Санитарлық бағасы. Дегенеративтi өзгерiстер байқалған жағдайда немесе бұлшық еттердiң сарғыштануы 2 тәулiк арасында кетпесе ұшаны және iшкi мүшелердi кәдеге жаратуға жiбередi.
Бұлшық еттерде дегенеративтi өзгерiстер байқалмаған жағдайда, бiрақ сарғайған түсi бар болып, ол сарғыш түсi 2 тәулiк арасында кетсе, ұша және iшкi мүшелер патологиялық өзгерiстерге ұшырамаса, қайнатуға жiберiледi. Iшек-қарны кәдеге жаратуға жiберiледi.
Ұшасы мен iшкi мүшелері лептоспирозға оң қорытынды берген малдардан алынса, бiрақ бұлшық еттерде, iшкi мүшелерде патологиялық өзгерiстер болмаса шектеусіз шығарылады. Лептоспирозбен ауыратын жануарлардың терiлерi дезинфекцияланады.