Бактериоскопиялық зерттеу жүргіздім
Еттің микробтармен зақымдануын және жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын (топалаң, қарасан т.б.) табу үшін жұғынды жасалып, бактериоскопияланады. Бактериоскопия міндетті түрде биохимиялық зерттеулерден соң жүргізіледі. Ол үшін бұлшық еттің ішкі қабатынан (тередіктегі), ішкі ағзалардан және лимфа түйіндерінен жұғынды жасалады. Препараттарды ауада кептіреді, жалынға ұстап бекітеді. Содан соң оларды Грам әдісі бойыша бояп, дайын болғаннан кейін микроскоп арқылы зерттейді.
Зерттеуге арналған әр бір мүшеден және лимфа түйіндерден материалды стерилденген қайшымен мөлшері 2,0х 5х 2,5х см кесек кесіп алдым да оларды езіп , төсеніш шыныға жұғын таңба салдым. Препаратты ауада кептіріп жалынға ұстап бекіттім. Бекітілген препаратқа сүзгіш қағаздың тілімін салып, үстінен Циль фуксинін құйып, спиртовкамен бу шыққанша қыздырдым , сол күйінде бояуды 3-4 минутке қалдырдым (5 минутқа дейін қалдыруға болады). Қағазды алып 30 секунд бойына препаратты күкірт қышқылының 5%-ті ерітіндісімен түссіздендірдім. Сумен жудым. Қосымша 3 минуттай уақыт Леффлер көгімен бояйдым. Қайтадан сумен жудым да кептірдім. Жағынды да туберкулез микобактериялары өзіне тән морфологиясы – ұзын, жіңішке, сәл иілген қызыл түсті таяқша, жиі түйіршіктерді көрдім .
Достарыңызбен бөлісу: |