Курстық жұмыс Пәні: Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау ІІ тақырыбы



бет18/20
Дата06.01.2022
өлшемі58,2 Kb.
#12514
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
ВСЭ Курсавой

3.2 Зерттеу нәтижелері

Осы зерттеу нәтижелері кезінде мен ірі қараның туберкулезбен ауырып лажсыздан сойылғанын анықтадым. Өкпенің кіші бөлікшесі зақымданып, қабынады . Қабынған жерлер ақышыл-сары түсті, көлемі – 2,3мм, жиектері біркелкі емес, кедір-бұдыр. Зақымдалған ацинустар эпителиоид және алып торшалар аралас жалқақпен кернеледі. Ошақтар ортасы казеозды затқа айналады . Казеоз қоймалжың, ірің тәрізді болып тұрады. Микроскоппен туберкулдің ортасындағы түр-сипатсыз, ядро сынақтары аралас өлі зат көрініп тұрады. Онда әк тұздың түйіршіктері де болуы мүмкін. Өлі тоқыма тікелей эпителиоид және алып Пирогов-Лангханс торшаларымен қоршалған, сыртында лифоид торшалар болады. Бұл торшалар қабынудың алғашқы сатысында пайда болады .

Туберкулдер эпителиоид торшаларынан құралған-продуктивті туберкул. Арнайы әдіспен боялған. (Фут, Бильшовский әдістері) гистологиялық тілінділердегі туберкулдерде аргирофильді талшықтар көрінеді. Альвеолдар қаңқасы бұзылып, жаңадан пайда болған аргирофильді талшықтар ұлпа құрылымын өзгертіп жіберуі мүмкін.

Туберкулездің қай түрімен зақымданса да, ұша арық болса және туберкулездің жайылған түрінде (құрсақ және кеуде аумақтық лимфа түйіндері бір мезгілде зақымданса), қоңдылығына қарамай-ақ ұша мен ішкі органдарды техникалық қайта өндеуге жібереді.

Егер де тек лимфа түйіні, не болмаса бір ішкі мүшеде не бір ағзада туберкулез ошағы болса, бірақ қондылығы орташа болған жағдайда, онда қайнатып, консерві жасауға қолданылады.

Туберкулезбен зақымдалған мүшелер мен ағзалар (формасына қарамастан) техникалық қайта өндеуге жібереді.

Туберкулезге ұшырамаған ішектерді кәсіпорын ішінде пісірілген шұжыққа қап ретінде пайдалануға болады. Туберкулезге тек қана шажырқайдың лимфа түйіндері зақымдалса, онда ішектерді техникалық утилизацияға жатқызып, ұшаны, ішкі мүшелерді тағамға қолдануға рұқсат етіледі. Егер де бір лимфа түйінінде казеозды, әктелмеген ошақтар болса, не бір мезгілде жақ асты және шажырқайдың лимфа түйіндері зақымданса, оларды аластап, ішектерді техникалық утилизацияға жатқызады, ұшаны, ішкі мүшелерді ет ұнын, консерві, не қайнатқан соң қолдануға рұқсат етіледі.

Шошқаның тек жақ асты лимфа түйіндерінде әктенген ошақтар болса, оларды аластап, шошқа басын тілімен қоса қайнатып залалсыздандырады. Ұшаны, ішкі мүшелерді, ішектерді тағамға қолдануға рұқсат етіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет