы өнер тарихын сүюші қаумға, ұсынуымызды мәжбүр етті.
Олай болса, осы еңбекте өнер түрлерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, жалпы методологиялық, композициялық айырмашылық-тарын айқындап, теориялық және тәжірибе тұрғысынан алатын орындарын, іс жүзіңде атқарылған шығарма- туындылар арқылы дәлелдеп көрсетіп, өнер шаңырағының әлліппесінің негізгі түп қазығы діңгегі қол өнерді дәріптемекпіз.
Өткен ғасырлардан үзілмей бірнеше эволлюциялық тарихи процесстерді басынан өткеріп өшпей жалғасып келе жатқан көне халықтық өнер, шебердің маңдай терімен, шыңдалған қолының шеберлігімен шыққан дәстүрлі қолданбалы қол өнер бүгінгі таңда жаңа заманда кімге керек, неге қажет, оны білудің, әдістерін, жасау технологиясын оқып үйренудің қаншама қажеттілігі бар? Оқып үйренген күнде одан алатын көркем-эстетикалық әсеріміз бен талғамымыз және, ақыл ой парасатымыз қандай дәрежеде, болмақ ? Осы халықтық өнерді танып, білгенде оның жас ұрпаққа беретін, тәрбиелейтін өзіндік жолы, сара жолы, сапар жолы қандай болмақ? Сондықтан осы ғылыми теориялық еңбектің түбегейлі мақсаты, концептуалды бағытты жоғарыдағы айтылған ойларымызды жас буын балаларға, студенттерге, оқырмандарға ғылыми тұрғыдан дәлелденген, зертеу нәтижесін түсіндіру, педагогикалық білім жүйесі арқылы оқытып үйрету. Ал, практикалық еңбектің қортындысын туындыларды көрме залдарынан, музейлерден орын беріп көрерменге көрсету, бағасын алу ал сұраушы, тұтынушыға шығармашы еңбек — тундыны сатып алуына ұсыну.
Әрине қазақ тіліндегі, ой ұғымындағы, сана-сезіміндегі, ақыл-есіндегі қол өнері-дегеніміз ол адамның қолының шеберлігін, ісмерлігін, іскерлігін, көрсету, шебердің-суретшінің ой өрісінің кеңдігін, ақыл парасатының, алған білімін тәжірибе- іс жүзіңде қолдана білуін дәлелдеу, дәріптеу қолынан шыққан туынды шығарманың композициялық шешімін, көркем-эстеттикалық әдемілігін, көркемдігін, конструкциялық құрылымын, технологиялық әдістеме, техника жолдарын туынды-шығармаларда қас шеберлікпен қолданып соны көрермен тұтынушыға көрсетіп силауы айтылған ойымыздың дәлелі болмақ.
Шығармашылық туындыдан шебердің философиялық ойлау, көру, есту, болжау, түйсік сзімдерінен туған: — ойдан-ой, сезімнен-сөз, сөзден іс, көруден- эстетикалық сұлулық-әдемілік, шынайы нақты көруді, түбегейлі болжамды шешімінің нәтижесін көреміз. Ал, ақыл-ес пен ойдың тоғысунан оянған психологиялық сезімнің, философиялық ойлау шыңына ұштасуынан ақыл парасаты, идеяологиялық ойдан жалғасын тауып, материялық дүние туынды-шығармаға айналғанын байқаймыз. Туынды-шығарма, бұл таланттыны толқытып толғандырған ақыл мен ойдың тоғысуның парасатты ісі, материялдық дүниеге айналған идеяның, ақылдың жүйелі жемісі, картинадағы, бейнедегі көркем өнердегі сюжет, образдардың, конструкциялы форма пішіндердің жанды тірі көрнісі, бейнесі. Бейнелеу, қолданбалы сәндік қол өнердегі сюжет, образ, форма, пішін, конструкция, құрылым жалпы композициялық шығарма-туынды, тану-таным процесстері арқылы қабылданады, оқылады, жасалады осы заңдылықтарды суретші шебер жетік жақсы игергенен кейін ғана көрерменге туынды шығармаларын талдап сынауға ұсынады [3].
Ежелгі өнер тану ол-ойлану, естану, елтану, адам тану, тіл тану, тәңір тану, ғарыш тану, табиғат тану, дүние тану олай болса-өнер ғажап әлемнің мәдениеттің рухани бесігі, ізденіспен ашылатын қақпасы ғарыштап биікке көтерілетін шаңырағы, ой мен істің жүзеге асқан шығармасының жемісі, рухани байлық пен, рухани мәдениеттің мөлдір көздері, септеуші дәнекерлері. Осы категориялардың бәрі адамның қозғалыс іс әрекетінің кеңістігіндегі орнымен анықталып орындалады. Олай болса, дүние танымының ең басты тұлғасы, кейіпкері, қайраткері — адам, өлшемі де — адам біз бен сіз. Адам, физикалық материялық жанды, саналы дүние ретінде табиғиғаттың бір бөлігін, бірінші өлшемді құрайды, рухани байлық философиялық ойлау, есту, көру, ес, ақыл қасиеттері мен идеяологиялық екінші өлшемді құрайды. Адамның өзін табиғаттың саналы жанды мүшесі десек, оның материялық дүниедегі орны кеңістік, алды-шығыс, арты — батыс, оң қолы — оңтүстік, сол қолы — сол түстік, табаны — жер, төбесі — көк әлем, аспан ғарыш денесі жерде ойы көкте.
Өнердің тілі сөз де сөйлем де емес, ол көзбен көру арқылы көркем бейнені, образды, ою-өрнекті, кескінді көз арқылы көріп бағалау, сынау, жасау бір десек туындыны паш етіп көрерменді ойға қалдырып сөйлету, ал ой арқылы ақылға салғызып білімді қуат етіп, өнер заттарына жан бітіріп сезім арқылы байланыстырып, адаммен тілдестіру, ұғыстыру оқыту жүйесін жасайды. Өнердің тілі тілсіз тіл, жан қобалысын, жүрек сезімін оятатын ол нақты өнердің өзі жүректің көзі, рухани байлықтың негізі, көзбен көріп, ой мен толғап, ақылға салып сүйеніп, сөз әуені үні мен құлаққа қандырып естіттіп, шебердің қолынан шеберлікпен орындалып шыққан бұйымдар, заттар осы айтылған ойларымыздың жүйелі қортындысы болып табылады.
Рухани байлықтың кәсіби өнердегі көздерінің негізі идеядан, тақырыптан, түсініктен, елестетуден, болжамдық ғылыми теориядан, қөркем образдан, көркем шығармашылық сюжеттен және әр түрлі композиция заңылықтар мен принциптерінің үйлесуінен қалыптасады. Осы рухани байлықтың жеміс көздерінің негіздері ерекше бір материяалдық дүниеге айналып құнды өнер заттарын құрайды. Олай болса рухани байлық, рухани мәдениет адамның творчествовалық іскерлігімен ой- ақыл парасатының, ішкі жан дүниесінің, көзқарасының, білімінің, шеберлігінің қортынды түйіні жемісі, нәтижесі, олай болса шебердің туындысы көркем шығарма болмақ.
Ой мен сөз олардан – ес пен ақыл арқылы жүйеге асқан іс, өнердің, жасанды дүниенің түбірі, жүйелі қортындысы, осының бәрін философиялық категориялар деп алсақ, оларды жүзеге асырудың өлшемі уақыт пен кеңістік, қозғалыс, еңбек. Бұдан туатын өзекті ойлар өзіңді-өзің танып білу, олай болса өзтаным өнері бізді ғылыми теория арқылы өзіңді білу-өнеріңді білу, өнеріңді білу рухани азығыңды білу түйсіну, түсіну, ел-жұртыңды білу, ұғыну туған халқыңды білу, халқыңды біліп туған елің мен жеріңнің өнер реңктерінің диапазондарын әлемдік деңгейге көтеру, таныту. Бар табиғи дүние әлемі /природный мир/ жер, аспан, көк әлем, мұхит, өзен-су, көл, тау-тас, ағаш пен орман, гүл-жапырық, жан-жануарлар, құрт-құмырсқа және адамзат бәрі табиғаттың жаратақан бірінші табиғи мүшелері. Осының бәрі бір жаратушының күшімен ең бірінші табиғи дүние әлемін құрайды. Бұдан шығатын қортынды табиғаттың өзі суретші демекші біздің бәрімізді қоршаған ортамыз табиғат, сол ортаның саналы еңбекқоры адам, арықарай екінші ортаны жандандырып тудыратын да адам, жасайтын да адам. Енді сол адам қолымен жасап тудырған еңбегінің, ақыл ой парасатының жемісін дәлелдеп айтқан ойымызға көз жетізбекпіз.
Жоғарыда айтқандай екіші жасанды дүниені /исскуственный мир/ адам ақыл ойымен тауып, өз қолдарымен сол затты, дүниені жасап келеді. Сондықтан осы жасанды, жасампаз дүние адамға тәуелді оны адам өзі зерттеп игеріп игілігіне жұмсап өмір-тұрмыс қажеттілігіне пайдаланып отыр. Осы екінші жасанды орта адамның ойлау, ақыл-парасатының, іскерлік еңбегінің, қозғалысынан уақыт өлшемі мен кеңістік әлеміне дүниеге келген жасанды орта, алған білімінің, игерген ғылымының, өзінің қолы мен жасаған екінші дүние әлемінің жүйелі үдірісінің материалдық жемісі.
Жасанды дүние-мүлікке адам еңбегінің жемісіне, қолымен жасап пайдаланып келе жатқан мыналар жатады: ғимарат сәулім үйлер, машина, самолет, поезд, корабель, үй-жиһаздары, мебельдер, диван-төсектер, киім-кешектер, аяқ киімдер, ыдыс-аяқтар, тұрмыс заттары, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері т.б. адам қолымен жасалған барлық дүние мүліктер жатады. Олардың бәрі табиғи шикізаттар мен қоса заман талабына сай жасанды шикізаттарды игеріп пайдаланудан туады. Осы адам баласы қолданып келе жатқан барлық қолданбалы дүние, заттары қолдану, пайдалану аясына сай әртүрлі шикі заттардан таңдалып, ойланып жасалған жобаға сай алынып іске асады.
Бұдан туатын тұжұрым- қолданбалы қол өнер, дәстүрлі – салтты қолданбалы қол өнер, сәндік қолданбалы қол өнер деп адамның қолының таңбасын, белгісін туынды шығармада көрсетілген образдар бейнесін, ою-өрнектерді бір материялық затқа қондыру, көшіру болмаса жеке туынды шығарманы әр түрлі нақышты формаларда, пішіндерде /формообразование/ орындауды, әртүрлі шикізаттардан көркемдеп өңдеп композициялық ойдың жүйелі қортындысын алуды айтады. Қолданбалы қол өнердің өзін ірі-ірі үлкен үш топқа бөлеміз, енді оларды жік — жіктеп және әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктерін атап көрсетпекпіз. «Қол өнер» — деген сөзі мен сөйлемінің этимологиялық ұғым түбірі, мәтін мағанасы бір болғаны менен текстологиялық ұғымы, қол өнерді істе қолдану, тұрмыста пайдалану аясы әртүрлі, әдістеме-технологиялық дайындау жолдары бір – бірінен айрықша. Қолданбалы қол өнер салалары әр түрлі шикізаттардан /ағаштан, темірден, жезден, мыстан, алтын-күмістен, теріден киізден, тастан, шыныдан, балшықтан, гипстен, жүннен, қағаздан боялып, киылып, қашалып ойылып, иленіп, өріліп, құйылып, тоқылып, кестеленіп шебер өңделіп, көркемделіп шикізат формасынан қол өнер туындысына, творчествовалық шығармаға айналады. Заттардың физикалық қасиеттерінің өзгеру процесстерінің заңдылық жолдары мен айтқанда табиғи шикізаттар бір заттық формадан, екінші жасанды конструкциялық формаға, композициялы эстетикалы көркем-әсемді сәнді бұйымға ұласады. Бұл шикізаттар өңдеу процесстері арқылы осы қол өнердің үш түріне де тәуелді, барлық түрлерінде бірдей қолданылады. Қарап отырсақ, бір қол өнердің өзін- де көбіне қарапайым адам байқап аңғара бермейтін қол өнерді пайдалану ісінде, этимологиялық ұғымда, мәтінде қолданбалы қол өнер деген сөзбен іске жүгінген үш түрлі айқын өнер көрнісі тұр. Оның айқыдаушысы- қолдану, пайдалану деген сөз үғымы, баядаушысы- қол өнері осы екі ой тұжырымынан қолданбалы қол өнердің текстологиялық және этимологиялық процесстерінің негізі туындайды. Мұндай ой елегінің талдауынан өткен ғылыми тұжұрымды, тек осы өнерді терең ұғып түсінетін, оны көре білетін мамандар ғана аңғарып түйсінуі, түсінуі, көруі мүмкін Міне біз сіздерге осы болар болмас айырмашылықтарды айтып түсіндіруді, көздеріңізге көрсетіп жеткізуді жөн деп білдік. Бұндай талдаулар бұрынғы өнер зертеушілерінің еңбектерінде айтып көрсетілмеген талданып дәлелденбеген. Қорыта келгенде қолданбалы қол өнері туралы үш түрлі түсінік, ұғым этноним пайда болды. Біріншісі қарапайым қол өнер зат-бұйымдары, екіншісі атадан балаға мирас болған халықтық дәстүрлі қолданбалы қол өнер, үшіншісі сәндік кәсіби дағдыға айналған қолданбалы қол өнер. Біріншісінен ұққанымыз қарапайым үй-тұрмысында, ауыл шаруашылық кәсібінде жалпы күнделікті өмірде пайдаланып тұтынып қолданатын құрал жабдықтар мен ыдыс-аяқ секілді күделікті тұтынатын заттар мен сәулет ғимараттары техникалық жабдықтар.
Екіншісі, ол халықтың қолынан шыққан көне ғасырлардан салт-дәстүрмізге айналған ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тіліміз бен мәдениетімізге, қанымыз бен жанымызға сіңген көне дәстүрлі өнер /Традиционное прикладное искусство/ заттары мен бұйым жиhаздары, ал үшіншісі профессиональдық маман суретші-шеберлер өнеркәсіп орындарында, /коллективті/ ұжымдарда өнер заттарын жоспарлы түрде шығаратын кәсіптік деңгейдегі сәндік қолданбалы қол өнер. /Декоративно-прикладное искусство/ Бұның негізін арнаулы оқу орындарында суретті, /рисунок/ кескіндемені/ живопись, жобаны /проектирование/ сырлы бояуды, /цветоведение/ композицияны, /шикізатты/ материаловедение өнер туындыларына өз орнымен қолдануды дұрыс меңгеріп, игерген білімді шебер мамандар жасап шығарады. Біріншісінің дәлелі тас дәуірінен бүгінгі күнге дейін сабақтасып жеткен тас бетіндегі таңбалар петроглифтер, паеолит, неолит заманынан келе жатқан үңгірлері мен жақпартас-құз қойнаулары нан табылған белгі таңбалар жан-жануарлардың бейнелері мен сюжетті картиналар, тас обалар, балаба мүсіндер, көне архитектуралы саз балшықтан салынып қышпен безендірілген сәулетті ғимараттарының бәрі дерлік Қазақстанның сары далаларында Алтайдан Каспиге дейін, Каспиден Оралға-Оралдан Ертіске дейінгі алқамды аралықты қамтып жатыр олар Алатау, Тарбағатай, Қаратау, Алтай, Баянаул, Көкшетау, Ұлытау, Қарқаралы, Ақшатау, Маңғыстау ескерткіштері. /Шопан-ата, Бекет-ата, Масат-ата, Шақпақ-ата секілді жер асты табиғи ғимараттары [4].
Археологиялық қазбалардан табылған құнды мәдени мұралар көне заман көздері олар қыш- құмыралар, жез-мыс түймелер, тиындар, алтын мен күмістен құйылып жасалған зергерлік бұйымдар,қоладан құйылған ат әбзелдері және Ыстық қорғанынан табылған Алтын киімді жауынгер, киізден, теріден жасалған жиһаз үй мүліктері және т.б. Ыссық қорғаны, Бесшатыр, Шілікті, Бегазы-Дандыбай мәдениет қазбаларынан табылған мәдени заттары,осы айтылған ойларымыз бен істеріміздің айғақты дәлелі болады.
Этнографиялық мәдени мұраға жататын көптеген заттарды ғылыми және \творчествовалық\ шығамашылық туындыларды айқындап дәлелдеп түр-түрі мен топтарға бөліп, қолданатын аясына байланысты, жасалған шикізаттарына және өңдеу тәсіл, технологиясын, көркемдеу, бейнелеу образ композициясын тарихи, этнографиялық еңбектер арқылы жазып ғылыми-әдеби мұрағылып елім, жерім деп еңіреген–халқыма деп өшпес мұра қалдырған ата — ағаларымыз бен апаларымыздың ойларын, сөздерін, жасаған ізгі істерін, шығарма туындыларын мәңгі есте қалдырып ары қарай дамытумыз керек. Ең құнды ғылыми этнографиялық тарихи-әдеби еңбектер жазған Әлікей Маргұлан, Халел Арғынбаев, К.Қасиманов, М. Мұқанов, Тәжімұратов.ж.б. айтуы мызға болады. Негізінен қол-өнер, этнографиялық бұйымдарды заттарды айтқанда қазақтың ордасы өнер көшінің басы Қазақ-үйден оның ішіндегі үй мүліктері, ыдыс-аяқ, жүк-жиһаздарынан бастап киім-кеш ек, зергерлік бұйымдар ат әбзелдері аяқ-киім, қару-жарақ және де күнделікті тұрмыста қолданат ын заттарды зерттеп, іздеп тауып оларды танып, оқып талқылап тарата білуден бастағанымыз жөн.
Өйткені қазақтың киіз үйі барлық қол өнердің негізін құраушы, топтаушы, бастаушы-өнер, барлық өнердің түрлерінің негізін өз бойына жинаған киелі ұлы көшпенділердің, ошақты ордалы отауы, панасы. Киіз үйдің құрылысынан ағашты өңдеп жонуды, июді, бояуды шаңырақ, уық, керегеден көрсек, темірді ұсталық дүкендерде балқытып соғып шаңырақ, есікке темірден топса, ілгектер жасағанын байқасақ, жүннен, сырып, тоқып, ойып, бояп, және оюлап басылған текемет сырмақ бау-басқұрларды, туырлық пен үзік-түңлікті кездестіреміз. Сонда киіз үйде жүннен-киіз, арқан, бау-басқыр, алаша, текемет, сырмақ, кілем, түскиіз, сүйектен кебеже, ағаш-сүйек төсек, жүк аяқ, әбдіре-сандық, теріден сүйретпе, торсық, көнек, түскілем, тері сандық, қобди және аға- штан жоғарыда айтылған үйдің ағаш сүйектернің аса шеберлік пен өңделіп жасалғанын дәлелде уші ретінде айтып отырмыз.
Біздің кәзіргі заманымыздағы бейнелеу, кескіндеме өнерлерінің қарқынды дамуының арқасында суретшілер мен халық шеберлерінің құнды өнер-мәдениет заттары да өз орнындарын әлемдік өнер туындыларының арасынан таба біліп жоғарғы деңгейге көтерілді. Атап айтқанда кескін деме /живопись/ мүсін /скульптура/ қолданбалы өнер /декоративно-прикладное искусство/ және басқада өнер түрлері де кәсіби мамандар мен тұтынушылардан өздерінің тиісті жоғарғы бағалар ын алды. Қазақстан жеке егеменді ел, мемлекет болғаннан бері көптеген өнер түрлері ата мұра халық дәстүрін сақтай отырып, жаңа инновациялық стилдегі көркем туынды шығармаларды дүниеге әкелді. Бүгін тек халықтық салт-дәстүрге ғана байланысты өнер туындылары ғана емес сонымен бірге жаңа заманға сай кәсіби/ профессионалды/ өнер туындылары пайда болып, сауда-саттық өнер көрмелерінен өздерінің тұрақты орындарын тауып қазақ өнерінің мызғымас берік орнын, фундаментінің негізін қалады.
Міне, жоғарыда айтылған дәлелдерден қазақ өнерінің аса жоғары эвалюциялық, тарихи процес стердің елегінен теориялық және іс жүзінде халықтың практикалық тәжірибе өмір өткел мектебі нен сыналып, шыңдалып өткенін көре келіп, өнердің сарқылмас көзінің, бұлағының қайнар бас- тауының қарқынды сарқылмас ағысының буырқанған толқынының серпілісін байқаймыз.
Өнердің түрі қандай көп болса қолдану аясы мен пайдалану мазмұн мағанасы да әр қилы сан-саналы егер, қазақ өнерінің ішіңдегі айтыстың, поэзияның құрал күші ой мен тіл-сөз өнері болса әуен-саз музыка өнерінің пірі ол домбыра, қобыз бен сыбызғының сырнайлы үнді сазы, сиқырлы бояудың муза-әуені, бейнелеу, кескіндеме, қолданбалы қол өнерінің құрал күші, ырғақты әуені, сызды назы ол адамның қолының шебелігі мен ісмерлігі. бойына біткен тума таланты.өзіндік қасиеті. Ісмерлік пен шеберліктің бәрі адамның ой-өрісінің өнер саласында білімінің толысуы мен қол шеберлігінің өнердің әр бағытында жаттығып қалыптасуы арқылы туады. Туынды-шығарма ның композицялық құрылымы мен мазмұнды мәтін-мағнасын жоғарғы деңгейде жасау ол-ою-өрнектің, кесте мен өрімнің сиқырлы шырайлы боядың сан қырлы импровозациялық коллорит- тің алмасып бірлесуін қыл қалам мен ине-пышақтың ,балға мен шаппа-шоттың, үндестігін қалыптасыратын адам баласының болмысына туа біткен талант көзі, нұрлы оты ол-шеберлікпен ісмерліктің ісі. Осы үндестіктің бәрі қол өнерінің құралдары, сиқырлы күші, нақтылы жасанды жаратушылары.
«Декор»-сәндік, әшекей, көркемдеу /латын тіліңде /прикладное/-қолдану, қолданбалы /орыс тілінен/ яғни, екеуі қосылып Декоративно-прикладное-искусство деген ұғымды білдіреді. Ол дегеніміз адамның пайдасына тиімді қолданатын дүниені, затты өзінің керегіне ыңғайлы етіп жасау мен бірге сол затты нәрлеу, әшекейлеу, өрнектеу әр түрлі техника мен технологиялық әдіс айлалармен өңдеп өнер заттарын жасауды айтады. Былайша айтқанда пайда мен өнерді, сұлулықты әуенді бір өзекке тоғыстра біріктіру. Енді біз қазақ тіліндегі қолданбалы қол өнері деген сөздің текстологиялық мәтінін ұғып, мәнін-мағанасын талдау арқылы оның этнонимін ұқтық, білдік. Сонда қолдану, пайдалану дегеніміз: үш қағидадан тұратын /Пайдалылық Беріктік, Мықтылық-Сұлулық/ тың түп тамыры. Осы қағидалардан адам өміріне тіршілігіне тұрмысына қажет тілігіне пайдаланатын заттар мен бұйымдарды жасау бір болса, екінші осы жасалатын заттар өте берік мықты болу керек ол өмір заңдылықтары, екінші қағида осы заттың бәрі өнер туындылары шығармалары болу үшін өнер заңдылықтарындағы көркемдік, сұлулықтың қасиеттерін пайдалануымыз керек. Олар әдемі пішін /форма/ құрылым /конструкция/ және декор көркем әшекей сұлу формалы затты сырлап, оюлап, өрнектеп, нәрлеп өз қолымыз бен жасап тұтұнушы мен көрермен өнер сүйер қауымға ұсыну, жасап беру.
Қолданбалы қол өнер заттарының жаратылу негізі фундаменті пайда, пайдалану сол заттың, бұйымның ең бірінші адамның тұрмысына қажет екендігін көрсетіп ашатын пайда деген ұғым, сөз — этнонимы арқылы пайдалануды қолдану процессінде бірінші орынға қойып негізгі айқын- даушы ретінде жеке бөліп танытамыз, пішін мен конструкция және декор- сәндік, әсемдік сұлул ық көзі ретінде жасалған затты, бұйымды көркемдік пен толықтыратын қолдаушы, дәнекер рет- інде мазмұнын баяндап, өнер затарының композициялық құрамынан нақты толық орндарын көр сетеді, сол әдемі көркем заттардың сыртқы формаларын, пішіндеріннің негіздерін жасайтын шикізаттардың физика-химиялық, техологиялық қасиеттері беріктіктің кепілі болып олардың табиғи бейне көрністерін күшейте түсіп көрерменге ерекше әсер әпереді. Осы айтылған үш қасиеттерді бір-бірінен ажыратып бөлуге болмайды, бұлар бірін бірі толықтырып бірлік ансаблін құрайды.
Жоғарыда айтылған қолданбалы өнердің өзіне тән ерекшеліктері /спецификасы/ эстетикалық көркемдік талғамы, өңдеу, бейнелеу, мәнерлеу әдіс жолдары бар дамыған дәстүрге айналған өнер, тұрмыс мәдениет ошағының негізгі тармақ бөліктерінің ажырамас саласы[4].
5.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Ростовцев Н.Н. Методика преподавания изобразительного искусства в школе.- Москва: Просвешение,1980 ж
2.Нурланова К. Кочевники. Эстетика: Познание мира в традиционном казахским искусством.-Алматы: Ғылым, -1993
3.Кузин В.С. Методика препадавания изобразительного искуства в 1-3 классах.- Москва:Просвещение,1983.-118б
Жәнібеков Ө. Қазақ қол өнерінің мәдениеті.-Алматы: Өнер,1982.-120б
4. Жәнібеков Ө. Мұным ділмәрсу емес // Егемен Қазақстан. – 1995. – 5 қазан.
5.Назарбекұлы С. Қазақтың киіз үйі. – Астана: Елорда, 2005 – 96 б.
6.Хангереева З.С., Бақитова Г.Б. Халық өнері – асыл қазына // http://olke.kz .
7.Vestby V. CAD-CAM development in art and craft weaving: Experiences from integration in teaching and training in vocational and university level schools in Norway // Education and Computing, Volume 6, Issues 1-2, July 1990, P. 147–152.
8.Каирбеков Б. Казахская юрта. – Алматы: Дидар, 1998. – 80 с.
8.Қазақ халқының ұлттық киімдері. Национальная одежда казахского народа. National dothes of Kazakh people. – Алматы: Алматыкітап, 2007. – 384 б.
9.Күнпейіс Жұмахан. Қазақ сәндік қолданбалы өнер түрлерінің иллюстративтік анықтамасы. – Алматы: Дарын, 2006. – 18 б.
Достарыңызбен бөлісу: |