Формалин сынамасында қатты ауырып, немесе өлер алдында сойылған мал етінің сөлі қойылып, ұйып қалған тәріздес болады.Ауру малдың етінің сөлінде үлпектер, қауыздар пайда болады. Реакция оң нәтижелі деп саналады. Сау мал етінің сөлі сұйық, тұнық қалпын сақтайды немесе сәл ғана бұлыңғырлануы мүмкін. Реакция теріс нәтижелі деп саналады.
Сонымен, ауру малдың, күйзелген малдың еті нашар қансызданған, РН шамасы 5,6 - 6,2, ауру мал етінің көрсеткіші 6,3 және одан да жоғары, пероксидаза ферментінің реакциясы теріс нәтижелі, формалин реакциясының мәні оң нәтижелі болады.
Өлгелі жатқанда сойылған мал етінің қансыздануы өте нашар, лимфа түйіндері көкшіл- қызғылт түске боялады, РН шамасы 6,6 – дан жоғары, пероксидаза ферментінің реакциясы теріс нәтижелі, формалин реакциясының мәні оң нәтижелі болып, қою тұнба түсуімен сипатталады.
Әрине туберкулезге дәл диагноз қою үшін тек қана ұлпалардан жасалған жұғындыны тексеру жеткіліксіз. Сондықтан да, микробты бөліп алу үшін бактериологиялық әдістің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |