Курстық жұмыс Пәні: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Тақырыбы: Сәбит Дөнентаевтың шығармаларын оқыту Орындаған: Жүсіп Аяулым Тобы: ҚТ-19-01 Тексерген: Шормакова а нұр-сұлтан 2021 Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім



бет2/6
Дата06.04.2023
өлшемі49,52 Kb.
#80105
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Курстық жұмыс

Курстық жұмыстың мақсаты: Сәбит шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың өзіндік шығармашылық қабілеттерін іске асыру,қалыптастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Сәбит Дөнентаевтың өмір жолы мен шығармашылығы
Сәбит Дөнентаев 1894 жылы бұрынғы Семей губерниясы,Кереку уезі,Ақсу болысы, төртінші ауылды кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.Жас кезінде Сәбит ауылдағы молдадан ескіше оқиды. 1907-1908 жылдары Маралды деген жерде Жәлеледдин деген татардың медіресесінде Нұрғали деген молдадан төте оқу әдісімен оқып, бірқатар білім алады.Одан кейін Павлодар қаласының жанындағы Қасым қажы Ертісбаевтың медресесіне түсіп оқиды. Бұл медресе сол кездегі ескі қадым оқуы әдісіне қарсы төте оқуды, ғылымының әр саласынан білім беруді жақтаған медресе болады.Сәбит осы медресеге келіп оқумен байланысты өз бетімен өнер іздеу, ақындық жолда талпыну әрекеттеріне мықтап беріледі.Бір жағынан медреседегі жаңа пікірлі кейбір мұғалімдерден қазақ,татар тіліндегі ғылыми, әдеби кітаптарды қадағалап оқитын болса, екінші жағынан сол кездегі шығып тұрған «Айқап» журналын, татар тіліндегі газет, журналдарды үзбей оқиды.Абайдың өлеңдер жинағын да осы медреседе жүргенінде тауып оқиды.Орыстың атақты жазушысы Крыловтың мысалдарын, татардың ұлы ақыны Ғабдолда Тоқайдың өлеңдерін де қызыға оқиды.Бұл оқулардың барлығы Сәбит үшін босқа кетпейді. Әкесі молда болсын деп медресеге әкеп берген Сәбит енді дін жолының қараңғылыққа, ескілікке қарай жетектейтін мешеулігін әбден сезіп, нағыз ғылым жолын, ақындық өнер жолын ұстауды негізгі мақсат етеді.Сәбиттің ой-санасы тез өседі, ақындық таланты тез оянады.Сәбит Дөнентаев өзіндей жастардың қатарынада қажырлы іске, өнер-білім жолына беріледі. Осы талаптылығының арқасы болар өзінің жазған өлеңдерін, кейбір мақалаларын сол кездегі газет, журналдарға үнемі жіберіп отырды.Алғашқы өлеңдер жинағын баспаға дайындайды, сол кезде медреседе бірге оқитын Қасым қызы Сәния Ертісбаева оның өлеңдер жинағының басылып шығуына көмектеседі.
Сәбиттің «Уақ-түйек» атты жинағына кірген өлеңдері және «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде басылған өлеңдері бірден оқушы жұртшылықтың назарын аударады.Сәбит осы тұстағы елеулі жас талантты ақынның бірі ретінде танылып,әдебиет сындарында ауызға алына бастайды.
Сәбит медресені бітіргеннен кейін ауылда біраз уақыт мұғалім болып жұмыс жасайды.1919-1920 жылдары Семей, Павлодар облыстарына Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Сәбит ауылдағы кеңес жұмысына белсене қатысады.Ағарту, сот қызметі болып қызмет істейді.Халық арасында кеңестік төңкерістің тілек- мақсатын насихаттау, кеңес заңын іске асыру жұмстарын жүргізеді.1924 жылы Сәбит Семей қаласына шақыртылып, «Қазақ тілі» газетінің басқармасына қызметке түседі.Осы газет басқармасында азғана үзіліспен өзі қайтыс болғанға дейін қызмет етеді.Сәбитттің өлеңдері көбнесе «Қазақ тілі» газетінде басылып шығарылған болатын.Кейбір өлеңдері мен әңгімелері Қазақстанның орталығындағы газет, журналдарда да жарияланады.
Сәбит тек өзінің шығармаларына ғана емес, ол әдебиетке жаңа араласа бастаған жас ақын, тілшілердің жазу жұмысына аса жауапты,ұқыпты қарайды,сөз,тіл шеберлігін жетілдіру, өмірді терең біліп жазу- әрбір жас ақын, жазушының алдындағы басты міндет деп біледі.
Сәбит Дөнентаев көркем шығармаға қандай талаптар қойғандығы, жас ақын, жазушыларға қандай ағалық қамқорлықпен қарағандығы туралы ақын Сәду Машақовтың естеліктерінде жақсы айтылады. Сәбиттің ақындық, журналистік қызметінен үлгі алып өскен жас ақындар да аз емес еді.
Газет басқармасында үздіксіз қызмет, қажырлы шығармашылық еңбек Сәбиттің денсаулығына зор әсер етеді, ол көкірек ауруына шалдығады.Отызыншы жылдардың бас кезінде Сәбит Дөнентаев республикаға есімі, шығармасы белгілі жазушы болып танылады. Басты жазушылар мен сыншылар Сәбиттің шығармаларына үлкен мән беріп, өлеңдер жинағын бастыру мәселесін көтереді.Міне, осы кезде Сәбит өзінің өлеңдер жинағын баспаға дайындап, оны 1932 жылы Алматыға Қазақстан Мемлекет Баспасына әкеліп тапсырады.
Сәбит Дөнентаев өзін билеп алған көкірек ауруы мен безгек ауруларынан айыға алмай, 1933 жылы 23 мамырды Семей қаласында қайтыс болады. Ол әкеліп тастаған өлеңдер жинағын 1935 жылы Қазақстан Көркем Әдебиет Баспасы басып шығарады.Бұдан кейін Сәбиттің бірқатар өлеңдері қазақ орта мектебінің оқулықтарында және басқа шағын жинақтарда жарияланып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет