3.4 Теодолитті тексеру және түзету
Теодолит белгілі бір дәлдікпен өлшеу жүргізуге арналған. Сондықтан оның осьтері мен бөліктерінің өзара орналасуы белгілі бір талаптарға жауап беруі тиіс, оларды теодолитті қарап шыққаннан кейін тексереді.
Теодолитпен жұмыс істер алдында төмендегілерді:
штативке бекітілген зат төзімділігі;
механикалық бүлінулердің болмауы;
аспап бөліктерінің – лимбтің, алидаданың, дүрбінің айналу баяулығы;
көтергіш, бекіткіш, келтіргіш және кремальерлік бұрамалардың, диоптрлік сақиналардың, деңгейлеуіштердің дұрыстығы және айналу баяулығы;
- дүрбінің көру шегінің тазалығын және лимбтер мен өлшем шкалаларының микроскоптың көру шегіндегі кескінінің айқындығын тексеру қажет.
17-сурет Теодолиттің геометриялық осьтерінің өзара орналасуы
Теодолит бөліктерінің өзара орналасуы горизонталь бұрышты өлшеу принципінен шығатын геометриялық жағдайларды қанағаттандыруы керек.
Негізгі геометриялық шарттар мынадай (17-сурет):
теодолиттің айналу осі тіктеуіштік болуы керек;
лимб жазықтығы горизонталь орналасқан болуы керек;
көздеуіштің айналуынан түзілген жазықтық (коллимациялық);
дүрбі жазықтығы вертикаль болуы керек.
Геометриялық шарттардың сәйкестігін анықтау үшін аспапқа тексеру жүргізіледі. Геометриялық шарттарды толық орындамаған жағдайда аспапқа түзету (реттеу) жүргізеді.
Техникалық теодолиттерді негізгі тексеру мен түзетулер мынадай.
3.4.1 Цилиндрлік деңгейлеуішті тексеру
Горизонталь дөңгелек алидадасының цилиндрлік деңгейлеуіш осі теодолиттің айналу осіне перпендикуляр болуы керек (17,б-сурет).
Алидаданы айналдыру арқылы тексеру үшін тіреуіштің екі көтергіш бұрамасының бағытымен орнатады. Осы бұрамаларды қарама-қарсы бағыттарда айналдыру арқылы ампуланың ортасына (ноль-пунктқа) деңгейлеуіш үлбіреуігін шығарады. Алидаданы 180 бұрады да, үлбіреуіктің ноль-пункттен ығысуын көзбен бағалайды. Егер ауытқу деңгейлеуіш шкаласының бір бөлігінен көп болса, түзету жүргізеді. Бұл үшін ауытқу доғасының жартысына ноль-пункттен бастап деңгейлеуіш үлбіреуігін тіреуіштің көтергіш бұрамаларын айналдыру арқылы жылжытады. Екінші жартысын – деңгейлеуіштің түзеткіш бұрамалармен. Бұдан кейін тексеруді талап етілген шартты орындағанға дейін қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: |