Курстық жұмыс Пәні: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Тақырыбы: Сәбит Дөнентаевтың шығармаларын оқыту Орындаған: Жүсіп Аяулым Тобы: ҚТ-19-01 Тексерген: Шормакова а нұр-сұлтан 2021 Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім


Сәбит Дөнентаев - мысал жанрының шебері



бет5/6
Дата06.04.2023
өлшемі49,52 Kb.
#80105
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Курстық жұмыс

Сәбит Дөнентаев - мысал жанрының шебері
Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма. Мысалдың тақырыбы сан-алуан, кейіпкерлері — аң, құс, балық, өсімдік дүниесі, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады. Негізгі сюжетке қоса, нақыл түрінде келетін түйіндемесі де болады. Кейіпкерлерді сөйлестіру – диалог тәсілі жиі қолданылады. Баяндауы ширақ, жинақы, тілі қарапайым келеді. Жанры жағынан ғибратты, уағыздық сарындағы дидактикалық әдебиетке жатады, кейде мысқыл-сықақ үлгісіне ауысады. Жазба әдебиетінде өлеңмен жазылған мысқыл кеңінен орын алды. Түп-төркіні хайуанаттар туралы тұспалды мағынасы бар ертегі, қысқа әңгіме ңұсқалармен жалғасып жатыр. Уағыздап, нақтылық айту тәсілі жағынан халықтың мақалдарымен, нақыл сөздерімен де ұштасады.
Қазақ жазба әдебиетінде мысал жанрын қалыптастырып кеткендер Абай мен Ыбырай. Олардың дәстүрін жалғастырушылардың XX ғасырдың басындағы әдебиет өкілдерінің бірі жерлес ақын журналист Сәбит Дөнентаев. Қазақ әдеби тарихы, әдебиеттану ғылымында бұрын мүлде аз зерттелген саланың бірі мысал жанры.
Сәбит Дөнентаев балалар әдебиетінеде үлен үлес қосты деуге болады.Сәбит жазған мысалдардың ең басты тақырыптары болады. Оның «Қожа», «Ауырған арыстан», «У жеген қасқырға», «Көзі тоймаған ит», «Екі теке», «Бозторғай» бар. Бұл мысалдар кейбір адамдарда болатын аңқаулық, өрескел қылықтардан, өсек-аяң, өтіріктен, жағымпаздық немесе бірді-бірді соғыстыратын айлакер сұм істерден аулақ болуға үйретеді. Сәбит мысалдары көңілге қонымды, әрі терең мағыналық,күрделілігі болып келеді. Мұны оның «Бозторғай» деген мысалының сюжет мен мазмұнынан көруге болады.
Бозторғай тұрымтайдан әбден зорлық, қорлық көреді. Соны қырғиға шақпақшы болады. Қырғиды ол бір бөденені жеп қойып,тағы бір бөденені аңдып отырған жерінде кездестіреді. Қырғи бозторғайдың шағымына құлақ қоймайды. Қазір қолым бос емес, күт,төз, жаның шықпайды деп ұрсады.Бозторғай мұны енді қаршығаға айтпақшы болып, соны іздейді . Оны іздеп келе жатыр, көлде қырылып жатқан үйректерді көреді, оларды қырған қаршыға екенін біледі. Сонан ол қаршыға мен сияқты зәбір көргеннің мұңын тыңдамайды екен,бұл да момынға зәбір көрсетуші екен деп түйеді.
Деді де бір түкіріп, ұшты аспанға,
Қайткенде айла табам шыбын жанға?
Бұлардың бәрінен де бекзат еді,
Барайын деп ойлады лашын ханға.
Көп іздеп, неше түрлі бейнет көріп,
Оны да бір мезгілде тапты келіп.
Түбінде бір теректің»бекзадасы»
Жеп отыр қаздың етін көкрек керіп
«Жаным-ау» мынау біздің төреміз бе?
Шынымен ақтық көрмей өлеміз?
Кемтарға бұлар қайтып кек әпермек?
Құдірет «көн «деген соң көнеміз бе?
Дағдарды осыны айтып торғай сорлы.
Жеріне барам деген барып болды.
Бүркітке, құс патшасы, жолығуға
Кезіпті жер-жаһанды, оңды-солды.
Тапқаным бүркітті іздеп , таппағаным,
Шаққанын ішкі мұңын шақпағаным
Білмеймін, әлі күнге естігем жоқ,
Жатқанын жаны тыныш, жатпағанын!…
Ақын мұнда патша үкіметінің әкімдерін келістіріп сынаған. Оның басқа мысалдары да осылай болып келеді. Сәбит мысал жанрына шебер ақын деуге болады.
«Екі теке» мысалында бір-біріне жол бермеген текелер мысалға алынып, ең дұрысы кішіпейілділік екені, адамдар арасындағы сыйластық жөн деп ескертеді. Елімізде ауызбіршіліктің, ыңтымақтың болмауы:
Екі теке келіп түсті көпірге,
Біреуі - әрі, бірі бері өтуге,
Көпірдің дәл ортасында килігіп,
Біріне-бірі бақырды кейін кетуге.
... Екеуі де суға құлап тыныш тапты...
«Ауырған арыстан» мысалында Түлкі — қулық, Арыстан — зорлық, Қасқыр — қастық бейнелеріне көшіріліп, пернеленіп көрсетілген. Түлкіні жамандаған қасқырдың өзі өліп, сіңірінен айрылғаны айтылады.Өсекшіл қасқырды арыстанның қаһарына кіріптар қылған түлкінің қулығын айта келіп:
Қазақта қасқыр да көп, түлкі де көп,
Алайда , жіп тақпаймыз ешкімге деп,
Сөз жүгіртіп шағыстырған қасекеңдер
Түлкіге қалып жатыр күлкі де боп,—деп қорытынды жасайды. Яғни өсектің заманы өткенін, қасқырдай өр көкіректердің де күні сөнгенін, тек түлкі қулық, шебер ақылдың аман алып шығаррып, арыстан Ресейден сақтар сол екенін ескертеді.
«Көзі тоймаған ит» атты мысалында ашқарақтық, қомағайлық жол емесін білдіреді.
Көпірге түсті бір ит сүйек тістеп,
Ойы бар көпірінен дария кешпек.
Көрінді су бетінде бұған бір ит,
Мұнда да бір сүйек бар, басқа түстеп.
Судағы ит — бұл бейбақтың көлеңкесі
Білерлік көлеңкені болмады есі.
Толымды көрінген соң анау сүйек
Ол иттен тартып алмақ бар дәмесі.
Сол оймен атты суға айбаттанып,
Бар күшін жинап бойға, қайраттанып.
Түскен соң жойқын суға ол батырдың
Ісінің не болмағы айдан анық.
Әрқайда ашкөздінің олжасы осы,
Байқасаң іс түбіне көзің салып.
Қызғаншақтық соңы жақсылықпен бітпесін айтады ақын. Сәбит Дөнентаев өз дәуірінің қоғамдық шындығын кең жырлаған, ешкім қайталамайтын сатиралық стилін қалыптастырған ірі суреткер ақын. Қазақтың көркем әдебиетін дамытуға өзінше атсалысқан ақын,әдебиетіміздің алтын қазынасына үлес қосқан .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет