Курстық жұмыс Пәні: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Тақырыбы: Сәбит Дөнентаевтың шығармаларын оқыту Орындаған: Жүсіп Аяулым Тобы: ҚТ-19-01 Тексерген: Шормакова а нұр-сұлтан 2021 Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім


Сәбит Дөнентаев шығармасындағы өмір шындығы



бет3/6
Дата06.04.2023
өлшемі49,52 Kb.
#80105
1   2   3   4   5   6
Сәбит Дөнентаев шығармасындағы өмір шындығы
Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығына Абайдың, Крыловтың, Тоқайдың өлеңдері, мысалдары әсер еттi.1913 жылы «Айқап» журналында Сәбит Дөнентаевтың «Қиялдарым» өлеңi шығады. Бұл журналда кезінде Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы басқа қазақ ақындарының өлеңдерi шыққан.1915 жылы Yфi (Уфа) қаласында Сәбит Дөнентаевтың «Уақ-түйек» деген өлеңдер жинағы шығады. Ақын өз халқын қамын ойлап, оның өмірі, тағдыры, халі, тұрмысы туралы өлеңдер жазған, сатира ақыны болып, елін зорлайтын байлар мен патша өкіметіне күледі, әділет туралы ойлайды.Ақынның «Бозторғай», «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке» мысалдары бар. Бұл еңбектері Крыловтың шығармашылығының ақынына әсер еткенінен жазылған. «Биік тау», «Заман кімдікі» әділет туралы ойлайтын-толғайтын азаматының мұңдары. «Қазақтан шыққан білгендер» — жастарға үгіт-насихат. «Көркемтай» повесті жетімнің тағдыры туралы.
Сәбит Дөнентаевтың сан қырлы өмірбаянын бір ғана сөзбен жазып шығу жеңіл-желпі дүние емес. Өйткені, ол өзінің журналистік ғұмырында ел ішінде болып жатқан елеулі оқиғалардың қайнаған ортасында жүріп, қоғамдық және редакторлық қызметтері барысында атқарған істерін жүйелеп-жіктеп жазып шығу үшін зерделеп, зерттеу қажет. Кедей отбасында дүниеге келіп, оқу-білім іздеп талпынуы, ақындық өнерінің ашылуы, өз бетінше білім қууы, тұрмыс қажеттілігі салдарынан ұстаздық жолға түсуі, сол кездегі үлкен мерзімді баспасөзге өлең, мақала жолдап тұруы, баспасөз қызметкерлерімен тығыз байланыс жасап тұруы, патша өкіметінің зұлым саясатының салқыны тиіп, қуғынға ұшырауы, жұмысшы, пошташы болып істеуі, майданның қара жұмысына жегілуі, кейіннен Қаныш Сәтбаевпен халық соты қызметін атқаруы Сәбит Дөнентаевтың редакторлық қызметке келуге дейінгі көрген қиындықтарының сыртқы көріністері ғана.Публицистің әрбір шығармасында ұлттық сипатқа лайық көңіл бөлінді.
Яғни публицистің негізгі мақсатының бірі рухани саланы жетілдіру. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің озық үлгілерін насихаттауда ерекше қызмет атқарады. Абай шығармашылығына ерекше көңіл аудару осының бір айғағы.Сәбиттің баспасөзбен тығыз байланысты өмірі 1912 жылы Павлодардағы Қасым-қажы Ертісбаевтың медресесінен оқып жүрген кезінен басталды. Семейдегі мұғалімдер даярлайтын курста оқи жүріп, «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналына өлеңдерін жолдап отырады. 1919-1922 жылдары Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаевтармен қызмет атқарады.Ол «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Социалистік Шығыс», «Жаңа ауыл», «Қазақ тілі» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады.
Сәбит Дөнентаев өзі өмір сүрген дәуірдің үні болды. Халықты бостандыққа, еркіндікке шақырды. Ақын өлеңдерінде оқу-білімнің жетістігі, әйел теңсіздігі, байлардың қарау мінезі, еңбекқорлық пен жалқаулықтың айырмасы бірде поэтикалық мәнер танытқан ақын. Оның «Көркем қызға», «Жәмилә қыз», «Әйелдер мейрамына», «Мен зынданда», «Ерікті Айша», «Ерікті Айша», «Әйелдердің он жылдық тойына» деп аталатын өлеңдерінде әлеуметтік мәселе бірде диалог, бірде монолог, бірде қыз мұңы түрінде беріледі.
«Болса алыңыз, қыз керек,
Маған жалғыз сіз керек.
Деп Төкішбай жалпылдап,
Алпыстағы жасына,
Қарамастан қарқылдап,
Уәде қылды, қол соқты...
Ал Жәмилә зарлап жүр,
Шайтан алсын, шал алсын,
Төкең байғұс мал алсын, -
деп, қызын малға сатқан Төкіштей дүниеқоңыз атаны, қалың малшы байлардың адам еркіндігін еріксіз байлаған топастығын әшкерелеп, өткір сынайды.
Табиғат лирикасына жазылған өлең шумағына мән берсеңіз, онда тек табиғат көрінісі ғана суреттеліп тұрмағанын бірден байқайсыз. Жаз мезгілін бейнелей отырып, халықты өмірдің жазына шақырады.Сондай - ақ, «Шілде», «Жарық ағаш», «Бірінші май», «Жазғытұры жар басында», «Күздің сыры», «Май туады» деген өлеңдерінде табиғат көрінісін фон ретінде алып, адам өмірі жайында толғанады.
Сәбит Дөнентаев балалар әдебиетіне де қалам тербеген. Оның көптеген өлеңдерінен бала мінезі, бала жаны бейнеленіп, балаға деген мейірім айқын сезіледі. Тіпті Сәбиттің жалғыз көркем әңгімесі «Көркембай» да жетім бала тағдыры жайында.Ақынның балаларға арнаған өлеңдерін екі бағытта қарастыруға болады. Оның бірі - тікелей балалар әдебиетіне жататын туындылар болса, екінші бір тобында бала көзқарасымен қарай отырып, үлкен әлеуметтік мәселе көтереді. Осы орайда «Балалық», «Балалықты сағыну», «Ұры мен баласы» сынды өлеңдерін атап өтуге болады.
Татар классигі Ғабдолла Тоқайдан аударған. «Рамазан айында» деген сатиралық өлеңі мен «Калила мен Дамнадан» тәржіма жасаған «Бір көлдегі үш балық», «Бит пен бүрге» мысалдары еркін аударманың озық үлгісіне жатады. Сондай-ақ «Ібілістің шайтандарына айтатыны», «Ауырған арыстан», «Көзі тоймайтын ит», «Екі теке», «Көк төбетке», «Сұңқар мен қарғалар», «Бозторғай», «У жеген қасқырға» тағы да басқа туындылары мысал жанрына кеп құйылған қомақты үлес. Ақын мысал өлеңдерінде жан-жануарларды мысал етіп алады да, солардың іс-әрекеті арқылы қоғамдағы ашкөздік, аярлық, жағымпаздық, қаскөйлік, жалқаулық, парақорлық сияқты жағымсыз қасиеттерді өткір сынға алып, халықты еңбекке, бірлікке шақырады.
Солардың ішіндегі мәселені көтеру жағынан маңызды келетін, таптық көзқарасты бейнелейтін өлеңі - «Бозторғай». Мысалда 1915 жылы патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерінен бастап, арыз жүргізушілердің кейпін көрсеткен. Шырылдаған бозторғай мұңын айтып өзінен әлді құстарға жүгінгенімен, ешбірінен көмек көрмейді. Қайта өзіне ұрсып, әлімжеттік жасамақ болады. Сөйтіп, бозторғай «Бұл заман байқағанға күштінікі» (Сәбит Дөнентаев, «Менің халім») екенін ашына мойындайды.Тереңірек үңілген адамға осы мысалдың астарында Сәбиттің өз өмірі де жатқан сияқты. Жоқшылық, ауру, әділетсіздік аяғын тұсап, адымын аштырмаған ол, көлемді туындылар бере алмады. Өзі өлеңдер жинағына «Уақ-түйек» деп қалай ат қойса, ақын туындалылары да сол атаудың шеңберіне сыйып кететіндей. Осы тұста көрнекті әдебиет зерттеушісі Құлбек Ергөбековтың мына бір пікірін келтіре кеткенді жөн санадық: «Иә, Сәбит Дөнентаев өзінің дарын қуатын әр жанрға қалам тартып ұштады. Қай жанрда жазса да, бар игі мақсаты - халқына адал қызмет ету еді. Аз ғұмырын халқының тағдырын жырлауға арнады. Сондықтан, Сәбит Дөнентаев кейінгі ұрпақ есінде қазақ өлеңінің бозторғайы болып қалды.
Сәбит туралы әркімдердің әртүрлі жағдайға байланысты бір-біріне қайшы пікірлер айтқанымен, Дөнентаевтың қазақ әдеебиеті тарихындағы алатын
іргелі орны туралы таласқан емес. Сондықтан да С.Дөнентаев әр мезгілде, бірде жеткілікті, бірде жеткіліксіз, қазақ әдебиеті тарихына байланысты өзінің тиісті бағасын алып келеді.
Сәбит дөнентаев өзінің алғашқы дәуірде жазған өлеңдерінде қазақ халқының ескі патриархалды-феодалдық тіршіліктен капиталитік даму жолына түскен прогрессивті қозғалысқа араласу, мәдениетке ұмтылу талап-тілегін жырлайды.Бұл талап-тілек 1905 жылғы буржуазиялық-демократиялық орыс революциясының толқынымен басталған болатын. Осы тұста Сәбиттен басқа әдебиетте аты белгілі М.Сералин, С.Торайғыров, Көбеев және басқа ақындар ұлт бостандығы жолындағы нағыз бұқарашылдық талап-тілектерді қолдап, өзінің шығармаларын жазып отырды. Бұл кезде жазылған шығармалардың негізгі идеялық кілті еңбекші халықтың ауыр, аянышты халы, олардың тұрмысын жақсарту болып отырды. Бұқарашыл әдебиет өкілдерінің еңбегіндегі реализмнің айқын бір көрінісі өз дәуіріндегі толғағы жеткен қоғамдық мәселелерді, әлеуметтік теңсіздікті барынша айқын сыйпаттауда еді. Еңбекші халықтың екі бірдей қанаудың шеңгелінде езілген хал-жайын суреттей отырып, реалист ақындар еңбекші халықты сол езушілерге, қиянатшыларға қарсы кектендіре білді. Сәбиттің «Заман кімдікі», «Үміт», «Досқа», «Замандастарға», «Жәмила қыз», «Менің жайым» сиқты өлеңдері халықтың азаттыққа, іргелішіл талап-тілекке ұмтылу армандарын қамтыған реалистік шығармалар.
Қай шығармасын алсақ та патшаның отаршылық жағдайдағы қоғамдық құрылысқа Сәбиттің наразылығы айқын байқалады.Заман,Сәбит суреттеуінде азулы, мен тырнақтынікі, түлкідей қулар мен арыстандай зорлықшыл жыртқыштардікі. Төзбестей тыпысты тарылтқан өмір айнала қаптаған өрт сияқты, халық сол өрттен тұншыға қашып, биік жардың қабағына келіп тығылып тұрғандай, бір жағы апат әкелетін қарақошқылжалыны аралас өрт болса, екінші жағы биік жардың шетіндегі терең құз, құласа оннан құтылу жоқ. Қазақ халқының отаршылық қысымдағы аянышты халін ақын осылай елестетеді. Ақын ауыр азапта жатқан халқының арманы ретінде:
Тұншығып әлім бітті, есім шықты, Кім менің су құймақшы жанбауыма.
Бұрқылдақ жердің кез боп шаңдауына
От салып біреуі әкеп, бірі үрлеп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет