Курстық жұмыс Пәні


Горизонтальдардың қасиеттері



бет4/25
Дата20.09.2022
өлшемі1,79 Mb.
#39548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
1.3 Горизонтальдардың қасиеттері

Горизонтальдар туралы түсініктен олардың келесі қасиеттері шығады.


1. Сол бір горизонтальда орналасқан барлық нүктелердің жерде бірдей биіктік белгісі болады.
2. Горизонтальдар үздіксіз сызық болуы керек. Олар тек жыралардың маңында ғана үзілуі мүмкін.
3. Горизонтальдар қиылыса және тармақтала алмайды.
Ең жоғары жартасты горизонтальдармен кескіндеу ерекше болады.
4. Горизонтальдар арасындағы қашықтық (жатыс) құлама тіктігін сипаттайды, яғни құламаның горизонтқа көлбеу бұрышы немесе еңіс; осы қашықтық неғұрлым аз болса, құлама соғұрлым тік және керісінше. Горизонтальдарға қалыпты жатыс құлама жатысы деп аталады.
5. Рельеф қимасы h биіктігінің d жатысқа қатынасы сызық көлбеуі деп аталады. Сызық көлбеуін мыңдаған бірлікпен, пайызбен немесе промилмен өрнектейді. Мысалы: h = 1 м, d = 200 м, сонда i = 0,005 = 0,5 % = 5 %.
6. Су айрықтары мен су ағар желілері тік бұрыштап горизонтальдар арқылы қиылысады.
Көлбеу жазықтықты кескіндейтін горизонтальдар параллель түзу сызықтар түрінде болады.
Горизонтальдарда рельеф қимасының таңдап алынған h биіктігіне еселі сандық белгілері болады.
Жоспарда немесе картада жер рельефін кескіндеу кезінде барлық горизонтальдар, бергштрихтар, биіктік белгілері және рельефке қатысы бар т.б. сұр-күйдірілген (қоңыр) тушьпен сызылады.


1.4 Нүктелердің белгілері бойынша горзонтальдар жүргізу

Горизонтальдар тәсілі бойынша жер рельефін кескіндеу келесі реттілікпен жүреді.


Биіктік белгісі бар нүктесі болатын тапсырма блангында қарындашпен жіңішке сызықтар арқылы жақын нүктелерді осы сызықтар қиылыспайтындай, ал алынатын үш бұрыштар тең қабырғаларға жақын болатындай етіп қосады. Осыған орай, түзу сызықпен қосылған нүктелер бір құламада жатыр деп болжаймыз. Одан әрі тік құламаның барлық сызықтарын интерполяциялайды, яғни рельеф қимасының таңдап алынған h биіктігіне еселі белгілері бар нүктелердің орналасқан жерін анықтайды.
Графикалық интерполяциялау миллиметровканың немесе палетканың көмегімен орындалуы мүмкін. Біршама қарапайым және көрнекті тәсіл – көрінетін қағазда (калькада) бірдей қашықтық (0,5 немесе 1,0 см) арқылы жүргізілген және ғимарат нүктелерінің биіктік белгілерінің шамалары мен h ескеріліп цифрланған бірқатар параллель сызықтар болып табылатын сызықтық палетка көмегімен орындалады.
Интерполяциялау келесі түрде жүргізіледі. 53,6 және 56,2 м нүктелер арасында h = 1 м еселі белгілері бар нүктелердің орналасқан орнын табу қажет болсын. Палетка сызықтарында мынадай цифрлау болады: 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57 және т.б. Палетканы, нүктелерді 53,6 м белгісі бар нүкте 53 және 54 сызықтары арасында палетканың сәйкес белгісінде болатындай етіп қосатын жіңішке сызыққа салады. Сосын 53,6 нүктесінің орнын инемен белгілей отырып, палетканы 56, 2 м белгісі бар нүкте 56 және 57 сызықтары арасындағы палетканың сәйкес белгісіне түскенге дейін айналдырады. 53,6 және 56,2 м нүктелерін қосатын сызықтың палетка сызықтарымен қиылысу нүктесін жоспарға қайта қадайды және әр нүктенің жанына палетканың сәйкес белгісін жазады. Біздің мысалда - 54, 55 және 56 м белгілері. Ұқсас реттілікте жоспарда қалған нүктелерді қосатын сызықтар бойынша (2-сурет) интерполяциялау жүргізеді. Бұдан кейін жоспардағы белгілері бірдей нүктелерді, горизонтальдар қасиеттерін пайдаланып, қалыңдығы 0,1-0,15 мм бір қалыпты қисық сызықтармен (горизонтальдармен) қосады. 5 м еселі белгілері бар горизонтальдарды 0,3−0,45 м дейін жуандатады және үзілген жерінде олардың белгілерін құламалардың құлаған жағына цифр негіздемесі арқылы жазады. Жоспардан барлық қосымша сызықтарды (горизонтальдардан басқа) алып тастайды. Нәтижесінде жер рельефінің кескінін горизонтальдармен алады.

Палетканың көмегімен горизонтальдарды интерполяциялау


1.5 Берілген бағыт бойынша кескінін салу


Жер рельефін кескіндеуден басқа горизонталь жазықтықта (жоспарда немесе картада) инженерлік құрылыстарды жобалау кезінде вертикаль жазықтықта жер қимасын, яғни кескінін салу қажет. Құрылыс түріне қарай масштабтарды таңдайды, осы кезде горизонталь масштаб, ережеге сай, вертикальдан 10 есе ұсақ. Жоспарда берілген А−В бағыты бойынша кескін салу үшін қағаз бетінде А-В сызығының ұзындығына тең горизонталь кесінді жүргізеді. Осы кесіндіде А−В сызығының жоспар горизонтальдарымен қиылысу нүктелерінің орнын белгілейді. Осы нүктелерден ұзындығы сәйкес абсолюттік белгілер мен шартты горизонт (ШГ) айырмасына тең перпендикулярларды қалпына келтіреді. Шартты горизонтты, кескін ШГ жоғары орналасатындай етіп таңдайды. Бір қалыпты сызықтың перпендикулярлар шеттерін қосып, берілген бағыт бойынша жер кескінін алады.


2 зертханалық жұмыс – Топографиялық карталар бойынша инженерлік-техникалық мәселелерді шешу


Осы зертханалық жұмыстың мақсаты студенттердің топографиялық карталар бойынша инженерлік-техникалық мәселелерді шешу бойынша машықтар алуы болып табылады.


Зертханалық жұмысты орындау кезінде негізгі мәселелерді шешу ұсынылады:
1) топографиялық картаны оқу.
2) карта бойынша нүктелердің географиялық (φ, λ) және тік бұрышты (x, y) координаталарын анықтау;
3) нақты, магниттік азимуттарды және дирекциялық бағыт бұрышын анықтау;
4) картаны бағыттау:
− ақиқат меридианға түсіру арқылы компас бойынша;
− километрлік тор сызығына түсіру арқылы компас бойынша;
5) горизонтальдар бойынша нүктелердің белгілерін анықтау;
6) құлама бағытын және тіктігін анықтау;
7) картада берілген көлбеу бұрышымен сызықтар жүргізу;
8) полюстік планиметрмен контур аудандарын анықтау.
Картамен жұмысты бастап, жақтау сыртындағы рәсімдеумен: номенклатурамен, карта масштабымен, жатыс масштабымен, координаталық торлардың нөмірленуімен (градустық және километрлік), ақиқат, магниттік және осьтік меридиандардың және басқа жазулардың өзара орналасуын түсіндіретін сұлбамен танысу қажет.
Мәселелерді шешу кезінде картадан керекті деректер калькаға көшіріледі, онда барлық кейінгі әрекеттер орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет