Қорытынды
Сәбит қандай ақын? Оның ақындық ерекшелігі неде? Бұл сұрауға Сәбиттің шығармаларынан жауап табу қиын емес. Революциядан бұрынғы және совет дәуіріндегі шығармаларында Сәбит поэзиясының екі түрлі ерекшелігі айқындалып, қалыптасқан. Ол өлеңді шағын сюжетпен жазу және тұрмыста, адам мінезінде кездесетін жағымсыз, теріс қылықтарды сынау, сықақтау. Нақты бір оқиғаны, нақты бір адам мінезін әңгімелеп суреттесе де, немесе мысал, тұспал арқылы белгілі бір өмір шындығын елестетсе де, Сәбиттің сықақтау, сатиралық стилінің қалыптанғанын танимыз.
Қашанда өткен заманнан жұғынды болып сақталған, тозығы жеткен, бірақ әлі жойылмаған ірік-шіріктерді, тұрмыстағы, адам санасындағы сол ескінің қалдықтарын сатиралық шығарма өзінің өткір ұстарасымен сылап тастап отырды.
Сәбит Дөнентаев қазақ әдебиетінің даму тарихында аса бағалы әдеби мұра қалдырған ақын.XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын Сәбит Дөнентаевтың орны ерекше.
Сәбит шығармалары өте ауқымды, сонымен қатар өзекті. Сол себептіде, Сәбит шығармаларын балаларға оқыту қажет. Себебі, Сәбит шығармасындағы көтерілген мәселелер тығырықтан шығатын жолды көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Сәбит Дөнентаев. Шығармалар. Алматы, «Көркем әдебиет» баспасы 1957. -3 б.
Сәбит Дөнентаев. Ұрпағыма айтарым. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1989.
Балтабай Әбдіғазиұлы.Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық.
Алматы, «Аруна» баспасы 2005. -167 б.
Сәбит Дөнентаев. Шығармалар. Алматы, «Көркем әдебиет» баспасы 1957. -5 б.
« Айқап» энциклопедиясы. Ү.Сұбханбердина, Қ.Сақ, С.Дәуітов. Алматы.
1995.
Достарыңызбен бөлісу: |