Курстық жұмыс Пәні: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Тақырыбы: Сәбит Дөнентаевтың шығармаларын оқыту Орындаған: Жүсіп Аяулым Тобы: ҚТ-19-01 Тексерген: Шормакова а нұр-сұлтан 2021 Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім


Сәбит Дөнентаевтың журналистік қызметі



бет4/6
Дата06.04.2023
өлшемі49,52 Kb.
#80105
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Курстық жұмыс

Сәбит Дөнентаевтың журналистік қызметі
Сәбит 1918 жылы Семейге келеді. Онда семейде «Сарыарқа» газеті шығатын. Сәбит осы газетке экспедитор (газетті жөнелтіп тұрушы) болып 5 айдай қызмет істейді. Оның ұлтшылдық сарындағы өлеңдері де («Адаспаспыз», «Сарыарқа анамызға») осы кездерде жазылған. 1919 жылдары тағы да Сәбит Семейде болып Мұхтар Әуезовтен орыс тілі сабағын жеке (частный) оқиды. Сол жылы Сәбит Павлодарға, еліне қайтады. Енді ұлтшылдардан көңілі қала бастайды. Бұл ретте Сәбит өзінің ол кездегі жастығын, басында ұлтшылдардың ықпалына ергенімен, кейін одан тайқып шыққандығын айтатын еді. Мұны сол уақытта жазылған «Қаулы» деген өлең едәуір дәлелдейтін тәрізді.
1923 жылы «Қазақ тілі» газеті редакциясының және Семей губерниялық атқару комитетінің шақыруы бойынша Сәбит Семейге келеді. «Қазақ тілі» газетіне қызметке кіреді.Алғашқы кездесіп сөйлескенде бірден-ақ Сәбит сөзге шебер, шешен, ділмар екенін байқауға болатын. Оның ой елегінен екшеліп шыққан сөз естіліп, ширатылып, біріне-бірі іркес-тіркес түйдектеліп, пікірін дәлелдей түсетіндей еді. Кей сөздері шешен, билердің сөзіне ұқсап қалатын. Ол жәй сөйлесіп отырғанның өзінде мақал-мәтел, елдің шешендерінің өткір, мағыналы, нақыл сөздерін орынмен қолданатын-ды. Сөйлеген сайын әңгімені дәмдендіріп тың пікір, тың ойларды үздіксіз шығара беретін тәрізді еді. Сәбит «Қазақ тілі» газетінде қызмет істеген кезінде (1926 жылы июнь-июль айлары кезінде) қазақ еңбекшілерінің 1916 жылы патшаға қарсы көтерілісі жайында арнаулы қабырға газеті шығарылды. Осы қабырға газетінде Сәбиттің бұрын ешқайда басылмаған 1916 жыл туралы 7-8 шумақ өлеңі басылды. Әрине, бұл сюжетке құрылмаған, жай ғана өлеңнің бірі болса да, бұл да Сәбит творчествосы ішіне қосылып, баспаға берілуіне әбден болатын дүние еді.
Ақын әрі журналист Сәбит Дөнентаев 1923-1933 жылдары «Қазақ тілі» газетінде қызмет етті. Ол жаңа өмірді жырлайтын өлеңдерімен қатар, өткір фельетон, жастар өмірі, әйел теңдігі, денсаулық сақтау жөнінде көптеген публицистикалық мақала жазды, еңбекші хаттарын қорытты, тілшілерді газетке хабар жазуға үйретті.Сәбит редакция маңында жүрген кезінде жастарға көп үлгі-өнеге берді. Өлең жазатын жастар ақыл-кеңес алу үшін Сәбитке жиі келетін. Ауылдардан Сәбиттің атына көп хаттар түсетін. Осы кезде Сәбит жастардың өлеңдеріне газет бетінде үнемі обзор (шолу сын) жазып, немесе, ауызша кеңес беруші еді.Сәбит Дөнентаевтың публицистикалық мақалаларында негізінен ел тұрмысындағы өзгерістер, адам психологиясындағы жаңалық, әлеуметтік теңсіздік және өнер тақырыбы, кедейлердің қатарға қосылуы, уақыт, заман туралы толғаныс тағы басқа мәселелер сөз болды.
Публицистің кейбір мақалаларынан баспасөзге жазып жүргендерге деген өкпе назы да байқалады. Өзінің уыты тілін «күнде айғай, күнде даурық, желдеткен қара боран сөз» қуған баспасөз қызметкерлеріне, жаңа заман шындығын дәл танып жаза алмай жүрген дәрменсіздерге арнайды.Жалынды журналистің қаламынан туған отты мақалала ұлттың ой сананың өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңіріп, соны серпіліс туғызады. Ресей елінің әкімшілік басқару жүйесіне түскен, орыс патшалығының ыңғайына көшіп, заңдарына бағындырылған, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағынан жан-жақты тәркіге түскен қазақ халқының рухани этникалық белгілері де жойылуға шақ тұрған кезде, қаламымен елдің жүрек түкпіріне нұр сәулесін түсіріп, рухани дайындығын шыңдауға өлеңдері мен сыни мақала, сықақ әңгімелері арқылы ойларын жеткізуді парыз санаған ұлт зиялысының мақсаты оның баспа бетін көрген шығармашылығы арқылы жүзеге асты.Совет әдебиетінің жаңа туа бастаған кезінде осындай белсенді еңбегімен оның барлық жанрын бірдей өркендетуге күш-жігерін жұмсаған Сәбит соның бәрінде де дәуірдің жаңа сөзін айтуға тырысты. Ескілікті аяусыз шенеп, жаңаны орнықтыруға қызмет етті. Ол сөз өнерінің шебері ретінде танылды. Жазушы суреткерлігі, стилистігі кезінде жас қаламгерлер үшін зор мектеп болды.
Ол ойлы публицист болды. 1917 жылы ақпан революциясы болып, патша тақтан түскенде совет саясатын насихаттаушылардың, советтік баспасөздің абырой-беделін көтерушілердің алдыңғы қатарында болды. Оның «Абай» журналында, «Сарыарқа» газетінде, жиырмасыншы жылдары советтік газет-журнал беттерінде басылған мақалалары қазақ еңбекшілеріне Ұлы Октябрь революциясы әкелген өзгерісті түсіндіруге, бостандық пен теңдіктің сырын ұғындыруға арнады.
С.Дөнентаев адамның қоғамдық-әлеуметтік ортамен байланысын, әркімнің өз ортасында қоғамға пайдалы іс істеуге тиістігін көтерді. «Кісі туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады; басқаша айтқанда, әр адамда әр нәрсеге талап, ыңғай, қабілет яки зеректік болады. Біреу оқытуға, біреу етік тігуге, біреу әкім болуға, біреу мал бағуға, біреу әскерлікке, біреу жазушылыққа, біреу дәрігерлікке, біреу саудаға, біреу сөзге, біреу дауға ыңғайланып жаралады. өмірде түк жұмысқа икемі жоқ жан сирек болады... Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмететсе, өз басынада, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адамдар сирек болады. Адамның көбі ана жолға бір, мына жолға бір түсіп, өмір бойы өз соқпағын таба алмай, сенделумен күні өтеді... Әлеумет те, мемлекет те әр адамның еңбегі берекелі, пайдалы болуын тілейді», деп жазды ол «Неге арналсаң, соны істе» атты мақаласында. Мақала жастарды маманддыққа баулудың, мамандық таңдаудың проблемаларын ойлы көзбен шола білуімен бағалы.
С. Дөнентаев көптеген сын мақалалар да жазған. Олардың ішінде М. Әуезовпен бірігіп жазған 1918 жылы жарық көрген «Абайдан соңғы ақындар», 1923 жылы жарық көрген «Мағжанның ақындығы туралы», 1925 жылы жазылған «Аударма туралы», сол жылы жазылған «Сұңқар жыры» атты еңбектері автордың әдебиет жөніндегі, оның ерекшеліктері туралы, жазушы творчествосын түсінудің принциптері жайындағы ұғым-түсінігін, көзқарасын көрсете алатын елеулі туындылар.
С. Дөнентаев сыншылық көзқарасында жазушы не ақын творчествосын оның өзі өмір сүрген дәуірдің көкейкесті проблемаларымен, өнер адамына тән ерекшеліктерімен есептесе отырып талдау принципі бірінші орында тұрады. Ол Мағжан Жұмабаев шығармаларына осы тұрғыдан баға береді. Онда Мағжан тауып-өскен ортаның қайшылықты шындығының ақын өлеңдеріндегі көрінісі, революциялық дүмпулер кезіндегі ақындық ізденістің әр қилы бет алсын нанымды талданады. Сөйтіп, сыншы Мағжан ақынның табыстары мен қайшылығын дәл тауып көрсетеді.Қазақтың демократтық-ағартушылық әдебиеті, орыстың және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерінен сусындаған С. Дөнентаев бүкіл творчестволық өмірінде публицистикасы арқылы адамдық, адамгершілік және таптық екі жақты қанауында езіліп келген туған халқын оқу, өнер, білім жолына үгіттеді. Совет өкіметі жылдары азаттық алған елдің қоғамдық санасы мен рухани өмірінің жетілуін аңсады, қалың қазақ қауымының жаңа өмірді қабылдауы мен өсуінің тарихи жолын, жаңа адамдардың туып, жетілуін көркемдікпен бейнеледі.
Сәбиттің халықаралық мәселелерге арнаған мақалалары да советтік патриотизм тұрғысынан, Коммунист партиясының ревалюцияшыл идеясы тұғысынан жазылған. Совет өкіметіне қарсы түрлі өсек-жалалар таратқан француз буржуазиясының жалдамалық, суайттық қылықтарын, америка, ағылшын империалитерінің Қытайда, шығыс елдерінде жүргізіп отырған арандату, отарлау саясаттварын ақын былай әшкерелейі. «Қытайда әлеумет соғысы» деген мақаласында былай дейді:
«Шет патшалықтар он жылдан бері Қытайдың жанжалына қатыспай келіп быйыл ғана қыймысы қалай қышый қойды?
Оның себебі: қытай халқы ( Сунь Ят-Сен үкіметі) советпен татулық жасап отыр. Қытай советпен жақындасып кететін болса, жаһангерлердің қарамағынан мүлде құтылатын жолға түспек. Өз алдына ел болу қамын жемек.
Оның үстіне қазіргі Қытаймен татулық жасап отырған Совет үкіметін өз арасынан соғыс шығарып та, шеттен жауды айдап салып та жеңуге болмады, енді Қытайды имендіріп күшейтіп алмайық деп жанталасқандығы деуге болады.
Сол себепті совет үкіметінің кәсіпшілер ұйымы «Қытайдан қолыңды тарт»! деген ұйым ашып, барлық жержүзінің кәсіпшілеріне ұран салып отыр...»
Тағыда «Саясат дүниесінде» атты мақаласында Кеңес үкіметінің тұтқан саясаты Қытай түгіл барлық күншығыс халқы еркін ел болып, өмір сүруән көксеу» дейді. Ақын капиталистік елдердегі ірі капитал иесі адамдарының бір қатары Совет Одағымен шаруашылық қатынас жасауды талап етіп отырғандығы, ал жер шарында татулық, шаруашылық қарым-қатынасты алдымен Совет Одағы қолдап отырғандығын айтады. Сонымен бірге ақын татулық, қарым-қатынаспен қатар совет халқы әрдайым қырағы болуы қажет екенін ескертеді: «Олар ( империалистер-Е.И ) бітім жасап, бірлік ісегілері келседағы, көбінің қанжарын ішіне буынып, тірілік ойлағысы да келеді... Міне, осыған қарағанда Европа патшалықтарын достықтарына сүйенгенімізбен бірге, қанын ішіне тартқан қастығына ұшырап қалмау үшін, біздің де қамсыз жатпайтын жайымыз бар» Сөйтіп, Сәбит өзінің публицистикалық мақалаларында социалистік революцияның жеңісін баянды ету үшін барлық майданда - шаруашылық, мәдениет және халықаралық саясат майданында табанды күрес жүргізу идеясын насихаттайды. Әрине,Сәбиттің ертерек кезде жазған мақалаларының бірқатары осы кезде өзінің керектілік маңызын бәсеңдетіп ескіргендігі даусыз. Сонымен бірге ол мақалалардың, ақынның идеялық өсу жолын, саяси-қоғамдық көзқарасының қалыптасуын, әсіресе, қазақ әдебиет тілінің дамуы жолдарын анықтау тұрғысынан маңызы үлкен.
Иә, талай ұлыларды дүниеге әкелген қасиетті Семей топырағымен есімі тығыз байланысты арыстарымыздың бірі - Сәбит Дөнентайұлы. Өзінің қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында ақындығымен танылып, белді журналист бола білген Сәбит мәңгілік тұрағын да Семей жерінен тапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет