Курстық ЖҰмыс пәні: «Педагогика» Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов – оқыту әдістемесінің негізін қалаушы



бет2/5
Дата17.03.2023
өлшемі69,39 Kb.
#75101
1   2   3   4   5
Зерттеу мақсаты.Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру және оның қазақ тіл білімі саласында алатын орнын көрсету.
Зерттеу міндеттері.
-Ахмет Байтұрсыновтың өмір сүрген ортасы туралы мағлұмат беру.
-Ахмет Байтұрсынов шығармаларына тоқталу.
-Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасын анықтау.
-Ахмет Байтұрсынов қазақ тіл білімі саласындағы орнын айқындау.
Зерттеу құрылымы. Кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


I.ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАУШЫ ҒАЛЫМ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
1.1.Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны

Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог,сөз құдіретін танытқан тамаша ақын қазақбаспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист,туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері,жас совет үкіметіне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ші ауылында,Сарытүбек деген жерде (қазіргі Қостанай облысы,Торғай ауданы,күні кешеге дейін «Южный» деп аталған,ал бұл күнде Ахмет Байтұрсынов атындағы совхоз орналасқан жерде) дүниеге келген.Әкесі-қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақ баласы арғын Үмбетай батырдың немересі.


Шошақтың төрт ұлы болған. Олар: Байтұрсын, Ақтас, Ерғазы, Данияр. Бұлар жаратылысынан қажырлы, намысқор адамдар болғанға ұқсайды.Сондықтан болар,Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сыйыса бермейді,тіпті уезд басындағы билеушілердің зорлық-зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді.Сол үшін уезд басындағы полковник Яковлев 1885 жылдың қазан айының 12-сінде Жыңғылдының бойында отырған Шошақ ауылына келіп,ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды ұстамақ болады.Сол сәтте ауылда болмай шыққан Ақтасты «тауып бермедіңдер»-, деп елге ойран салады,әйел,бала-шағаға дейін сабап,бастарына қамшы үйіреді.Ояз бен оның әскерінің бұл бассыздығына шыдай алмаған Байтұрсын Яковлевтің өзін атынан аударып алып,қамшының астына алады, нөкерлерін ауылдан қуып шығады.Әрине,қарапайым «жабайы киргиздің» бұл қылығы жауапсыз қалмайды.Көп ұзамай ауылға жазалаушы отряд шығып,ауылды өртеп,мал-мүлкін талап,бала-шағаны шулатып,еркектерді ұрып-соғып,ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды,Ерғазыны ұстап алып кетеді.Оларды Қазаннан келген әскери сот соттайды.Байтұрсын мен Ақтас бірқатар туыстарымен 15 жылға Сібірге каторгіге айдалады.
Ақтас пен Байтұрсынның балаларын Шошақтың үшінші ұлы Ерғазы қамқорлығына алады:Ақтастың баласы Аспандияр мен Байтұрсынның баласы Ахметті Торғайдағы екі класстық орыс-қазақ училищесіне беріп оқытады.Бұған дейін Ахмет ауылдың мұсылманша сауатты адамдарынан хат таниды.Училищені ол 1891 жылы бітіреді.
Әкесі мен Ақтас ағасы айдауда жүрген (олар елге 17 жылдан кейін оралады),қамқоршы ағасы Ерғазы көп ұзамай қайтыс болған кезеңде Ахмет кедейшілік,жоқшылық тауқыметін тартады.Соған қарамастан әрі қарай оқуды армандайды.Осы мақсатпен ол жаяулап-жалпылап,оқу іздеп,Орынборға барады.Онда баяғыда Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын оқу орнына- «Учительская школа»дегенге түседі.Мұнда төрт жыл оқып,1895 жылы бітіреді.Бітірісімен ағартушылық ісіне кіріседі.Өзге қызметті қаламайды.

1.2.А.Байтұрсыновтың ғылыми-саяси шығармашылығы


1910 жылдың 9 наурызында Орынборға келіп,Ахмет Байтұрсынов 1917 жылдың соңына дейін сонда қызмет етеді.Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының, Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда,«қазақтың ерте оянған тобының» инициативасымен елден қаржы жиналып,1913 жылы «Қазақ» атты газет шығару ұйғарылады.Газеттің редакторлығына Ахмет Байтұрсыновты қамдайды.Сөйтіп ол 1913 жылдың басынан 1917 жылдың соңғы айларына дейін осы органның редакторы болып қыруар еңбек етеді. Бес жылдай (1913-1918) уақыт өз қаражатымен сол кезең үшін үлкен тиражбен (8000 дана) шығып тұрған «Қазақ» газеті ең алдымен қазақ халқының ұлттық азаттығы мен мәдени-әлеуметтік дамуы үшін күрескен және қазақ қоғамының мүдделерін көздейтін проблемалар көтеріп,оларға әлеуметтік үн бере білген орган болды.Газет әсіресе тіл мәселесін бірінші орынға қойды.Қазақ тілін сақтап,әрі қарай дамыту керектігін ол үшін қазақ балалары сауатын ана тілінде ашып,ана тілінде оқу керектігін ұлт мектептеріндегі оқу-тәрбие ісін дұрыс жолға қою қажеттігін жиі жазды.


Патша үкіметінің өз қол астындағы халықтарға қатысты саясатына,әкімшілік тәртіптеріне қарсы пікір айтып,шындықты жазғаны үшін жергілікті үкімет орындары тарапынан бұл газетке бірнеше рет штраф салынады,редакторы түрмеге жабылады.Әрине,бұл газет өзінің бес жылдық өмірінің ішінде бастан-аяқ біркелкі бағытта болған жоқ оның беттерінде әрдайым прогрессивтік демократтық сипаттағы материалдар ғана орын алып қойған жоқ.Дегенмен әр құбылысты,әр нәрсені қазіргі өлшеммен емес,өз кезеңіндегі мән-маңызына қарап бағалау керек деген марксизм-ленинизм қағидаларына сүйенсек, «Қазақ»газетінің халқымыздың мәдениет тарихында елеулі орын алуға тиісті көрінеді.Оның үстіне тілі мен стилі жағынан бұл газет-революцияға дейінгі қазақ баспасөзінің ішінде ең бір жақсы үлгісінің бірі,ол әсіресе қазақ әдеби тілілнің нормаларын қалыптастырып,таза сақтап отырған қазақ публицистика стилін жетілдіре түскен орган болды.Мұнда редактордың саналы түрде жүргізген жұмысы мен сіңірген еңбегі көзге түседі.
Ахмет Байтұрсынов 1917 жылдың соңында газеттен кетіп,осы кезден бастап 1919 жылдың наурызына дейін «Алаш» партиясының жұмысына араласады, «Алашорда» атты уақытша халық кеңесінің оқулықтар жазу жөніндегі Комиссиясының құрамында қызмет етеді. «Алаш»-жылдық орта тұсында құрылып,1920 жылдың орта шенінде тараған ұйым болатын.Ұлттық-ұсақ буржуазиялық идеологияны негізге алған бұл партияның алғашқы кезеңдегі платформасы ұлттық даму,ұлттық тең праволық үшін күрес болса,бұл идея сол теңдікке оқу-білім арқылы,халықтың мәдениетін көтеру арқылы жетуге болады деп танып,осы майданда ширек ғасырдай аянбай тер төгіп,еңбек етіп келе жатқан Байтұрсынов сияқты адамды елеңдетпей тұра алмады. «Алашқа» қызмет ете жүріп,ол өзге партиялардың да ұстанған бағыттары мен көздейтін мақсаттарына үңіледі,оны қазақ халқы үшін қайсысының программасы қолайлы деген ой толғандырады. «Алаш» партиясының Қазан революциясынан кейінгі ұстаған автономшыл-ұлтшыл платформасы қазақ қоғамының әрі қарайғы дамуына қол емес екенінтүсінеді.

1.3 Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары


Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған.Ол 1911 жылдың өзінде:


Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіне біткен түрі өзгерілмес,
Дегенмен қара я қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысынан аз да болса бөлмес пе екен
Қоймастан құлағына ызыңдаса.
деп, білім-ғылымнан кенже қалған мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып,алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды.Бұл мақсатын өлеңдерінде де,публицистикалық мақалаларында да бейнелі тілмен жақсы білдіреді: «Надандық,өнерсіздік аға жолдасымыз болған соң,олжалы жерде үлестен қағылғанымыз,ордалы жерде орыннан қағылғанымыз,жоралы жерде жолдан қағылғанымыз-бәрі надандық кесапаты» -, деп тіпті батыра айтады.
Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де,тілін зерттеп оқулықтар жазуына да,тыңнан жол салып, бай терминология дүниесін жасауына да,тіпті қоғамдық-әкімшілік істеріне араласуына да алып келген өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тыңбайды.Ол қазақ даласындағы мектептердің жайын,бала оқытудың жолдарын газет-журналдар беттерінде нақтылы сөз етеді,әсіресе бұл реттегі Қазан революциясына дейінгі хал-жағдайды жақсы көрсетеді.1913 жылы «Қазақ» газетінде «Оқу жайы» деген бас мақала жарияланады.Мұны жазған Ахмет Байтұрсынов болатын.Бұл мақалада оқу-білімнің қажеттігін халықтың экономиялық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді: «Қазақ жерінде өндіріс жоқ,шикізатын сатады,ал сол шикізаттан жасалған өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады.Бұл надандықтан келген кемшілік»,-дейді. «Надандық»деп отырғаны,әрине,білім-ғылымнан қалыс қалушылық.Ал қалыс қалуға үлкен себеп-қазақ жерінде мектептер өте аз дейді.Оның үстіне сол мектептерде бала оқытатын мамандардың да өте тапшы екенін ашып айтады.Оның тапшы болу себебінің бірі-оқытушылыр даярлайтын оқу орындарына,мысалы,Орынбордағы Учительская школаға қазына есебінен 7-8 орын ғана берілетіндігі,оқуға түскісі келген балалар өз қаражатымен оқуға тиіс болатындығын айтады.Қазақ халқы қараңғы дегенде,кінә халықта емес,сол қараңғылықтан құтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін алты миллион қазаққа алты ат жегіп,тарта алмады деп өкпелеу жөн бе?» -, депкелісті сауал қояды.
Балаларға білім берудің бірінші басқышы-бастауыш мектеп.Сондықтан Ахмет Байтұрсынов оқу-білімнің осы бірінші сатысына қатты назар аударады.1914 жылы «Бастауыш мектеп» атты көлемді мақаласын жариялайды.Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы керек деген мәселе қойып,сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл мектептерінің жай-жағдайы мәз емес екендігін оларда программа,оқу құралдары дегендердің жоқтығын мұғалімдердің жетіспейтіндігін айтады.Бастауыш мектеп миссионерлік саясаттан аулақ болуы керек дей келіп,халық сауатын ана тілінде ашуы керек,атап айтқанда бастауыш мектеп бес жылдық болсын алғашқы үш жылында балалар ана тілінде,кейінгі екі жылында орысша оқысын деген ұсыныс білдіреді.Бастауыш мектептерде:оқу,жазу,дін,ұлт тілі,ұлт тарихы,есеп,жағрапия,шаруа-кәсіп,жаратылыстану пәндері жүретін болсын деп нақты айтады.
Міне,бұл айтылғандардың барлығы Ахмет Байтұрсыновтың оқу-ағарту жайындағы ой-пікірлерін көзқарасын тілек-талаптарын танытады.Өткен ғасырдың II жартысынан бастап көтерілген оқу-ағарту мәселесі қазақ қоғамы үшін әлеуметтік мәндегі үлкен проблема болса,оны іс жүзінде қолға алған тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин екендігін білеміз.Осы салада одан кейінгі нақты іс істеген екінші адам Ахмет Байтұрсынов болды.
Міне,осы орайда Ахмет Байтұрсынов қазақ мәдениеті көгінде жалаң ағартушы болып қана емес,ғалым-ағартушы болып та көрінді.Ол қазақ тілі мен әдебиетін пән ретінде қазақ тілінде тұңғыш баяндаушы ғалым.

1.4 Ахмет Байтұрсынов – қазақ тілін зерттеуші


Ахмет Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты,қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп,оны қазақ тілінің дыбыс жүйесіне икемдеп,қайта түзеуді қолға алады.Ол үшін алдымен қазақ тілініңфонетикалық құрамын зерттеуге кіріседі.


1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған өмірбаянында «1901 жылдардан бастап,бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда өз бетіммен білімімді толықтырдым,әдебиетпен шұғылдандым.Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім.Одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып,жеңілдету жолында жұмыс істедім.Үшіншіден қазақ жазба жұмысын бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға,синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жағымсыз әсерінен тазартуға әрекеттендім.Төртіншіден қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып,халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым» -, деп жазады.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттерінде білдіре бастайды. «Айқаптың» 1912 жылғы 9-10 нөмерлерінде «Шаһзаман мырзаға» атты көлемді мақала жазып,онда қазақ дыбыстарын білдірмейтін: 3 және жуан 1 сияқты араб таңбаларын қазақ алфавитіне енгізбеу керектігін сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекші дейтін таңба қою қажеттігін дәлелдейді, «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 34-інші және әрі қарайғы сандарында «Жазу мәселесі» деген үлкен мақала жариялап,онда кейбір дауысты дыбыстарды таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады.
Ахмет Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам.Сол үшін қазақша сауат ашатын әліппе құралын жазды.Ол «Оқу құралы» деген атпен алғашқы рет 1912 жылы Орынборда басылды.Солардың қатарында шыққан Ахмет Байтұрсыновтың әліппесі – «Оқу құралы»1912-1925 жылдар арасында 7 рет қайта басылып,оқу-ағарту жұмысында ұзағырақ әрі кеңірек пайдаланылды.
«Оқу құралы» таңбаларды танытудан басталады.Кітап бетінің төменгі тұсындағы сілтемеде хат таныту жолы көрсетіліп,сабақ әдісі қоса беріледі.
Иллюстрация ретінде көбірек келтірілген тұтас текстер «Тіл-құралдың»синтаксиске арналған 3-кітабы мен ересектердің сауатын ашуға арналған әліппе- «Сауат ашқыш» деген кітапта орын алған.Бұларда автор Қожанасыр,Алдаркөсе әңгімелерінен бастап,халық аузындағы аңыз-әңгімелерді,билер сөздерін бұрынғы өткен ақын-жыраулар мұраларын Абай,Ыбырай және өзінің өлеңдерін аударма және төлтума мысалдардың Жуковский,Красновский сияқты орыс ақындарынан жасалған аудармаларды, Ыбырай Алтынсариннің «Хрестоматиясындағы»кейбірәңгімелерді,Нысанбай ақынның «Кенесары-Наурызбай» поэмасынан алынған үзінділерді пайдаланған.Бұл текстердің мазмұнында оқушыға теріс тәрбие беретін жамандыққа баулитын идея жоқ,керісінше,оқу-білімге,еңбекке шақыратын адамгершілікті уағыздайтын жолдар көзге түседі.
Міне, Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілін зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбегі осындай.Ахмет Байтұрсынов-қазақ әдебиетін зерттеуші.Ахмет Байтұрсыновтың жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек білімі саласында емес,әдебиеттану саласында да айрықша зор болды.Өткен ғасырдың II жартысында-ақ халық ауыз әдебиет үлгілерін жинап,жарыққа шығару дәстүрі отандық филологияда бел алған игілікті іс болды.Бұл дәстүрді әр халық интеллигенциясының озат өкілдері жақсы қабыл алып,өздері де ат салысқандары мәлім.Ахмет Байтұрсынов та 1895 жылы «Тургайская газетаның» бетінде,№39,24 қыркүйектегі санында «Киргизские приметы-пословицы» деген атпен материалдар жариялайды.Мұнда шаруашылық жайын ойлап,жазғы-қысқы,ертеңгі-кешкі ауа-райын болжап айтқан түрлі халық сөзін береді.1923 жылы «Ер Сайын»жырын Москвада жарыққа шығарады,оған алғы сөз жазып,түсініктемелер береді.1926 жылы «23 жоқтау» атты жинақ түзіп,оны да Москвадан шығарады.Мұнда да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері берілген.Қазақ тарихының 400 жылын қамтитын мұндай үлгілерді жариялаудың мақсат-мәнісін кітаптың алғы сөзінде түсіндіріп кетеді.Әдебиетке қатысты ой-пікірлерін білдірудің басы деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 39-41 сандарында жарияланған «Қазақтың бас ақыны»деген көлемді мақаласын атауға болады.
Бұл- ұлы Абайдың творчествосы туралы арнайы жазылған алғашқы еңбектердің бірінен саналады.Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты көлемді еңбегі-әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы мен бүгінгі әдебиеттану саласының басы.Әрине, ғылым дәрежесімен өлшегенде,бұл кітап әдебиеттанудың бүкіл теориялық мәселелерін түгел қамтымағанымен осы саладан қазақ оқырманына ұсынылған алғашқы таным-білім.Оның құндылығы да осында.Мұнда да автор әдебиет теориясына қатысты көптеген мәселелерді өзі талдап-танытып,әдебиет категорияларының терминдерін де күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығын көреміз.Ғалымның ауыз әдебиеті мұраларын халықтың рухани қазынасының сарқылмас көзі оның сөзөнерін жалпы өнер атаулыны,оның ішінде музыка өнерін сүйе білгендігі себепкер болған.Ахмет Байтұрсынов музыкадан мол хабары бар,оны тани білетін адам болған өзі жақсы домбырашы да болған пианинода да ойнай білген.Қазақтың музыка өнерін тұңғыш зерттеп, әлемге танытушы атақты А.Затаевич «Қазақ халқының 1000әні» деген 1925 жылы Орынборда шыққан кітабында Ахмет Байтұрсыновтың өз жұртының әндерін жақсы білетіндігін және ол әндерді тамаша орындайтығын әрі шебер домбырашы болғанын жазады.
Ахмет Байтұрсыновтың тіл мен әдебиет қана емес,этнография,тарих мәселелерімен де шұғылданғанын айту керек.Мұхтар Әуезовтің 1923 жылы жазғанына қарағанда,ол 1923 жылы «Мәдениет тарихы» атты жазып бітірген екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет